Жамбыл Жабаев – қазақ халқының поэзиясының алыбы


Жамбыл Жабаев
(1846-1922)
Жамбыл Жабаев - қазақ халқының поэзиясының алыбы. Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде, көшпелі Екей руының кедей шаруа отбасында туған. Жасында қараңғы ортада оқи алмай қалған зерек бала сауатсыз болсада, көп нерсені көзімен көріп, көңіліне түйіп өсті. Әуелі Қоқан хандығының, кейін Ресей патшалығының отаршылдық саясатының қыспағында қыспағында және ел арасындағы бай, манаптардың екі жақты қанауында зар шеккен халықтың ауыр өмірін ол бастан кешіріп, жүрекпен сезінді. Әрі ұлттық, әрі таптық езгінің зардабын еңбекші бұқарамен бірге тартқан Жамбыл әлеуметөміріндегі қайшылықтарды, әділетсіздіктерді ерте және терең таныды. Ол Желтоқсан революциясына дейінгі ұзақ өмірде ел аралап, үлкенді-кішілі ақындармен айтысқа түсіп, өлең, терме, жыр шығарды. Оның ақындық атағы өткен ғасырдың өзінде-ақ бүкіл Жетісу мен Қырғыз еліне мәлім болған. 15 жасынан ақындық өнер жолына түскен Жамбыл ондаған жылдар бойында туған елін әнмен, жырмен кенелткен. Ауыл арасындағы кіші-гірім қайым айтыстарға қатыса жүріп, айтқыштық өнерін шыңдай берген. Жетісудың әйгілі де, абыройлы ақыны Сүйімбайдан әрі жолдама, әрі тәлім алып, өлеңнің халық жырын жырлайтын нағыз көркемөнер екенін түсінді. Ертедегі көп айтыстарынан Айкүміс, бақтыбай, Сары, Сарыбас, Досмағанбет, шашубай, Құланаян Құлмамбеттермен айтыстары ғана есте сақталып, кітаптарына енді. өткен ғасырдың 80 жылдары айтыста атақты құлмамбетті жеңгеннен кейін, Жамбыл өз өлкесінің ең жүйрік ақыны болды. Оның бүкіл ақындық өнерінде желі тартып жататын халытық сарын алғаш сол айтыстарда анық бощ көрсеткен-ді. Құлмамбет өз руының байларын, болыстарын мақтаса, Жамбыл ел қорғаған ерлерді мақтаған. Осы демокрамиядық бағыт Жамбылдың өнерпаздық өмірінде адастырмас темірқазық болды. Ақынның поэзия жолында үлгі-өнеге алған мектебі - халықтың ұшан-теңіз ауыз әдеьиеті. Ол тұрмыс-салт өлеңдерін, ғашықтық хикаяларды, көркемдігі жоғары қаһармандық дастандарды жаттап алып, жұртшылық алдында толғап, өз әуенімен әсемдеп айтатын. Туысқан қырғыз халқының «Манас» жырын да өзінше толғап, өзгеше бір нұсқасын айтып келді.
Жамбыл қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағынбек секілді манасшы Жыршыларының да өнерін жақсы біліп, қырғыз поэзиясының тұнығынан сусынды. Мұның үстінде ол шығыс әдебиетін де ең асыл үлгілерінен хаьарда болды. Мысыр, орта азия халықтарының ортақ мұрасы «Көрігұлы» дастаны оның сүйіп айтатын жырының бірі еді. Арғы түбі «Мың бір түннен», «Шаңнамадан», тараған алуан түрлі, кең өрісті көркем әңгімелер мен жырларды Жамбыл жадында жақсы сақталған. Осының бәрі оның ақынды мәдениетінің шыңдалуына, өнерінің кеелденруіне себін тигізді.
Ақынның Желтоқсан революциясына дейінгі айтыстары мен өлеңдерінің көбі кезінде жазылып қалмағандықтан, ұмытылған. Ел аузында сақталғандары Жамбылдың жасынан -ақ сөзге жүйрік, шыншыл, өткір ақын болғанын аңғартады. Жамбыл өлеңдерінде басы артық сөз аз. Ақын шығармаларының әлеуметтік мәні зор, таптық бағыты айқын. «Кедей күйі» деген өлеңінде аштықтан қайыршыға айналған кедей балалардың халі сөз болады. Ал «Шалабайға» деген өлеңінде екі жүзді атқа мінердің арам пейілі әшкерленеді. Ақынның сол кезлегі қай өлеңін алып қарасақта, әлеуметтік қайшылықтарды, таптық теңсіздіктерді ерте көргенін байқаймыз. «Шағым», «Әкеме», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепекеде», «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» секілді өлеңдерінде өмір шындығының алуан турлі қырлары, көбінесе зілді әжуа, сарказм арқылы сыналып, айқын суреттелді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz