Жарма ауылының әлеуметтік жағдайы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

СӨЖ

Тақырыбы:Жарма ауылының әлеуметтік жағдайы

Ел экономикасының дамуының ең басты шарты халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруы. Оның ішінде ауылдар мен елді мекендердің тұрмысының әсері зор. Ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындауда да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізе бастадық. Үстіміздегі жылдың бірінші жартысында ауылдық елді мекендер дамуының 2004 жылғы қорытындысын жүзден астам көрсеткіш бойынша саралаған кең ауқымды мониторинг жүргізілген болатын. Жүргізілген зерттеулер қабылданған мемлекеттік шаралардың ауыл жағдайына оң әсер ете бастағандығын көрсетіп берді. Мәселен, көптеген облыстарда даму әлеуеті жоғары елді мекендер саны бір жылдың өзінде елеулі арта түскен. Соның ішінде Шығыс Қазақстан обылысында 30, 6 пайызға, Алматы облысында 22, 1 пайызға, Қостанай облысында 17, 8 пайызға артқан. Бұл - өте қуанарлық жағдай. Егер әр облыс осындай оңды көрсеткішке қол жеткізіп жатса, енді біраз жылдардан кейін осы бағдарламаның қабылдануына сәйкес “болашағы жоқ ауыл” деген сөз тіркесінің де қолданыстан шығып қалары анық.

Екіншіден, бүкіл әлем бойынша алғанда соңғы жүз жыл ішінде халықтың дәстүрлі ауыл шаруашылығы саласынан басқа салаларға қарай ойысу ағымы жүріп жатқаны сезіледі. Егер өткен ғасырдың басында жер бетіндегі халықтың басым көпшілігі ауыл шаруашылығында еңбек етіп келсе, өнеркәсіптік салалардың дамуына байланысты халық бірте-бірте ауылдан қалаларға көшіп, фабрикалар мен зауыттарда жұмыс істей бастаған еді. Одан кейін жоғары технологиялық өндірістің дамуына байланысты фабрикалар мен зауыттардан да босап, енді қызмет көрсету салаларына қарай ойысу жүріп жатыр. Сөйтіп дүние жүзі бойынша алғанда шағын және орта кәсіпкерлік халықты еңбекпен қамтушы негізгі көзге айналуда. Дамыған елдерде халықтың 60-70 пайызы шағын және орта кәсіпкерлікте еңбек ететіндігі соның бір дәлелі.

2003-2005 жылдарға арналған үш жылдық бағдарламаның аяқталуына орай және жоғарыдағыдай мақсаттарымызға жету жолдарын айқындау, соған сәйкес жүзеге асыратын шараларды жүйелеп алу үшін “Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы” әзірленген еді.

- Агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жаңартуға орасан зор қаржы қажет. Бұл қаржыны қайдан алмақшысыздар?

- Ауыл шаруашылығы құрылымдарына лизингке техника сатып алу жөнінде мемлекет қолдауы бұрынғыдай жалғаса беретін болады. Оның көмегімен аймақтарда мәшине-технологиялық стансалар, сервистік қызмет орындары ашылады. Осындай мақсаттарға 2006-2010 жылдары республикалық бюджет есебінен әр жыл сайын 7-9 миллиард теңге жұмсалып отырады деп болжанған. Мұның сыртында техникалар сатып алу үшін берілетін екінші деңгейдегі банктердің несиелері мен лизингтердің сыйақы ставкасын төмендету үшін де миллиардтаған теңге қарастырылуда. Бұл - аз қаржы емес.

Аудандық әкімдіктің ерекше қамқорлығында БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ тұрады.
Мектептер мен басқа да білім беру мекемелерін ұстауға бюджеттің екіден үш бөлігі жұмсалады. 28 мектеп жұмыс істейді, оның 19 орташа. Мектептердің көбі білікті кадрлық оқытушылармен іріктелген, олардың арасында өз істерінің шеберлері аз емес. Олар өздерінің күштері мен білімдерін болашақ жас ұрпақтарға білім беру
мен тәрбиелеуге, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арнайды. Мұғалім біздің ауданда барлық саяси науқандардың негізгі қозғаушы күші және Президенттің саясатын белсенділікпен насихаттаушы болып табылады. Білім беру сапасы анағұрлым артты. Білім беру мекемелерінің материалдық базасын нығайтуға 32, 2 млн. теңге бөлінді. Білім беру жүйесін информациялау саласында үлкен өзгерістер болды. Интернет жүйесіне барлық 28 мектептер кіре алады, кейбір мектептер лингвистикалық, мультимедийкалық кабинеттер алды, ал 5 мектеп спутникалық жабдықтар сатып алды.
Мектептерде буфеттік тамақтандыру ұйымдастырылды, 260 бала демеушілердің қаражаттары есебінен ақысыз тамақтандырылады.
Жазғы кезеңдерде барлық мектептерде мектеп жанындағы лагерлер ұйымдастырылды, балалар Республика Астанасына экскурсияға шықты, төмен қамтамасыз етілген отбасылардың ішінен 80 бала жолдамамен «Радуга» лагерінде демалды. 2006 жылғы 353 түлектердің ішінен жоғарғы оқу орындарына 96 түлек түсіп, оның 64 грант бойынша оқиды. Сондай-ақ, біз аудандық білім беру бөлімінің (Баталов Б. Ж. ),
аудан мектептерінің басшылары мен педагогикалық ұжымдарының анағұрлым нәтижелік жұмыстарына сенім артамыз. Егер, облыс бойынша Бірыңғай Ұлттық тестілеудің орташа баллы 60 пайызды құраса, біздің аудан бойынша 56 пайыз болды, облыстың көрсеткіші тек қана үш мектеппен шығып отыр. Біздің ауданда кәсіби мамандыққа насихаттау жұмыстары төмен жүргізілуде, қанша жыл аграрлық, құрылыс мамандарының жетіспеушілігіне тап болудамыз, бір-ақ та анағұрлым қабілетті мектеп бітірушілер заңгер, экономист, қаржыгер мамандығын алуға тырысады. Мұнда біз ата-аналар қоғамы мен үкіметтік емес ұйымдардың күштеріне сенеміз.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Ауданда емдеу-профилактикалық мекемесінің дамыған жүйесі жұмыс істейді, ауруханаларды ауылдық дәрігерлік мекемелерді қаржыландыру анағұрлымға ұлғайтылды. Ауданда аналар мен сәбилердің өлімдері тіркелген жоқ, жұқпалы аурулармен, оның ішінде өкпе ауруымен ауыру анағұрлымға төмендетілді. Алдағы уақытта біз халықтар үшін маңызды саланы реформалауды жеделдетуді, әсіресе алғашқы медико-санитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыруды, ауданға қазіргі заманға сай әдістермен емдеуді меңгерген жас мамандарды тартуды жоспарлап отырмыз. Ауданда халықтарды эстетикаға және патриоттыққа тәрбиелеудегі маңызды рөлі мәдениет мекемесінің міндетінде. Ауданда мемлекттік мекемелер күндерін, талантты және дарынды балаларды айқындайтын «Ақ-қайың» балалар гала- байқау концертін өткізу дәстүрге айналды. Осы жылы аудан орталығында «Жастар Синема» атты жастар кинотеатры ашылды. Бұл істердің негізін ұйымдастырушы мәдениет бөлімінің және балалар саз мектебінің бірлескен жұмыстары болып табылады.
Ағымды жылы мемлекеттік ұйымдардың іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіруге байланысты ауданда тілдерді дамыту бойынша шаралар қолданылуда. Бұл жұмыстар атқарушы органдардың ерекше назарында болуы қажет.

Үкіметтің, облыс әкімінің бізге көрсеткен үлкен көмектерінің арқасында біз жыл аяғына дейін 91 отбасын тұрғын үйлермен, үй ішіне қажетті заттармен, киім-кешекпен, азық-түлікпен қамтамасыз ете алдық.
Атқарушы, құқық қорғау органдары осындай стихиялық апаттарды алдын алу бойынша қосымша ұзақ мерзімді шаралар қолдануда.
Менің күнделікті бақылауыма құқық тәртібі мен қоғам қауіпсіздігі мәселесі алынды. Өткен жылмен салыстырғанда қылмыс жасау деңгейі 22, 4 пайызға төмендетілді, өткен жыл ішінде қылмыстарды ашу 87, 5 пайызды құрады, осының нәтижесінде ауыр қылмыстардың толық ашылуы қамтамасыз етілді (өлтіру, денеге ауыр зақым келтіру, ұрлық, зорлау, көліктерді ұрлау) . Ауданда жас өспірімдердің қылмыстары тұрақтандырылды. Бұл ауданның құқық тәртібі органдарының, мұғалімдер ұжымдарының, ауылдық округтері әкімдерінің және ауылдардың қоғамдарының бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесі.
Ауданда ел Президентінің ішкі саяси ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған саясатын іске асыру жүргізілуде.
Аудан аумағында төрт партияның өкілдіктері жұмыс іс- тейді, «Нұр Отан» партиясында 1007 мүшелерін біріктіретін 36 бастапқы ұйымдар бар.
Мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен, сонымен бірге үкіметтік емес ұйымдармен, діни бірлестіктермен, ұлттық мәдени орталықтармен қарым-қатынасы кеңейтілді. 2006 - 2008 жылдары білім беру саласындағы негізгі міндеттер:

Білім берудің 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлеттік бағдарламасын іске асыру;

халықтың барлық жігінің сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету;

12-жылдық жалпы орта білім беруге көшуге дайындық және кезең-кезеңімен көшуді бастау;

Техникалық мамандықтар бойынша біліктілігі жоғары кадрларды басымды даярлықпен қамтамасыз ете отырып, жоғары білімді кадрлар даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырысы құрылымын жетілдіру;

сапаны бағалаудың ұлттық жүйесiн құру;

бірыңғай ұлттық ақпараттық ортаны қалыптастыру;

білім беру процесін оқу-әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру;

кредиттерді қайтару жөніндегі мемлекет кепілдігін қамтамасыз ете отырып, екінші деңгейдегі банктер арқылы студенттік кредиттер берудің қазіргі заманғы жүйесін құру;

ұлттық жоғары оқу орындарына шетелдік оқытушылар мен консультанттарды тарту;

жыл сайын «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде үздік үш мың студентті әлемнің озық жоғары оқу орындарында даярлау;

жоғары кәсіптік білім беру үшін оқулықтар мен оқу құралдарының жаңа буынын әзірлеу және шығару;

Ең жаңа технологиялар талаптарына және еңбек рыногының қажеттілігіне сәйкес оқып жатқандарды тиімді кәсіптік қызметке даярлауды қамтамасыз ету үшін 2006 - 2008 жылдары мынадай міндеттерді шешу:

бiлiм берудiң халықаралық стандарттық сыныптамасының өлшемдеріне сәйкес бастауыш және орта кәсіптік білім беру және кадрлар даярлаудың жүйесін қайта құрылымдау;

халықтың барлық жігінің кәсіптік бастауыш және орта білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету және олардың білікті техникалық және кәсіптік білім алуға мүдделілігін арттыру;

біліктілігі жоғары жұмысшы кадрларын және орта буын мамандарын даярлау үшін экономиканың нақты секторын тарту тетіктерін құру;

оқитындардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін кәсіптік дағды алуы үшін жағдайлар жасау;

оқитындардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіби дағды алуына жағдайлар жасау;

кәсіптік орта білім мен техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша кәсіптік орта білімнің бір бөлігін орта білім беру жүйесінің құраушы бөлігі болып табылатын техникалық және кәсіптік білімге трансформациялау;

кәсіптік орта білім берудің жекелеген бағдарламаларын жаңа - ортадан кейінгі кәсіптік білім беру деңгейінде көшіру;

бастауыш және орта кәсіптік білімі бар кадрлар даярлауды кластерлік бастамаларды ескере отырып, жүзеге асыру;

оқытудың кредиттік жүйесін енгізу қажет.

Осыған байланысты бiрiншi кезектегі мiндеттер:

Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарлама міндеттерін іске асыру;

Қазақстанда ұлттық ғылыми-технологиялық және өңірлік технологиялық парктер, технологиялық бизнес-инкубаторлар құру;

технологиялар трансферті жүйесін дамыту;

шағын инновациялық кәсіпорындарды дамыту мен қолдаудың нәтижелі тетіктерін құру;

инновациялық кәсіпкерлік саласында кадрларды даярлау және қайта даярлау;

инновациялық кәсіпкерлікті ақпараттық қолдауды дамыту;

ғылыми әзірлемелерді, жаңа технологияларды коммерциаландыру үшін венчурлық, оның ішінде шетелдік капиталды тарту.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың алдағы кезеңге арналған орта мерзімді жоспарының халықтың әл-ауқаты саласындағы мақсаты жалақының жалпы деңгейін көтеру, зейнетақы және басқа да әлеуметтiк төлемдер мөлшерiн арттыру болып табылады.

Халықтың кірістерін одан әрі жоғарылату, оның ішінде бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен жоғарылату көзделіп отыр.

Бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлеріне жалақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс бюджет саласының қызметкерлеріне жалақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру шеңберінде жалғасады.

Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткізу үшін:

зейнетақы мөлшерін жыл сайын арттыру және зейнетақылар мен жәрдемақыларды уақтылы төлеуді қамтамасыз ету;

әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтік қызмет көрсету нормативтері мен шетелдік тәжірибені ескере отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеуді жетілдіру жұмысын жалғастыру көзделедi.

2006 жылдан бастап базалық мемлекеттік төлемдер ең төменгі күнкөріс деңгейіне негізделе отырып айқындалатын болады.

Жарма ауылындағы Шағын және орта бизнес субъектілерінің белсенділігін арттыру мақсатында 2006 - 2008 жылдары кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайларды жақсарту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді.

Бағдарламаның мақсаты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қызметінің аясын барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған институтционалдық жағдайларды жетілдіру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабілетін арттыру болып табылады.

Бағдарлама шеңберінде жүргізілетін жұмыстардың негізгі бағыттары:

шағын және орта бизнес мәселелері бойынша заң шығарудың жаңа регламентін қабылдау жолымен заңнаманы жетілдіру;

шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдердің нәтижелілігін қадағалау институтын енгізу;

әрбір мемлекеттік органда «құқықтық ақпарат кабинетін» енгізу;

әкімшілік кедергілерді азайту және бюрократиясыздандыру;

кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту болып табылады.

Бағдарламаның міндеттері:

мемлекеттің жеке сектормен өзара іс-қимылының жаңа индеологиясын құру;

кластерлік-желілік ұстаным негізінде өмiр сүруге қабiлеттi инфрақұрылымдық жүйені құру және қамтамасыз ету;

шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін барынша ашық заңнамалық негіз құру;

шағын және орта кәсіпкерліктегі көлеңкелі айналымды қысқарту.

Күтілетін нәтижелер.

2005 жылы «Кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданады.

Бизнеске әкімшілік қысымды азайту үшін ұсыныстар әзірлеу және кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру үшін мүдделі мемлекеттік органдар мен орай заң жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына қатысушы ұжым кәсіпкерлердің салалық бірлестіктерін тарта отырып Жарма ауылында да осыған құрылатын болады.

2006 - 2008 жылдары кедейшілік пен жұмыссыздықты азайту саласындағы негiзгi мақсат еңбек рыногында белсенді саясатты жүзеге асыру арқылы кедейшілікті азайту және тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін төмендету, жұмыс күшінің сапасын арттыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 68 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру 902, 1 мың жаңа жұмыс орнын құру, 403, 1 мың адамды жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру, 333, 5 мың адам үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, 70, 8 мың жұмыссызды кәсіптік оқуға және қайта даярлауға жіберу есебінен еңбек рыногындағы шиеленiсті төмендетуге мүмкiндiк бередi.

Бағдарламада халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін өсіруді ынталандыруға, мақсатты топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуге, халықтың жұмыспен қамтылуы саясатын ақпараттық қолдауға, жұмыспен қамту саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру көзделеді.

Жарма тұрғындарын әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамытудың орта мерзімді кезеңге арналған негізгі бағыттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әлеуметтiк реформаларды одан әрi тереңдетудiң 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасында айқындалған.

Бағдарлама шеңберінде мынадай міндеттерді шешу:

республикалық бюджет қаражатынан (жасына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты) төленетін жәрдемақылар мөлшерін есептеу әдістемесін біртіндеп өзгерту жолымен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің базалық деңгейін қалыптастыру;

ең төменгі күнкөріске қатысты базалық әлеуметтік төлемдер мөлшерін айқындау;

мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін одан әрі ұлғайту;

негiзгi әлеуметтiк тәуекелдердi (қарттықтың басталуы, еңбек қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу) әлеуметтiк сақтандыру жүйесін дамыту;

жинақтаушы зейнетақы жүйесінің төлемдерін оңтайландыру (Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық арқылы) көзделуде.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін біртіндеп ұлғайту көзделіп отыр. Перспективада базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөрістің 75 %-ын құрайтын деңгейге дейін ұлғайту жоспарлануда.

2006 жылы барлық санаттағы мүгедектерге және жасына байланысты жәрдемақы алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік арнаулы жардемақы алушыларға төленетін мемлекеттік арнаулы жардемақылар ұлғайтылатын болады.

2006 - 2008 жылдары денсаулық сақтау саласындағы саясатты іске асырудың негізгі мақсаты мемлекет пен адам арасындағы денсаулық сақтау үшін ынтымақтасқан жауапкершілік қағидаттарына негізделген медициналық көмек көрсетудің тиімді жүйесін құру жолымен халық денсаулығының жай-күйін жақсарту болып табылады. Бастапқы медициналық-санитарлық көмектi одан әрі дамыту - басым бағыттардың бірі.

Мақсатты іске асыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісiн реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.

Денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы басты басымдықтардың бірі ана мен бала денсаулығын қорғау болып табылады.

Жарма елді мекенінде Ана мен баланы қорғау қызметін жетілдіру үшін:

жыл сайын балалар мен ұрпақты болу жасындағы әйелдердi диспансерлеу, медициналық тексерулерден, сауықтырудан өткiзу;

балалар мен жүктi әйелдердi емдеу-алдын алу ұйымдарын қажеттi мамандармен толықтыру;

амбулаториялық емделу кезінде балалардың жекелеген санаттарын тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету;

жүктi әйелдердi халықаралық стандарттарға сәйкес ерте диспансерлiк бақылауға алуды қамтамасыз ету;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық-әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеудегі кәсіби біліктілік пен шығармашылық шеберлік
Аягөз бірталай желді қала
Біздің жеңісіміз
Шығыс Қазақстан облыс халқының табиғи қозғалыстарына әлеуметтік-экономикалық географиялық сипаттама
Шалабай ЖШС - Өндірістік тәжірибе бойынша есеп ( Ветерианриялық медицина )
ХІХ ғасырдың І-ші жартысындағы қазақ шаруашылығының жағдайы
Індеттану және жұқпалы аурулар
“ШҚО 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау” өңірлік экологиялық бағдарламасы
БӨРІТАСТАҒАН ҚҰПИЯЛАРЫ
ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Жарма ауданының тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz