Жаңа өнімді құрастырудың негізгі кезеңдері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жаңа өнімді құрастырудың негізгі кезеңдері

Маркетингте жаңа туристік өнімді әзірлеудің бірнеше сатыдан тұратын белгілері бар.

Жаңа туристік өнімді әзірлеу идея іздеуден басталады. Ол кездейсоқ емес, керісінше жүйелі түрде жүргізіліп отыруы тиіс. Әйтпесе, фирма тапқан ондаған идеяның басым бөлігі оның қызмет ерекшелігіне сай келмеуі мүмкін. Фирма негізінен қандай өнімдер мен қай рынокқа ден қою керектігін анықтап алуы қажет. Жаңа дүние арқылы қандай мақсатқа қол жеткізбек: ол қолма-қол ақшаны көптеп тапқысы келе ме, әлде, рыноктың белгілі бір бөлігінде негізгі рөлге ие болуды қалай ма, болмаса, өзге мақсаттары бар ма? Осы жағын нақтылап алған жөн.

Жаңа туристік өнімді әзірлеудің негізгі сатылары

  • Идея іздеу
  • Идеяны іріктеу
  • Өнімнің мәнін ашу және оны тексеру
  • Маркетинг стратегиясын әзірлеу
  • Маркетингтік мүмкіндіктерді талдау
  • Туристік өнімді әзірлеу
  • Өнімді рынок жағдайында сынауқтан өткізу

Жаңа дүние жасауға қажетті тамаша идея көздері жетіп артылады. Бұндай идеяларды тұтынушылардың сұраныстары арқылы таба аламыз. Мәселен, тұтынушылардың қажеттіліктерін клиентура сауалнамасын жүргізу, келіп түскен арыз-шағымдарды топпен бірге талқылау арқылы бақылап отыруға болады. Идеяның тағы бір көзі - ғалымдар. Олар қолданыстағы туристік өнімнің жетілдірілген түрін немесе жаңадан түпұсқа өнім жасап шығуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, туристік фирма бәсекелестердің тауарларын үнемі бақылауда ұстап, олардың ішіндегі сатып алушылар үшін ең өтімдісін анықтап отырғаны дұрыс. Клиенттермен үнемі байланыста жүретін фирма қызметкерлері де жақсы идеялардың тағы бір көзі қызметін атқара алады.

Алайда, идея қанша көп болғанымен олар іріктеуді қажет етеді және іріктеу кезінде ең маңыздыларына ден қойған жөн. Әрбір идея ұсынылып отырған өнімнің клиенттер сұранысына сәйкестігі ғана емес, оның қажетті табыс деңгейін қамтамасыз ету мүмкіндігіне және туристік кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын жүргізуге тигізген көмегі арқылы өлшенеді. Мәселен, жаңа өнім туралы идеяларды «Қызмет түрінің фирма мен клиентке қажеттілігінің көрсеткіші» матрицасын қолдану арқылы іске асыруға болады. Матрица «Қызмет түрінің фирма мен клиенттерге қажеттілігінің көрсеткіші» . Матрицаның жоғарғы сол жақ бөлігінде орналасқан өнімдер тартымды деп саналады, ал оң жақтағы төменгі бөлігіндегі өнімдерді ысырып қою қажет.

Өнімнің өзіндік мәнін дайындау және оны тексеру дегеніміз туристік кәсіпорын жұмысындағы маңызды сәттің бірі болып табылады. Өнім идеясы мен оның астарының арасындағы айырмашылықты бөліп алудың маңызы зор.

Өнім идеясы - фирманың рынокқа ұсына алатын келешек өнімі туралы жалпы ұғым.

Өнімнің мәні -идеяның пысықталған нұсқасы, онда тұтынушылар үшін маңызды түсініктер жазылады.

Идеяның мәнін ашуда оның туристік фирма үшін тиімділігі мен ұсынылып отырған нұсқа туралы жалпы рынок клиенттерінің пікірін білу әдістері қолданылады. Клиенттер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесіне қарап келешек өнімнің даму перспективасы мен ықтимал сату көлемін болжап білуге болады.

Туристік өнім рыноктық төмен бағаға жоғары деңгейлі қызмет көрсетумен ғана емес, ұсыныстың дара сипаты мен аталған туристік өнімнің өзіндік, қайталанбас келбеті арқылы да бағаланады.

Мәселен, Француздың «APSARA» агенттігі музыкалық, тарихи, археологиялық сынды ерекше турларды ұйымдастырумен айналысады. Оның бағдарламаларының негізгісі - мұзжарғыш кемелермен Антарктидаға және Арктикаға апару.

Антарктидаға алғашқы круиз 1989 жылы ұйымдастырылды. 1996 жылы авантюристер ресейлік «Капитан Хлебников» мұзжарғышымен мұзтауларға аттанған болатын. 80-жылдардың басында Францияда жасалған кемедегі қауіпсіздік, гигиена мен жайлылық деңгейі әлемдегі ең қатал деген талаптарға сай келеді. Онда шомылатын бөлмелері бар каюталар орнатылған. Кеме бортында - сауна, жылытылатын бассейн, гимнастика залы, конференц-зал, спутниктік байланыс бар. Австрия аспаздары круиз бойына еуропаның тамаша тағамдарын әзірледі. Үй күтушілері мен даяшылары - орыстар болса, дәрігері еуропалық немесе американдық білікті мамандардан таңдалған. Мұзжарғыш кішігірім катерлермен және екі ұшақпен жабдықталған, бұл айрықша әсер алғысы келген саяхатшыларға арналған бірегей дүниелер еді.

Саяхатта бір ай бойы Антарктика жартыаралында тұру мүмкіндігі қаралған. Туристер итбалықтар мен морждардың, 1 пингвин мекендейтін Разочарование аралының мұзтауларындағы тіршілікті тамашалайды. Сонымен қатар туристер 1700 м биіктіктен түсіп тұрған орасан зор мұз таяқшаларынан тұратын Петр аралдарын, Кэмпбелл және Окленд аралдарын аралай алады. Осылайша, француз агенттігі тіпті соны, мүлдем өзгеше туристік өнім жасап шықты. Бәсекелестерінің мұнай қайталауы оңайға соқпайды.

Өнімнің ең үздік деген мәні таңдап алынғаннан кейін маркетингтік стратегия дайындауға кірісуге болады. Ол жаңа өнімді рынокқа шығаруға арналған нақты шаралар туралы түсінік беруі тиіс.

Ең алдымен маркетингтік стратегияда мақсатты рынокты жан-жақты талдау жасалынып, осы өнімді сатып алғысы келетін нақты клиенттер тобы анықталуы тиіс. Мақсатты рынокқа қатысты сараптама жүргізу жақын арадағы сатылатын өнім көлемі мен түсетін табыс мөлшерін болжап білу үшін ғана емес, аталған қызмет түрін дамыту келешегін үйрену үшін де аса қажет. Сонымен қатар стратегияда өнімнің бағасы, құрылымы, шығындар мен маркетингке кететін шығындар үлесі қамтылуы тиіс.

Жаңа туристік өнімді әзірлеудің келесі сатысы - маркетингтік мүмкіндіктерді сараптау болып табылады. Оларды негізгі үш бағыт бойынша талдаған дұрыс:

  • Жаңа өнім арқылы ашылатын рыноктық мүмкіндіктерді талдау;
  • Туристік кәсіпорынның мүмкіндіктерін талдау;
  • Қолда бар перспективаларды кәсіпорын мақсаттарымен салыстыру.

Егер маркетингтік мүмкіндіктердің осы құрамдас бөліктерін талдау сәтті шықса, өнімді дайындауға кірісе беруге болады.

Туристік өнімді әзірлеу - жаңа ұсыныс әзірлеудегі ең жауапты кезең. Бұл сатыда өнім өзегі барынша бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Негізгі мәселе - қызмет түрінің өнім мәнінде көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келуіне қол жеткізу болып табылады. Сонда ғана жаңа өнімді клиенттер жақсы қабылдайды.

Жаңа туристік өнімді әзірлеу барысында ұсынысты дұрыс жинақтай білу қажет.

Қажеттіліктері бір-біріне ұқсас келетін мақсатты топтар үшін олардың барған жерде қоятын талаптарын барынша толық қанағаттандыруға мүмкіндік беретін туристік тауар мен қызмет түрлері таңдап алынады. Осындай қызметтер «пакетін» дұрыс жинақтау туристің таңдауын жеңілдетіп, саяхат алдында қайда демалуға бара жатқанын анықтап береді.

Кешенді туристік ұсыныстар құрамы мынадай болуы мүмкін, мәселен:

  • Қысқы демалысты ұйымдастырған жағдайда - курортқа дейін баратын көлік (ұшақ пен автобус), отельде тұру, тамақтану, экскурсиялық қызмет, лифт абонементі, шаңғы тебуге үйрету қызметі. Сонымен қатар, турлар құны да әртүрлі болады. Мәселен, Австрия турының бағасы клиент таңдап алған курорттың елдіңм қай бөлігінде орналасқанына байланысты анықталады. Бағаның өсу принципі мынадай: курорт Батысқа қанша қашық болса, сонша қымбатқа түседі;
  • Демалыс емделу мақсатында ұйымдастырылатын болса - негізгі туристік қызмет түрлеріне қоса, диагнозын анықтап, ем-дом жасау үшін науқасты бастапқы тексеруден өткізу, дәрігердің көрсетпелеріне сәйкес күнделікті медициналық қызмет көрсету, дәрі-дәрмек жеткізіп беру, жалпы сауықтыру жаттығуларын өткізетін ғимараттарға кіру, дәрігердің қорытынды тексеруі және т. б. ;
  • Теңіз курорттарындағы демалыс - бірнеше экскурсиға қатысу, фольклорлық және өзге де шараларға қатысу, жол көрсеткіш, кәдесыйлар (сувенир), курорт карточкаларын беру ждәне т. б. ;
  • Спорттық мақсаттағы туристік турлар - спорттық ғимарттар қызметін пайдалану абонементі және клиент таңдап алған қызмет түрлерін көрсету.

Кешенді қызмет көрсету туристердің бос уақытын тиімді пайдалануына және жоспар құруына, рыноктағы баға деңгейіне қарай бағыт алуына мүмкіндік береді. Бұл туристік өнімді пайдаланушылар санын сөзсіз арттырады.

Өнімді рыноктық жағдайларда сынақтан өткізу дегеніміз оның эксперимент түрінде енгізілуін білдіреді. Ол жарнамалық тегін (немесе жеңілдікпен) круиздермен және автобус саяхатымен бірге жүргізілуі мүмкін. Туристік өнімнің сапасын іс жүзінде тексеріп көру, оның бағасының қолжетімділігін тексеру тұрғысынан алып қарағанда сынақ кезеңінің маңызы зор.

Рыноктық сынақ жақсы нәтиже берген жағдайда туристік кәсіпорын туристік өнімді коммерциялық негізде рынокқа шығару туралы шешім қабылдайды.

Жаңа туристік өнімді рынокқа шығару

Жаңа өнімді жасап қана қоймай, оның рынок пен әлеуетті сатып алушылар тарапынан қабылдануын қамтамасыз ету қажет. Осы жерде мынадай бір маңызды сұрақ туындайды: өнімді қашан іске қосу қажет? Егер бәсекелестердің артықшылығы көп болса өнімді рынокқа шығаруға тым кеш, ал рынок әлі дамып-жетілмеген болса өнімнің нақты мүмкіндіктерін анықтауға тым ерте болмай ма? Сондықтан, өнімді қолданысқа шығаруға қолайлы сәтті таңдай білетін кәсіпорындар рынокта жетекші рөл атқарады.

Жаңа туристік өнімді рынокқа шығара отырып, жарнама-насихат кампаниясын дұрыс ұйымдастырып, өткізе білу қажет. Бұл жаңав өнімнің мақсатты тұтынушылар тобы назарын жаулап алуына мүмкіндік береді. Кампания барысында клиенттің неліктен бәсекелестер қызметін емес, дәл осы өнімді таңдауы қажеттігі дәйекті түрде негізделуі тиіс.

Жаңа туристік өнімді рынокқа «шығаруды» жеңілдету үшін алдымен, дара агенттерге арналған жарнамалық хабарландырулар беру тәсілі мен кәсіби баспасөзді пайдаланған дұрыс. Екіншіден, жарнаманы қалың бұқараға арнау қажет, бұны жалпыға ортақ басылымдар, радио мен телеарналар арқылы жүзеге асыруға болады. Кейде туризм бюролары, транспорттық компаниялар, демалыс базалары немесе отельдер бірлескен жарнама кампанияларын өткізіп отырады. Бұл кампанияларды әсіресе, демалыстың жаңа түрі немесе саяхат түрі ұсынылған кезде өткізген аса тиімді. Транспорт құралдарының қожайындары жиі-жиі түрлі жарнама кампанияларына қатысып отырады, яғни, жарнамаға өз қаржысын салады.

Көтерме агенттер үшін тұсау кесер рәсімдері өткізіледі, онда түрлі қойылымдар көрсетіледі. Оны семинар түрінде де өткізуге болады. Бұндай кездесулерге шақырылған агенттер үшін байқаулар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға көптеген сыйлықтар беріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпарат жинау
Конструкторлармен кұрастыру
Балабақшадағы құрастыру жұмыстары мен өткізу жолдары
Өндірісті ғылыми - техникалық дайындау
Баға құрылымын жетілдіру түрлері
Маркетинг-нарықты зерттеудің комплекстік жүйесі
Маркетингтік зерттеулер туралы мәлімет
Бюджет процессі
Мектепке дейінгі балалардың құрастыру шығармашылығының білім дағдыларын дамыту
Микроэлектрониканың даму кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz