Жабаев Жамбыл (1846-1945) — қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Жабаев Жамбыл (1846-1945) — қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең
сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері — Жамбыл облысындағы Жамбыл
тауының етегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы облысының Ұзынағаш елді
мекені. Шыққан тегі — Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.
Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық-жыраулық өнер айрықша
биікке көтерілген. М.Әуезовтың Қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері
XIX ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік
өлкелерінде шоғырлана бастайды деуінде үлкен тарихи себеп бар. Біріншіден,
Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі
қалыбына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы әзірше
қағаберісте еді. Екіншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған
өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде XIX ғасырдан бергі жерде айрықша биік өреге
көтеріліп еді. Осы кезенде Жетісуға сонау Аркадан ұлы Абайдың келуі,
Біржан, Шашубай, Балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындардың келуі,
Таластан — Жалай-ыр Түбектің келуі, оңтүстіктен — Майкөт пен Майлықожаның
келуі, ту-у Атыраудан — Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың
алыстан жанғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты
еді.
Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақын-дық дарыны жас
кезінен-ақ таныла бастаған. Ол бозбала шағының өзінде-ақ өскен ортасын ән
мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де данқы жайылып үлгерген.
Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл
ақыны Сүйімбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын
алады. Мұнан әрі жал-қүйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі
Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет
сияқгы ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен айтысқа түскен
Жамбыл үдайы шоқгығын асырып отырған. Бүлар ғана емес қырғыздың Балық,
Тьшыбек, Қалығүл, Най-манбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқгы ақын-
жьфау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поэзи-ясынан
тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шындай түседі. Жамбыл енді ақындық-
суырыпсалмалық өнеріне қоса "Көрғұлы", "Шаһмардан" сияқты жыр-дастандарды
апталап-айлап жырлап, ақындық-жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды.
Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылары
— бір жағынан, Қоқан хандығы — екінші жағынан, жергілікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл Жабайұлы - қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
Жабаев Жамбыл (1846-1945)
Жамбыл - жүз жыл өмір сүрген ақьн
Қырғыз бенен қазақтар
Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат
Жамбыл Жабаев (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
Мектепте Жамбыл Жабаев өлеңдерін оқыту жолдары
Жамбыл Жабаев қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
Рухани мәдениеттің негізін салған қазақ ғұламалары
Жамбыл Жабаев өлеңдерін мектепте оқыту
Пәндер