Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның жағдайы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ЖАПОНИЯ

XX ғасырдың басында Жапония ауыл шаруашылығында саяси және әлеуметтік салалардағы феодалдық қарым-қатынастарда капитализммен үндестік тауып, дамыған мемлекетке айналды. Өскелең әскери-саяси әлеуетке сүйене отырып, Жапонияның билеуші топтары көршілес елдермен қарым-қатынаста империалистік саясатқа көшті. Ол дүниежүзілік соғысқа әкеліп тіреген, дүние жүзін қайта бөліске салу үшін күресте маңызды рөл атқарды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Жапония Антанта жағына шықты. Оның қарулы күштері Қытайдағы Шандунь жарты аралында орналасқан герман концессияларын, сондай-ақ Тынық мұхиттағы отарлар -Маршалл, Каролин және Мариан аралдарын жаулап алды. Қытайға "21 талапты" ұ сына отырып, оларды қабылдауға мәжбүрлей келе Жапон үкіметі осы елде өзінің басымдық ұстанымын сақтады. Қытайдың қаржы саласына, әскери ісіне, сыртқы саясатына ішкі-істеріне белсене араласып, оны бөлуге дайындалды. 1916 жылы Жапония мен Ресей АҚШ пен Англияға қарсы бағытталған құпия келісімді бекітті.

Елдің ішкі өмірінде сарайлық және әскери-феодалдық олиғархияның үстемдігі айқын білінді. Император саяси өмірде үлкен өкілеттіктерге ие болды. Жапон буржуазиясы билік құрылымынан әскери-феодалдық олиғархияны ығыстырып шығаруға ұмтылды. Оның мүдделерін білдірушілер Кэнсэйто (конституциялык) және Сэйюкай (саяси достық қоғамы) партиялары болды. Билік үшін олардың арасында табан тірескен күрес болғанымен, олар басқыншылық сыртқы саясатты жүргізуде бірлікте болды.

Соғыс жылдарында жұмысшы табының, қалалықтардың, шаруалардың жағдайы қатты нашарлады. Демонстрациялар мен ереуілдерге тыйым салған заңдар қатая түсті. Жұмыс күні 10 сағаттан аса уақытқа созылды. Елде азық-түліктің жетіспеушілігі сезілді, күнделікті қажетті тауарлардын бағасы есті. Барлық, жерде салық мөлшері жоғарылады- жердің жалға алған ақысын төлеу үшін шаруалар өз егінінін, 2/5 дейін берді. Дәстүр бойынша шаруа үлесі мұрагерлікпен үлкен ұлына берілді, ал кіші балалары феодалдарға немесе ауқатты шаруаларға батырақ болып жалданды, болмаса калаға кәсіпкерлікке кетуі тиіс болды. Көпшілік ауыл тұрғындары әскер қатарына шақырылып, әскери құрылыс салуға тартылды.

Соғыс барысында Жапон өнеркесібі мен саудасы таңғаларлық нәтижелерге қол жеткізді. Соғыс машиналарын, қару-жарақ, теңіз кемелерін шығарумен айналысатын кәсіпорындар жедел қарқынмен өркендеді.

Елдің жалпы халыққа арналған жалпы ұлттық (ЖҰӨ) өнім өндіру мөлшері 1918 жылы 65 млрд йенге дейін өсті. Мемлекеттің алтын қоры 2 млрд йенге жетті. Жапон қаржыгерлері Қытай, Корея және басқа елдердің экономикасына өз капиталдарын салды.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі елдің жағдайы. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жапония экономикалық жағынан күшейіп, дамыған капиталистік елге айналды. Оның өндірісі, әсіресе әскери техника, металл өндіру, машина жасау, химия салалары қарыштап өсе түсті. Қиыр Шығыс пен Тынық мұхит аймағындағы беделі нығайды. Версаль конференциясында Жапония бұрын Германияға қараған Қытайдың Шаньдунь түбегін, Тынық мұхиттағы Каролин, Маршалл, Мариан аралдарын өзіне бағындырып алды. Ресейдін құрамындағы Приморье 1922 жылға дейін, ал Солтүстік Сахалин 1925 жылға дейін Жапония қарамағында болды.

АҚШ пен Қытай бұған көнгісі келмеді. 1921-1922 жылдары Вашингтон конференциясында Жапония біраз шегініс жасауға мәжбүр болып, Шаньдуннан бас тартты. Онын әскери -теңіз флоты шектелді.

Елді 1924 -1932 жылдары Сэйюкай, Минсэйто, Кақусин Курабу сияқты саяси партиялар басқарып келді. Төменгі палатаның беделі есіп, жоғарғы пэрлер палатасын қалыптастыруда императордың ықпалы төмендеді. 1925 жылғы заң бойынша сайлауға қатысушылар саны ұлғайтылып, халықтың 16%-ын құрайтын болды.

Үкімет соғыс кезінде, одан кейін өрістей түскен жұмысшылар және кедей шаруалар қозғалысын 1923 жылғы қарашадағы жойқып жер сілкінуге қарсы шараларды пайдалана отырып, басып тастады.

20-жылдардың екінші жартысында Жапония билеушілері озбырлық саяси бағыт ұстады. Ең алдымен, олар Қытайды әлсіретіп, оны тұтас өзіне қаратып, содан кейін басқа елдерді бағындыруды көздеді (Танақа меморандумы) . Ол үшін әскери күшін молайтуға, теңіз флотын ұлғайтуға кірісті. 1929 - 1933 жылдары дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдары Жапония біраз қиыншылықты бастан кешірді.

Қытайдағы ішкі тартыстар мен бытыраңқылық Жапон империалистерінің басқыншылық әрекетіне жеңілдік туғызды. Жапония 1932 жылдары Қытайдың солтүстік-шығыс өлкелерінде Маньчжоу-го қуыршақ мемлекетін құрып, оны өз қамқорлығына алды. Бұл жерде жапон қарулы күштері шоғырланып, шекаралас КСРО және Монғол Халық Республикасына қауіп тондірді. Сонымен бірге Жапонияның осындай үстем саясат жүргізуіне басқа елдердін Қытайдағы қимылдары да көмектесті. Чан Кайши үкіметіне қарсы болып келген Мәскеу 1927 жылдары Қытай Шығыс теміржолын Жапонияға сатып жіберді.

20-30-жылдар арасында елде экономикалық дағдарыс орын алды. Көптеген кәсіпорындар жабылып, жұмыссыздық көбейді. Шаруалардың жағдайы нашарлады. Елде саяси күрес күшейді. Бұл жұмысшылар мен қала тұрғындарының ереуілдерімен ғана тынбады. Ұлтшылдыққа, озбырлыққа құныққан орта топтар, әсіресе төменгі сатыдағы әскери топтар сыртқы және ішкі саясатты күшейтуде фашистік тәртіп орнату талаптарын көтерді. Төменгі шендегі офицерлер мен бүлікшілердің ереуілдері үкіметті шошындырды.

1936 жылы фашистік топтарды жақтаушылардан премьер-министр Сайто және бірнеше министрлер қаза тапты. Жаңа үкімет жаппай қарулану, Жапония мен Маньчжурияны қорғау жоспарын бекіту, үкімет мүшелерін қорғау, т. б. шараларды қолға алды. Бұлар "жаңа экономикалық құрылым" және "жаңа саяси құрылым" деп аталған бағдарламалардың негізін қалады.

Жапонияның Қытайдағы табыстары кеп елдерге ұнамай, Ұлттар Лигасында әшкереленді. Сондықтан Жапония 1933 жылы ол ұйымнан шығып кетті.

Озбырлық саясат ұстаған Жапон билеуші топтары Еуропадағы соғыс құмарлармен жақындаса түскен. 1936 жылы қарашада Жапония, Германия, Италия коминтернге қарсы пактіге қол қойып, КСРО-ның коммунистік қозғалысты бүркеніп әлемдегі жүргізген әрекеттеріне жол бермеуді алға тартты.

Жоғарыда аталған бағдарламаны 1937 жылы үкіметті басқарған князь Каноә іске асыруға бел байлады. Саяси партиялар жабылып, демократтар қамауға алынды. Сөйтіп ұлттық бірлікке жету ойластырылды. "Таққа көмектесу қауымдастығының" мақсаты императорды мадақтау, оған табыну болды. Жеке адамға табыну халықтың соры екенін олар кейінірек түсінді.

Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы және соғыс жылдарындағы Жапония. 1937 жылы шілдеде Жапония Қытайды толығымен жаулап алуға кірісті. Оның армиясы тез арада елдің ішкері жағына тереңдеп еніп, ауқымды аумақты басып алды. Осыған байланысты, қытай саясаттанушылары Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы 1937 жыл деп есептейді.

1939 жылы көктем - жаз айларында Жапон әскери күштері Монғолияға шабуыл жасады. КСРО және Монғол Халық Республикасы 1936 жылы өзара көмек шартына отырған еді, соған орай Кеңес Қарулы күштері монғолдарға көмектесіп, жаудың бетін қайтарды. КСРО-да Жапонияны әшкерелеу қатты орын алды. Онда бір топ кеңес барлаушылары қызмет атқарды.

КСРО-ның шекарасында да бірнеше жанжалдар орын алды. Осы күнге дейін КСРО - Жапония арақатынасында ашылмаған сырлар аз емес. Кеңес басшылары өз халқын алдап ұстаған, «анау жау - мынау жау», деп үрей туғызып отырған. «1938 жылы Хасан көлі маңында болған қақтығысты самурайлар ұйымдастырды» деген лақап таратқан. Кейінгі кезде жарық көрген құпия құжаттар оған күмән келтіруде.

Көп ұзамай Мәскеу мен Токионың арасындағы қарым-қатынас басқаша сипат ала бастады. Көптеген мәселелер бойынша Токио мен Мәскеу ортақ тіл табысып, 1941 жылы 13 сәуірде бес жылға шабуыл жасаспау туралы Пактіге қол қойды. Әрине, екі елдің арасындағы қарым-қатынастағы өзгерістер КСРО гитлерлік Германия мен Еуропа елдерінің аумағын бөлу туралы келісімге барғаннан кейін ғана мүмкін болғаны сөзсіз. Ол кезде КСРО мен Германия достасып, Европа елдерін өзара бөлісуге кіріскен. Жапония болса, Азияның Шығысында ойран салып жатты.

1940 жылы Франция мен Голландия Германиядан жеңіліп калғанда, Жапон үкіметі Үндіқытай (Въетнам, Лаос, Камбоджа) мен Индонезия аралын, Малайзия мен Синғапурды өзіне қаратуға кірісті. 1940 жылы 27 қыркүйекте Жапония, Германия, Италия "Үштік пакт" деп аталған соғыс одағын құрды.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапония. Дүние жүзін жойқын соғысқа итермелегендердің бірі - жапон милитаристері тоқтаусыз шабуылдап, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Қиыр Шығыс халықтарын қан қақсатты. Бірнеше Қытай қалалары, соның ішінде Тяньцзин, Нанкин, Шанхай, Ухань, т, б. қиратылып, бейбіт тұрғындар қырғынға ұшырады. Елде шовинистік ұрандар көтеріліп, жапондықтар "тәңірдің нұрына бөленген ерекше халық", Жапония бастаған "азиялық гүлдену ғасыры" басталды деген ресми үгіт жүргізілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕКШШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖАПОНИЯНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония экономикасының “Ғажайып дамуы”
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Жапония экономикасының қазіргі жағдайы
1945-1980 ж.ж. Жапонияның экономикалық дамуы
Америка мен Жапонияның тарихы
ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Жапония экономикасы
Жапонияның ҚХР-мен қарым-қатынастары
ТРУМЭН ӘКІМШІЛІГІ ТҰСЫНДАҒЫ АМЕРИКАН-ЖАПОН ӘСКЕРИ-САЯСИ ОДАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Жапония шаруашылығының екінші өрісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz