Жарнаманың көңіл-күйге әсері


Жарнаманың көңіл-күйге әсері
Әрбір тарихи кезеңнің нәтижесін сөз етсек, еліміздің келешегі ерекше назар аудруды қажет етеді. оның даму қадамында реніші мен өкініші, ауыз толтырып айтатаын жетестіктер де жеткілікті. Осының бәрі саяси жаңаша ойлау талаптарынан туындаған қоғам өмірін демократияландыру жариялылық принціптері негізінде ерекше нзарға ілігуде. Дәл осы негізде еліміздің экономикасы мен саяси арнасында көптеген өзгерістер де болды. Әсіресе «21 ғасыр кереметі" атанған теледидар пайда болғалы адамзат дамуының жаңа белестері ашылды. Әсіресе коммерциялық қоғам мен байланыс саласы ел экономикасына елеулі үлес қосты. Мәселен, 1990жылдардың басында Қазақстанда жарнама рыногы қарқынды түрде дамыды, тәуелсіз Бұқаралық Ақпарат Құралдары апйда болды жарнама өндірушілер көбейді. Қазіргі қоғамды жарнамасыз елестету қиын болып барады. Себебі, газетті алып қарасаңыз, радионы немесе теледидарды қосып қалсаңыз сарнап қоя береді. Осы тұста жарнаманың теориялық негізіне үңілу артық етепес.
АҚШ маркетинг социологиясының анықтамасы бойынша, жарнама дегеніміз тауарларды, қызметтерді, идеяларды, тұтынушыларға қарай нысаналы және нақтылы жағдайда есепке ала отырып, анағұрлым тиімді тәсілдер мен әдістерді қолдана отырып, әлеуметтік тұтынушылардың назарын жарнамалау обьектісіне аудара үшін орындалатын ақылы қызметтер деп анықтаған. Жаранаманың негізгі ерекшеліктеріне тоқталар болсақ:біріншіден, қоғамдық сипат алады. Екіншіден, үгіттеуге қаражат қабілеттілігі бар сатушы жарнама арқылы өз хабарландыруын бірнеше рет хабарлай алады және қайталай алады. Үшіншіден, мәнерлік-түс, дыбыс, көрініс арқылы тауарларды тартымды көрсетуге болады. Төртіншіден, иесіз жарнама монолог ретінде ғана жасалады. Бесіншіден, жарнаманың атқаратын қызметтері нарықтағы жарнаманың бернесі (бренд) . Сонымен бірге бұл берне бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, эконномикалық берне-сұранысты қалыптастыру өтімді. Ынталандыру-тұтынушыларға тауарларды алғызуды түзету арқылы сату-алу үрдісін түзетеді.
Ақпараттық бернесі-тұтынушыларды өндірушілер туралы және олардың тауарлары туралы ақпарат ағымдарын мемлекет қамтамассыз етеді.
Коммуникациалық бернесі-маркетинг зерттеушілері күнде қолданылатын сауалнама тұтынушылар пікірін жинау, тауар өтімін талдау арқылы жарнаманы нарық тұтынушыларымен қайтара байланысты қамтамассыз етеді.
Бақылау бернесі-нарықтағы өнімдердің жылжуын бақылауға мүмкіндік береді.
Түзетім бернесі-өткізу саясатын және жарнама қызметін ұтымды жағына өзгертуге мүмкіндік береді.
Сұранысты басқару бернесі-нақты тұтынушылар топтарына көзделген әсер тигізу жолдарын табуға мүмкіндік ашады.
Иә, қазір Қазақстанда қазақтардың үлес салмағы 57 пайыз болғанына қарамастан, қазақ тілін түсінетін, білетін түркі тілдес халықтардың үлес салмағы 70 пайызға жуықтағанына қарамастан қазақ тілді басылымдардың тираждық үлес салмағы 10-12 пайыздан аспай отыр. Ал телерадио өнімдерінің қазақ тілінде берілетін хабар бағдарламаларының үлес салмағы 5-7 пайызды құрайды. Демек, қоғамымызды орыс тілді БАҚ жаулап алғаннан соң басқасының жайын ойлау үрей туғызады. Себебі БАҚ-ры қай жерде идеологиялық құрал. Яғни Қазақстандағы орыс тілді БАҚ-тардың мазмұн болмысында отаншылдық ұстаным жоқ деуге болады. Қазақстанның рухани-мәдени өмірінен гөрі шет елдік мәдениет оның ішінде тобырлық дүбәрә "мәдениет" мейлінше көтере дәрәптеледі. Сөз жоқ мұндай ұстанымның халық санасын алашабір етіп, мемлекеттік түрақтылыққа нұсқан келтіретіні ойлай білетіндерге аян болса керек. Әсіресе телерадиоөнімдерінің негізі-жарнама. Жарнама адамдарға затты сатып алу қажеттігі жөнінде ой тастап қана қоймайды. Ол өндірушілерге, коммерсанттарына тауарланын өткізуге көмектесумен қатар өмірге қияли көзқарастарды таратып, орнықтыруға да үлкен әсер етеді. Бұл өз тұтынушыларына шынайы шындықтан ауылы алыс жатқан өзгеше бір әлемді елестететін өзіндік апиын іспеттес. Мұндай бұлдыр елес адамдардың үлкен тобына, халықтың негізгі бөлігіне өз өмірлеріне деген қанағаттанғысыз сезімін туғызып отырады. Кедей адамдар өмір бойы белгісіз бір қиялдың құшағында тәтті үмітпен жүре берулері әбден мүмкін. Бұрын капиталистік қоғамға тән делініп келген қияли өмір соңғы жылдары қазақ қоғамында дендеп барады. Қазіргі тұрмыс-тіршіліктегі сүреңсіздіктің болашаққа деген сенімсіздікті туындатып отрғаны құпия емес. Қалай десек те, баспасөз, радио, телерадидар арқылы таратылып жатқан хабарлар түрлі қуатты идеологиялық қаруға үлкен күшке айналуда. Ол өзінің оқырмандары мен көрермендерін тәтті қиял құшағына бөлейді, мінез-құлқын, дүниеге көзқарасын түгел згертіп жібереді. Осылайша адамдардың сырттай ғана бір қалыпқа түсіріп қоймайды, сонымен қатар, түсінік-сезімдерін, ақыл-ойларын, саяси көзқарстарын да біртекті шаблонға айналдырады.
Жарнаманың идеологиялың қару ретіндегі күшінің арта түсіп отырғандығы бүгінгі таңда ешбір дау келтірмейтіндігі ақиқат. Оны таратуға бұқаралық ақпарат құралдардары жұмыла кірісіп отыр. Кейде телевидение арқылы көрсетілетін бір сәттік жарнамалық хабарлар кһрерменін лең еткізбей қоймайды. Көз жауын алып, адамның тәбетін ашатын ет пен мысыққа беретін тағамдардың түр-түрінен бастап, сағыз бен сыра, сусын мен шампунь, таға да басқалар сиақты көр-жөрлердің ұдайы насихаттауы күнделікті үйреншікті дағдыға айналғандығы қашан. Бар-жоқ ұлттық газеттеріміз болса жартылай жалаңаш әйел суреттерін, танысу бұрыштарын, ешкімге қатысы жоқерекшелік- құттыұтауларды ерлі-зайыптылардың суреттерімен беруді шеберлікпен меңгеріп алды. Қалай десек те, жарнамалардың өзіндік сюжеті, диалогы, әсем әуені бар көркем фильмдерге айналып кеткенін ешкім де теріске шығара алмайды. Қазақ қоғамына бұрын-соңды бейтаныс болып келген коммерция, бизнес сияқты термин сөздер бірден -ақ сіңісті болып кетті десек, мұнда ең алдымен жарнама атқарған рөлдің орасан зор болғанын мойындамасқа лажымыз жоқ. Қазір өнер, мәдениет, адамзаттың бар асыл коммерцияның көлеңкесінде қалып бара жатыр десек артық айтпаймыз. Шынтуайтқа келгенде, мәдениет, өнер атаулы уақыт өткен сайын халықтан алыстап бара жатқандай.
Шындығына келгенде Қазақстанда қазақтың төл жарнамасы жоқ десем де болады. Себебі кез-келген арна ұлттық құндылықтарымызға қарағанда, материалдық қаржылық жағдайға тәуелді. Кім эфирдің алтын уақытын жоңғары бағаласа, сол ұтады. Қазақстандық арналардың әрбір жарнамасы шетелдік тауарларды, шетелдің идеологиясын, мәдениетін насихаттайды. Мәселен, шәйдің отаны-Үндістан. Демек шйдің жарнамаларының барлығының тілі, стилі, сюжеті сол елдің құндылықтарын паш етеді. Ал ұлттық болмысымыз айдалада қалып, халық санасы тұрпайы, анайы жарнамалардың әсерінен уланады. Қазір еліміздің арналарында сыраны жарнамалау белең алып барады. Оның салдарынан жас, кәрі демей, үйде-түзде болсын, бөтелкесімен сіміріп жүре беретін кәдімгі "сусынымызға" айналды. Өз дәуірінің ең танымал химигі Харуей Уйлей өзінің мәлімдемесінде "құрамында 3 пайыз этилі спирті бар сыраны үнемі ішкен адамды мас ететіндей алкоголь мөлшеріне ие" деген. ал ел арасында жүргізілген сауалнама көрсеткіші бойынша халықтың 65пайызы сыраны жәй сусын деп ішеді екен. Бұл кһрсеткіштің дені жастар. Ал осыған байланысты елімізде спиртті өнімдерді жарнамалау жайында тиісті құжат қабылдағанымен оның нәтижесі айтарлықтай емес. Тек қана жарнамалау үлгісі өзгерген секілді. Мысалы күнделікті теледидарда сыраны жастардың демалғанда бас қосып көңіл көтергенде ішетін алкогольсіз сусыны ретінде тынымсыз насихатталып жатыр. Ал. сол көгілдір экран алдында жетпіс жастан жеті жасар балаға дейін телміріп үйде тамашалап отыр емес пе?Халықтың санасына сыраны алкогольсіз ішімдік деп сіңіріп, кез-келген жерде сатылып келеді. Ал бұл келешек ұрпақтың тамырына балта шабу деген сөз. Тіпті сыраның зияны турасында Ибн Аббас (р. а. ) риуаятында Пайғамбарымыз(с. ғ. с. ) :"Барлық ашытылған нәрсе-харам" деген. Мұның өзі сыраның спиртті ішімдік екендігін анық дңлелдеп тұр.
Сонымен бірге жарнама саяси тұрғыдан да ұлт психологиясына үлкен әсерін тигізеді. Адамдарды ақпараттандырғандай болғанымен шын мәнінде саясатты айыра алмайтын адам санасын қалыптастырады. Мұндай адамдар әлеуметтік жаулап алуға обьект болып саналады. Коммунистік кезеңде қоғамымыз тарихында саяси ақпарат насихаттық тактикалық және стратегиялық мақсатына бағындырылуы көрініс тапқан еді. Саяси насихат пен саяси сананың негізгі түрлерімен байланысын қарастырғанда мораль және таным тақырыбы ескерілуі шарт. Дәл осы жерде жарнама танымдық бағытта адам мінез-құлқының нормасын реттеуші болып табылады. Жарнаманың саяси аспектілері байқалмаса да идеологиялық әсері мықты болады. Саяси коммуникация сайлау науқандары кезінде жарнаманың тәсілдерді идеологиялық қару ретінде пайдаланылады. Саяси жарнамамның өзара байланыса әрекет ете отырып, бұқаралық қоғамдық саяси сананы тиімді жаулайды. Бұл көгілдір экранға қарап отырып, өз көзімізбен көргендей етіп әсерлі қабылдаймыз. Бұл өз кезегінде телеаудитортя үшін " мен көрдім. Ол-шындық" деген психологиялық тоқтамға әкеледі. Украиналық ғалым Георгий Пчевцов жүргізген зерттеу бойынша, "эфирде айтылған сөздердің тек 16 пайызы ғана көрермендр есінде қалса, визуальды түрде берілген мәліметтердің бақандай 34 пайызы аудитория есінде сақталатыны анықталды". Бұл телевизия визуальды логиканы алып келді деген сөз. Осы нақты дәлелдерден соң саясаттағылардың әлем телміріп отырған "көгілдір жәшікке" неліктен талпынатындығы айтпаса да түсінікті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz