БЕЛГІБАЙ ШАЛАБАЕВ ЖАНҚОЖА БАТЫР ЖЫРЫ ЖАЙЫНДА

Қажыбай А. Т.
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақ әдебиетіндегі эпикалық шығармалардың ішінде тарихи дастан жанрының
орны айырықша дараланып тұрады. Ақындардың тарихи дастандары батырлар
жырының мазмұны мен пішіні жүйесі негізінде қалыптасып дамыды. Тарихи
негізден алынған оқиғаларды эпикалық көлеммен жырлауда фольклордағы
батырлық эпостың элементтері де біршама сақталады. Қазақ әдебиеті тарихының
ХVІІІ-ХІХ және ХХ ғғ. дамуындағы ақындардың тарихи дастандары осы жанрдың
мол шоғырын байқатады. Бұл орайда, Мұхтар Әуезовтің ғылыми тұжырымы
қазақтың ақындық поэзиясындағы тарихи шығармалардың жанрлық, поэтикалық
болмысын түсінуге бағдарлайды: ... тарихи өлең ел әдебиетінің жаңа бір
ағымы, жаңа түрі сияқты. Тарих өлеңдері ең алдымен ел тіршілігінде анық
болып өткен тарихи оқиғадан тұрады. Пәлен жыл мен пәлен жылдың арасында
болған тарихи дәуірдің жыры. Сол дәуірде арнаулы оқиғаның қақ ортасында
болған атақты адамдардың басынан кешкен өмір, қолымен істелген істің жыры
болады. Тарихи өлеңдердің ішіндегі адамдар жалпақ елге белгілі, жалпақ елге
қадірлі сүйікті адамдар. Сол адамдардың ісі, беттеген мақсаты, көптің
өміріне қозғау салған әсері көптің ауызында неше алуан әңгіме болып қалады.
Бұл әңгімелердің көбі сол оқиғалардың ішінде болған, көзі көргеннің
әңгімесі. Сондықтан, сөзі мен суреттерінің шындығы көбінесе даусыз.
Сондайлық тарихи оқиғалар өз тұсында көпке жайылған жанды әңгіме болып
жүрсе, кейде ақындардың қолына жетіп, өлең өлшеуіне түседі. Тарихта болған
оқиға өлеңге айналған соң өзі ескінің тарихы болып жоғалмайтын болады
[1,140-141]. М. Әуезов осы айтылған пікірінің аясында қазақ тарихи
жырларының негізгі тақырыбы, нысаны болған Қазақ хандығы (ХV –ХVІІІ ғғ.)
және Ресейге бағынған екі кезең дәуірлерді атайды. Тарихи жырларға нысан
болған алғашқы кезеңді Тарихта бұл екі дәуірдің жапсары Әбілқайыр, Тәуке,
Қайып, Абылай хандардың заманына келеді. Бұл дәуірдің басы 1723 жылғы
Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама [1,142] – дейді. Тарихи тақырыпты
жырлаған шығармаларды М. Әуезов негіздеген ғылыми-методологиялық бұл
бағдармен қарағанымызда қазақтың ақындық поэзиясындағы осы кезеңдер
шындығын жырлау үздіксіз жалғасып келеді. Абылай ханға және қазақ хандығы
батырларына арналған шығармалар сол кезеңде де, кейінгі әдеби дамуда да
жырланды. Абылай туралы жыр, Абылай хан... Ақ атам, Қалдан Серен
Абылайды тұтқынға алғаны, Абылай хан әңгімесі, Абылай хан, Сабалақ
Абылай хан (Олжабай Нұралыұлы жырлаған нұсқа) дастандары фольклорланған
туындылар. Ал, Шәді Жәңгірұлының Тарихат, Мағжан Жұмабаевтың Батыр
Баян, Мәжит Айтбаевтың Хан Абылай, Доспер Саурықұлының Есенгелді сынды
шығармалары да тарихи жыр-дастандар дәстүрінің ең көрнектілері.
Қазақ тарихының Ресей бодандығы құрсауындағы кезеңін эпикалық
шығармаларда бейнелеген ақындардың дастандары да ұлттық әдебиетіміздегі
көркемдік үрдістер жалғасын танытады. Нысанбай жыраудың Кенесары
Наурызбай, Жүсіпбек Шайхисамұлының Қисса Наурызбай төре, Доскей
Әлімбаевтың Кенесары және т.б. шығармалары бар. ХVІІІ-ХІХ ғғ. және ХХ ғ.
Қазақ әдебиетінде Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Ағыбай, Жанқожа, Бекет,
Райымбек, Махамбет, Амангелді және т.б. көптеген батыр-қаһармандарға
байланысты қазақ тарихының елеулі оқиғалары эпикалық жыр арқауына алынды.
1938 жылы қазақ фольклоры және бүкіл қазақ әдебиетінің тарихына
арналған ғылыми-әдістемесінің тұңғыш бағдарламасы жасалған еді. Осы
бағдарламаға енген әдеби мұраның барша рухани қазынамыздың асыл үлгілері
Қазақ ССР Ғылым Академиясының академиялық басылымдарында тасқа басылған
болатын. Бұл басылымдардың авторлары редакциялық алқасында Б. Шалабаев
еңбектерінің орны бөлек. Бұл бағдарлама соңыра фольклор мен қазақ әдебиеті
тарихын ғылыми тұрғыдан зерттеуге мұрындық болғаны аян.
Төл әдебиеттануымыздың еңбек торысы атанған көрнекті әдебиетші ғалым,
сыншы Белгібай Шалабаевтың әдиби-теориялық, ғылыми-зерттеу, ой-толғау
еңбектерінің кемелді бір желісі, сүбелі арнасы ХІХ ғасырдағы тарихи
жырлар эпикалық жәдігерлер тақырыбына діттелген. Атап айтқанда, Жанқожа
батыр жайындағы жырлар, Бекет батыр, Досан батыр жайындағы жырлар.
Біздің тілге тиек етеріміз ғалымның Жанқожа батыр жыры жайындағы ғылыми-
зерттеуі болмақ.
Сыр елі де қашан, қай кезеңде, қай ғасырда болсын ірі-ірі тұлғалардан
кенде қалмаған. Соның ішінде ХІХ ғасырдың алғашқы жартысын алсақ, көш
бастар кемел кемеңгерлігімен, алқалы топта алдына жан салмақ ділмәр
шешендігімен, екіталай күн туғанда елге қорған болар хас батырлығымен даңқы
шыққан дүлдүл саңлақтары ерен есімдерін тарихқа алтын әріптермен жазып
қалдырғаны да ақиқат. Солардың бірі – Жонқожа Нұрмұхаммедұлы. Ұлт азаттық
көтерілісінің басшысы Жанқожа Нұрмұхаммедұлы табиғатынан батыр, оның ғұмыры
тарихтың аласапыран отарлау кезеңіне дөп келді. Адал да, әділ, әрі батыр
болғасын есесі кеткен жетім-жесір оған жүгінетін, ел шебіне жау келсе
Жанқожаны іздейтін болған.
Жанқожа батыр Кіші жүздің Әлімінен. Батырдың әкесі кедей адам болған,
қарапайым тіршілік еткен. Жанқожаның өзі жеке басының ерлгімен көзге
түседі. Талай жаугершіліктен олжа алмаған. Барынша тақуа (таза) адам
болған. Жауын қапыда алуды қолдамаған, адал ұрыс – жекпе-жек дәстүрін
жақтаған. Қаруы айбалта мен шолақнайза болған. Батырдың бейнесі – төртпақ,
орта бойлы, ет бетті, атжақты, қалың қабақ, қара-сұр, ұзын сақал кісі екен.
Жауырыны қақпақтай, арқасында желкесінен құйымшағына дейін жалы болған
деседі. Үстіне түйе жүн шекпен киген. Басына қара далбай, аяғына етік киіп,
беліне кісе буған. Мінгені Көксерке. Жанқожа күрделі заманда күрделі ғұмыр
кешкен аса қиын тұлға. Ол – алты Әлім әулие тұтқан киелі адам...
Жанқожаның қарулас батыр серіктері аз болған жоқ. Жанқожа Кенесары ханға да
көмекке келді. Есет, Ақтан, Құлбарақ, Әйімбет, Сырлыбай, Толыбай, Байзақ,
Құдайберген, Бұқарбай және т.б. батырлар майдандас болды, ортақ жауға қарсы
бірге шақасты, бірін-бірі қолдап отырды.
Қазақтың үш жүзінің басын қоссам деген ақиық арман, аңсаған мұрат
жетегіндегі ел тарихындағы ең соңғы ханы туралы дәуіріміздің дарабозы ұлы
Мағжан ақын, Алашта талай-талай ерлер өткен, Ерлерде Кенекеме кім бар
жеткен? деп жырлағанындай, Қазақ халқының Митридаты атанып, Қап тауының
Шәмілімен иық тіресе шыққан заңғар күрескер Кенесары қозғалысының тарихи
тұрғыдан келгенде өзінің әділ бағасын алуы таяуда ғана жүзеге асты. Оның
туған халқының азаттығы жолында он жылға ат үстінен түспеген теңдесі жоқ
жойқын жорықтарына үңілуге басымыз бодандық бұғауынан босағаннан кейін ғана
мүмкін болып отырғандығы тағы да ақиқат. Аумалы-төкпелі заман қойнауындағы
қым-қиғаш тарихи оқиғалар сорабын бағамдағанда, маңдайының соры қалың
қазақтың тағдырындағы ойлы-қырлы белес – Кенесары Қасымұлының ұлт азаттық
қозғалысқа қолбасшылық жасаған тұстары арқылы бағаланып келгені мәлім. ХІХ
ғасырдың ең отты жылдары Абылай ұрпағына тұспа-тұс келді. Қазақ халқының
тарихында ең соңғы Тәуелсіз хандық туын тік ұстаған әйгілі Абылай хан
екендігі жылнамашы-шежірешілер жадында жаттаулы. Дүниенің төрт тарабымен де
тіл табысып, ымырашылдығымен қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған жұмақ
дәурен құрғысы келген және де сол ойын көбіне іс жүзіне асыра білген Абылай
саясаткерлігі, дипломатияшылдық ақылгөйлігі адам айтса нанғысыз еді. Бір
жағын алпауыт Ресей патшалығы омырып, екінші бүйірін айдаһар Қытай кеміріп
жатса да, жалпақ қазақ елін қанжығаға байлатпай, бірде егеулі найза ұшымен,
бірде уәлі тілдің уытымен қорғап, жер қайысқан жау қолдарынан құтылып кетіп
отырған Абылай хан парасатын берік ұстанғысы келген қаһарлы немере Кенесары
батырдың да атамекен үшін арыстандай айбат шегуі шексіз болды. Әу бастан-ақ
сахара даласына аларта көз сұғын қадаған, жегі құрттай дендеп кіріп, іштен
шалар ұзын құрық айлакерлігі бар орыс империясының пасық пиғылына тосқауыл
қоймай жақсылық жоқ екендігін жан-дүниесімен сезінген ержүрек сұлтан
жанталасып-ақ бақты. 1841 жылдың қыркүйек айында қазақ руларының өкілдері
ата-баба салтымен Кенесарыны ақ киізге көтеріп хан сайлаған соң, бүкіл ел
дүмпуін орыс отаршыларына қарсы күреске арнаған айбарлы атаның ұрпағы ел
азаттығын ең басты байрағы етті. Қым-қиғаш жорықты бастап кеп жіберген
салқар дала сардары дулығалы басын тасқа да соғып, тауға да соғып, қылышын
қынабына салмай өтті өмірден. Патшалық Ресей тегеуріні пәрменді екенін
түйсінген асыл текті алдияр батыр қара қорым халқын айдаса, жылқы –
жаудікі; қатты соқса, желдікі боп тұрған аумалы-төкпелі қилы кезеңде
алпауыт ауызынан аман алып қалам ба деген қаһармандық тілекпен 1837 жылдың
жазғытұрымында ұлт азаттық көтеріліске жетекшілік етті. Қызыл судай
жайылған қазақ елінің еркіндік аңсаған қозғалысы сең бұзылғандай серпінді
еді. Сел қаптағандай сесті еді. Сондықтан азаттық іздеген ашулы хан бес
қаруын жастанып жүріп әділеттілік ұрысын жалғастыра берді. Қолбасы соғыс
өнеріне қатты көңіл бөлген, сайдың тасындай сақадай-сай сарбаздарын
іріктеген. Ер азығы мен бөрі азығы дүзде болған бұлдыр-бұлдыр күндерде
тілі басқа, діні басқа жат жұртқа бодандықтан бұлқынып, етігімен су кешіп,
ауыздықпен су ішіп, қайран қазақ өлкесін қызғыштай қорып, қайрат көрсетті.
Жанына жалаңтөс жаужүрек баһадүрлерді жинады. Құралайды көзге атқан
мергендер, аттың белін қайыстырған палуан-сарбаздар, алдынан қарасаң
шалқақ, артынан қарасаң еңкек болып көрінетін сүйріктей сұңғылы бойлы Науан
Басығара, Бұғыбай сынды жер шолушылар, Деп тұрмын түбін бұзсам мен нудың,
Лебімен Абылайлап алтын тудың – деп атойлайтын Науырызбай секілді бітімі
бөлек нояндар атақонысты аузы түкті кәуірлерге (кәпірлерге) таптатпасқа
тайталасты. Аққу ұшып, қаз қонған айдын көлдің тұнығы шайқалмаса екен,
түгін тартса майы шығатын көкорай өлкенің шалғыны жапырылмаса екен деген
ниет жолындағы жанқиярлық айқас, амал не, қайғылы аяқталды. Сан қилы себеп-
салдар жеңіс туын жоғары ұстауға мұрша бермеді. Яғни замандасы Жамбылдың
сөзімен айтқанда: Кенесары, Наурызбай заманында жаннан асқан ер болды,
қазақты орысқа бермеймін деп, Сарыарқада соғыс салды. Олар таланған елді
қорғаймын деп, қасына мың сан батыр қол ертіп жүрді. Кенесары жағадан алған
жаудан жеңілетін ер ме еді? Ол етектен алған иттерден жеңілді ғой.
ХІХ ғасырдың басынан басталған бұл ұлт азаттық көтерілісінің тең толымды
тұлғасы болған Кенесары және ол басын біріктірген ержүрек батырлары туралы
аз жазылған жоқ. Тоталитарлық дәуірде олардың бәрі де бір-біріне кереғар,
қарама-қарсы болып келді.Тарихшылардың бір жағы патша билігіне қарсы шыққан
Кенесары және оның қасиетті туы астында басын біріктірген батырлар есімін
ардақтап аспандатса, екінші жағы олардың есімін ұрпақ есінен өшіруді
ойлайды. Жанқожа Нұрмұхаммедұлы – осындай екіұдайлықтың құрбаны болған
күрделі тұлға. Зымиян идеология мен сұрқия саясаттың жетегіне еріп, хас
батырын қаралап, есімін ел есінен өшірмекші болғандар қаншама...Сырдария
егінші-шаруаларының қарулы көтерілісіне басшылық еткен Жанқожа батырдың
отаршылдыққа қарсы ақ патшаны абыржытқан 1856-1858 жылдардағы көтеріліс
сипаты күні кешеге дейін реакцияшыл, буржуазиялық-ұлтшылдық санатында
кері насихатталып келді. Ал мұның өзі қаншама жыл бойы қалың жұртты шынайы
тарихтан алыстатты. Әрине, Қазан революциясы қоңырауынан кейін Жанқожаның
ұлт азаттық жолындағы қанқұйлы қимылы қаһармандық ретінде бағаланған
пайымдаулар да жоқ емес еді. Яғни, әдебиетші ғалымдар С. Мұқанов, Қ.
Жұмалиев т.б. өздерінің ХІХ ғасыр әдебиеті тарихына арнаған еңбектерінде
Жанқожа, Есет қолбасшылықтарын орынды атап көрсетіп, ел қорғаушылық
тұлғаларын танып, олар бастаған көтерілісті ұлт азаттығы үшін жүргізілген
деп бағалаған.
Өткен ғасырдың 70-80-жылдарына дейін Жанқожа, Есет батырлар бастаған
көтеріліс туралы тарихшы, әдебиетші қауым арасында қызылкеңірдек пікір
таластың қадасына айналған өзара дау-дамайдың болғаны белгілі. Жанқожа
бастаған Сырдария қазақтарының қозғалысын нақты зерттеген тарихшы Т.
Шойынбаев Жанқожаның күресін және оның өз басын халықтық сипатта болды деп
дәлелдейді [2,14]. Сонымен бірге тарихшы В. Шахматов өзінің еңбектерінде
Жанқожа, Есет бастаған көтерілістерді ұлт азаттық қозғалыс деп қарайды
[3,66]. Тарихшы Е. Бекмаханов Жанқожаның өзін де, ол бастаған қозғалысты да
бастан-аяқ діншіл-ескішіл бағыттағы қозғалыс деп бағалайды [4,16]. Ірі
тарихшының бұл жансақ, қым-қиғаш пікіріне илана қою қиын-ақ. Тіпті оның
әйгілі Казахстан в 20-40 годы ХІХ века атты еңбегінде мынадай жолдарға
кезігеміз: Жанқожа да, Есет те Кенесарының патша үкіметінің отаршылдық
саясатына қарсы бірігіп күресу туралы ұсыныстарын қабылдамады, өйткені
Кенесарыны олар өздерінің саяси бақталасы деп қарады.... Ермұхан
Бекмаханов секілді тарих алыбының мұндай атүсті, дәйексіз пікірлерді
айтуында әрине белгілі дәрежеде объективті себеп-салдардың да әсері жоқ
емес-ті.
Кенесары бастаған ұлт азаттық қозғалыс жеңіліс тапқанымен оның қазақ
халқының тарихында ірі прогресшіл рөлі болды. Бұл туралы ғалым Х. Маданов
былай деп жазады: Біріншіден, бұл қозғалыс бұқараның кереметтей саяси
мектебі ретінде көзге түсті. Қазақ халқының патшаның отарлау саясатына
кейінгі жылдардағы қарсылығы осы көтерілістің негізінде өсіп дамыды. Оның
сабақтары отарлау саясатының қаншалықты озбыр, қанішерлік, халықтың
тәуелсіздігін аяқасты етіп отырған саясат екенін түсінуге, оған қарсы
күресте өзінің еркі мен жігерін ұштауға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz