Windows ОЖ


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:
Microsoft Windows - IBM тәрізді компьютерлерде графикалық интерфейсті қолдануды кеңінен жүзеге асырған, қазіргі заман талабына сай жасалған операциялық орта. Оның дамытылған нұсқалары түрінде Windows NT, Windows 2000 сияқты операциялық жүйелер кеңінен қолданылуда.
Мазмұны:
- Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері
- Windows 98
- Windows 2000
- Windows XP
- Windows Vista
- Windows Update
- Қолданбалы бағдарлама (Windows ортасындағы)
Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері
Windows 7 жұмыс үстелі Windows 7-дегі Windows Flip 3D
1981 жылы MS(PC) -DOS операциялық жүйесі IBM дербес компьютерлермен бір мезгілде пайда болып, әрбір компьютерге орналастырылған болатын. MS-DOS операциялық жүйесі тек бір адамның жұмыс істеуіне арналған болатын және бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешетін, оның үстіне MS-DOS операциялық жүйесі компьютердің тек 640 кб жедел жадын ғана (RAM) пайдалана алатын еді.
Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни пайдаланатын негізгі интерфэйс рөлін MS-DOS жүйесінде командалық жол атқарды. Бұл жол арқылы MS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұхбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ-ді басқаруға арналған қажет жүзден астам командалар пернелерден енгізіліп барып орындалады. Командаларды жазу тәртібі өте күрделі деуге болады, кейде бір команданы орындау үшін ондағансимволдарды теруге тура келеді. Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де, көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды. Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті, яғни қажет информацияны жылдам әрі жеңіл тауып, оның мазмұнын қарауға және жұмыс істеуге өз септігін тигізді.
Негізгі функциялары
Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows ортасының негізгі ядросы, жедел жадты басқаратын ішкі жүйесі, файлдық жүйесі, енгізу-шығару құрылғыларымен жұмыс істейтін драйверлері, т. б. жүйелері бар.
Ол жұмыс кезінде мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
- компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;
- файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
- қолданбалы программаларды іске қосу.
Бұған қоса WINDOWS жүйесі:
- бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;
- әр түрлі программалар арасында мәліметтер алмасуын;
- масштабталатын шрифтерді сүймелдеуді;
- мультимедия мүмкіндіктерін пайдалануды;
- біріңғай анықтамалық жүйе жұмысын қамтамасыз ете алады.
Негізгі ұғымдары
Терезе экранның төртбұрышты қоршаулы аймағы. Онда әр түрлі программалар орындалады. Кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Терезе шекаралары- бұл терезенің периметр бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Қолданбалы программа терезесі-бұл терезеде негізгі қолданбалы программалар жұмысы атқарылады. Ол экранның бөлігін немесе оны толық алып тұра алады. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мұнда кез келген қолданбалы программаның өзіне тән жұмыс істеу терезесі болады, бірақ олардың негізгі элементтері бірдей болып жасалған. Егер терезені жбатын болсақ, дәл сол уақытқа дейін екпінді күйде болып жұмыс істеп тұрған программаың жұмысы да аяқталады.
Кез келген терезенің белгілі бір шектеулі мөлшері болады, сондықтан информация көп болса, ол терезеге симай қалады. Мұндай жағдайда терезенің оң жақ шетінде (төменгі шетінде) айналу сызықтары деп аталатын элемент пайда болады. Бұл элементтің пайда болуы осы мезетте терезе ішіне симай сыртта орналасқан информацияның бар екенін көрсетеді.
Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:
- толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен алып тұрады;
- қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экранның белгілі бір бөлігін алып тұрады;
- белгіше (пиктограмма) түрінде, яғни терезе кішірейтіліп белгішеге айналып кеткен.
Негізгі технологиялық принциптері
Енді Windows ортасының DOS технологиясында кездеспейтін кейбір технологиялық принциптерін атап өткен жөн болар.
Жұмыс істейтін әрбір адамға арналған стандартты интерфейс. MS - DOS операциялық жүйесінде жазылған программалардың өзіндік интерфейсі болған еді, олар: меню жүйесі (көлденең, сырғып түсетін, қалқып шығатын, иерархиялық), сұхбаттасу тәсілдері (мәліметтер енгізу, варианттарды таңдау) және т. б.
Мұндай тәсіл жаңа программаларға көшкен сайын әрбір адамға қайтадан оқып-үйрену қажеттілігін туғызатын. Бірақ көптеген ірі фирмалардың программалық өнімдернің бәрінде де тұрақты пайдаланылатын арасында алшақтық жетіп артылатын. Ал Windows жүйесінде көптеген іс-әрекеттер программалардың әр түрлілігіне қарамастан біртектес командалар арқылы орындалып, бірдей терезелер көмегімен өңделетін болып, ортақ технология іске асқанын практика жүзінде көрсете білді. Бұл принцип бойынша графикалық технологиядағы көптеген операцияларды орындау үшін тышқан сілтемесі экран элементіне апарып, оның сол немесе оң батырмасын шерту жеткілікті.
Бұл тәсілмен төмендегі әрекеттерді орындауға болады:
- программа немесе құжат терезесінің аумағын кішірейту, үлкейту және бұрынғы қалпына келтіру;
- көлденең орналасқан меню командаларын таңдау;
- экранға шығатын меню командаларын таңдау;
- аспаптар тақтасы командаларын таңдау;
- мәліметтері бар тізімнің бір жолын белгілеу;
- командалық батырманы басу, таңдау;
- ауыстырып қосқыштың мәнін өзгерту;
- мәтіндік информацияны енгізу кезінде курсордың орналасу өзгерту;
- мәтін енгізілетін өріс жолдарының бірін таңдап, оған мәлімет енгізу және көптеген басқа әрекеттер.
Программалар терезесінде құжатпен жұмыс істеу барысында бізге үнемі мәтін фрагменттерімен, үзінділермен (текстің белгілі бір бөлігімен, суретпен, кестелермен) әртүрлі операциялар орындауға тура келеді. Ол операциялар мынадай іс-әрекеттерден тұрады: -фрагментті көшіру, тасмалдау жою, олардың шрифтерін мөлшерін өзгерту, жиектеу, кейбір жерлеріне көлеңке түсіріп қараңғылау т. б. Мұндай операциялар екіге бөлініп орындалады. Ең алдымен біз фрагментті белгілеп алуымыз керек. Оның түріне немесе программа талабына сай фрагментті әр түрлі тәсілдермен белгілейді. Мысалы, мәтін бөлігін (символды, сөзді, жолды, абзацты, т. б. ) тышқанныңкөмегімен немесе арнайы перне және бағыттаушы тілсызық символдар арқылы белгілеп алуға болады. Графиктік түрдегі фрагменттің белгілеуде, әдетте қайшымен қиюды қолднанады.
Егер белгілеу барысында қандайда бір қате жіберілсе, онда фрагментті тыс жерде (ал кейде фрагменттің өзінде де) тышқанды жай шерту жеткілікті - мұның нәтижесінде белгілеу әрекеті алынып тасталынады, яғни орындалмайды.
Жұмыс істеуді жаңадан үйреніп жүргендер ешбір обьектіні белгілеместен команда орындауға тырысады. Мұндай істің нәтижесі қандай болмақ?
- кейде бұл команда орындаусыз қалады (мысалы буферге жоқ фрагментті алуға болмайды) ;
- кейде команда ескерілмей еленбей де қалады (мысалы шрифті өзгертуде) ;
- кейде команда үнсіз келісім бойынша орындалыпта кетеді.
Сондықтан осындай қателерден аулақ болу үшін фрагментті алдын ала белгілеп алуды ешқашанда естен шығармау керек? Мысалы егер де суреттің бір бөлігі қайшымен қиылып белгіленген болса, онда тышқан курсорын сол сурет бөлігіне жеткізіп, сол немесе оң жақ батырмасын баспы тұрып, жңа орынға бекітеді. Егер оны ауыстыру барысында пернесін басып тұратын болсақ онда жаңа орынға сол сурет фрагментінің көшірмесі орналасады. Осындай жолмен үнемі көшіру мен орнын ауыстыру амалдарын қатар қолдануға тура келеді. Мыс көп элементтерұқсас болып келеді күрделі схеманың суретін салу үшін оның бір элементін сызып алып (айталық тіктөртбұрыш) сонан соң режимінде оның санын көбейте отырып, көшірмесін алуға болады. Ақырында осы әдіспен тасмалдау режимінде экрандағы элементтердің шеттерін тегістеп түзетуге болады.
Үлкейтілмеген терезелер мен шартбелгілердің орнын ауыстыру Көп жағдайларда тышқанның сол жақ батырмасымен бірге CtrI пернесін бассақ, онда программалық элементтерді бір топтан екінші топқа көшіруге болады; графикалық редактордың жұмыс аумағындағы суреттің белгіленген фрагменттің жаңа орынға ауыстыру немесе оның көшірмесін алу.
Әдетте, мұндай фрагмент ролін көбіне басқа графиктік файлдан мәтіндік құжатқа қойылуға тиіс бейне суреттер атқарады;
- Word редакторында мәтіндік информацияның белгіленген фрагментті басқа жерге ауыстыру немесе оның көшірмесін алу;
- Суреттер мен кестелердің орнын ауыстыру және көшірмелерін алу;
- Мәтін беттеріндегі абзацтың жаңа жолын және оның оң жақ, сол жақ шекараларын көлденең сызғыштың жоғарғы және төменгі кішкене үшбұрыштың тасмалдау арқылы тағайындау;
- Дайын шартбелгілер жиынынан әрбір адам өзі қолданатын құрал-саймандар тақтасын құрастыру.
Қазіргі жүйелерде әдісін программалаушылар да жиі пайдаланыладыолар әртүрлі обьектілер жиынынан өздерінің программаларын балалар кубиктерінен суретбейнелер жинаған тәрізді құрастырады. Экранда мәтіндік құжатты баспаға дайындау кезінде символдар бейнесін басылып шыққан қағаз бетіндегі символдармен бірдей болады. Бірақ мұнда көңіл аударарлық сәттер де жоқ емес. Windowsжүйесі символдардың экранда бейнеленген олардың шеттерін нықтап анық етіп көрсетеді, ал қағазда таңбалар бейнесі дәл экрандағыдай болмай қалуы да мүмкін. Бұларды бірдей етіп көрсету үшін арнаулы операциялар қолданылады, олар туралы мәтін редакторларын оқу кезінде айтылады.
Windows 98
Windows 98 (кодтаулы аты Memphis ) - Microsoft корпорациясының 1998 жылдың 25 маусымында жарыққа шыққан компьютерлерге арналған графикалық операциялық жүйесі. Бұл жүйе Windows 95 жаңалатынған түрі болып саналады. MS-DOS 7. 1 негізінде жасалған гибридтелген 16/32-разрядты өнім.
Дамытылған AGP жүйесін қолдауы, толығымен жасалған USB драйверлері, WebTV мен бірнеше мониторлармен бірдей жұмыс жасай алатын жаңа өнім болып келді. Windows 95 OSR 2. 5-тегі дей Internet Explorer 4 интерфейсі сақталған.
Windows 98 арналған жүйелік қажеттіліктері: жүйені қондыруға керек ті процессор 486DX/66 MHz немесе одан да мықтырақ, 16 Мб ОЗУ және қатті дискті қосымш 195 Мб бос орын қажет етеді.
Windows 2000
Windows 2000 (тағы да оны Win2k , W2k немесе Windows NT 5. 0 , кодтаулы аты Cairo ) - Microsoft корпорациясының Windows NT отбасындағы 32-биттік процесстермен жұмыс жасайтын компьютерлерге арналған операциялық жүйесі.
Тарихы
Жүйе 1994 жылы жарияланды. Альфа-сынақ 1995 жылдың басынан бастап 1997 жылдың қыркүйек айы аралығында болды. Тұңғыш бета-нұсқасы жұртшылыққа 1997 жылдың 27 қыркүйегінде көрсетілді.
2004 жылдың 12 ақпанында пирингтік сайтында Windows 2000 ағымдағы сөздерінің бөлшектері сыртқа таралғаны мәлім болды.
Windows XP
Windows XP скриншоты
Retail: Үлгі:Start date and age
Windows XP (жасалу кезіндегі кодтаулы аты - Whistler ; ішкі нұсқасы - Windows NT 5. 1 ) - Microsoft NT отбасындағы 2001 жылдың 25 қазанында жарыққа шыққан, компьютерлерге арналған операциялық жүйесі. Бұл жүйеWindows 2000 Professional дамытылған түрі болып саналады. XP атауы ағылшынша e XP erience сөзінен шыққан (тәжірибе) .
Windows Vista
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz