Жаныс ауылы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жаныс ауылы

Біздің облыс халқының 48 пайызы ауылда тұрады және солардың басым
көпшілігі қазақтар.Осыған
мысал: ең шалғай Ырғыз ауданындағы бірыңғай мал бағумен ғана күнелтіп
отырған 104 үйлі Жаныс ауылының 20-дан астам үйі дербес спутниктік
антеннамен күллі әлемнің теледидарын көтеріп отыр, телефон байланысы,
электр желісі, бірнеше автокөлігі мен жем-шөп даярлап аларлық техникасы бар
осы ауылда қорасынан кемі 6-7 бас ірі қара, 20-30 қой-ешкі өрмейтін үй жоқ.
Бұл – біздің облыстың ауыз су, газ, жол мәселесі әлі шешіле қоймаған шалғай
шетіндегі, айдау жолдан алыс, тұйықта жатқан ауылы. Әрі мұнда ірі
шаруашылық ұжымы да, ауылға себі тиердей өндірістік мекеме де жоқ. Сол ауыл
киім-кешектен, ішіп-жемнен тарығып отырмағаны өз алдына, өте күйлі өмір
кешіп жатыр. Сол ауылдағы шикі кірпіштен тұрғызылған үйдің бағасы 200-300
мың теңге. Бұл – ең шалғай, ең әлсіз саналатын ауылдың бірі. Ауылдың
қаншалықты өзгеріске түскеніне осы мысал да жеткілікті.

Ақтөбе облысындағы ауылдардың проблемалары

Облыс, республика тарапынан ауылдар үшін жасалып отырған көмек те аз емес.
Бірер ғана нақты мысал айтайын. Соңғы жылда шалғай аудандарда 12 жаңа емдеу
мекемелері салынып, ауылдың 27 медицина мекемелері күрделі жөндеуден өтті,
27 балабақша ашылды, 6 жаңа мектеп салынды. Алыс Байғанин ауданының Ноғайты
ауылына су апару үшін ғана 51 миллион теңге бөлінді. Шалғай Аққұм ауылына
электр желісін тарту үшін 41 миллион теңге жұмсалды. Бұл, жалпы,
проблемалар аясында қарастырғанда, болмашы ғана нәрсе. Мәселен, біздің
облыста осыдан екі жыл бұрын 30-ға жуық елді мекен электр жарығынсыз
отырған. Қазір 20-дан астамына электр желісін апардық. Алда ауыл
мектептерін, мәдениет ошақтарын, медицина мекемелерін күрделі жөндеу,
жаңадан салу міндеттері тұр. Соның бәрін бір күнде, бір жылда тындыру
мүмкін емес. Бірақ ауылдардың жағдайы едәуір жақсарды.
Әрине, бұл іске мемлекеттік қолдау да қомақты болды. Ойлап қарасаңыз, үш
жыл ішінде біздің облыс ауылдарына мемлекеттен бөлінген қаржы – 20 миллиард
600 миллион теңге. Оның 11,4 миллиард теңгесі агроөнеркәсіп кешеніне
бөлінсе, 9,2 миллиард теңге ауылдық аумақтардың мұқтажына жұмсалды.
Шалғай ауылдардағы мәселенің көп бөлігі – жол мәселесі. Жағдай жақсы,
жолды жөндеп берсеңіз болды дейді жұрттың көпшілігі. Облыстың ішкі
жолдарын жөндеу біз үшін ең негізгі мәселенің бірі болып отыр. Қазір Ойыл,
Жиренқопа сияқты шалғай жерлерге апаратын жолдар едәуір жөнделді. Жұрт бір
күн жүретін жолды 2-3 сағатта жүргеніне риза. Бірақ барлық жолдардың
мәселесі шешіле қойған жоқ, соны ретімен қолға алып жатырмыз. Келер жылы
жолдар едәуір жақсармақ. Бір-екі жылдан соң Еуропа–Азия күре жолы мен
Оңтүстік–Солтүстік күре жолы қазіргі ең қиын жағдайда қалып отырған Ырғызда
түйіседі. Осы жол Шалқар, Ырғыз өңірлеріне ерекше өзгеріс әкеледі. Ал
Бейнеу–Шалқар теміржолы Шалқардың шалғай ауылдарының үстін басып өтетін
болды, бұл халықтың жағдайын күрт жақсартады – жүріс-тұрысына, сауда-
саттығына, жұмыспен қамтылуына үлкен серпін береді. Қазір Ырғыз бағытындағы
жолдың едәуір бөлігі күрделі жөндеуден өткеннен бері, бұрын Ақтөбеге 10-12
сағат жүріп жететін сол өңірдің халқы 4-5 сағатта келетін болды. Алыс әрі
тек қана мал өсіріп отырған аудан үшін осының өзі қанша жеңілдік берді?! Ал
жол түгел жөнделіп бітсе ше? Аудан халқының жағдайы түзеліп сала берер еді.
Себебі жұрт осы жолмен малын, өзге өнімдерін базарға әкеледі, ал ең
бастысы, орта және ірі бизнес ауылға баруға құлықты болар еді. Ырғыз үшін
отын да үлкен проблема – ел сол өңірдің талын, қарағанын шауып бітірді, мал
көбейгелі тезек жағатын болды. Қазір көмірге қолы жете бастады – ақша бар.
Дегенмен көмір де шалғай жерде қымбаттап барады. Болашақта осы өңірге газ
желісін апарсақ дейміз. Мұны мысал үшін айтып отырмын. Шалғай ауылдардың
барлығының проблемалары ұқсас. Биыл Мәртөк ауданының ауылдарына газ апару
қолға алына бастады. Қалғандары кезек күтіп тұр. Ауылдың проблемасы көп.
Бірақ олардың таяу төрт-бес жылда негізінен, шешіліп бітеріне сенемін.
Себебі экономика қарқынды дамып келеді, жұрттың құлшынысы да болашаққа
деген сенімі де зор.
Біздегі ауыл шаруашылығы да тәуекелдің ісі. Бұрын 2 миллион гектарға
егін салған облыстың қазіргі егіні 750 мың гектар. 500 мың гектар болса да
жарар еді, себебі одан гөрі мал шаруашылығы біздің өңір үшін тиімдірек.
Шалқар, Ырғыз, Ойыл, Байғанин аудандарынан көршілес Атырау, Маңғыстау
облыстары ет-сүт тасиды. Тіпті жем-шөбі жоқ осы облыстарға біздің шаруалар
шөп апарып сатып жүр. Демек, мал шаруашылығына көбірек көңіл бөлу керек
болып отыр. Әзірге мүмкіндік аздау. Малды ауылдарға пайызсыз несиемен
көмектесеміз, техника әпереміз. Бірақ соның өзі тым аз. Аудандардағы
арнаулы мекемелер шағын несие береді, жұрттың өз тіршілігі бар, әйтеуір,
малды ауылдар қазір күйлі тұрады. Біз осы жақсы жағдайды заманға сай, жаңа
деңгейге көтерсек дейміз. Мәселен, Ырғыз қауын-қарбызын, көкөнісін, Әйтеке
би ауданы картобын нарыққа шығарса, қолды байлап отырған проблемалар
шешілсе, ауыл әсіресе, малды ауыл нағыз береке тұрағына айналар еді.
Қаладан дача, жатақхана сатып алып, бірақ тұрмысын түзей алмай отырған
жұрт, әсіресе, жастар ауылда тұрақтар еді.
Мемлекет, орта бизнес тарапынан, ірі кәсіпорындар, инвесторлар тарапынан
ауылға көрсетіліп жатқан көмек те қомақты. Бір ғана дерек: соңғы үш жылда
облыс ауыл шаруашылығын дамытуға 11,4 миллиард теңге қаржы бөлді. Ауылға
жастарды, әсіресе, дәрігерлерді, мұғалімдерді, қажетті мамандарды апару
үшін де шаралар белгілегенбіз. Аудандарда соларға арнап үйлер сала
бастадық. Ауыл қазіргі адам сұранысының деңгейіне көтерілуді бастады. Енді
бір бес жылда жастар ауылға тұрақтары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өтеген батыр Өтеғұлұлы
Өтеген батыр мен Кенесары ханның кесенелері – жаңа туристтік маршрут
Өтеген батыр Өтеғұлұлы туралы
Сыпатай Әлібекұлының өмірбаяны мен күрескерлік қызметі
Оңтүстік Қазақстанның киелі жерлері мен әулие адамдары
Төле Әлібекұлы (Төле би)
Жамбыл Жабайұлы - қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
Қазақстан тарихындағы қазақ билері мен батырларының ролі
Қазақстанның болат профилі
Орта жүзден тараған Қаракесек руының шежіресі
Пәндер