Жаһандану жағдайында бизнесті ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жаһандану жағдайында бизнесті ұйымдастыру

Жаңа ғасыр, жаһандану ғасыры күллі жұртың алдына да үлкен үміттер, аса
маңызды міндеттер қойып отыр. Бұл жаңа мыңжылдық елдер мен елдер,
мемлекеттер мен мемлекеттер арасында бұған дейін қалыптасқан қарым-қатынас
арқауын заман талабына сай жаңаша ширатуға шақырады. Әлемдік өркениеттердің
сан алуан тоғысында ғұмыр кешіп жатқан елдердің бүгіні мен ертеңі де осы
жаһандану үрдісінде жаңаша қимыл мен жасампаз тірлік жасауға тікелей
байланысты.
Жаһандық операциялық мақсат: Қазақстанның халықаралық бәсекеге
қабілеттілігін және ел азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы
институционалдық және экономикалық шарттар жасау болып табылады. Бұл
таңдағы он жыл ішінде Қазақсатнның әлемдегі барынша бәсекеге қабілеті елу
елдің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық міндеттерді шешуге мүмкіндік
береді.
Оның мақсаты: елдің экономикалық дамуындағы сапалы серпіліс негіздері
ретінде өңірлік және әлемдік экономикада ұлттық бәсекеге қабілетті
мамандықтар қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Міндеттері: ЖІӨ құрылымында өңдеуші өнеркәсіптің үлесін 2006 жылы 11,6%-
дан 2015 жылы 17,3% қамтамасыз ету.
• өңдеуші өнеркәсіптегі орташа жылдық қсу қарқынын 8-8,4 %
мөлшерінде қамтамасыз ету;
• 2015 жылға қарай ЖІӨ құрылымындағы шағын және орта кәсіпкерлік
үлесін 50% -ке дейін қамтамасыз ету және 30 % салықтық түсімдерді
қамтамасыз ету;
• Шағын және орта кәсіпкерліктің өнеркәсіптік өндіріске қатысу
үлесін 20%-ға дейін жеткізу;
• өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының қор қайтарымдылығын
арттыру;
• қоайлы кәсіпкерлік ахуал, жеке секторды ынталандыратын әрі
бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін неғұрлым үлкен қосылған
құнға қол жеткізе отырып, нақты өндірістегі қосылған құндар
тізбегіндегі элементтерді игеретін қоғамдық институттардың
құрылымы мен мазмұнын жасау.
Ұлттық экономиканың жаһандану жағдайындағы дамуы инновациялық
экономиканы қалыптастыру. Экономиканы инновациялық жолға көшіру
Қазақстанның ХХІ ғасырдағы дамуының баламасыз нұсқасы болып табылады. Елдің
ұлттық мүдделері осыны талап етеді, әлемдік дамудың негізгі үдерістері
осыны қуаттайды. Соңғы кездері мемлекет инновациялық қызметті дамыту үшін
кең ауқымды шаралар қабылдауда. Алайда, мойындау керек, инновация біздің
экономикамыз үшін нөмірі бірінші басымдыққа айналды десек те, оның іске
асырылуы уақыт талап еткен деңгейге көтеріле қойған жоқ. Ал шын мәнінде
елдің технологиялық инновацияларға қабілеті осы заманғы қоғамның базалық
сипаты болып табылады. Мұндай қабілеттілік ақыр соңында жаңа өнім дүниеге
келетін зерттеулер мен талдамаларға ғана келіп қоймауы керек. Ол осы
заманғы өндіріспен, маркетингпен, сатып өткізумен, сондай-ақ тұтынумен
байланысты нәрселердің бәрін қамтуы тиіс.
Мыналар рынокты акциялармен толықтыру жөніндегі негізгі бағыттар бола
алады:
1) жекешелендірілген кәсіпорындардың мемлекеттік меншікте қалып отырған
акциялар пакетін сату;
2) ұлттық және мемлекеттік компанияларды акционерлендіру және олардың
акцияларын биржалық айналысқа шығару.
Мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету үшін осы компаниялардың жарғылық
қоры мөлшерін алдымен олардың активтерінің құнын және рыноктағы жағдайын
тура көрсететіндей көлемге дейін ұлғайту қажет, ал бұл қайта бағалауға
танымал шетелдік аудиторлық компанияларды тарту керек;
3) еліміздегі орта және шағын компаниялардың қор рыногына шығуын
ынталандыратын жағдайлар жасау.
Қазақстандық эмитенттердің акцияларына төлем қабілетті сұранысты
қамтамасыз ету жөніндегі негізгі бағыттар мыналар болуы керек:
а) институттық инвесторлар топтарын, ең бірінше кезекте – өзара қорлар
қалыптастыру үшін жағдайлар жасау;
ә) Қазақстан рыногына шетелдік портфельді инвесторлар тарту;
б) қор рыногына жеке инвесторлардың қаржысын тарту.
Мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту. Жаһандану үдерісімен және ішкі-сыртқы
рыноктарда бәсекелестіктің күрт күшеюі себепті экономикалық даму
қағидаттарының өзгеруі жағдайында экономикалық үдерістерге мемлекеттік
ықпал ету әдістерін қайта қараған орынды болмақ. Мемлекеттік кәсіпкерлік
элементтерін, тұжырымдамасын енгізу қажет. Бұл ретте мемлекет экономиканы
реттеуші рөлімен шектеліп қалмайды, оның ең басты салаларында белсенді
қатысушыға айналады. Қазақстандағы қазіргі жағдай осындай тұжырымдаманың
болуы маңызын күшейтеді. Өйткені әлемдік шикізат рыноктарындағы қолайлы
конъюнктурадан алынатын мемлекеттік активтердің ұлттық экономиканы дамытуға
анағұрлым белсенді қатысуы үшін алғышарттар бар. Қазіргі кезеңде
мемлекеттік кәсіпкерліктің негізгі бағыттары мыналар бола алады:
* мемлекеттің мемлекеттік даму институттары арқылы жүргізетін
инвестициялық қызметі;
* отандық бизнестің мүдделерін ілгері бастыру, озық технологияларға қол
жеткізу және ұлттық экономиканы теңдестіру мақсатымен қазақстандық
капиталдың шетелдерге экспансиясын жүзеге асыру;
Қазіргі уақыттағы басты міндет республикада шетелдік компаниялардың
үстем болуына жол бермеу, ал олар елдің шикізаттық бағдарына және қосылған
құн өндірісінің төмен деңгейде сақталуына мүдделі екендігі белгілі. Мұндай
жағдай Қазақстан мен жаһандық экономиканың тең емес тауар айналымына
алғышарт жасайды, ол ақыр соңында тұрақты дамуға шығуға мүмкіндік бермейді.
Өйткені шикізат экспорты неғұрлым көбірек рөл атқарған сайын, республика
экономикасы әлемдік тауар рыноктарының конъюнктурасына солғұрлым тәуелді
болады
Қазақстандық капиталдың экспансиясы. Ұлттық экономиканың жаһандану
жағдайында тиімді дамуы неғұрлым ойдағыдай дамып келе жатқан елдер мен
дамыған елдер басшылыққа алған қағидаттарды, соның ішінде отандық
капиталдың шетелге экспансиясын жүзеге асыруды да пайдалану негізінде
мүмкін болмақ. Қазақстанның қазіргі заманғы жағдайларда осы қағидаттарға
сүйеніп, постиндустриялық тұрпаттағы экономика, әлемнің түрлі елдеріндегі
анағұрлым табысты компанияларға қаржылай қатысуға негізделген экономика
құруды бастауға мүмкіндіктері бар.
Әлемдік шаруашылықтың өскелең көлемі, халық санының 6,6 млрд. адамнан
2030 жылға қарай 8 млрд. адамға дейін өсетіндегі, қоршаған ортаға, табиғат
ресурстарына түсетін орасан зор салмақтың одан әрі артуы, тұрлаулы дамуды
қамтамасыз ету және ұстап тұру, жаңа технологияларды жедел енгізу
қажеттігі, табиғи және климаттық сілкіністер үстемелене түскен
проблемаларды шешуді қиындатуда, қоғамның осы заманғы дүние сынақтарына дер
кезінде үн қатуына кедергі келтіріп, барлық дерлік елдердің жаһандану
дәуіріндегі экономикаларының өзара байланысы мен өзара тәуелділігін
шиеленістіре түсуде.
Сарапшылардың болжамы бойынша 2005 жылдан 2030 жылға дейін әлемдік
экономика көлемі 35 трлн. АҚШ долларынан 72 трлн. долларға дейін өседі. Ал
енді өршіл нұсқа бойынша 2020 жылға дейін-ақ ол 100 трлн. долларға жетеді.
АҚШ-тағы жоғары қарқын, Қытайдың серпінді өсуі әлемдік ІЖӨ-нің соңғы 30 жыл
бойы байқалмаған жеделдікпен артуына жол ашты. Бұл елдер осынау аса маңызды
көрсеткіштің 40% өсімін қамтамасызз етті. 2020 жылға дейінгі кезеңге жалпы
әлемдік өсімнің жартысынан астамын американ, қытай және үнді экономикалары
қамтамасыз етеді.
XXI ғасырда әлемдік экономикада АҚШ-пен қатар жаһандануға, өңірленуге,
сауданы ырықтандыруға белсене қосылған Азия елдері әлеует кіндіктеріне
айналады деп божануда. Олардың маңызы артуына аса ірі шетелдік
компаниялардың өндірістік қуаттарын осы құрлыққа ауыстыруы, инвестициялау
көлемінің ұлғаюы, ұлттық экономикаларда жеткілікті дамымаған салалар мен
өндірістерде бірлескен кәсіпорындардың құрылуы көрсетіп отыр.
Қол жеткізілген даму қарқынына негізделген болжамдар бойынша 2050 жылға
қарай 6 әлемдік жетекші экономикалар клубына АҚШ және Жапониямен қатар
Қытай, Үндістан, Ресей және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаһандану жағдайындағы шағын және орта бизнес ұғымы және оның қоғамдағы рөлі
Қазақстан мен шетелдердегі шағын және орта бизнестің дамуындағы қоғаммен байланыстың рөлі
Тауарлық франчайзинг
ҚР кәсіпкерлік қызметін дамытуғадағы мемлекеттік қолдау
Жаһандық ауқымдағы менеджмент
Франчайзингтік қатынастарды қолданудың шетелдік тәжірибесі
Шағын және орта бизнестің дамуы үшін салық әкімшілігін жүргізуді жеңілдету қажет
Кәсіпорынды дамытуды стратегиялық жоспарлау
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігі
Жаһандық ақпараттық жүйе және халықаралық қатынастар
Пәндер