Әлеуметтану және экономика ғылымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Ж о с п а р :

1.Әлеуметтанудың объектісі мен пәні
2.Әлеуметтану және әлеуметтік философия
3.Әлеуметтану және тарих
4. Әлеуметтану және саясаттану
5. Әлеуметтану және психология
6. Әлеуметтану және экономика ғылымы

Кез келген ғылымды зерделеу алдымен оның объектісін,
пәнін,басқа ғылымдар жүйесіндегі және қоғам өміріндегі орны мен рөлін
айқындаудан басталады.Әлеуметтану ғылымының осынау белгілерін ол жайындағы
түсініктің қазіргі кездегі пікірталасына және әлеуметтанушы мектепке
тәуелділігіне назар аудара отырып қарастырамыз.
“Әлеуметтану” термині екі сөзден құралған: латынның societas-
қоғам және гректің logos –сөз,түсінік, ілім дегенсөздерінен.
Демек,этимологиялық тұрғыдан алғанда әлеуметтану “қоғам туралы ғылым”
немесе “қоғам туралы ілім” дегенді білдіреді. Бірақ бұл біршама абстрактілі
ой, өйткені адамзат қоғамы өзінің заңды көріністерімен көптеген қоғамдық
ғылымдардың пәні болып табылады. Сондықтан да әлеуметтану пәнін қандайда
бір басқа қоғамдық ғылым пәнінен бөлек қарауға болмайды. Ол үшін ең алдымен
әлеуметтанудың объектісі менпәнінің ара жігін ажыратып алған жөн.
Ғылыми таным объектісіне зерттеу қызметі
бағытталатынныңбәрі, оған объективті шынайылық ретіндегі қарсы тұратын
нәрсенің бәрі жатады. Нақты ғылымның зерттеу объектісі туралы әңгіме
болғанда объективті шынайылықтың қандай да бір бөлігі тұтас зерттелмейді,
сол ғылымның ерекшелігімен анықталатын жағынан бастап зерттеледі.
Объективті шынайылықтың нақты бөлігінің басқа жақтары бұл жағдайда қосалқы
нәрсе ретінде немесе берілген объектінің міндетті шартты ретінде
қарастырылады.
Объект дегеніміз белгілі бір немесе ерекше қасиеті бар
объективті шынайылықтың және бір бөлігі немесе элементтерінің жиынтығы.
Және де объективті шынайылықтың бір саласының өзі көптеген ғылымның зерттеу
объектісі бола алады. Мысалы, физикалық шынайылық- көптеген жарастылыстану
және техникалық ғылымдардың, ал әлеуметтік шынайылық –қоғамдық және
гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі. Қоғам адамдардың өзара
әрекетінің өнімі ретінде саналы, күрделі құбылыс және барлық қоғамдық
ғылымдар үшін ортақ зерттеу объектісі болып табылады. Алайда осы
ғылымдардың әрқайсысының өзіндік ерекшклкнген зерделеу объектісі бар.
Сондықтан көптеген қоғамдық ғылымдардың объектісі тұтас қоғам емес ,оның
қандай да бір жағы немесе көрінісі. Экономика ғылымдарының ерекшкленген
объектісі-қоғамдық өмірдің материалдық игіліктерді өндіру,бөлу, алмасу және
тұтыну сияқты өзіне тән жақтары. Қоғам өмірінің экономикалық саласынан
едәуір өзгеше жағы – саяси биліктің ұйымдастырылуына, қызмет етуіне және
дамуына байланысты саясат саласы болып табылады. Және де ол саяси
ғылымдардың ерекшеленген объектісі болып табылады. Бірқатар ғылымдар-
мәдениеттану, әлеуметтік психология, педагогика және басқалар – қоғамның
рухани өмірін, рухани құндылықтарды өндіру және бөлу, адамдардың рухани
сұраныстарын қанағаттандыру жолдарын, нысандары мен әдістерін зерделеуге
арналған.
Ғылыми білімнің объектісі мен пәні бір-біріне дәл келе ме? Жоқ,
дәл келмейді, өйткені кез келген ғылымның объектісі таным процесінің
бағытталған нәрсесі болып табылады, ал пән қызметін тікелей зерделенуге
жататын объектіні құрайтын тараптарға, байланыстарға, қарым-қатынастарға
қызмет етеді. Егер де ғылым объектісі – объективті дүниенің қандай да бір
бөлігін танытатын шынайылық дейтін болсақ, ал ғылымның пәні-осы
шынайылықтың ғылыми және тәжірибелік көзқарас тұрғысынан неғұрлым маңызды
заңды байланыстары мен қарым-қатынастарын анықтау жолымен, сол шынайылықты
абстрактілі деңгейде қайта тудыру. Кез келген ғылымның пәні объективті
дүниенің жай ғана бір құбылысы немесе процесі емес,оның зерделенетің
объектісінің дамуы мен қызмет етуінің басқа ғылым емес, тек қана осы ғылым
үшін ерекшеленген белгілі бір заңдылықтарын бөліп қарауға мүмкіндік беретін
теориалық абстрактілеу нәтижесі болып табылады. Мұндай абстрактілеу
(зерделенетін объектінің үлгісін жасау) әлеуметтік шынайылылықтың
әллеуметтанушықызметі бағытталған “бөлігін”, “саласын”, “қырларын”,
“анықтайды”.
Сонымен, ғылымның пәні ол зерделейтін объектіге тепе-тең емес.
Ғылымның пәні тұрақты бола алмайды және таным процесінің өзі сияқты үнемі
қозғалыс, даму, қалыптасу үстінде болады. Ғылымның пәндік саласының
қозғалысы екі шешуші факторға: бір жағынан ғылыми білімнің прогресіне,
екінші жағынан қоғамның өзгермелі сұранысына тәуелді. Әлеуметтанудың пәндік
саласы аталған факторлардың ықпалымен қалыптасқандықтан және қалыптасып
жатқандықтан, әлеуметтану өз пәнін анақтауда өзгеріске ұшырамай тұра
алмайды. Енді біз әлеуметтану тарихының ішінен оның пәні тұралы ұғымның
қалай өзгергенін қарастырамыз. Әлеуметтанудың негізін қалаушы О.Конт
әлеуметтану пәнін жалпыға ортақ келісім негізін құрайтын тұтас алынған
қоғам деп түсінді. Бұл келісім өз кезегінде адамзат тарихының және адамның
өз табиғатының бірлегіне сүйенеді. О.Конт оң әлеуметтанушылық білімді
табиғи- физикалық процестерге ұқсатып құрды. Әлеуметтануды әлеуметтік
физика деп түсіну, оның пәндік саласын әлеуметтік статикаға және әлеуметтік
динамика бөлу осыдан келіп шыққан.
Ағылшын философы әрі ғалымы Г.Спенсер әлеуметтануды әлеуметтік
институттардың табиғи эволюциясы нәтижесінде ондағы жіктелу тұтасумен
ұштасатын әлеуметтік организм ретіндегі қоғам туралы ғылым деп білді.
Неміс кәсіби әлеуметтануының атасы Ф.Теннис әлеуметтанудың өзі жасаған
тұжырымдамасы шеңберінде теориялық және қолданбалы әлеуметтанумен қатар
салыстырмалы оқу пәні ретінде эмпирикалық әлеуметтануды бөліп қарайды. Ол
индуктивті әдіске сүйенеді және жалпы ұстанымдар ретінде теориялық
әлеуметтану ұғымдарын пайдаланады. Ф.Теннистің ойынша, әлеуметтану пәнін
әлеуметтіліктің, қоғамдастықтың барлық түрлері және олардың негізін
адамдардың өзара әрекеті құрайды.
Француз әлеуметтану мектебінің негізін қалаушы Э.Дюркгейм үшін дербес
және ерекшеленген ғылым ретіндегі әлеуметтанудың пәні әлеуметтік фактілерді
зерделеу болды, оларды “заттар ретінде”, қоғамдық тұтастықты нығайтатын
наным, ұжымдық сана жүйесіне қатысты функционалдық көз қарасы тұрғысынан
түсіндіруге тиіс нәрсе ретінде қарастыру қажет. Осы тұжырымдамаға сәйкес,
әлеуметтану “олардың мүшелері оқшауланған кездегі әрекетінен гөрі мүлде
өзгеше ойлайтын, әрекет ететін және сезінетін” әлеуметтік топтарды
зерделеуге тиіс. Басқаша айтқанда, оның түсінігінде әлеуметтану дегеніміз
әлеуметтік институттар, олардың генезисі және жұмыс істеуі туралы ғылым.
Неміс әлеуметтанушысы М.Вебердің көз қарасы бойынша, әлеуметтану
пәнін анықтау әлеуметтік мінез – құлықты түсінумен тығыз байланысты.
М.Вебер үшін әлеуметтану пәні дегеніміз әлеуметтік іс-әрекеттердің мән-
мағынасының, әлеуметтік қарым-қатынастар мәнінің және олардың әрекет
субъектісіне арналған құрылымдарының тұтас жиынтығы. Бұл позетивтік-
баяндаушы емес, түсінікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтанудың объектісі мен пәні
Әлеуметтану ғылымы жайлы
Әлеуметтанудың әдісі
Әлеуметтану және әлеуметтік философия
Социология ғылымы туралы жалпы түсінік беру
«Әлемдік әлеуметтану»
Әлеуметтану ғылымы
Әлемдік әлеуметтанудың қалыптасуы мен даму тарихы
Құқық және экономика қайсысы маңыздырақ
Әлеуметтану ғылымының даму тарихы
Пәндер