Ақпаратты алу және тарату құқығы


Ақпаратты алу және тарату құқығы
Жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстары бар ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен және шарттарда жеке және (немесе) заңды тұлғалардың сауалы бойынша оларды қызықтыратын ақпаратты ұсынуға міндетті.
Жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстардағы ақпаратты беруден негізсіз бас тартуға сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Сауал негізінде электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету
Электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мынадай тәсілдердің бірімен:
1) электрондық почтаны пайдалана отырып немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында сауалды беру жолымен;
2) пайдаланушының жалпыға бірдей қолжетімді ақпараттық ресурстарға тікелей өтінімі арқылы ақпараттық жүйенің меншік иесіне немесе иеленушісіне сауалды жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберілген сауал, қағаз жүзінде жіберілген және сауалды жіберген тұлғаның түпнұсқа қолы қойылған сауалға теңестіріледі. Мұндай сауалдар ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленушісі белгілеген іс қағаздарын жүргізу ережелеріне сәйкес тіркеуге жатады.
Сауалға қойылатын талаптар
Электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуге рұқсат алуға арналған сауалда мынадай мәліметтер:
1) ақпаратты сұратқан тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты;
2) заңды тұлға атынан сауалмен жүгінген кезде - заңды тұлғаның толық атауы, сауалмен жүгінген тұлғаның лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты;
3) сауалмен жүгінген адамның байланыс деректері (почталық мекенжайы немесе электрондық почта мекенжайы, не телефонның немесе телефакстің нөмірі), олар арқылы ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе оны иеленушісі электрондық ақпараттық ресурстарды беруі немесе ақпаратты сұратқан тұлғамен байланысуы мүмкін;
4) сұратылған электрондық ақпараттық ресурстың мазмұны, құжаттың атауы мен мазмұны немесе оған белгілі құжаттың деректемелері;
5) сауалды орындау үшін қажетті өзге де мәліметтер;
6) сауалды орындаудың тілекке сай тәсілі көрсетіледі.
Егер тұлға электрондық ақпараттық ресурстарды өзі туралы не заңды тұлғаның атынан сол заңды тұлға туралы электрондық ақпараттық ресурстарды беру туралы сұратса, онда ол сауалда өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерін және (немесе) оған қатысты сауал жіберілген заңды тұлғада атқаратын лауазымын көрсетуге міндетті.
Сауалды орындау мерзімдері
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, сауал түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалады.
Осы Заңда белгіленген қарау мерзімдері сауал тіркелгеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Егер ақпараттық жүйенің меншік иесіне немесе иеленушісіне сауалдың мәнін нақтылау қажет болса немесе егер сұратылған электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну үшін қосымша уақыт талап етілетін болса, онда ол сауалды орындау мерзімін он бес жұмыс күніне дейін ұзарта алады. Бұл ретте ол дәлелдерін көрсете отырып, мерзімінің ұзартылатыны туралы сұрау салған адамды бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
Сауалды орындалды деп тану
Электрондық ақпараттық ресурстарды беру туралы сауал, егер:
1) электрондық ақпараттық ресурс осы Заңда көзделген тәсілмен сұратушы тұлғаға берілсе;
2) сауал қажеттігіне қарай берілсе және бұл туралы электрондық ақпараттық ресурсты сұратушы тұлғаға хабарланса;
3) сауал жіберілген тұлғаға ашық көздерде жарияланған ақпаратпен танысу мүмкіндігі түсіндірілсе, орындалды деп есептеледі.
Ашық көздерде жарияланған ақпарат туралы хабарлама
Егер сұратылған электрондық ақпараттық ресурстар ашық көздерде жарияланса, онда ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленушісі сұратылған электрондық ақпараттық ресурсты бермей, сұратылған электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу тәсілдері мен орны туралы мәліметтерді оған бір мезгілде жібере отырып, сауал жіберген тұлғаны бұл туралы бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге құқылы.
Сауалды орындаудан бас тарту
Егер:
1) сұратылған электрондық ақпараттық ресурсқа қатысты қол жетімділікке шектеулер болғанда және сауал жіберген тұлғаның сұратылған электрондық ақпараттық ресурсқа қол жеткізу құқығы болмаса;
2) сұратылған электрондық ақпараттық ресурс болмаса және кімнің иелігінде екені оған белгісіз болса;
3) сауалдың мәнін нақтылау кезінде сұрау салушы тұлғаның нақты қандай электрондық ақпараттық ресурсты беру туралы өтінім жасағанын анықтау мүмкін болмағанда;
4) электрондық ақпараттық ресурсты сұратушы тұлға сауалды орындау шығыстарын төлемесе, егер шығыстарды төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделсе;
5) сауал осы Заңның 36-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленушісі сауалды орындаудан бас тартады.
Ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленушісі сұрау салған тұлғаны осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша сауалды орындаудан бас тартатыны туралы бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz