Жауап алудың түсінігі, маңызы және түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жауап алудың түсінігі, маңызы және түрлері

Жоспар

Кіріспе

1. Жауап алудың түсінігі және оның маңызы
2. Жауап алудың психологиялық ерекшеліктері
3. Жауап алудың түрлері:
А) жәбірленушіден жауап алу тактикасы
Б) сезікті мен айыпталушыдан жауап алу тактикасы
В) кәмелетке толмағандардан жауап алу

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет

Кіріспе

Жауап алу қылмыстық іс жүргізудегі ең маңызды және ең жиі
қолданылатын тергеу әрекеттері қатарына жатады. Сезікті, айыпиалушы,
жбірленуші, куәлерден тиісті уақытта тактикалық тұрғыдан дұрыс жауап
алу көп жағдайда қылмыстық істің ары қарайғы барысын анықтап жатады.
Криминалисттік тактиканың ең маңызды институттарының бірі
жауап алу тактикасы болып келеді.
Бүгінгі күні өкінішке орай тәжірибеде қылмыстық процессуалдық
заңмен белгіленген тәртібі бұзылуда, жауап алуда жауап алынушыға
қатысты заңсыз әсер ету әдістері қолдануда. Сонымен қоса, қоғамның
құқықтық санасының төмен болуына және адамдардың өз құқықтарын толық
білмеуіне байланысты жауап алуда жетекші сұрақтарды қолдану жағдайлары
жиіленуде.
Сондықтан жауап алудың криминалистік сипаттамасын зерттеу
бүгінгі күні өте өзекті, жетілдіруді қажет ететін мәселелердің бірі
деп санаймын.

1. Жауап алудың түсінігі және оның маңызы

Қылмыс іс жүргізудегі жауап алу тергеу әрекеттерінің ішінен
ең көп тараған тергеу әрекеттерінің қатарына жатады. Жауап алудың
мәні жауап алынатын адамдардан кейін оны тергеп тексеру үшін қылмыс
туралы кез келген мәліметтерді алу болып табылады. Бір қарағанда
жауап алу оңай тергеу әрекеті болып көрінгенімен ол өте қиын,
кұрделі, еңбекті талап ететін, көп жоспарлы және көпқырлы тергеу
әрекеті болып табылады және тергеушіден көп кәсіптілік пен шеберлікті
талап етеді.
Жауап алу тергеу әрекетін тиімді жүргізіп одан оңтайлы
нәтиже алу үшін тергеушіге жауап алынушылардың психологиясын жақсы
білу керек, олармен дұрыс және күшті қарым-қатынас жасай алу керек,
нақты жағдайға, жауап алынушының жеке тұлғасына және істе бар
дәлелдемелерге байланысты тергеу жағдайын өз қолына алып, нақты және
дұрыс тактикалық және психологиялық әсер ету әдістерін жетік меңгеруі
керек.
Жалпы жауап алу – белгілі бір тұлғадан (жәбірленуші, сезікті,
айыпталушы, куә және т.б.) қылмыстық іске маңызы бар ақпараттарды алу
процессі. Жауап алу күрделі процесс және ол өте жиі қоданылады, барлық
қылмыстар бойынша жүзеге асырылатын тереу әрекеті болып табылады.
Жауап алудың жалпы мақсаты барлық жауап алынушы субъектілерден
оларға белгілі тергелуші жағдай байланысты барлық дұрыс мәліметтерді
алу болып келеді. Алынған мәліметтердің толықтығы мен дұрыстылығы өте
маңызды мәселелердің бірі болып келеді, өйткені жауап беруші тұлға
жағдайды дұрыс айтып бергісі келгенде де барлық жағдайда тергеліп
жатқан жағдайға байланысты барлық мәліметтерді толық және дұрыс бере
алмайды.[1] Сонымен қоса жауап берші адам нақыты жағдай туралы
қасақана емес қателесіп, дұрыс емес ақпараттар беруі мүмкін, ал бұл өз
кезегінде тергеудің ары қарайғы тағдыры мен бағытына әсер етеді,
кінәлі емес адамдар қылмысты жауаптылыққа тартылып кетуі мүмкін.
Жауап беруші қасақана жалған жауап бергенде, нақты бір
жағдайларды айипағанда, жауап беруден бас тартқанда, тергеушіге
объективті тергеу жүргізуге кедергі жасағанда бұдан да қиын жағдай
болады. Міне осының бәрі жауап алу тергеу әрекетінің маңыздылығын
көрсетеді.
Жауап берушінің берген мәліметтері жауап алынып болғаннан кейін
ғана емес, жауап алыну барысында да нақты анализден өткізілуі керек.
Жауап алу кезінде ең басты жауаптың ішкі мазмұнына түңіле білу
керек, оны алдында берілген жауаптармен және жиналған дәлелдемелермен
салыстыруды жүргізу керек. Ал бұның бәрі тергеушіден көп
шеберлікті қажет етеді.
Жауаптарда әртүрлі жетспеушіліктер, анықтылық еместіктер болуы
мүмкін, оларды басынан жалғнадық деп бағалауға болмайды, оның бәрі
жанжауап алужақты анализденуі керек. Жалпы жауап берушінің берген
жауаптарының қалптасы кезеңдері болады:
1. Белгілі бір жағдайладың жиналуы және адамның оларды
қабылдауы. Жауаптың қалыптасуының психологиялық процессі адамның
сезінуінен басталады, ол қоршаған ортаның заттардың және құбылыстардың
қасиеттерін сезінеді. Ондай көрініс қабылдану деп аталады. Қабылдану
оймен, ойлаумен, заттар мен құбылыстардың мәнін түсінумен сипатталады.
Жауап алу кезінде толық және дұрыс мәліметерді алуға әсер
ететін объективтік және субъективтік факторларға көңіл бөлінуі керек.
Объективті факторларға қабылдаудың сырқы шарттары жатады: жағдайлардың
тезділігі, жарықтықтың жетіспеуі немесе қатты жарық болуы, шулардың
болуы, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың болуы. Субъективтік
факторларға физикалық дектілерді жатқызамыз, яғни шаршау, толқу немесе
ауыру жағдайында қабылдау қасиетінің төмендеуі.
2. Мәліметтерді белгілеу және сақтау. Есте сақтау қабылдау
сияқты тұрақтыц болмайды. Ол субъектінің мақсатына, қызметі ниетіне,
жекеше ерекшеліктеріне байланысты.
Нақты бір жағдайладың ерекшелігі, төтеншілі және нақты бір
жағдайдан өтіп кету керектігі өзінінен өзі ниетсіз есте сақтауға
әкеледі. Бірақ адам одан жауап алынуы мүмкін екендігін біліп, нақты
бір жағдайларды есіне сақтайды ( мысалы, машинаның номерін жаттап алады,
қылмыскердің киімін есіне сақтайды).
3. Қылмыстық іске қатысты мән жайларды есіне түсіру және
ждауап алуда оны айту. Адамды жауап алуға шақыру нақты бір
әрекеттерді есіне түсіруге әкеледі. Субъект өз ойында боллған нәрсені
есіне түсіреді, оларды қайта жаңғыртады. Жауап алу барысында болған
мән жайды қайта жаңғыртуға толқулар кедергі келтіру мүмкін. Сондықтан
жауап берушіге тиімді психологиялық атмосфера қалыптастырып, оған
жағдайларды есіне түсіруге көмектесу керек.
4. Мәліметтерді тергеуші қабылдауда пайда болуы мүмкін
дефектілер. Тергеушінің асығуы, объективті қарамауы, бір болжамға көп
көңіл бөліп кетуі оған бір жағдайларды есіне сақтап, бағалап,
хаттамаға түсіруге кедергі жасауы мүмкін. Ондай болмас үшін,
жауаптарды толық және дұрыс фиксациялау үшін нақты эпизодттар бойынша,
сатылар бойынша жауап алу керек. Қателіктерм болмау үшін және
жауаптарды ұмытып қалмау үшін дыбыс жазба құралдарын қолдану керек.
Жауап алуда толық және дұрыс мәліметтер алудың керекті
шарты жауап алуға түпкілікті дайындалу болып табылады. Дайындық өзіне:
1) қылмыстық іс материалдарын арнайы зерттеу; 2) жауап алуға керек
мәселелер шеңберін анықтау; 3) жауап алынушының психолг иялық
ерекшеліктерін, іске деген көзқарсын, басқа қатысушылармен қарым-
қатынасын анықтау; 4) дәлелдемелермен танысу және оларды жауап алуға
пайдалануға дайындау; 5) жауап алуға заңмен көрсетілген тұлғалардың
қатысуын қамтамасыз ету және қажет болса, мамандарды тарту; 5) дауыс
және бейне жазбаны қолданған кезде керекті ғылыми-техникалық құралдарды
дайындау.
Жауап алуға дайындала отырып тергеуші сұрақтардың
формулировкасы мен олардың кезектілігін анықтап алу тиіс. Ол жауап
берушінің қандай жауап беретініне болжам жасап, өз аргуметтерінің
варианттарын дайындау керек. Егер іс бойынша бірнеше адамнан жауап
алу керек болса олардың да кзектілігін анықтап алған жөн. жалпы ереже
бойынша бірінші кезекті көп мәліметтерді біледі деген адамдардан
жауап алынады. Сезікті оған әсер етпес үшін басқалардан бұрын сізіктіге
тәуелді адамдардан жауап алынады. бірнеше айыпталушы блған кезде
бірінші болып дұрыс жауап береді дегеннен жауап алынады.

2. Жауап алудың психологиялық ерекшеліктері

Кез келген жауап нақты қылмыс туралы мәлімет алу
мақсатынада жүргізіледі. Жауап алу – заңмен регламенттелген,
әріптестілік, қарама-қайшылық, психологиялық күрес түрінде өтетін қарым-
қатынастың спецификалық нысаны.
Жауап алудағы қатынас өзра бірлестікте жүзеге асырылады, онда
жауап алынушыдан басқа тұлғалар қатысады (қорғаушы, маман, сарапшы,
аудармашы, педогог, заңды өкілдер). Кез келген қатынаста мәліметтер
ауыстыру, түсіндіру, өзара бағалау болады. Бірақ мұнда бастапқы роль
жауап алуды жүзеге асыратын адамға беріледі. Тергеуші қылмыстық іс
жүргізу заңы бойынша тергеу әрекетін жүргізудің тәртібін белгілейді,
басқа қатысушылардың қатысу дәрежесін белгілеп, олардың іс
әрекеттерін жөндеп отырады.
Жауап алудың тиімді болуына оның коммуникативтік жағы әсер
етеді, яғни, тергеу әрекетіндегі жалпы қатысқа тиімді атмосфера,
психологиялық контакттің болуы. Психологиялық контакт – ондағы қатысушылар
бір біріне өзара мәлімет ауысуға дайын болатын өзара қатынас дәрежесі.
Психологиялық қатынас орнату – тергеу әркетінде өзара тиімді
психологиялық атмосфера жасау, онда жауап алынушы диалогке қатысуға
іштей және психологиялық дайын болады, онда жауап беруші
конфликтілік жағдайда да шындықты жасырғысы келсе де, қате жауап
бергісі келсе де сұрақ қоюшының сұрақтарын тыңдауға, ұсынған
аргументтерін және дәлелдемелерді қабылдауға дайын болады.
Психологиялық контактінің қалыптасуына тергеушінің
коммуникабельділігі әсер етеді, яғни адамды өзіне қарату қабілетілігі,
жауап алынушының жеке қасиеттеріне байланысты қатынастың дұрыс ырғағын
таңдау және дұрыс жауап беруге тарту қабілеттілігі. Психологиялық
контакт орнатқан кезде тергеушінің шын пейілдігі, нақтылығы,
объективтілігі, нақты тыңдауға дайындылығы көп әсер етеді.
Тергеуші жауап алу кезенде психологиялық әсер етуді қолдануы
мүмкін. Психологиялық әсер ету қарама қайшылық жағдайында, жауап беруші,
жауап беруден бас тартқанда, оған белгілі мән-жайларды жасырғанда,
тергеуге кедергі жасағанда қолданылады. Психологиялық әсер етудің мәні
жауап алуынушының психикалық процесстерін, оның субъектік позициясын
өзгерту, оны дұрыс жауап беруге сендіру, тергеуге шындыққа жетуге
көметесу.
Бірақ қанша айтқанмен де психологиялық әсер ету қылмыстық
процессуалдық заңның шеңберінде жүзеге асырылуы керек. Мысалы жалпы
ереже бойынша, жауап алынушы адамға күш көрсетуге, қорқытуға және
өзге де заңныз әрекеттермен әсер етуге болмайды. Сонымен қоса, алдауға
негізделген әдістерді қолдануға болмайды.
Жауап алуда сендіру әдісі ерекше орын алады. Оның мәні
жауап алынатын адамның тұлғасына өзіне критикалық ойлауға мүмкіндік
беру арқылы әсер ету.
Психологиялық әсер ету әдістері әрқашан тиімді болған, жасырып
отырған мәліметтерді беруге әкелгенде қолданылуы керек.[2]
3. Жауап алудың түрлері

Жауап алуды бірнеше неіздер бойынша классификациялап,
түрлерге бөлуге болады. Жауап алу процессіне қатысушыларға байланысты:
1) үшінші тұлғалар қатысуымен;
2) үшінші тұлғалар қатысуынсыз.
Жауап алу барысында туындайтын ситуацияларға байланысты:
1) қайшылықты;
2) қайшылықсыз.
Жауап алу орнына бацйланысты:
1) тергеу органдарында жүргізілетін;
2) жауап берушінің орнында жүргізілетін жауап алу.
Жауап алынушының процессуалдық жағдайына байланысты:
1) жәбірленушіден жауап алу;
2) куәдан жауап алу;
3) сезікті мен айыпталушыдан жауап алу;
4) маманнан жауап алу;
5) кәмелетке толмағандардан жауап алу.
Енді жауап алудың жауап алынушының процессуалдық тұлғасына
байланысты классификацияның кейбір түрлерін қарастырайық.

А) Жәбірленушіден жауап алу тактикасы
Жәбірленуші жауап алудың спецификалық субъектісі болып
табылады. Оның жағдайы көпшілік жағдайда оған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында шешілетін міндеттер
Алдын ала тергеуді, анықтауды және жедел іздестіру қызметің жүзеге асыратың органдар
Қазақстан Республикасындағы анықтау органдарының түсінігі, құрылымы және өкілеттілігі
Куәнің жауаптары
Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық әдістері
Тергеу әрекеттерінің түрлері
Беттестіру жүргізудің-техника криминалистикалық және тактика криминалистикалық аспектілері
Жауап алу түсінігі, міндеті және түрлері
Меншікке қарсы қылмыстырдың жауап алу ерекшелігі
ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы пәні бойынша дәрістер конспектісі
Пәндер