Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1870-1937)


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан

(1870-1937)

Әлихан Бөкейхан - ірі тұлғалы қоғам әрі мемлекет қайраткері, ғалым. Ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі әрі теоретигі. Қазақтың тұңғыш саяси партиясы - Алашты ұйымдастырып, дем берушісі әрі Алашорда үкіметінің төрағасы.

Әлихан 1870 жылы бұрынғы Семей облысының Қарақаралы уезінде туған.

1879-1886 жылдар аралығында Қарқаралыдағы қазақ балаларына арналған мектепте оқыған.

1883 жылы Омбыдағы төрт жылды техникалық училищеге түседі. Онда дворян, дінбасы қызметкерлері мен қалалық балалар оқитын. Ол кезде жат жұрттың, бұратана халықтың балаларын оқуға қабылдамайтын.

Мұндай оқу орнына тек талабы тас жарған қырдың қыран қанатты ұлдарының ілуде біреуінің ғана қолы жететін.

Сондай ұлан Әлихан осы училищені өзінің ерен қабілетінің арқасында оқып бітіріп, таудай талабымен Санкт-Петербургтегі орман институтына түседі.

Студент кезінен бастап, көбінесе саяси әдебиетті оқып-үйренуге зейіні ауады. Студенттік толқуларға да белсене қатысады. Өзінің зеректігі сонша, жас кезінде-ақ Ресей империясының сол уақыттағы саяси және әлеуметтік жағдайын көкірегіне тоқи бастайды. Сол арқылы өз халқының екі жақты езгіде отырған хал-күйін де сезіп, одан қалай құтылудың жолдарын іздейді . . .

Әсіресе, ұлты үшін жанын пида етуге даяр Әлиханды оқу-білімнен мақұрым қалып, қиянда қияметтік тұрмыс кешкен, феодалдық-рулық айтыс-тартыстан аса алмаған, патшалық Ресейдің тепкісінде тұрған туған халқының тағдыры толғандырды.

Студенттік кезден бастап, оның аты-жөні жандармдардың қара тізіміне ілінді. Осыдан соң-ақ, оның ізіне түсіп, аңду басталды. Сол аңду мен бақылау 1917 жылға дейін үзілген жоқ. Институтты бітіргеннен кейін Әлихан Бөкейхан Омбыға оралды. Мұнда ол Ф. Л. Щербиннің экспедициясына қатысып, Оңтүстік-Батыс Сібірде зерттеу жүргізеді. Бұл үкіметтік саясатпен ұйымдастырылған экспедицияның мақсаты - Орталық Ресей аймағындағы шаруаларды Сібірге көшіріп, орналастыру еді.

Бұл 1822, 1824 ж. ж. патша өкіметінің құйтырқылығымен хандық басқарудың болыстық билікке көшкен кезі еді. Осы мақсатпен кіші және орта жүз қазақтарының жері, былайша айтқанда, Тұранның үлкен бөлігі жай империяның қарамағына ене бастады. Енді Ресей империясы Тұранды түгел билеп-төстеуге тырысып бақты. Мұндағы алып өлкені мекендеген халықтардың бәрін де империяның иелерінен төмен сатыда тұрған ұлттар санатына қосты. Осыдан барып орыс емес басқа халықтардың көзі ашық ұлдары менменсіген империяның билеушілеріне қарсы бой көтере бастады. Ресейдің барлық аймағында халықтық қозғалыс басталды.

Әлихан ғана емес, сол кездегі саяси сауатты, озық ойлы зиялылар қауымының өкілдерінің бәрі де Ресей империясының бұл шовинистік пасық пиғылы аз халықтардың тілі мен мәдениетін жоюға апарып соқтыратынын сезіп, түсіне бастады.

ХХ ғасырдың басында Ремей үкіметі Сібір мен Түркістанға кең көлемді зор көші-қон саясатын жүргізді. Қысқа мерзім ішінде миллиондаған орыс щаруаларын Ресейдің ішкі губернияларынан шұбыртып осы мекендерге көшіріп үлгерді.

Мәселен, 1905-1906 жылдары бұл аудандарда жаппай көші-қон ұйымдары құрылды. Олардың бәрі де Петербургтегі орталық басқару аппаратына бағынды.

Орталық ол аудандардағы ұйымдарға қоныстанушылар үшін ыңғайлы мекендер тауып, оларды орналастыруға барлық жағдайларды жасауды міндеттеді. Ең бастысы, бұл өлкелерде көші-қон, жер қоры құрылды. Ол қор, әрине, қазақтардың атамзаманнан жаз жайлауы, қыс қыстауы болған шұрайлы, сулы, нулы құтты атақоныстары еді. Соларды күштеп тартып алып, өздерін құм-шөлейтті, сартап далаға тықсырды.

1917 жылдың бір өзінде қазақтар 45 млн. десятина құнарлы жерлерінен айырылды. Империяның ішкі губерниялардан лек-легімен аударылғандардың қиянатынан қазақтардың жан бағып отырған жері мен көшпелі мал шаруашылығының күйзеліске ұшырауы басталды. Бұл саясаттың тағы бір кесепатты-салдары - Қазақстанның ұлттық құрамын түбегейлі өзгертіп жіберді.

1897 жылғы халық санағы бойынша Далалық өлкедегі орыс тұрғындарының үлесі 20 ٪ , ал 1917 жылы 42 ٪ болды. Осы кезеңдерде ауылдағы қазақтардың өсуі 17, 6 ٪ болса, ол кездегі орыс шаруалары мен казактардың өсуі 4, 5 есеге көбейді.

Осылай бұрын болып көрмеген патша өкіметінің жанталасқан отарлау саясаты қазақ бұқарасының қатты наразылығын туғызды. Халық басына туған бұл қасіретті алғаш түсініп сезген, сергек санасы қалыптаса бастаған ұлтымыздың жас зиялы қауымы болды. Сол кездерде оларды өз соңына ерте біліп, көсемі атанған Әлихан Бөкейхан есімін естімеген қазақ жоқ еді.

Оның халық арасында атағы жайылып, елдің шын қамқоры болғандығын ең әуелі ұлт-азаттық қозғалыстың ой-мақсаты айқындаған қызметінен танимыз. Сонымен бірге ең дертті мәселе - жер стратегиясы жолындағы күресі тарих ұмытпайтын істер еді.

Ғұлама жазушы М. Әуезовтың бейнелі сөзімен айтсақ: “Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасынан түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей шиыршықталған етек - жеңін жиғызған “Қазақ” газеті болатын!”.

Осы тарихи кезеңдерде, 1913-1918 жылдары, Орынборда шығып тұрғанда бұл жалпыхалықтық үнқағаздардың редакторы әрі баспагері Ахмет Байтұрсынов болды. Бұл көрнекті қайраткер, жан-жақты, сан-салалы білімдар ғалымның тілеулестері, сенімді серіктері Міржақып Дулатов пен Әлихан Бөкейхан сынды демократиялық интеллигенцияның ірі өкілдері де қазақтың жоғын жоқтады. Халқымыздың осы үш арысының ұлттық сана-сезімімізді оятып, рухани мәдениетімізді қалыптыстырып, оны дамытудағы орасан еңбектерін бағалау - асыл парызымыз.

Үш алып шығарып тұрған “Қазақ” газеті 20-жылдары жалпы ұлттың ойы мен пікіріне жарқын сәуле болып себілді.

Өз бойларындағы ақыл-ойын, өнер-білімін, жігер-қайратын, қоғамдық саяси қызметін, шығармашылық бар өмірін қазақ елінің болашағына арнаған Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатов сынды үш арыстың еңбектері енді жанды. Істеген істерінің жемісті мақсаты сол, олар артынан ерген ұлттық зиялы қауымның тұтастай жас буын, жаңа ұрпақтарына өздерінің ізгі өнегесін тигізді.

Ұлттық-демократиялық интеллигенцияның негізгі іс-қайратының жемісі - Алаш партиясы еді. Ол 1917 жылы Орынборда өткен жалпы қазақтың бірінші съезінде құрылды. Бұл - қазақ халқының тарихындағы ең алғашқы саяси партия. Оның іс - мақсаты қазақ халқының тең құқықты, тәуелсіз ел болуына арналды.

1917 жылғы ақпан төңкерісін ұлттық зиялы қауымы демократиялық жаңару деп ұқты. Сөйтіп, Уақытша Үкіметке жан-жақты қолдау көрсетті. Осы жылдың көктемі мен жазында зиялы қауымдардың белсенділігінің арқасында облыстар мен уездерде қазақ комитеттері құрылды. Олар кейін Алашорда үкіметінің жергілікті органдарына айналған.

Осы саяси партия мен қазақ комитетін құрып, ұйымдастыру ісіне басшылық жасаған Әлихан Бөкейхан. Ол сонымен қатар Уақытша Үкіметтің Торғай облысындағы комиссары әрі Түркістан комитетінің мүшесі болды.

1917 жылғы желтоқсанда екінші жалпы қазақтық съезд өтті. Онда Алашорда үкіметі құрылды. Оның өкілі болып Әлихан Бөкейхан сайланды. Осы съезде демократиялық Ресей федеративтік республикасының құрамында Алаш автономиясын құру жөнінде шешім қабылданды.

Қазақ мемлекетін қайта құруға ниеттенген қозғалыстың басында тұрған сан-салалы ғалым, терең ойшыл Әлихан Бөкейхан ағартушылық рухты көкседі, ол оқу-білім жолында өз халқына өлшеусіз еңбек сіңірді. Сондықтан да болу керек, ол ұлы француз революциясының түпкі ой-мақсатына үлкен құрметпен қарады. Ол былай деп өнегелі сөз қалдырды: “Бостандық, теңдік, бауырластық деген ұрандар дүниеге ХVІІІ ғасырда пайда болды. Оларды жалындата жар салған Францияның саяси қайраткерлері. Осы ізгіліктерді іздегендер қаласа біздің Құраннан, Інжілден, Будда ілімінен, Л. Н. Толстойдың философиясынан да таба алады. Шын мәніндегі шынайы бақыт пен махаббатқа деген жол соларда. Басқа жол жоқ. Бұл жолдан тайғандар жауыздыққа тап болумен пара-пар”.

Әлихан Бөкейхан - қазақ халқының сол кездегі әлеуметтік сезімдері мен көңіл-күйін, ұлттық мінез-болмыстарын, тұрмыс тіршілігін, қоғамдық-саяси жағдайын терең зерттеушілердің бірі.

Ол өзінің бұл зерттеуін кеңес өкіметі тұсында да жалғастырды. 1926 жылы КСРО Ғылым академиясының Президиумы оны Қазақстан бойынша эксперт етіп тағайындап, одақтық және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі айрықша комитеттің құрамына енгізеді.

Әлихан Бөкейхан - Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткері. Ол кезінде Ресейдің Земство мен қалалық қайраткерлерінің съезіне депутат, ал Семей облысынан бірінші мемлекеттік Думаға делегат болып сайланды. Сондай-ақ Ресейдің мұсылман тұрғындары съезіне де қатысып, І мемлекеттік Думаның мұсылман фракциясының бюро мүшесі болды.

Әлихан Бөкейхан көп оқыған, жан-жақты терең білімді азамат еді. Орманшы-ғалым, тарихшы, этнограф, экономист, мал шаруашылығы ісінің білгір маманы ретінде ғылыми-зерттеу істеріне және қоғамдық-саяси өмірге белсене араласты.

Әлихан Бөкейхан - қазақ ауыз әдебиетін де зерттеген көрнекті ғалым. ”Қарақыпшақ Қобыланды” дастанын терең талдаған зерттеуі мен кезінде тыйым салынған басқа да ойлы, құнды еңбектері мол. Ә. Бөкейханның өмірі мен қайраткерлік қызметін зерттеумен айналысқан Оксфорд университеті ғалымының пікірінше, “Ол қазақ баспасөзі мен әдебиетін дамыту жолындағы өзінің зерттеулері арқылы көрнекті орын алады”.

Әлихан Бөкейханның шығармашылық мұралары да өз зерттеушілерін күтуде. Көптеген жылдар бойы олар тыйым салынып, халықтан жасырын сақталды.

Туған халқы үшін абыройлы іс атқарған, саяси және мемлекет қайраткері, білімдар, дарынды азамат 1937 жылы халық жауы ретінде тұтқындалып, өлім жазасына кесілді. Жазығы сол, өз халқын жан-тәнімен сүйіп, оның болашағы үшін қызмет етті.

Ахмет Байтұрсынұлы

(1873-1938)

Ахмет Байтұрсынұлы - әдебиеттанушы, көсемсөзші, тәржімәші, түрколог, қазақ тіл білімінің атасы. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің көрнекті қайраткері.

Ахиет 1873 жылы қаңтарда Торғай уезінің Тосын болысында қарапайым қазақ шарусының отбасында туған. Бастауыш білімді ауылдың молдасынан алған. Арғы аталары батыр болғандықтан ба, әкесі Байтұрсын мықтылықты салт қылған ірі мінезді кісі екен. Ахмет он үшке жаңа толғанда Байтұрсын патша үкіметіне қарсы ашық қыр көрсеткені үшін 15 жылға жер айдалып кетеді.

Кейін 1909 жылы Ахметтің Семей түрмесінен жазған “Анама хат” деген өлеңінде бұл оқиға бала жүрегіне қалай әсер еткенін:

Оқ тиіп, он үшімде ой түсіріп,

Бітпеген жүрегімде бар бір жарам, - деген жыр жолдарынан аңғаруға болады.

1886 жылы Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ уилищесінде оқып, оны бітірген соң 1891-1895 жылдары тағы ілгері оқуды талап қылып, Орынбордағы мұғалімдік қазақ мектебінде білім алады. Ахмет Байтұрсынұлының мектептен алған барлық білімі осымен тәмәмдалады. Алайда, мақсатты жолынан таймай, өз бетімен талмай ізденіп әрі жаратылысынан өн-бойына дарыған дарыны арқасында аз-ақ жылдар ішінде ұлт-азаттық қозғалыстың көш басында болып, атағы жайылып, елдің шын қамқоршысы атанады.

Қазақ тарихындағы Ахмет Байтұрсынұлы есімі халықтың рухани өркендеуімен тығыз байланысты.

Ахмет Байтұрсынұлы кітаптары мен жалпыхалықтық “Қазақ” газетін осы тарихи кезеңдерде оқығандар жан-жақты білімге мейірі қанып, қыр қазағының елдік сезімі оянды.

Оның қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы ақыл-өсиетін патшалық тәртіптің иелері мен кейінгі кеңестік тоталитарлық жүйенің идеологтарыұғып түсінді. Сондықтан да екі үкімет те А. Байтұрсынұлының қазақ еліне жайылған арманды сөздеріне тыйым салуға әрекеттеніп бақты.

1910 жылы А. Байтұрсынұлы патшалық тәртіптің құрсауына түсіп, туған ел, туған жерден жырақталып Орынборға жер аударылды. Одан соң большевиктердің де бұғауына түсті. Өйткені, ол қазақ даласына адам айтқысыз зобалаң тәжірибе жасауға тырысқан олардың қызылгвардияшылық жобасымен келіспеді.

1929 жылы ОГПУ тергеушілеріне берген жауабында саясаттан гөрі, ғылыми жұмыспен шұғылдануды мақсат еткенін жазады. Бірақ тағдырдың бұйрығымен өмірінің соңына дейін ұққан еді, ақтық демі қалғанша саяси іспен айналысу пешенесіне жазылыпты. Одан басқа жол жоқ екенін ол ұқты.

Қашанда ұлттық сана-сезімнің өрлеу дәіріндегі зиялы қауымның саясаттан тыс қалуы мүмкін емес. Ол өзінен тергеушілер жауап алған сәтте былай деген:

“Менің бар ой-мақсатым - қазақ халқының тұрмыс жағдайын, рухани мәдениетін көтеру. Ал, мұның өзі оның игілікті дамуының алғышарты болғандықтан мен осы мұратты қандай билік қамтамасыз ете алса, соған риза болмақпын!”

Әсіресе, ана тіліміздің атасы Ахметтің тіл ғылымындағы теориялық, психологиялық қисындары, әдістемелік ой-пікірлері аса мәнді.

Ахмет Байтұрсынұлы балаларды алғашқы үш жылда ана тілінде оқытуды жөн көрді. Оның тәрбиелік ықпалын қадір-қасиетін, сөйлеу мәдениетін де егжей-тегжейлі түсіндіріп, терең ой қозғайды.

“Әліппе - таңбалар жұмбағы” атты еңбегінде араб әрпінің латын таңбасынан неғұрлым ұғымды жеңіл екенін дәлелдейді. Араб әрпін Орта Азия халықтары қолданып жүрген тәжірибеде қазақ тіліне ыңғайлап, жетілдірудің әдістемелігін де жасады. Осы жөнінде 1912 жылы “Айқап” журналында әлденеше рет мақалалар жазды.

Ахмет Байтұрсынұлы Алашорданың саяси ісіне де белсене араласты. Тәуелсіз демократиялық мемлекет құруды жақтады. Кезінде Алаш партиясы Кеңес өкіметін мойындамағаны мәлім. Бұл жөнінде Алаш партиясының басшыларын кінәлау қиянат болар еді.

Алаш партиясының мүшелері негізінен жаңа оянған буржуазиялық интеллигенцияның өкілдері болатын. Сондықтан да өздерін қоғамның алдыңғы көш бастаушысымыз деп есептеп, жаңа буржуазиялық демократиялық мемлекет орнатуға тәуекел еткен Тұранның жас буржуазиясы жаңа өкіметті қуана қоштады деу ақылға сыймайды.

Ахмет Байтұрсынұлының 50 жасқа толғанына арнап 1923 жылы жазған мақаласында М. Әуезов оны “оқыған азаматтардың тұңғышы, алғашқы рухани көсемі” дей келіп:

“ . . . Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны - “Қырық мысал”, “Маса”, “Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер” деп жоғары баға берген. Тарих таразысына түсіп, сыннан өткен Ахмет Байтұрсынұлы сынды қазақтың ұлы ұлдары санаулы ғана.

Міржақып Дулатов

(1885-1935)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлихан жаңғырығы. Ә.Бөкейханов өмірі мен өлімі.
Алихан Бөкейханның ролі
Әлихан Бөкейхан туралы
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан туралы
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҰЛТТЫҚ ФЕНОМЕНДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Әлихан Бөкейханның биографиясы
Әлихан тұңғышы
Алихан Бөкейхан
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі. Әлихан Бөкейхан саяси реформатор
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz