ЖАРЫҚТЫҢ ДИСПЕРСИЯСЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
§44. ЖАРЫҚТЫҢ ДИСПЕРСИЯСЫ

Сыну керсеткіші жарық шоғының түсу бұрышына тәуелді емес, алай-да,
шоқтың түсіне тәуелді1. Мұны ашқан Ньютон болатын.
Ньютон телескоптарды жетілдіру жұмысымен шұғылдана отырып, объ-
ективтен шыққан кескіннің шеттері боялғанша көңіл аударады. "Ол бұл
құбылысты тамашалады да, тұңғыш рет — жарық сәулелерінің алуан түрлі
екендігін және бұған дейін ешкім ойламаған, жарық түстерінің ерекшелігін
зерттеді" (Ньютон қабірінің басына жазылған сөз). Линзадаи шыққан кескіннің
кемпірқосақ түсіне боялатыны әрине, Ньютонға дейін де байқалған. Призма
арқылы қараған нәрселердің шеттері де кемпірқосақ түсті болатыны байқаған.
Призма арқылы өткен жарық сәулелері шоғының шеттері боялған болады.
Ньютонның негізгі тәжірибесі даналықпен жасалған қарапайым тәжірибе
еді. Ньютон призмаға көлденең қимасы кішкене жарық шоғын түсіруді ойлап
тапты. Күннің жарық сәулесі терезе жарығындағы кішкене тесік арқылы,
қараңғылаған үй ішіне жіберілді. Жарық шоғы шынымен призмаға түсіп сынды
да, қарсы қабырғаға кемпірқосақ түстерімен кезек боялған ұзарған кескін
түсті Ньютон тәжірибесінің стильдік кескіні 117-суретте көрсетілген.
Кемпірқосақ негізгі жеті түстен қүра-лады деген ғасырларға созылған дәстүр
бойынша, Ньютон мынадай
Түс дегеннің не екенін әркім біледі. Түске берілетін анықтама мынадай:
түс — саналы көру түйсігі ретінде материлдық объектілердің қасиеттердің
бірі. Адам объектіні көріп қабьшдау процесіне оған біраз түсті "меншіктеп"
береді.

жеті түсті бөліп алды: күлгін, көк, көгілдір, жасыл, сары, қызғылт
сары және қызыл. Түсті жолақтың өзін Ньютон спектр деп атады.
Тесікті қызыл шынымен жауып қойып, Ньютон қабырғадан тек — қызыл дақ,
көк шынымен жауып — көк дақ т. с. с. байқады. Бүдан бүрын жорамалдағандай,
ақ сәулені призма боямайтывдығы анықталды. Призма жарықты өзгертпейді, оны
тек қүрам-ды беліктеріне жіктейді (түсті жап-сырмадағы 1 сурет). Ақ
жарықтың қүрылымы күрделі, одан әр түсті шоқтар бөліп алуға болады. Олардың
тек бірлескен әрекеті ғана бізге ақ түс әсерін туғызады. Шынында да, егер
біріншіге қарағанда 180°-қа бүрылған, екінші призманың ке-мегімен спектрдің
бүкіл шоқтарын жинасақ, онда тағы ақ жарық шығарып аламыз (түсті жапсырма-
дағы II сурет). Спектрдің кез келген бір бөлігін, мысалы жасылын беліп
алып, жарықты тағы бір призмадан өтуге мәжбүр етсек, енді боялуда езгеріс
болмайды.
Ньютон жасаған тағы қорытывды оның "Оптика" тында былай
айтылған: "Түстерінде айырмашылық бар сәулелер шоғы шоғының сыну
дәрежесінде айырма-шылық болады" (олар үшін шыны-ның сыну көрсеткіші әр
түрлі болады). Ең кеп сынатын күлгін сәулелер, барлығынан аз сынатын —
қызыл сәулелер. Жарықтың сыну көрсеткішінің жарық түсіне тәуел-ділігін
Ньютон дисперсия деп атады. Сыну көрсеткіші жарықтың зат ішіндегі V
жылдамдығына тәуелді (§ 42+). Сынудың абсолют көрсеткіші:
п = -. Қызыл жарықты қызыл түсті
сәуле аз сынады, зат ішіндегі жыл-дамдығы үлкен болғандықтан, ал
күлгін жарықтыкі ең кіші бол-ғавдықтан, күлгін түсті сәуле кеп сы-нады.
Міне сондықтан да призма жарықты жіктейді. Бостықта әр түсті жарықтың
жылдамдықтары бірдей. Егер олай болмаса, онда мысалы, Рё-мер бақылаған
Юпитер серігі Ио көлеңкеден шыққан кезде — қызыл болып көрінер еді. Бірақ
ол байқалмады.
Бертін келе түстің жарық толқындарының физикалық сипатта-маларына
(тербеліс жиілігіне немесе толық үзындығына) тәуелділігі ай-қындалған
болатын. Сондықтан бүрын Ньютон айтып кеткен анықтамадан гері, дисперсияға
тереңірек анықтама беруге болады. Дисперсия деп жа-рықтың сыну
көрсеткішінің тербеліс жиілігіне (не толық ұзындығына) тәуелділігін айтады.
Ақ жарық құрылымының күрделі екендігін біле отырып, табиғаттағы неше
түрлі тамаша бояуларды түсіндіруге болады. Егер нәрсе, мысалы парақ қағаз,
езіне түсетін әр түсті сәулелердің барлығын шағылдырса, онда ол ақ сиқяты
болады. Қағазды қызыл бояумен боясақ, біз басқа бір түсті жарық
шығармаймыз, бірақ бар түстің біразын қағазбен үстап қаламыз. Енді тек
қызыл сәулелер ғана шағылады, қалғандарын қағаздағы бояу жүтып ала-ды. Шөп
және ағаштардың жапырақтары жасыл болып көрінетін себебі, өздеріне түскен
Күн сәулелерінің ішінен олар тек жасылдарын ғана шағылдырады, қалғандарын
жүтып алады. Егер шепке, қызыл сәулелерді ғана өткізіп, қызыл шыны арқылы
қарасақ, ояда шөп қарауытып керінеді.
Ньютон ашқан дисперсия құбылысы — түстердің табиғатын түсінуге
жасалған алғашқы қадам. Түстің жатық толқындарының жиілігіне (немесе
үзындығына) тәу-елділіғі айқындалғаннан кейін дисперсияны түсіну тереңдеді.

§63. ИНФРАҚЫЗЫЛ ЖӘНЕ УЛЬТРАКҮЛГШ СӘУЛЕЛЕР

Көрінетін сәуле шығарумен (жарық) сәуле шығару аталуының барлық түрі
бітіп қалмайды. Көрінетін сәуле шығарумен кершілес инфрақызыл және
ультракүлгін сәулелер бар.
Инфрақызыл сәуле шығару. 60-параграфта баявдалған, электр доғасы
спектрінде энергия бөлінуш зерттеу жөнінен жасалран тәжірибеге қайта
оралайық. Прибордың сезгіш элеменггің — қара пласганасын спектр-
160
дің қызыл ұшына қарай жылжыта қозғағанда, температураның артқаны
байқалады. Егер пластинаны, көздің жарықты байқай қоймайтын, спектрдің
қызыл үшына қарай ығыстырсақ, онда пластинаның бүрынғыдан да күппірек
қызатынын байқаймыз. Осы қызу туғызатьш электромагниттік толқьшдар
инфрақызыл деп аталады. Оларды кезкелген қыздырылған дене, тіші
жарықтальшбаса да, шығарады. Мысалы, жагылған пеш немесе пәтерді
инфрақызыл толқындар шығарады, олар айналасындағы денелерді едәуір
қыздырады. Сондықтан инфрақызыл толқындарды көбінесе жылулық деп атайды.
Көз қабылдай алмайтын инф-рақызыл толқындардың үзындықта-ры жарық
толқындарының үзын-дығынан артық болады. Электр доғасы мен қыздыру шамының
сәуле шығару энергиясының макси-мумы инфрақызыл сәулелерге сәй-кес келеді.
Инфрақызыл сәулені лак қосып боялған нәрселерді, көкөністі, же-
містерді кептіру үшін пайдаланады. Көзбен көріне қоймайтын объектінің
инфрақызыл кескінін көрінетін кескінге айналдыратын приборлар жасалған.
Қараңғыда көруге мүмківдік беретін дүрбілер мен оптикалық көздегіштер
дайындалады.
Ультракүлгін сәуле шығару. Прибор спектрдің күлгін үшынан әрі қарай
температураның аз да болса жоғарылағанын анықтайды. Ендеше толқын үзывдығы
күлгін жарықтың толқын ұзындығынан қысқа электромагниттік толқындар да бар.
Оларды ультракулгін толқындар деп атайды.
Ультракүлгін сәуле шығаруды люминесценттеуші затпен жабылған экранның
кемегімен байқауға болады. Экранның спектрдің күлгін айма-ғынан тыс жатқан
сәулелер түсетін бөлігі жарық дығара бастайды.
Ультракүлгін сәулелердің химия-лық активтілігі жоғары болып келеді.
Ультракүлгін сәулені фөтошульсия өте сезгіш келеді. Бүған қараңғыланған
үйде фотоқағазға спектрді проекциялау арқылы кез жеткізуге болады.
Көрінерлік спектр аймағьшдағыға қарағанда, спектрдің күлгін үшынан әрі
қарай қағаз көбірек қараяды.
Ультракүлгін сәулелер көру бейнесін туғызбайды, олар көрінбейді.
Бірақ ол көз торы мен теріге орасан зор әсер етеді және бүлдіреді. Күннің
ультракүлгін сәулелері атмосфераның жоғарғы қабаттарында нашар жүты-лады.
Сондықтан биік тауда қара шыны көзілдіріксіз және үзақ уақыт киімсіз қалуға
болмайды. Шыны ультракүлгін сәулелерді көп жұтады. Сондықтан көрінетін
спектрге арналған мөлдір шыны көзілдірік те көзді ультракүлгін сәулелерден
қорғайды.
Дегенмен, ультракүлгін сәуле-лердің аз_мөлшерінің емдік әсері бар.
Сондықтан, әсіресе жас кезде күн көзінде шамалап болу пайдалы: уль-
тракүлгін ^әулелер организмнің өсуіне және нығаютіГсййГтагізёдіГ Тері
тканіне тікелей ^сёршен басқа (қор-ғаныш пигмент — күнге то-тығудың £)2
витаминінің пайда бо-луы), ультракүлгін сәулелер ор-ганизмдегі тір-шілікке
қажетті функ-циялардың жүмысын жақсарта-ды, орталық нерв жүйесіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ньютон ашқан дисперсия құбылысы
Орта мектепте «жарық дисперсиясы» тақырыбын оқыту әдістемесі
Жарықтың толқындық қасиеттері
Жарық шоғы және жарық сәулелері
Жарық пен заттың өзара әсерлесуі
Голография туралы түсінік және оны фармацияда қолдану
Жарық интерференциясы
Жарықтың шашырауы
Оптика жайлы ұғым
Сұйықтардың сыну көрсеткішін өлшеу
Пәндер