Банктерге және үкіметке несиелер беру
2. 83. 138.
Несиенің қайта бөлу қызметі.
Несиенің қайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттық экономикасының толық
қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің көмегімен
экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы
болады. Несиенің бұл қызметінің қаржы қайта бөлу қызметінен айырмашылығы
қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар
арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм негізінде
жүзеге асырылады.
3,84
Коммерциялық банктер қызметі
Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы заңға
сәйкес банктер мынандай операцияларды орындай алады: -ақылы негізде
депозиттерді тарту; -клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын
жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету; қайтарылымдылық, мерзімдік
және төменділік шарттарымензаңды және жеке тұлғаларға қысқы
мерзімдікнесиелер беру. –инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе
иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді,
вексельдерді, анкредитивтерді,депозиттік сертификаттарды, акцияларды және
басқа да қаржылық міндеттемелерді); төлем құжаттарын сатып алу, сату және
сақтандыру, олармен басқада операцияларды жүргізу; ақшалай нысанда
орындауды қарастыратын ішінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзгеде
міндетемелерді беру; тауар тасмалынталап ету құқын, сатып алу және қызмет
көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассалық
(факторинг) тәуекелін өз мойнына алу; банктік операциялар бойынша брокерлік
қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері
ретінде әрекет ету; клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру
бойынша қызметтер (сейфтік бизнес); коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру,
сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг); клиенттердің тапсырмаларды бойынша
сенімдік операцияларды (қаржыландыру қарау және орналастыру, бағалы
қағаздарды басқару); -банктік қызметпен байланысты кеңесберу қызметін
көрсету; - лизингтік операцияларды жүзеге асыру.
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік
қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен
операцияларды жүргізу; халықтың ақшалайсалымдарын қарау; ақшаларды аударуға
байланысты қызметтерді көрсету (инкассация). Осы операцияларды топтай
отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құруға болады:
-уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
–экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
-қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу; -инвестициялық
қызметі;-клиенттерге басқада қаржылық қызметтерді көрсету.
13.
Ақшаның құн өлшемі қызметі.
Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша
құн өлшемі ретінде мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға
келетін тауарлар дүниесіне материал беру қызметін атқарады. Бірақ та
тауарды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық
қажетті еңбек олардың бірінің біріне өлшенуіне жағдай жасайды. Барлық
тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері құны бар нақты ақшалар (алтын және күміс)
өлшей алады.
Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды
өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбір
елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге
қызмет ететін металдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне
бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.
8,149.
Несиенің айнлыс шығындарын үнемдеу қызметі.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметі іс жүзінде асуы несиенің
экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектісіндегі ақшалай
қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей
жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті
қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын тотыру үшін несиені пайдаланады. Бұл
дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын
үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.
54.
Ломбардтар
Ломбардтар- бұл жылжымайтын мүліктерді кепілге ала отырып, қысқы мерзімге
ссудалар беретін несиелік мекеме.
Тарихта ломбардтар өсімқорлық несие беретін жеке меншік кәсіпорын ретінде
пайда болған. Ломбардтардың мамандану саласы, жылжитын мүлік, оның ішінде
бағалы металдар мен асыл тастарды кепілге алып, тұтыну несиесін беру болып
табылады. Олардың ссудалары негізінен қысқа мерзімге кепілге салатын мүлік
құнының 50-80 % мөлшерінде беріледі. Кепілге алып ссуда берумен қатар, олар
клиенттердің құндылықтарын сақтау, сондай-ақ комиссиондық негізде кепілге
салынған мүліктерді сатумен айналысады.
Несиелік операцияны ұйымдастырудың басты ерекшелігі-мұнда несиелік шарт
және кепіл міндеттемелері болмайды. ССуданы кепілге беру барысында клиент
кепілге зат қойғандығын куәландыратын және ссуда алғандығын растайтын құжат
немесе кепіл билетін алады. Онда қарыз алушының реквизиттері және мәміленің
басты шарты көрсетіледі.
26. Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі. Несиенің ғылыми-
техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-техникалық ұйымдардың
қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтанда, несиенің көмегіесіз
көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда
отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі. Сондай-ақ несие
өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет
болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен,
оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен
қаржыландырылады.
50.
Несиелік серіктестіктер
Несиелік серіктестік - өз мүшелері несие-есеп айырысу қызметін көрсету
маақсатында құрылған несиелік мекеме. Несиелік серіктестіктердің жарғылық
капиталы пай қосу және міндетті кіру жарнасын төлеу жолымен қалыптасады.
Мұндағы қосқан үлестер мүшеліктен шығып қалған жағдайда қайтарылмайды.
Несиелк серіктестік тердің мүшелеріне коорперативтер, жалгерлер
кәсіпорындар, банктер, шағын және орта бизнес , жеке тұлғалар кіреді.
Несиелік сеіктестіктердің басты пассив операцияларына – салымдарды тарту
және займдарды орналастыру; актив опреацияларына - ссудалық, комиссиондық,
сауда-делдалдық операциялары жатады.
Несиелік серіктестіктің бір түріне ауыл шаруашылығы несиелік қоғамдары
жатады. Оның құрылтайшысы: Орталық банк, коммерциялық және мамандандырылған
банктер, үкімет құрылымдары, жеке және заңды тұлғалар бола алады. Олардың
басты қызметі – ауыл шаруашылығына несие – есеп айырысу қызметін көрсету;
шаруашылық затарын, мал, тұқым, тыңайтқыш сатып алу шығындарын және өзге де
жұмыстарды несиелеу. Ауыл шаруашылығы несиелік серіктестігінің клиенттеріне
шаруа қожалықтары, фермерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылық кәсіпорындары
жатады.
52.
Ақшаның металдық теориясы
Ақшаның металдық теориясы 15-17 ғасырлардің ерте кезеңдерінде, яғни
капиталдық алғашқы қорлану дәуірінде қалыптасқан оның танымал өкілдері
Англияда – У. Смэнфорд, Т.Мэн, Д,Норе, Францияда – А. Монкретьен болды.
Олар ақшаны қоғам байлығымен, яғни асыл тастар – алтын және күміспен
теңестіріп, олардың бүлінуіне қарсы шықты. Олардың пікірінше қоғамның нағыз
байлығы алтын мен күміс, яғни бұлар өзінің табиғатты нағыз ақшалар болып
табылады. Ұл ақша теориясы фетеигинизмге (киелі затқа табынуға) жатады,
себебі ақшаны алтын мен күміске теңеп, тауар шаруашылығындағы ақшада
адамдардың өндірістік қатынастарын назардан тыс қалдырады.
Қазіргі авторлар ерте металлизм теориясының қателіктері: 1. байлықтың көзі
ретінде қоғамда еңбек етудің нәтижесінде өндірілген материалдық
құндылықтардың жиынтығы емес, асыл металдар болса; 2. Метал ақшаның
айналымында олардың (металл ақша) орнын басатын, яғни қағаз ақшаларға
ауысудың мақсатқа лайықтылығы мен қажеттілігі теріске шығарылып келуінде
деп есептейді.
Германияда 19 ғасырдың екінші жартысында алтын монетарлық стандарттың
енгізілуімен металл ақшаның теориясы дүниеге келді. Бұл оның 1
метоморфозасы болады, неміс экономистері (К.Книс) ақша деп тек асыл
металлдарды емес, металға ауыстырылатын банкноталарды да санады. 2
метоморфоза 1 Дүние жүзілік соғыстан кейін болды. Оның өкілдері
алтынмонетарлық стандартты қалпына кетірудің мүмкін еместігін мойындап,
алтын монометаллизмнің жаңа кесілген формаларын: алтвн құйма және алтын –
дивиздік стандартты енгізуге, теорияларын әдістеуге тырысты. Ақшаның
металдық териясының 3 метаморфоза сы 2 дүние жүзілік соғыстан кейін болды.
Оның өкілдері (Ж. Рюэфф, М. Дебре, Р. Харрод) халықаралық айналымға алтын
стандартты енгізуге қажеттілік идеясын ұсынды.
19. Ақшаның төлем құралы қызметі.
Ақшаның төлем құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың болуына байланысты
тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әр түрлі
тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей
еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық
сипатта болуы шаруашылық субъектісіне қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін
туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп сатып алу және
сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем құралы ретінде
мынандай ерекше бір қозғалыс формасына ие: Т(тауар) – М(міндеттеме),
келісілген мерзімнен кейін: М(міндеттеме) – Т(тауар).
Ақшаның төлем құралы қызметі мен айналыс құралы қызметтері арасында өзара
айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретінде делдалдық рөлінде жүретін
болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауарлардың бір-біріне қарама-қарсы
қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндеттеме арқылы өтеу , сату және сатып
алу процесінің аяқталғандығын білдіреді. Тауарлар мен ақша арасындағы
уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушынығ төлемеу қауіпін тудыруы
мүмкін. Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп
қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді. Жалпы
барлық ақшалай төлемдерді мынадай түрде топтастыруға болады: - тауарлар
және көосетілген қызметтер бойынша төлем міндеттемелері; - мемлекетке
қатысты қаржылық міндеттемелер; - банктік несиелер, мемлекеттік және тұтыну
несиелері бойынша қарыздық міндеттемелер; - әкімшілік, сот алдындағы және
өзге міндеттемелер. Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни
қағаз және несиелік ақшалар атқарады.
30. Ипотекалық несие.
Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді ( тұрғын үйді, өндіріс
ғимараттарын, т.б. ) кепілге ала отырып ұзақ мерзімге берілетін несие.
Жылжымайтын мүлікті кепілге салу арқылы болатын қарызды ипотека несиесі
ретінде ұғуға болады. Ол тұрғын үй құрлысын салуға және алуға, жер сатып
алуға беріледі, әрі ұзақмерзімді сипатқа ие. Ипотекалық несиелеу нарықтық
экономиканың ажырамас элементі болып табылады. Оның мынандай ерекшелігі
бар: ипотекалық несие - бұл қатаң анықталған кепілзатпен берілетін қарыз.
Несие қайтарылмаған жағдайда кепілге салынған жылжымайтын мүлік сатылады
және одан түскен қаражатпен несие берушінің алашағы өтеледі. Сол себебті де
ипотека несиені несие беруші ең сенімдінесие ретінде саналады.
–ипотекалық қарыздың көбісі қатаң мақсатты тағайындауға ие,өйткені, ол
тұрғын үй мен өндірістік үй-жайларды қаржыландыру, сатып алу, тұрғызу үшін
және жер учаскелерін игеру үшін пайдаланылады;-ипотекалық несие, әдетте, 10-
20 жылғадейін беріледі. Несие алдын ала жасалған кестеге сәйкес біртіндеп
өтелетін болады. Ипотекалық несиенің біршама жетілген үлгі шартты түрде
айтсақ, қарапайым ашық үлгі. Бұл үлгінің бастапқы принциптік сипатына
тоқталсақ, ипотекалық ссудаларға деген барлық клиенттердің қаражаттары
депозиттерде жатқан клиенттердің қаражаттары; банкаралық несиелер және
т.с.с. есебінен қамтамасыз етеді.
60. Пошта-жинақ жүйесі
Пошта-жинақ жүйесінің маңызды элементтері – ұсақ салымшылардың қаражаттарын
таратын мемлекеттік мекеме ретінде құрылатын пошта-жинақ банктері болып
табылады. Бірақ ондай банктердің құрылуы біздің елімізде әлі де болса
кешеуілдік танытуда. Бізде әзірге мұндай банктердің рөлін атқаратын
Қазпошта мекемесі жұмыс жасауда. Пошта-жинақ мекемелері пошта бөлімдері
арқылы халықтың салымдарын жинақтап, қаражаттарды қабылдау және беру
қызметін жүзеге асырады. Соңғы уақыттарда көптеген елдерде пошта-жинақ
жүйелерінің несие-есеп айырысу қызметтері қанат жаюда. Сондай-ақ, банктік
заңдылықтардың шектеу қойылуына байланысты аталған мекемелердің кейбір
көрсететін қызметтері дами алмай отыр.
35.Несиенің формалары
Несие формасы – бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс табуы. Ол несие
қатынасының мәнімен ұйымдастырылуын синтездейді. Несие қатынасының
формасымен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағынан біртұтас болады.
Несие қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкесуі керек. Таңдап
алынған жіктеу өлшеміне қарай несиенің мынандай ең маңызды формаларын бөліп
көрсетуге болады. – қызмет ету саласына қарай: ұлттық және
халықаралықнесие; - нпсие мәмілесінің объектісіне қарай: ақшалай және
тауарлық несие; - несие қатынасының субъектісіне қарай: банктік,
коммерциялық, халықаралық, тұтынушылық несиелер. Несиенің тауарлы формасы
тарихи жағынан алып қарағанда оның ақшалай формасынан бұрын пайда болған.
Ежелгі тарихтан білетініміздей, адамдар тұтынуға қажетті артық өнімдерін
бір-біріне өсім алумен қарызға берген. Несиенің тауарлық формасы осы
заманғы іс-тәжірибеде төлемдерінің мерзімін ұзартумен тауарларды сатуда,
машина мен құрал-жабдық, тұрмыстық тауарлар, саймандар лизингісінде
қолданылады. Қазақстанда тауарлық кредит фермерлер мен шаруа қожалықтарына
көктемде тұқым түрінде беріледі. Тұқым түрінде берілетін бұл несиені
фермерлер мен шаруа қожалықтары күзде астықты жинағаннан кейін қайтарып
отырады.
55. Ақшаның номиналистік теориясы.
17-18 ғғ., ақшаның номиналистік териясы өкілдері ағылшын ғалымдары
Дж.Беркли мен Дж. Стюарт, А.Смит болып табылады. Бұл теория ақша
айналымында құнсыз монеталар қаптап кеткен кезде қалыптасты. Бұл ғалымдар
ақшаны мемлекет жасайды деп және оның бағасыатайлы құнмен және ақша болып
табылатын баға масщтабымен анықталады деп есептеген. Олар ақша тек
техникалық ауыстырудың таза құралы деп қарастырып, оның құндылық табиғатын
толық теріске шығарады. Ақшаның номиналистік құнының негізгі идеялары
төменде келтірілген: -ақша тамаша есептеу бірлігі болып табылады, оның
көмегімен ақшаның салыстырмалы құны анықталады. – бірдей бөліктері бар
тамаша масштаб болып табылатын аталған бірлікте ешқандай ішкі құн болмайды.
Номинализм үстемдік жағдайда 19 ғ. аяғы 20 ғ. басында қол жеткізді. Бірақ,
оның ерте кезеңдік номинализмнен айырмашылығы – оның қорғау объектісі болып
құнсыз ақша емес, ол қағаз ақша болды.
33. Халықаралық несие
Халықаралық несие-несие беруші ретінде мемлекет, банк, басқа елдердің жеке
және заңды тұлғалары жататын халықаралық экономикалық қатынас саласындағы
қарыздық капиталдың қозғалысын білдіреді. Осылайша, халықаралық несие-
қайтару, серзімді және ақылы шарттарының негізінде елдер арасындағы қарыз
капиталының қозғалысына кызмет ететін несие қатынастарын әр түрлі
формаларымен субъектілері бойынша біріктірілетін үлкен ұғым. Халықаралық
несие жаңа техника, технология, тауар мен қызмет көрсету импортын ұлғайтуға
мүмкіндк береді. Ол төлем балансының тапшылығын жабудың құралына және
жинақтаудың қосымша көзіне айналады. Шетел инвесторлары үшін халықаралық
несие басқа елдерге, әсіресе, қосымша инвестицияға мұқтаж дамушы елдерге
капитал салудың ең тартымды формасы болып табылады. Бұл несие ең сенімді
несие ретінде саналады, өткені, ол тек компаниялармен, фирмалармен,
банктермен ғана емес, сонымен қатар, үкімет кепілдігімен қамтамасыз
етіледі.
21.Ақша несие саясаты-бұл айналыстағы
ақша массасын , несие көлемін,сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк
жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша несие-
саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі Ұлттық банк болып
табылады.Ақша несие-саясатының екі типі болады:1.Рестрикциондық
2.Экспанциондық. Рестрикциондық ақша-несие саясаты-екінші деңгейлі
банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт
белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға баған
шаралар жиынтығы. Экспанциондық ақша-несие саясаты-несие беру көлемін
кеңейтумен ,айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және
сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.Соңғы жылдары
ақшанесие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және
теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.Заңға сәйкес Ұлттық банк мынадай ақша
несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:-Сыйақы
мөлшерлемелерін белгілеу;-Ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу;-
Мемл-ң бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы б-ша Ашық нарықтағы опер-ды
жүргізу;-Банктерге және үкіметке несиелер беру; Валюталық нарықта
интервенциялау;
22.Ақшаның қор жинау қызметі.
Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар
алуды қамтамасыз етумен қатар,байлықты жинау құралы болып
табылады.Сондықтан да адамдар оларды жинақтауға
немесе қорлануға тырысады.Ақшаның қор жинау қызметін
толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды,себебі олардың
меншікті құны жоқ.Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға жүктелген.Ал ақшаның
қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады.Тауар өндірісі
жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады:1) кәсіпорындар мен ұйым-ң
ағымдағы ж-не жинақ шот-ғы,с.с банктегі басқа шот-ғы ақшалай қаражат
қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану формасында;2)Банктердегі халық
алымдарында, облигацияларында жинақталған жеке қорлану формасында
23.Тұтыну несиесі-бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын
Сатып алу үшін ж-не тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін Несие.Тұтыну
несиесінің басты тағайындалуы халыққа тауарлар Сатуды ынталандыруға бағыт-
ды.Тұтыну несиесі бөлшек сауда мен тығыз байл-ты:бір жағынан,тауар
айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі,сонымен қатар,тауарды
несиеге алу сұранысы туындайды;екінші жағынан,халықты несиелеудің өсуі,
сұраныстың төлем қабілеттілігін ұлғайтады.Қаз-да тұтыну несиесі кеңінен
дамып отырған несиеге жатады.Екінші деңгейлі банктер тәж-де тұтыну
несиесінің мынадай түрлері қолданылуда: -автомобильдік несие; -Ұз.мерзімді
пайд-тын тауарлар сатып алуға берілетін несие -тұрғын үйді жөндеу
жұмыстарына берілетін несие; -кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге
(оқу,емделу,демалу т.с) берілетін несие ұзақ мерзімде пайдаланылатын
тауарларға мыналар жатады:
Жихаз,сантехника,аудио-видео ж-не тұрмыстық техникалар
24.Қазіргі коммерциялық банктер-бұл тікелей кәсіпорындарға, Сондай-ақ
халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді.Коммерция-қ банктер мынадай
белгілеріне байл жіктеледі: 1.Жарғылық капитал-ң қалыптасуына
қарай:мемлекттік,акционерлік, жеке,пай қосу арқылы,аралас 2.Операцияларының
түрлеріне қарай:әмбебап,яғни экон-ның барлық Салаларына бірдей жәнекең
көлемді банктік қызмет көрсететін Банктер;-маманданған,яғни бір ғана салаға
қызмет көрсететін банк 3.Аумақтық белгісіне қарай: халықаралық,
мемлекетаралық, ұлттық, Аймақтық; 4.Салалық белгісіне қарай:өнеркәсіптік
банктер,сауда банктері, ауыл Шаруашылық банктері, құрылыс банктері
5.Филиалдар санына қарай: филиалсыз, көп филиалды 25.Ақша жүйесі-бұл тарихи
түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын
ұйымдастыру формасы.Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері
болады. Ақша жүйесінің мынадай типтерін бөліп қарайды:-металл ақша
айналысы,яғни мұндай ақша таувры тікелей айналыста бола отырып,ақшаның
барлық қызметтерін атқарады,ал несиелік ақшалар металға ауытырылады.Металл
ақша айналысы 2-ге бөл-ді:1.Биметаллизм-жалпыға балама рөлі екі бағалы
металға негізделген ақша жүйесі.Биметализмнің үш түрі болған: -қос
валюталық жүйе,яғни мұнда алтын мен күмістің арасындағы шекті
Қатынас,металдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген.-қатар
жүретін валюталы жүйесі,яғни мұнда бұл қатынас мемлекет
Тарапынан белгіленген. -ақсақ валюта жүйесі,яғни мұнда алтын және күміс
монеталары заңды Төлем құралы қызметін атқарады,бірақ бірдей негізде емес,
себебі күміс Монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып,алтын
монеталарды Жасауға ерік берілді. 2.Монометаллизм-бұл барлығына бірдей
балама және ақша айналысының Негізі ретінде бір ғана металл қызмет ететін
ақша жүйесі.Монометализмнің Мынадай түрлерге бөлінеді: -Алтын монета
стандарты-бұл еркін бәсекенің тұсындағы капитализмнің Талаптарына біршама
сәйкес келе отырып,өндірістің,несие жүйесінің,, Дүниежүзілік сауда мен
капиталды сыртқа шығарудың дамуын қолдады. -Алтын құйма стандарты-алтын
монета стандартынан айырғы мұнда Алтын монета болмайды және оны еркін
жасауға тыйым салынады. Мұнда банкноталар,басқа толық бағалы ақшалар сияқты
алтын құймасына Тек олардың сомалары көрсет-ген жағдайда айырбасталады.
-алтын девиз стандарты-Австрия,Рермания,Дания елдерінде екітілген, Мұнда
да банк-ды ауыстырылған шетел валюталарды ауыс-ды жүргізіледі. Осындай
жолмен алтын девиз стандартын қолданылатын елдің ақша Бірліктерін алтынға
ауыстыру арасында жанама байланысақталды. 40.Ақша массасы- жеке тұлғаларға,
кәсіпорындармен мемлекетке тиісті Және шаруашылық айналымына қызмет ететін
сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.Ақша массасын анықтау барысында
мынадай ақша агрегаттары қолданылады. -М1 агрегаты,яғни ол айналыстағы
нақты ақшаларды және банктегі ағымдық Шоттардағы қаражаттарды қамтиды. -М2
агрегаты,ол М1 агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі және Жинақ
салымдарынан тұрады. -М3 агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік
мекемелердегі Жинақ салымдарын құрайды; -М4 агрегаты, ол М3 агргаты
қосылған ірі коммерциялық банктердегі Депозиттік серт-дан тұоады. Ақша
базасы-бұл міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы Ақшаларды
білдіреді.Ол мынадай форм-мен есеп-ді: MB=CIC+RR+DCB Мұндағы CIC-
айналыстағы нақты ақшалар RR-міндетті резервтер
DCB-екінші деңгейдегі банктердің лттық банктегі қоршоттағы
Қаражаттары. 41.Коммерциялық несие-бұл қарыз берушінің қарыз алушыға Берген
Тауарын білдіреді,Коммерциялық несие-бұл вексель айналысының Пайда болуына
себеп болған,экономикадағы несиелік қатынастардың Алғашқы формасы.Несиенің
бұл формасының басты мақсаты-тауарлардың өту процесін жеделдету,сондай-ақ
одан пайда табу.Мұнда қарыз Алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер
мен бизнеспен Айналысатындар бола алады.Ком-қ несие көбіне тауарды сатып
Алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда
айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген Соманы уақытында
төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық Міндеттеме-вексель
қолданылады.Ком-қ несиенің банктік несиеден Айыр-ғы мынадай:-қарыз беруші
рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар Н-се қызметті сатумен
айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады; -ком-қ несие тек қана тауар
формасында беріледі; -қарыз капиталы өнеркәсіптік н-се сауда капиталымен
байланысты. -қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің
заңды түрде Рәсімделуі барысында,бұл несие үшін төленетін ақы тауар
бағасының құнына Қосылады. 43.Ақша агрегаттары-белгілі бір күндегі ж-не
белгілі бір кезеңдегі ақша Айналымының сандық өзгерісін талдау үшін,сондай-
ақ ақша массасының Өсуімен көлемін реттеуге байл шараларды жасау үшін
пайд.көрс-р М0=айналыстағы қолма-қол ақша М1=М0+заңды тұлға-ңесеп
айырысу,ағымдық,чектік шотындағы қар-ты Ком-қ банк-ң салымшыларының
ақшалары,халықтың талап еикенге дейін Депозитттері М2=М1+халықтың банктегі
мерзімді салық ақшалары М3=М2+мемл-к қарыз облигациялары,депозит-к сертиф-р
65.Ұлттық банк-бұл ақшалай резервтерді құрайтын,оған қоса меншікті Алтын
валюта резервтерден,басқа да материалдық бағалықтардан тұратын Мүліктерге
ие болып табылатын заңды тұлға.Ұлттық банктің басқару Органына:Басқарма
және директорлар Кеңесі жатады.ҚҰБ-нің жоғары Басқару органы Басқарма
б.т.және басқармаға мынадай негізгі қызм-р Жүктеледі: -мемл-ң ақша-несие
саясатын дайындау; -банк қызметіне қатысы бар ҚҰБ-нің нормативтік құқықтық
актілерін бекіту; -банктер-ң ашылуына рұқсат беру және оларды қайтарып алу
туралы шешім Қабылдау; -банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту;
-алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау; -ҚҰБ-нің
жылдық балансын және табысы мен зияны туралы есебін қарау Және бекіту;
Ұлттық банктің Басқармасы тоғыз адамнан тұрады: Ұлттық банктің
Басқармачының құрамына: -ҚҰБ-нің төрағасы және бес лауазымды тұлғалар; -ҚР
Президентінен бір өкіл;
-ҚР Үкіметінен бір өкіл кіреді. Ұлттық банктің оперативтік басқару органы
Директорлар кеңесі б.т.Директорлар Кеңесі құрамына Ұлттық Банк
төрағасы,оның орынбасарлары және құрылымдық Бөлімшелердің жетекшілері
кіреді.Ұлттық банк тек қана ҚР През-нің алдында есеп береді.Есеп беру
мыналарды білдіреді: -Парламенттің келісімімен ҚР През-ті ҚҰБ-нің төрағасын
6 жылға сыйлайды және Қызметінен босатады; -ҚҰБ тқ-өрағасының
орынбасарларын да ҚҰБ төрағасының ұсынуымен ҚР През-ті 6 жылға сайлайды
және қызметінен босатады; -ҚҰБ-нің жылдық есебін ҚР Пр-ті бекітеді; -Ұлттық
валютаның-теңгенің айшығының тұжырымын ҚР Пр-ті бекітеді 71.Банктік несие-
бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай Түрде берілетін несиені
білдіреді.Банктік несие-бұл эк-ғы кеңінен Тараған несиелік қатынасардың
формасы б.т.Банктік несиеде несие Беруші:банк және арнайы қаржы мекемелері
болса,ал қарыз алушылар Ретінде:кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен
шұғылданатын қаржы ресурстарына Деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым
б.т . Мұндағы қарыз берушінің Басты мақсаты-бұл пайыз түрінде табыс
алу.Коммерциялық банктер өдерінің Клиенттеріне әр түрлі несиелер береді:Ол
мынадай белгілеріне байл: 1.Қарыз алушылар катергорияларына қарай 1)
Қаржылық инст-ға берілетін несиелер: -мақсатты қорларға; -банктерге -қаржы-
несиелік мекемелерге; 2)Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
-өнеркәсіп салаларына; -ауыл шаруашылығына; -саудаға; -дайындау ұйымдарына;
-жабдықтау-сату ұйымдарына; -кооперативтерге; -жеке кәсіпкерлерге;
3).Тұтыну мақсаттарына берілетін несиелер 2.Мерзіміне қарай: -қысқа
мерзімді (1 жылға дейін) -орта мерзімді(1жылдан 3-5жылға дейін) -ұзақ
мерзімді(5 жылдан жоғары) 3.Тағайындалу және пайдалану ссипатына қарай:
-негізгі қорларға жұмсалатын; -айналым қаражатына жұмсалатын; 4.Қамтамасыз
ету дәрежесіне қарай: Қамтамасыз етілген: -кепілхатпен; -кепілдемемен;
-кепілдікпен; Сақтанндырылған Қамтамасыз етілмеген: -сенім(бланктік)
несиесі 5.Қайтарылу дәрежесіне қарай: 1)стандартты несие-қайтарылу уақыты
жетпеген, Бірақ қайтуында ещқандай күмән жоқ несиелер; 2)Күмәнді несиелер-
қайтарылу уақыты кешіктірілген, Мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел
туғызатын Несиелер.Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне әйкес,
Күмәнді несиелер ішінара бөлінеді:1-санатты күмәнді, 2-снатты күмәнді,3-
санатты күмәнді,4,5 3)үмітсіз несиелер-қайтару уақыты кешіктірілген,мерзімі
өткен Ссудалар шотына жазылған несиелер; 6.Валютамен берілуіне қарай:
-ұлттық валютамен;
-шетел валтасымен; 6.ерілу шартына қарай: 1)Тұтыну несиесі –бұл жеке
тұлғаларға тұтыну тауарларын Сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді
өтеуге берілетін несие 2)Ипотекалық несие-бұл қозғалмайтын мүліктерді
кепілге ала Отырып,ұзақ мерзімде берілетін несие 3)Овердравт- несиесі-
клиенттің шотынан қаражатты шегеру, Дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа
мерзімді несиенің Формасы 4)Овернайт несиесі-өтімділікті қолдау мақсатында
бір түнге берілетін Банкаралық несиенің түрі; 5)Банкаралық несие-банктердің
бір-біріне беретін несиесі 6)Ломбардттық несие-тез іске асатын бағалы
заттарды кепілге Алып,берілетін несие 7)лизингтік несие-құрал жабдықтарды
жалға алумен байл. Берілетін несие. 73.Электрондық ақшалар-компьютер
торабының, Ақпар-ды автоматты түрде өңдеу құралдарын Қоланатын байланыс
жүйелері арқылыжүзеге Асыратын банктер және олардың клиенттері, Сатушылар
мен сатып алушылар арасындағы Төлемдер жиынтығы.Электронды ақшалар
Пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:
Дебеттік(төлем) карточка-банкте арнайы Карточкалық қаражаты бар,клиент
арасындағы Келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты Алуға,сондай-ақ тауарлар
мен қызметтер үшін Төлеуге арналған төлем құралы. Кредиттік карточка-оның
эмитенті мен карточка Иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес,несиелік
Көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге Арналған төлем құралы.
74Несие жүйесі-жалпы банктердің және банктік Операциялардың жекелеген
түрлерін жүзеге Асыратын банктңк емес мекемелердің жиынтығы. Қ.Р-дағы
несиелік жүйе ек буыннан тұрады: Біріншісі-банктік жүйе,ал екіншісі-
парабанктік Жүйе.Банктік жүйеге:эмиссиялық банктер:ҚҰБ,
ҚҰБ-нің Алматы қалалық филиалы,ҚҰБ Облыстық (14) басқармалары.Эмиссиялық
емес: Екінші деңгейдегі банктер.Парабанк жүйесі: Бактік емес
мекемелер:Ломбардтар,Несиелік Серіктестіктер, Сақтанндыру қоғамдары,
Инвеси-қ компаниялар,ипотекалық компаниялар Жатады.Пошта жинақ жүйесі-
Қазпошта. 75 Валюталық бағам-бір елдің ақша бірлігінің Екінші бір елдің
ақша бірлігіне қатысты бейне Ленетін бағасы.Валюталық бағамның қажеттігі:
1)тауарлар мен қызметтермен сауда саттықта, Капталдар мен несиелер
қозғалысы барысында Өзара валюталарды айырбастайды.Импортер Ұлттық
валютасын шетелден тауар алғаны үшін Шетел валютасына ауыстырады.
2)дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, Сол сияқты әр елдің құндық
көрсеткіштерін Салыстыруға; 3)фирмалардың және банктердің шетел валюта
Сындағы шоттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға; Валюталық бағамға әсер
ететін факторлар фқпал Етеді: -Инфляция қарқыны.Инфляция қаншалықты жоғары
Болса,ол елдің валютасының бағамы төмен болады. Ақшаның инфляциялық
құнсыздануы,ол ел валюта Сының төлем қабілеттігін және басқа елдің валюта
Сына қатысты бағамын төмендетеді. -Төлем балансының жағдайы.Егер де төлем
балансы Ның жағдайы активті болса,онда шетелдік борыш Қорлар жақтан ұлттық
валютаға сұраныс өсіп,ұлттық Валютаның курсын жоғарылатуға мүмкіндік беред.
-Влюталық нарықтар қызметі мен алып сатарлық Валюталық операциялар.Егер
қандай да бір валюта Бағамы түсетін болса,оны банктер тез арада тұрақты
Валютаға сатуға тырысады. -Белгілі бір валютаның Евронарықта және
халықаралық Есеп айырысуда пайдалану дәрежеі. 92.Халықаралық валюталық
қатынастар-ұлттық Шаруашылықтарының қызметтерінің нәтижесінен Өзара қызмет
ететін және әлемдік шаруашылықтағы Валюталардың қызмет етуі барысында
қалыптасатын Қоғамдық қатынатар жиынтығы.Валюталық қатынас Тардың
жекелеген элементтері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде
пайда болған. Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық Экономикалық
қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және
Әлемдік экономиканың дамуына,саяси тұрақтылыққа, Елдер арасындағы күштердің
шекті қатынасына Тәуелді болып келеді. Валюталық жүйе-ұлттық заңдылықтармен
немесе Мемлекетаралық келісімшарттармен бекітілген Валюталық қатынастарды
ұйымдастыру және реттеу Формасы.Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:
-Ұлттық валюталық жүйе-халықаралық төлем Айналымын жүзеге асыратын,ұдайы
өндіріс процесіне Қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны Пайдалануға
көмектесетін экономикалық қатынастар -Дүниежүзілік валюталық жүйе-бұл
халықаралық Несие қаржы институттары мен валюталық құралдардың Қызмет етуін
қамтамасыз ететін халықаралық Келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық
нормалар Кешенін қамтиды. Аумақтық валюталық жүйк өнеркәсібі дамыған
елдердегі Әлемдік валюталық жүйе төңірегінде құрылады.Мыс. Еуропалық
валюталық жүйе(ЕВЖ)-бұл Еуропалық Қоғамдастыққа мүше елдердің валюта
аумағында Ұйымдастырылу-экономикалық формасындағы қатынастарды
Білдіреді.Мұндағы валюталық паритет –валюталық бағамның Негізі болып
табылатын заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта Арасындағы шекті
қатынасы.Валюта-бұл біріншіден,солЕлдің ақша бірлігі;екіншіден,шетел мемл-
нің ақша белгілері; Үшіншіден,халықаралық есептесу бірліктері мен төлем
құралы.
1. Аұшаның шығу тегі және тауарлық жаратылысы.
Ақшаны өндіргіш күштермен тауар қатынастарының біршама жоғары даму
нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен белгілі. Ақшаның жаратылысын
зерттегенлегі басты анық болғаны, ал оның тауарлы шығу тегіне
байланыстылығын көрсетеді. Тауар сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек
өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының
объективтік алғы шарттарын туғызған. Ақшаның пайда болуы, жаратылысы және
мәні туралы ортақ пікір жоқ. Бірақ та ақшаны анықтауды көп түрін шартты
түрде екі тұжырымдамаға бөлуге болады. Рационалистік және эволюциялық.
Тауар бұл сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған
зат сату немесе айырбастау кезінде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның
туындауы үшін объективті алғы шарттарды қалыптастырады. Тауардың тұтыну
құны және құны(оны өндіруге кеткен еңбек шығындары) болады. Тауарлардың
пайдалылығына (үй, машина) байланысты құнының әр түрлі формалары бар, олар
тауардың тұтынушылық құны деп аталады. Тауардың құны оны өндіруші адам
еңбегінің өзгерісімен анықталады. Тауар айырбасының дамуы тауарлар құнының
әр түрлі формаларының бірте-бірте алмасуы нәтижесінде жүзеге асады.
–Қарапайым және кездейсоқ форма; -толық немесе жайлыңқы форма; -құнның
жалпы формасы. Ақша бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін жалпыға балама
айырықша тауар. Алғашқы қағаз ақшалар 12 ғасырда, ал монеталар 7 ғасырда
пайда болды.
4. Қағаз ақшалар және айналыс заңдылықтары.
Қағаз ақшалар – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға
ауыстырылмайтын сондай-ақ мемлекет белгіліген өзіндік номиналы бар құнның
белгілері. Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін
атқарады, олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіс пешілігіне
байланысты шығарылуымен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты
жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану
себебтеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуы, эмитентке
деген сенімнің төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық жағдайын
туғызады. Қағаз ақшалар нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста
жүрген алтын мен күміс монеталарының орынбасарлары ретінде пайда болды.
Қағаз ақшалардың айналыста жүруының объективті мүмкіндігі, олардың айналыс
құралы қызметінің атқару ерекшеліктеріне байланысты. Алғашқы қағаз ақшалар
біздің б.э. 12 ғасырда Қытайда пайда болды, 1690 жылы Ұлыбритан отары
болған солтүстік Америкада, 1762 жылы Австрияда және 1769 жылы ресейде
пайда болды.
5. Инфляция ұғымы және пайда болуы.
Инфляция латыншадан inflation аударғанда кампию дегенді білдіреді. Инфляция
түсінігі 1861-1865 жылдары Азаматтық соғыс кезінде пайда болған, алайда
инфляция құбылысының өзі айналымға ақша енгізумен байланысты ежелгі риммен
ежелгі қытайда болып тұрған. Жоғарда айтқанымыздай алтын мен күміс ақша
айналымында инфляция болмайды, өйткені олар артық ьолған жағдайда қазынаға
салынып ал қажеттілік туған кезде қазынадан айналымға келіп түседі.
Осылайша, ақша айналымы өзі-өзі реттей алады. Инфляция мәселесі барлық
елдерде болады және ол экономикаға мен қоғамға шыңдап қауып-қатер
төндіреді. Сонымен, инфляция- тек қана қағаз ақшаның айналымына тән,
айналым арнасы тауар айналымы қажеттілігімен салыстырған да қағаз ақшамен
артық шамада толып кетуі, олардың бағасының төмендеуі және тауарлармен
қызметтер бағаларының көтерілуін, ақшаның сатып алатын қабілетінің
түсінуіне мән беретін әлеуметтік экономикалық феномен. Онда эконосмикалы,
әлеуметтік, саяси мәселелер ұштасады. Инфляция табиғи апаттар және қоғам
сілкіністерінің жиі серігі, саяси және әлеуметтік жан-жалдар нәтижесі
екенін тәжірибеде көрсетеді.
6. ҚР ҰБ қызметтері.
Ұлттық банк ҚР-ның Ұлттық банкі туралы Заңға сәйкес мындай қызметтермен
операцияларды жүзеге асырады: -айналыстағы ақша массасының көлемін ретеу
жолымен ҚР-нда мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, ҚР-сы аумағында
банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып
табылады; -кепіл беруші Үкімет болып табылатын ҚР-ның ішкі және сыртқы
қарызына қызмет көрсетуге қатысады; -ҚР-сы аумағында еншілес банк ашуға
рұқсат береді; -ҚР-сы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын,
өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүзеге асыруға
лицензия беріледі; -банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының, оның
тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
-ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық
позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші
болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді; -банктердің жұмысына және
шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен
қадағалау жүргізеді, әрі пруденциалдық нормативтер белгілейді; -ҚР-нда
информациялық процестерді ақша-несие реттеуі әдістерімен бәсеңдете алмаған
жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдарды
шектеу және пайыз мөлшерлемелерін өзгертуге құқықтар береді; -ҚР-нда есеп
айырысу тәртібін, жүйесін және нысандарын анықтайды, қазақстандық тңгемен
банкаралық есеп айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін
қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс; -ҚР-нда
валюталық реттеу мен валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге
құқылы.
102. Төлем балансы.
Төлем балансы валюталық сомалардың шетелелдеоден келіп түсуімен елдің басқа
елдерге белгілі бір мерзім ішінде өтелегн төлемдерінің арақатынасы, екінші
сөзбен айтқанда оол елдің басқа елдермен жасасқан сыртқы экономикалық
байланыстарын бідіреді. Төлем байланысының белгілі бір мерзіміндігі және
белгілі бір күні өзгеріп отыратын өзара қатынас есебінде көрсетіледі. Төлем
балансы белгілі бір мерзім ішіндегі төлемдер мен келіп түскен ақшалардың
арақатынасын білдіреді де елдің халықаралық экономикалық байланыстағы
өзгерістернің, оның экономикалық ақуалы мен дпму барысын анықтауға
мүмкіндік береді. ЭВҚ-ның методологиясы бойынша төлем балансы дегеніміз-
жыл, тоқсан, ай барысында жүзеге асырылған барлық экономикалық
операциялардың жүйелі түсімі, төлеммен есеп берудің аралас байланысы. Айға,
ооқсанға, жылға жасалатын төлем балансы үш бөлімнен тұрады: олар- сауда
балансы, қызмет көрсетумен коммерциялық емес төлемдердің балансы,
капиталдың және несие қозғалыстарының балансы. Сауда балансы тауар экспорты
мен импортының арақатынасы, әрі сыртқы саудадағы нақ осы кезеңде
төленбейтін бөлігі, ол экстпротпен импортқа байланысты талаптармен
міндеттемелердің арақатынасын көрсетіп, дербес сауда балансына, есеп
айырысу балансына кіреді. Қызмет көрсетумен коммерциялық емес төлемдер
балансы көлік, сақтандыру, пошта телеграфтық және телефон байланысы,
халықаралық туризм мәдени алыс-берістер іскерлік сапарлары, дипломатиялық
және сауда өкілдіктері тағыда басқа сияқты түрлері мен экономикалық мазмұны
түрлері және коммерциялық операциялары әр қилы төлемдермен ақшалардың келіп
түсуін қамтиды.
81. Халықаралық қаржы несие инситуттары.
Халықаралық валюта қоры ХВҚ 1944 жылы өткен Бреттон-Вуд(АҚШ) валюта қаржы
конференциясынығ шешімімен БҰҰ-ның арнаулы органы ретінде ашылып, ол өзінің
жұмысын 1947 жылдан бастады. ХВҚ – ол үкімет арлық валюта – қаржылық ұйым,
оның мақсаты өзінің мүше – мемлекеттер арасындағы валюталық қатынастарды
реттеу, төлем баланстарының тапшылығын жабу үшін оларға қысқа және орта
мерзімде шетел валютасымен несие беру. Алдымен ХВҚ мүшелері болып 35
мемлекет енді, 2006 жылы оның саны 184-ке жетті. Қазақстан соған мүше ьолып
1992 жылы ХВҚ-ның штаб пәтері Вашинктон қаласында қорға ең көп үлесі бар
елдің астанасында. ХВҚ-ның басқару органы – губернаторлар кеңесі оның
құрамында әр елдің өкілдері.
63.Инфляцияның салдарлары
Жұмысссыздықтың өсіне, жинау процесінің тежелуіне, шаруашылық байланыстарды
ң шарқын бүзуға әкеліп соғатын инфляция экономикадағы үйлесімсіздікті
күшейтін, ұзақ мерзімді инвестицияларға ынталандыруды жояды; Тұтыну
сұранысының құрлымын бұрмалайды, ақшаларды нақты байлыққа айналдыру
ұмтылысын оятады; ішкі нарық сыйымдылығын бұзады және төмендетеді; нақты
жалақыны төмендетеді және халықтың барлық топтардың кедейлендіреді, төлем
қабілетті бар сұрансты азайтады; ақша несие жүйесінің жұмыс істеуін бұзады,
оның қорларын азайтады, капиталдарды тарту және салу ауқымында күрес
жүргізіледі елден капиталдың кетуін күшейтеді; Халықаралық экононмикалық
байланыстарға жағымсыз әсер етеді, экспорт азайтып, импорт өседі, елдің
төлем баланссы нашарлайды; қаржыландыру процене , мемлекеттік бюджетке
жағымсыз әсер етеді, мемлекет қарызы көбейеді; валюталық дағдарыс күшейеді;
98. Қарыз проценті
Қарыз проценті-ол уақытша қолдануға берілген құнның өзгеше бағасы болып
көрінетін объективті экономикалық категория. Несиенің бағасы ирационалдық
сипатта болады, алайда оның абсолюттік шамасы қарыздардың несиені
пайдаланғаны үшін төлеген белгілі бір сомаға тең, оны проценттік сома деп
атайды. Ироуиналдық сипатта болатын себебі: біріншіден қарызға берілген
құнның ақша түрінде көрінуі; екіншіден қарыздардың несие үшін төленген
проценттік сомасы алғашқы қарызға алған құнға тең болмауынан. Қарыз
процентті тауарлы өндірістің негізінде кейінірек пайда болған. Оның пайда
болуы дамыған тұрақты тауар ақша қатынастары оның ішінде мешік
қатынастарына байланысты. Қарыз процентті меншік иесінің басқа біреуге
белгілі бір құнды уақытша пайдалануға бергенде пайда болады. Қарызға
алынған құн оны пайдаланушыға- өндірушіге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz