Қазақстан Республикасының білім беру мазмұнын айқындайтын құжаттарға сипаттама


әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Педагогика кафедрасы
АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Тақырыбы : Қазақстан Республикасының білім беру мазмұнын айқындайтын құжаттарға сипаттама.
Білім мазмұнын таңдауға түсіндірме.
Қабылдаған: п. ғ. К., доцент Әлқожаева Н. С.
Орындаған : Бименов К.
Алматы. 2007
1. Қазақстан Республикасын білім беру мазмұнының айқындайтын негізгі мемлекеттік құжатқа сипаттама.
Білім беру процесі әр иелде әр түрлі процестермен жүргізіледі бірақ мақсаты біреу Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 19 наурыздағы "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабілеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" атты Қазақстан халқына Жолдауына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзiрлендi. Бағдарлама бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың стратегиясын, негiзгi бағыттарын, басымдықтарын, мiндеттерiн және оны iске асыру тетiктерiн айқындайды әрi Қазақстан Республикасының заңнамасына, бiлiм беру жүйесiн басқару мен қаржыландыруға, құрылымы мен мазмұнына, кадр саясатына және әлеуметтiк саясатқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу үшiн негiз болып табылады.
Осы Бағдарламаны әзiрлеу жаңа экономикалық және әлеуметтiк-мәдени жағдайларда қазақстандық бiлiм беру жүйесiнiң алдында тұрған бiлiм беру сапасын арттыруға, стратегиялық мiндеттердi шешуге бағытталған түбегейлi қайта өзгертулердiң қажеттiгінен туындады.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 30 қыркүйектегi N 448 Жарлығымен бекiтiлген "Бiлiм" мемлекеттiк бағдарламасын (бұдан әрi - "Бiлiм" бағдарламасы) iске асырудың нәтижелерiн талдау негiзiнде әзiрлендi.
Бiлiм беру жүйесiнiң жай-күйін талдау
Қазақстан Республикасын әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретiнде таныды. Тәуелсiздігінiң қысқа тарихи кезеңiнде елiмiз әлемдiк қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткiздi.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейiнiң, елдiң экономикалық қуаты мен ұлттық қауiпсiздігiнiң өлшемдерi ретiнде бiлiм беру жүйесiнiң, адам ресурстарының рөлi мен маңызы арта түседi. Қоғамдық қатынастар жүйесiндегi өзгерiстер бiлiм беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнiң болмысына барабар әрекет етудi және экономиканың даму қажеттiктерiне сай болуды талап ете отырып әсерiн тигiзедi.
Жедел өзгерiп тұратын әлем және ақпарат легiнiң ұлғаюы жағдайында iргелi пәндiк бiлiм мiндеттi, бiрақ ол бiлiм берудiң жеткiлiктi нысанасы болып табылмайды. Оқитындар
қазақстандық бiлiм беру жүйесi бағыт алған бiлiмнiң, дағды-бiлiктiң жиынтығын (бiлiм үстемдiгi) меңгерiп қана қоймауға тиiс. Оқитындардың өзiн барынша көрсете бiлу және қоғам өмiрiне пайдалы түрде қатысу үшiн (құзыреттiлiк) ақпаратты өз бетiнше табу, талдау, құрылымдау және тиiмдi пайдалану дағдысын бойына сiңiру әлдеқайда маңызды да күрделi. Қазақстандық бiлiм беру жүйесi оның әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiнде лайықты орын алуына мүмкiндiк бермейтiн ескiрген әдiснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Бiлiм беру мазмұны фактологиялық күйiнде қалып отыр және оқитындарды қоғам өмiрiне құзыретті, жауапты әрi шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңiрлiк деңгейде бiлiм берудi басқарудың бiрiздендiрiлген жүйесiнiң болмауы, бiлiм беру бөлiмдерiнде мамандардың штат санының жетiспеушілiгi бiлiм берудi басқарудың тиiмдiлігіне керi әсер етедi. Жоғары бiлiм беру. әлемнiң алдыңғы қатарлы елдерiнде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру жүйесiнiң дамуын талдау онда кредиттік бiлiм беру жүйесiне негізделген, кадрлар даярлаудың үш сатылы моделiнiң кең тарағанын көрсетедi: бакалавриат-магистратура - Ph. D докторантурасы. Бұл модель АҚШ университеттерiнде және Еуропаның көптеген елдерiнде қолданылады. Ол неғұрлым икемдi де тиiмдi болып табылады, академиялық ұтқырлықты және еңбек нарығының тез өзгерiп тұрған шағында түлектерге деген сұранысты қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасының жоғары бiлiм беру жүйесiнде 180 жоғары оқу орны және ЖОО-ның 86 филиалы бар. 9 жетекшi университеттің ерекше мәртебесi бар. Педагог кадрларды даярлау және олардың бiлiктiлiгін арттыру жүйесiн жетiлдiру мақсатында 2004 жылы 5 мемлекеттік педагогикалық ЖОО-ы ашылды.
Жоғары оқу орындарының саны, студенттер контингентi және мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы өсiп отыр
Жоғары оқу орындарының 41 мың адамды құрайтын профессор-оқытушы құрамының 2520-сы ғылым докторы және 11610-ы ғылым кандидаты. 1 тұрғынға шаққандағы студенттердiң саны 2000-2001 оқу жылындағы 257 адамнан 2003-2004 оқу жылында 439 адамға артқан.
2000 жылы қабылданған "Бiлiм" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру барысында жоғары бiлiм беру мамандықтарының жiктеуiшi жетiлдiрiлген. Оқу процесiнiң технологиялы болуын қамтамасыз еткен бастауыш курстардың бiрiздендiрiлген бiлiм беру бағдарламаларымен қоса жоғары бiлiм берудiң мемлекеттік жалпыға мiндеттi стандарттары әзiрлендi. Жоғары бiлiмге даярлық мамандықтары мен бағыттарының пәндерi 7000 үлгі оқу бағдарламаларымен қамтамасыз етiлдi.
Білім мазмұнының таңдауға түсіндірме.
Бағдарламаны 2006-2010 жылдарда қаржыландыру көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергілiктi
бюджеттердi жоспарлау кезiнде нақтыланатын болады.
Күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асырудың нәтижесiнде: кәсiби мiндеттерiн дербес әрi шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсiби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсiнуге, оның нәтижелерi үшiн жауап беруге қабілетті
кәсiби құзыреттi жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететiн бiлiм берудi басқарудың тиiмдi жүйесi құрылатын болады; "баршаның ғұмыр бойы бiлiм алуы" қағидатын iске асыру қамтамасыз етiлетiн болады;
нәтижеге бағдарланған сапалы, бәсекеге қабілетті бiлiм алу үшiн жағдай жасалатын болады; 12 жылдық жалпы орта бiлiм беруге көшу жүзеге асырылады бiлiм берудiң барлық деңгейiне қол жетiмдiлiк пен сабақтастық қамтамасыз етiледi; Бiлiм берудi басқа да әлеуметтік салалармен және экономика салаларымен салыстырғанда озыңқы дамыту қамтамасыз етiледi; мамандарды даярлаудың үш сатылы бакалавриат-магистратура-докторантура моделiне көшу жүзеге асырылатын болады; бiлiм берудiң барлық деңгейiн ғылыми және оқу-әдiстемелiк қамтамасыз етудiң тиiмдi жүйесi жасалады; бiлiм беру жүйесiнiң бiрыңғай білім беру ақпараттық ортасы құрылады; халықаралық статистикалық стандарттарға барабар бiлiм берудiң статистикалық көрсеткiштер жүйесi құрылады; бiлiм беру жүйесiн дамытудың мониторинг және оны болжау жүйесi, бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесi құрылады; педагог қызметкерлердi мемлекеттік қолдауы күшейтiледi және олардың еңбегін ынталандыру тетiктерi жетiлдiрiледi; бiлiм берудi қаржыландырудың жаңа тетiктерi әзiрленедi; кадрларды кәсiби даярлаудағы әлеуметтiк серіктестік үшiн жағдай жасалады; бiлiм беру саласындағы ғылыми және инновациялық қызмет жандандырылатын болады.
Iске асыру мерзiмдерi 2005-2010 жылдар Бағдарлама екi кезеңде iске асырылатын болады: бiрiншi кезең - 2005-2007 жылдар; екiншi кезең - 2008-2010 жылдар.
Қолданылған әдебиеттер
1 Психологияны мектепте және ЖОО-да оқыту. 2006. 03. / Ғылым және ғаламның қызықты жыңылықтары . Нұрлытай ҮРКІМБАЙ/
2 . /Егемен Қазақстан. /Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы/. 2004. 10. 16.
3. Қоженкова З. П. Некоторы вопросы методики боучения в высшей школе. Пособие для нашинающих преподавател вузов Алма-ата 1974
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Педагогика кафедрасы
АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Тақырыбы : Білім беруге байланысты мақаларға талдау.
Қабылдаған: п. ғ. К., доцент Әлқожаева Н. С.
Орындаған : Бименов К.
Алматы. 2007.
Білім беруге байцланысты мақалаларға талдау.
Ғаламның қызықты жыңылықтары және ғылым
Бұл апта да ғылыми әлем қызықты жаңалықтарға толы болды. Күшті дауылдарда үйді ұстап тұратын мығым шегелер, сондай-ақ иесін қомағайлықтан құтқаратын сөйлейтін тоңызытқыш және бір көрген адамын келесі жолы қалай жазбай тануға болатыны жөнінде ойлап табылған ғылымдағы соны жайлармен таныстырамыз. Құрама Штаттары инженері Ед Сат өткен онжылдықтағы біраз уақытын жаңа шеге ойлап табуға арнаған екен. Харикейн дауылынан кейін қирап қалған үйлер үйіндісін зерттей жүріп ол қызықты тоқтамға келген. Әсіресе ағаш үйлердің дауылдарға шыдас беруі үшін шегенің атқаратын рөлі ерекше, дейді ол.
Өзге әріптестерінің “үйдің мығым болуы үшін шегенің саны көп болуы керек”, деген идеясын Сат мырза қолдай бермейді. Бұл жерде шегенің саны емес, сапасы маңызды. Бірнеше жылдық ізденістерден кейін Сат пен оның әріптестері Харикуйк атты шегені ойлап табысты. Оның толық аты- Харикейн әнд Ерскуйк нейл, деп аталады. Яғни харикейн дауылы мен жер сілкінісіне төтеп беретін шеге деген сөз.
Саттың айтуынша бұл шеге жер сілкінісі оқиғасының 50 пайызына және сағатына 274 километр жылдамдықпен соғатын желге төтеп береді екен. Шегенің басы да, тұқылы да үлкен боп келеді. Оның бағасының өзі аса қымбат емес дейді Сат. “Мысалы, 1858 шаршы метр үйге жұмсалатын жаңа шегенің құны, осындай үйге қажетті ескі шегенің бағасынан шамамен 15 долларға қымбат болады”, деді инженер. Бұл жаңа шегені жай балғамен қағу қиынға соғады. Алайда электр балғаларға бұл іс- оп-оңай. Дей тұрғанмен ол шегені дәл орынына қағу-аса маңызды, дейді Сат. Украинадағы Запорожье университетінің қызметкері Хрихори Чаусовский таяуда сөйлейтін тарелка ойлап тапты. Ол тарелкаға салынған тамақтың салмағын өлшейтін арнайы жабдық орналастырылған. Иесі ашқарақтықпен қажетті көлемнен де асырып, тамақ сала бастаса, әлгі тарелка; “Сенің ерік-жігерің қайда?” деп ескерту жасайды екен.
Сондай-ақ иесі тамақты асығыс жей бастаса, әлгі тарелка жылдам да, агрессивті музыка ойнай бастайды. Ал жайлап, асықпай тамақтанса, баяу әуен ойнап тұрады екен. Чаусовский сондай-ақ қомағайлықтан құтқаратын тоңазытқыш та ойлап тауыпты. Оның есігін әр жолы ашқан кезінде иесінен тоңазытқыш, “Сенің шынымен қарның ашты ма? Әлде әйтер тамақ ішу керек, деген сезіммен келіп тұрсың ба?” деп сұрайды екен. Кейбір адамдар “мен бір көрген адамның жүзін ешқашан ұмытпаймын” деп дес бермейді. Алайда, ондай кісіге өзінен басқа нәсілдегі адамдарды жазбай тану оңай емес, дейді Құрама Штаттарының Аризона штатындағы университеттің психолог маманы Жош Аккерман. Көбінесе өзге нәсіл өкілдерінің ашуланған немесе сес көрсеткен сәттері ғана есте сақталып қалады екен.
Адам бойында өзін-өзі қорғау сезімі басым болғандықтан да ашуланған адамның түрі есте жақсы сақталып қалады, дейді ғалым таяуда “Сайкалажи сайенс” журналында жариялаған мақаласында. Аккерманның бұл зерттеулері қылмыс дүниесімен жұмыс жүргізетін заңгерлер үшін орайлы ақыл-кеңес болуда. Дей тұрғанмен шабуылға душар болған жанның өзінен гөрі көлденең куәгердің есінде шабуылшының жүзі, әсіресе егер ол ашулы болса, жақсы сақталып қалуы мүмкін, дейді ғалым
Нұрлытай ҮРКІМБАЙ
Қолданылған әдебиеттер
1 Психологияны мектепте және ЖОО-да оқыту. 2006. 03. / Ғылым және ғаламның қызықты жыңылықтары . Нұрлытай ҮРКІМБАЙ/
2 . /Егемен Қазақстан. /Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы/. 2004. 10. 16.
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Педагогика кафедрасы
АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Тақырыбы : Педагогика ғылымының ғылыми апараты.
Қабылдаған: п. ғ. К., доцент Әлқожаева Н. С.
Орындаған : Бименов К.
]
Алматы. 2007
Педагогика ғылымының ғылыми апараты.
Н. Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты - қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдыларды жеңіп шыға алатын, ізгілігінен ХХ1 ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру». Демек, педагогика ғылымының ғылыми аппараты сөзсіз қазіргі қазақстан және әлемдік өркениетке сай құрылып, дамытылатыны даусыз.
5. Жоғарғы мектеп оқытушысының редогогикалық шеберлігі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz