Жалған кәсіпкерлікке жасалған талдау


Жалған кәсіпкерлікке жасалған талдау
Өткен жылғы Құқыққорғау органдарының үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Бас прокуратура соңғы 2, 5 жыл ішіндегі жалған кәсіпкерлікке байланысты азаматтық істер жөніндегі сот актілерінің заңдылығына талдау жасады.
Оның мақсаты мұндай істерді сотта қарастыру үстінде орын алатын түйінді мәселелер мен құқықтық қолданыстардың тәжірибелерін зерделеу болды. Талдау мұндай істердің соңғы жылдары күрт өсуіне байланысты бірінші рет жүргізіліп отыр.
Жалған кәсіпкерлік мемлекет қауіпсіздігіне, сонымен қатар жалған кәсіпорындармен құқықтық қатынасқа түскен кәсіпкерлерге едәуір қауіп төндіреді.
Жалған кәсіпкерлік көбінесе монополияға қарсы, салық тұтынушы құқығын қорғау және басқада заңдылықтардың талаптары бұзыла отырылып жүзеге асырылатынын тәжірибе көрсетіп отыр.
Жалған кәсіпкерлік әдетте несие алу, салықтан босау, басқа да мүліктік пайда табу үшін, сонымен қатар заңмен тыйым салынған қызметті жасыру мақсатында (мысалы, заңсыз қару-жарақтарды жасау, есірткіні өндіру мен сату және тағы басқалары) құрылады.
Жалған кәсіпкерлік, сондай-ақ салық төлеуден жалтару немесе басқалай несие берешегін өтеу үшін кең де тиімді қолданылады. Мұндай жалтарудың кірісті тікелей жасырудан бастап түскен пайданы бірнеше есеп айырысу шоттарына бөліп жіберіп, салық негізін төмендетуге дейінгі түрлі тәсілдер бар.
Сонымен бірге, заң шығарушылар азаматтық заңдылықта «жалған кәсіпкерлік» және «жалған кәсіпкер» деген ұғымдардың нақты анықтамаларын қарастырмаған, осыған байланысты жалған кәсіпкерлік туралы даулар бойынша азаматтық істерді қарастырған кезде қолданыстағы заңдылық нормаларын пайдалануда түйіткілді жәйттер туындап жатады.
Республика соттарының негізінен жалған кәсіпкерліктердің заңсыз қызметтеріне және осы кәсіпорындардың салықтарды және бюджетке міндетті төлемдерді толық төлемеуіне қатысты дауларды қарастыратынын талдау көрсетіп отыр.
2005 жылдан бастап 2007 жылға дейінгі бұл санаттағы істерді қарау кезінде сот тәжірибесі түрліше қалыптасқан. Кейбір жағдайларда сот жалған кәсіпорындармен болған мәмілердің сот тәртібімен қаралмағанына жөнсіз сілтеме жасап, салық төлеушілердің талап арыздарын негізсіз қанағаттандырған. Ал басқа істер бойынша салық органдарының әрекеттері күшіне енген сот үкімдерімен жалған кәсіпорын құрған басшылар мен заңды тұлғалардың құрылтайшыларының кінәсі анықталғанына қарай заңды деп дұрыс танылған.
Атап айтқанда, Республика соттарында 2005 жылы барлығы осы санаттағы - 6, 2006 жылы - 45, 2007 жылдың он айында 42 азаматтық іс қаралып, шешім шығарылса, олардың ішінде 2005 жылы - 3, 2006 жылы - 27, 2007 жылы - 11 іс қанағаттандырылған. Ал 2005 жылы - 5, 2006 жылы - 25, 2007 жылы - 35 іс қанағаттандырылмаған. Салық төлеушілердің қанағаттандырылған талапарыздары бойынша істердің көбісі кейін прокурорлардың наразылығы және салық органдарының арыздары бойынша мемлекет мүддесі үшін тоқтатылды немесе өзгертілді.
Мәселен, Қарағанды облысының прокуратурасы енгізген 2 наразылық («СТС-99» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салық органдарының хабарламаларына шағымдану туралы және «Атоснабдеталь ЛТД» серіктестігінің банкрот деп тану туралы талапарызы бойынша) облыстық сотының қадағалау мәжілісінде қанағаттандырылды.
Жекелеген даулар бойынша Ақтөбе облысы, Астана және Алматы қаласы, сонымен қатар Батыс аймақтық көлік прокуратурасының прокурорлары мемлекет мүддесін қорғауда, дәйекті ұстаным танытып, республика бойынша сот тәжірибесінің тұрақтануына елеулі үлес қосты.
Осыған байланысты қазіргі уақытта заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мұндай кәсіпорындардың ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы бойынша («жалған кәсіпкерлік») сотталған басшылар мен құрылтайшыларға қатысты заңды күшіне енген сот үкімдеріне негізделіп, жалған кәсіпкерлік деп танылатын болды.
Қылмыстық істі алдын ала тергеу барысында жауапкершілікке тартылатын адамдардың анықталмауына байланысты қылмыстық іс ақтамау негізі бойынша тоқтатылуы немесе қысқартылуы мүмкін. Осыған байланысты жалған кәсіпорын құрған адамдарға қатысты үкім шығарыла бермейді.
Жалған кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеудің растығына дау айту туралы сот қараған істердің және оларды мәжбүрлеп жою саны көп емес. Бұл ретте талаптарды әдетте салық органдары береді, ал 2 іс бойынша талапарызды прокурорлар ұсынған.
Жалған кәсіпорынды сот тәртібімен банкрот деп көрсетіп оны дәрменсіз борышкер деп тану туралы істерді зерделеу бұл тәжірибенің көбінесе қолданыстағы заңдылыққа қайшы келетінін көрсетті.
Атап айтқанда, 2005 жылы сот талаптарды қанағаттандырып 7 істі қараса, олардың 2006 жылы істердің көбейгеніне байланысты Павлодар облысының сотары 30 іс қараған, олардың 29-нда жалған кәсіпорын банкрот деп танылған. 2007 жылы барлығы 5 іс қаралды, 3-уі бойынша талаптар қанағаттандырылды, 2-уінен бас тартылды.
Бұл сот актілері шағымдану және қадағалау тәртібінде тоқтатылмаған. Прокуратура органдары да наразылық келтірмеген.
Мысалы, Павлодар облысының арнайы ауданаралық экономикалық соты Павлодар қаласының салық комитетінің «НИКОС-ПВ» серіктестігінің банкрот деп тану туралы арызын бұл кәсіпорынның салық бойынша борышы 219 миллион теңгеден астам борышы барлығына сүйеніп қанағаттандырылған.
Іске қарағанда, Павлодар қалалық сотының үкімімен бұл серіктестікті басқалармен бірге ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабымен сотталған Ахметов деген құрған, ол кәсіпорынның мөрі мен деректемелерін пайдаланып, басқа адамдармен жалған мәмлеге отыру арқылы салық төлеуден жалтаруға бағытталған қызметпен айналысқан.
Ал, қолданыстағы «Банкрот туралы» ҚР Заңы редакциясы тек заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысып жатқан адамдарға қатысты ғана кәсіпорынның банкротқа ұшырауы мүмкіндігін қарастырады. Сонымен бірге заңда жалған кәсіпорындарға банкроттық рәсімдерін жасау туралы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz