Әлеуметтендіру — ортаның дара түрге (индивид) ықпалы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Әлеуметтендіру — ортаның дара түрге (индивид) ықпалы, оны қоғамдық өмірге
араластыру, мәдениетті дарыту, әр түрлі әлеуметтік қызмет атқаруға
бейімдеу, ұжымдық мінез-құлық қалыптастыру. Қазақта мұны қатарға қосу
дейді. Өткен тарихи дәуірге үңілетін болсақ, бұл ойын, еңбек, әртүрлі салт-
жолалғыларды балалардың орындауы барысында іске асырылған. Бұл міндетті
кейін келе отбасы орындады, Қоғамдық –экономикалық қарым-қатынастардың
дамуы, еңбек процестерінің бөлінуіне байланысты әлеуметтендіру міндетін
орындайтын арнайы мекемелер пайда болды. Бұл мектеп және басқа да оқу-
тәрбие мекемелері болатын. Ғылыи-техника, өндірістің дамуына байланысты
қоғамдық әлеуметтендіру мекеелерінің маңызы арта түсті.
Әртүрлі тарихи дәуірлер мен кезеңдерде қоғамдық жаңғыруларға
байланысты тәрбиенің мақсаты мен кезеңдерде қоғамның адамның табиғаты мен
мүмкіндіктеріне көзқарасына байланысты белгіленіп отырады. Осыған орай
баланың бейнесі былайша мөлшерленеді: табиғатынан не нәрсеге бейімделеді;
қандай адам болып шығуы беймәлім, тумысынан күмәнді. Әлеуметтанушы,
этнограф Л. Стоун мұны мынадай сипатта қарастырады: дін тұрғысынан — адам
туған күнінен бастап күнаға бейімді, сондықтан оның еркі мен нәпсіін тиып
отыру; әлеуметік – педагогикалық тұрғыдан — адам туған кезден ешнәрсеге
бейімді емес, ақ қағаз секілді, сондықтан қалай тәрбиелесең, сондай болып
шығады; табиғи келіп-шығуына байланысты – адамның мүмкіндіктері мен мінезі
тумай жатып-ақ пайда болады. Бұдан басқа әлеуметтендіру процесіне
этникалық, қатпарлық, отбасылық салт-дәстүрлердің ықпалы мол. Бұл ретте ол
баланың дене күтімінен бастап қоғамдық өмірге араласыруға дейін
әлеуметтендірудің барлық құралдары мен тәсілдерін қамтиды.
Дүниеге келген орта — аймаққа байланысты бала күтімінің этникалық,
ұлттық ерекшеліктері де бар. Бұны белгілі бір ұлтқа жататын отбасылардың
бала күтімінен байқаймыз, мысалы, бесікке салу, ти көйлек кигізу т.б сол
секілді.
Этникалық тегі, әлеуметтік ахуалы, табиғи, әлуметтік ортаға
қарамастан барлық жерде отбасындағы әлеуметтендіру мыналарды көздейді: өз
бетімен бір істі басқарып кетуге үйрету, жауапкершілікті, еркін
қимылдайтын, не болмаса айтқанды екі етпейтін, тілалғыш етіп тәрбиелеу.
Әлеуметтендірудің кейбір жағдайларына халықтың күн көру үрдісі ықпал
еткен. Өмірінің көбі ат үстінде, үй бетін көрмей мал бағумен өтетін әр трлі
ахуалдарды жеңе білуге, қиын-қыстау жағдайлардың шешімін өзі табуға мән
берілген. Әлеуметтендіру жағдайларына ондай-ақ отбасы өмір сүрген
әлеуметтік орта мен отбасы құрылымы, шаруашылығын ықпалы күшті болған. Тағы
да сол Л. Стоун зерттеуіне қарағанда Еуропада орта ғасырда баланы ұзақ
емізген, 4 айға дейін қатты таңып тастаған, дәрет сындыруды көпке дейін
үйретпеген. Байлаудан алдымен қолын, одан соң көп уақыттан кейін аяғын
босатқан. Бұл үрдіс қазақ арасында әлі де бар. Бесіктегі баланың алдымен
қолын, одан соң аяғын босатып қояды. Бірақ бесік баланы әуелбастан –ақ
тазалыққа әдеттендірген. Еуропада қыздар мүсінді болып өссін деп көйлек
кигізген, ал қл бала еркімен жіберсе бұзылады деп басып ұстаған. Кейін
келе, баланы қатал тәртіпте ұстаудан бас тартып, есейген сайын өз еркіне
қою орныға бастады. Осыладың барлығында ата-ананың өз орны болғанымен,
әртүрл қоғамда ол әр қалай деңгейде болды. Мәселен, алғашқы қауымда бала
ру, тайпа тән болып, онда көпшіліктің ықпалымен, жалпы ортада тәрбиеленді.
Одан отбасы институты қалыптасуымен баланы ата-ана тәрбиесінде қалдырды.
Бірақ, оқу-жазу, ғылым –білімнің, экономикалық, әлеуметтік қарым-қатынастың
кеңейіп дамуы баланы отбасынан бөліп алып арнай тәрбиешілерге беру
қажеттігін туғызды.
Енді бала ата-ана үлгісінен аулақтатылып бір ғана тәрбиешілер мен өзі
қатарлы құрбыларының ықпалында болды. Алайда, ата-ана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтендіру педагогикасындағы ата-ананың тарихи орны
Әлеуметтену түсінігі
Отбасында тұлғаның қалыптасуы
Тұлғаның қалыптасуы туралы
Әлеуметтік педагогика
Тұлға-қоғам мүшесі
Әлеуметтану ғылымындағы тұлғаның әлеуметтік мәселесі
Жеке адам және әлеуеттендіру процесі
Жеке тұлға әлеуметтануы
ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАЛЫПТАСУЫ
Пәндер