Қазақстан Республикасында меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе3

1-тарау. Жеке меншіктің түсінігі мен мәні4

1. 1. Жеке меншік ұғымы4

1. 2. Тарихи диалектикадағы меншік ұғымы5

К. Маркс пен монетаристтердің түсінігінше меншіктің даму жолдары5

Меншіктің құрамдық анализі6

Меншіктің дифференциациясына еңбек құралдарының ықпалы6

2-тарау. Жеке меншік құқығын реттеу7

2. 1. Меншік құқығы7

2. 2. Иеленушінің құқықтары: потенциалды және реалды9

Қоғамдық шектеулер10

Құқықты өзін өзі шектеу11

3-тарау. Қазақстан Республикасында меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру

3. 1. Қазақстан Республикасы жекешелендіру процесінің
ерекшеліктері және нәтижелері . . . 19

3. 2. Қазақстан Республикасында меншік қатынастарын

өзгертудің проблемалары . . . 24

Қорытынды28

Қолданылған әдебиеттер тізімі30

Кіріспе

Нарықтық экономиканы қалыптастыру жолында мемлекеттік меншікті жекешелендіру және оны мемлекет иелігінен алу аса маңызды тәжірибелік іс. Іс тәжірибеде және теорияда терең зерттеп, саралауды талап ететін құбылыстардың қатарына меншік ұғымы мен жүйесінің ішкі даму заңдылықтарын және түр өзгерістерінің себеп-салдары байланысын анықтау болып табылады.

Еліміз бастан кешіп отырған өтпелі кезеңдегі ең негізгі мақсат - мемлекеттік меншікті түбірінен өзгерту арқылы, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі жаңарту процесі болып табылады. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу құбылысы, оның түрлері мен кезеңдерінің ара қатынасы әр түрлі.

Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік меншік пен оның қызметтерін жеке секторға толық және жарым-жартылай өткізудің 22 тәсілі бар екен. Алайда ешқандай елде мемлекеттік меншікті жаппай жекешелендіру классикалық түрде жүзеге асқан жоқ. Осы тұрғыдан алғанда, экономикалық теорияда мемлекеттік меншіктің іс-әрекет ету механизмін ғылыми зерделеу арқылы оның жүзеге асырылу механизмдерін талдаудан туындайтын кешенді, жан-жақты негізделген жекешелендіру жолдарын, әдіс-тәсілдерін, түрлерін қарастыру, елімізде жүзеге асырылып жатқан кешенді шаралардың бағыт-бағдарын айқындау осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты.

Еліміз егемендік алған 14 жылдың ішінде жеке меншіктің қалыптасуы бірқатар өзгерістерді басынан кешірді. Қазақстанда жеке меншіктің қалыптасуы туралы әр түрлі ғылыми еңбектер жазылды, пікірталастар болды. Осы бағыттағы алғашқы ғылыми ізденістердің бағыт-бағдарын айқандап берген еңбек ел Президентінің «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы болды.

Қазақстанда жеке меншіктің қалыптасуы жайлы соңғы кезде бірқатар монографиялар, мақалалар жазылғанымен, жеке меншіктің қалыптасуы туралы ғылыми еңбектердің сиректігі, ой-пікірлердің әр түрлілігі, осы тақырыпты таңдап алуға түрткі болды.

Осы курстық жұмыста жеке меншік пен оны мемлекеттік реттеу сұрақтары қарастырылады.

1-тарау. Жеке меншіктің түсінігі мен мәні

1. 1. Жеке меншік ұғымы

Жеке меншік - бұл жеке адамдар немесе адамдар тобына экономикалық ресурстарды және өмір қажеттілігіне бақылау жасау құқығын бекіту. Жеке меншік, белгілі бір объектілерді (капитал, жер, кіріс, соңғы тауарлар және т. б. ) бақылау құқығын иеленушілер қатарына жатпайтын басқа тұлғалардан белгілі бір бөлінушілікті білдіреді. Олардың барлығы жекеленген болып табылады және нақты иеленушіге ие.

Қазіргі заңдарға сәйкес, жеке тұлға өзінің иесіндегі мүліктермен, басқа заңдар мен басқа да нормативті-құқықтық актілерге қайшы келмейтін, кез келген әрекетер жасауға құқығы бар. Бірақ та ол заңдарға және басқа тұлғалардың құқықтар мен міндеттерге қайшы келмеу керек. Азамат өз мүлкін, мүлік иесі болып қала отырып, басқа біреуге беруге, басқа біреуді өз мүліктің иесі болдыруға және басқа да жолдармен мүліктің тағдырын шешуге құқығы бар.

Жекеленген иелендірудің екі түрі бар:

а) Өзі еңбек ететін адамның өндіріс құралдарына меншік;

ә) Басқа біреудің еңбегін пайдаланатын тұлғаның мүліктік өндіріс шартына меншік;

Жеке меншіктің бірінші түріне шаруалар, қолөнершілер, басқа да өз еңбегімен өмір сүретін адамдар жатады. Экономикалық заң бойынша жекеменшіктің

Бір адам келесі бір іскер адам мен материалдық қызығушылығы арқылы келіссөз жүргізсе бұл экономикалық жағдай туғызады. Екінші түргде үлкен шаруашылық яғни көптеген жұмыскерлері бар кәсіпорындарды жатқызамыз.

Жеке меншікті пайдалануда экономикалық жүйенің аралас базалық элементтер кездеседі. Капиталдың көп бөлігі жеке иелігінде. Капиталға жеке меншік, өндірілген тауарлар, алынған кірістер бос кәсіпкерлік жүйенің маңызды шарттары болып табылады.

Жеке меншікткң келесі түрлері бар:

  1. Жеке немесе жанұялық меншік- меншік объектісін бақылау құқығы міндетті түрде жеке адамда немесе жаұяда болады. Осы нысанда, мысалы, шаруалық меншіктер, дүкендер, кафе, шеберханалар құруға мүмкіндік бар. Оны кейде біріктірілмеген меншік деп те атайды.
  2. Ортақ меншік- біріктірілген жеке меншік, мұнда бақылау құқығы, бақылау тәсіліне алдын ала келісілген субъектер тобына жатады. Осы субъекттер қосылып иеленуші немесе юөлікшілер деп аталады - олардың әрқайсысына меншік объектісінің белгілі бір бөлігі бекітіледі. Осы бөліктің үлесі көбінесе ақшалай қатынаспен есептелінеді. Қаржылық және басқа да артықшылдықтар болғандықтан, қазіргі өнеркәсіптердің көбісі осы нысанды пайдаланады.
  3. Акционерлік меншік- ол да ортақ меншік болып табылады. Бірақ та оның өте үлесті айырмашылықтар бар, сондықтан оны ортақ меншіктен бөлек қарастыруға болады. Акционер - ол өнеркәсіптің капиталына белгілі бір үлесін қосып, өзіне иеленуші белгісін: құнды қағаз - акцияны алған адам. Өнеркәсіп жұмыс істеген кезде, акционерлік меншік ешқашан да физикалық түрде бөлінбейді, ол тек белгілі бір акцияларды өз меншігінен шығару (яғни сату және сатып алу) кезінде ғана жойылады немесе сатып алынады.
  4. Қоғамдық өнеркәсіптердің меншігі -бұл белгілі бір қоғамдық ұйымдарға (саяси партиялар, кәсіподақтар, интернационалисттер одағы және т. б. ) біріккен бір топ адамдардың меншігі. Бұл жеке-жеке бөлінбеген меншіктің түрі, яғни мұнда меншік иелерінің арасында олардың иесіндегі мүліктің нақты үлесі белгіленбейді. Сондықтан осы нысандағы объектілер жекеленген бөліктерге бөлінбейді.

1. 2. Тарихи диалектикадағы меншік ұғымы

К. Маркс пен монетаристтердің түсінігінше меншіктің даму жолдары

Теоретикалық жақтан қарағанда К. Маркс меншік ұғымының өткен күндері мен келешекті түсінушілігінде канттық априор категориясын емес, гегелдік жоқтауды жоқтау заңын пайдаланғаны түсінікті. Ал практикалық жағдайда, К. Маркстің болжауы, батыс елдеріндегі мемлекеттік реттеудің экономикаға тікелей әсерін тигізетіні туралы дұрыс болып шықты.

Ал монетаристтердің басқа концепциясы, яғни 70-80 жж. бос кәсіпкерлік нәтижесіндегі нарықтың автоматизациясы, тек экономикаға мемлекеттік реттеудің тимеу керектігі жоққа шығарылды. Осыдан барып кейнсиандық пен монетаризм екеуі эмперикалық мтод «көріп қателесудың» қарама-қарсы жақтарының көрінісі.

Меншіктің аспектілеріндегі, типтердегі, нысандарындағы және түрлеріндегі анықтамаларында, байланысында және қателігінде қайшылықтарды тудырмау үшін оларды жүйелендіру керек.

К. Маркстің түсінігі бойынша меншік экономикалық және құқықтық аспектілерге ие және олар белгілі бір экономикалық дәуірде бөлінбейді.

Меншіктің құрамдық анализі

Құрамдық анализ болғандықтан, негіз беп құбылыс ұғымдарын мазмұн мен нысан ұғымдарымен шатастыруға болмайды. Егер біз К. Маркс сияқты меншікті адамдар және өндіріс құралдары мен тұтыну құралдары арасындағы қатынас десек, әрине бұл анықтамада меншіктің ұғымы туралы айтылады. Олай болса меншіктің нағыз мәні неде?

Меншік түсігіне ең жақын мәнді анықтайтын болсақ, ол осы меншіктік қатынастардың қандай екенін көрсету керек. Нақты айтқанда бұл адамдар арасындағы ақылы немесе ақысыз өндіріс түрлері бойынша бірігуімен байланысты қатынастар болады. Ал егер өндірістік емес, тұтынушылық меншік туралы айтатын болсақ, материалдық қажеттіліктерді ақылы немесе ақысыз қанағаттандырумен байланысты қатынастар болады.

Егер де феодалдық немесе құлиеленушілік дәуірдегі өндіріс туралы айтатын болсақ, жалпылық, жеке және ортақ меншіктің материалдық-объективтік бөлігіне еңбек күшін және оның тасушысын - адамды, жатқызу керек. Басқа жағдайларда, құлдарды және шаруаларды тиімді еңбекке «экономикадан тыс міндеттеудің» мәнін жатқызамыз.

Меншіктің дифференциациясына еңбек құралдарының ықпалы

Еңбекші малдардың, жер мен металды еңбек құралдардың пайда болумен, алғашқы қауымның жанұялық өндірістік бірліктеріне бөлінуі басталады, жекешеліктің бөлініп шығу тарихы басталады.

2-тарау. Жеке меншік құқығын реттеу

2. 1. Меншік құқығы

Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтан да меншік құқығы құқық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен шығатын экономикалық категория деп тусіну керек.

Меншік дегеніміздің өзі материалдык игіліктерді - табиғаттың өнімдері мен еңбекті - меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады.

Сонымен, меншік затты иелену, меншіктену екен, оның өзі заттың пайдалы қасиеттеріне орай жүзеге асады, демек, оны меншіктенген соң өндіріс барысында пайдаланып, оған билік етіледі. Меншіктің экономикалық қатынасы құқық нормаларымен реттеліп, меншік құқығына айналады.

Меншік иесіне мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқықтары тиесілі.

Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иеленудің жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету, яғни айтқанда тұлғаның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізудің мүмкіншілігі.

Заң иеленуді заңды, заңсыз, адал ниетті және арам ниеттінен бөледі. Егер мүлікті иелену занды негізде жасаса, онда ол занды иелену болып табылады. Яғни құқық негізінде меншік құқығы жүзеге асырылуы тиіс. Затты (мүлікті) заңсыз иелену, егер оны зорлықпен немесе заңнан жасырын жасаса, немесе заңсыз иеленуші затты кездейсоқ иеленіп, оны қайтару жөніндегі талапты құлағына ілмесе, бұл да құқық бұзу деп есептеледі.

Сондай-ақ иеленуші иеленген затының заңсыз екендігін білсе, білуге тиісті болса, онда ол арам ниетті иеленуші делінген. Қарсы жақ өзінің талабын дәлелдемейінше, зат иеленуші адал алушы қатарына жатады (АК-тің 261-бабы) . Ал, керісінше, егерде мүлік оны иеліктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегін алынып, алушы мұны білмесе және білуге тиіс болмаса (адал алушы), мүлікті меншік иесі немесе меншік иесі мүлікті иеленуге берген адам жоғалтқан не мұның екеуінен де үрланған, не олардың иеленуінен бүрын бұлардың еркінен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншік иесі бұл мүлікті алушъщан талап етіп аддыруға құқылы.

Пайдалану құқығы дегеніміз - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін (АК-тің 188-бабының 2-тармағы) .

Пайдаланудың өкілеттік құқығынан жай пайдалануды ажырата білу керек. Пайдаланудың өкілеттік құқығы - затты пайдалануға құқықты қамтамасыз ететін меншік құқыгы субъектісінің өкілеттілігі. Пайдалану - осы құқықты жүзеге асыру болып табынады, яғни затты нақты пайдаланып немесе оны қашан кіріс алғанша тұтыну.

Меншік иесі өзінің пайдаланудың өкілеттік құқығын қалай жүзеге асыруды өзі шешеді. Бірақ та, Конституцияның 6-бабын бұрмаламауы тиіс, яғни меншікті пайдалану қоғамдық игілікке қарсы келмеуі керек. Демек, қоғамдық маңызы бар объектіні пайдаланганда, меншік иесі тек өзінің ғана емес, қоғамның да мүддесін ойлауына тура келеді. Мысалы, қазақ өнерінің көрнекті шығармаларын, айталық мүрагер меншік иесі ретінде бұлдірмеуге міндетті. Меншік иесі басқа тұлғаға өзінің пайдалану құқығын беруіне хақылы (мысалы, жалға, арендаға беру т. б. ) . Пайдалануға өкілеттік алған тұлға оны өзі үшін пайдалана бастайды (мысалы, затты пайдалану, өнім алу) . Мұндай жағдайда меншік иесі өзінің өкілеттігіне сәйкес табысты жанама жолмен түсіреді, айталық, затты пайдаланудан түскен кірісті иеленеді, немесе белгілі бір пайызды еншілейді.

Заң негізінде немесе басқа да құқылық құжаттарға орай меншік иесі өкілеттігінен айрылуы не құқығы шектелуі мүмкін. Мәселен, тұрғын үйді не оның бір бөлігін тұрғын жай мақсатынан тыс пайдалану жағдайы заң арқылы жүзеге асады ("Түрғын үй қатынастары туралы" Заңның 4-бабы) .

Билік ету құқыгы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі (АК-тің 188-бабының 2-тармағы) .

Билік етудің өкілеттігі меншік құқығының объектілеріне қатысты заңды мәмілелер жасауға өкілетті. Мысалы, меншік иесі өзінің меншік құқығын өзгеге беріп, кепіддік құқық жасап, жалға беруді жүзеге асырса, онда ол билік құқығын жүзеге асырғаны болып табылады. Билік ету құқығы арқылы мәмілелер жасалған кезде меншік иесінің құқығы өзгеге толықтай не жекелеген түрде өтеді (мысалы, арендаторға иелік ету және пайдалану құқықтары беріледі) . Билік етудің өкілеттігін жүзеге асырудың маңызды түрі меншік иесінің мүлікті өз иелігінен шығарып, басқа адамдарға беруі болып табылады.

Нарықта өз орнын табу үшін меншік иесіне билік ету қажет. Әдетте тауарлар ауыстыру үшін өндіріледі. Ауыстыру кезінде меншік иесінің кұқығы сатушыңан сатьт алушыға ауысадьі. Сондықтан да сатушы тауардың меншік иесі ретінде меншік құқығын өзгертуге мүмкіндік алуы тиіс. Билік ету құқыгын жүзеге асыру мақсаты меншіктің әр түрлі түрлеріне сәйкес келеді.

Билік ету құқығы затқа меншік иесі болын табылмайтын тұлға арқылы да жүзеге асады. Бұл заңның арнайы нұсқауымен болады, немесе меншік иесімен жасалған келісім-шарт негізінде болады.

Ауыртпалық жағдайы деп заттардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупін айтады. Иеліктен айрылған заттардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупі, егер заң құжаттарында немесе шартта ол өзгеше белгіленбесе, сатып алушыда меншік құқығы пайда болуымен бір мезгілде соған көшеді. Мүліктің бұлінуі не жойылуына байланысты қауіп басқа мезгілде заң немесе шарт негізінде сол мүлікті алушының мойнына жүктеледі. Мысалы, шарт жасаушылар ондай қауіпті шарт жасау кезінде алдын-ала ескереді (сатып алу-сату), ягни зат берілмей түрып, сатын алушыға меншік құқығы ауыспай түрғанда мәселенің басы ашылуы тиіс.

Екінші бір жағдай мерзімінің өтіп кетуіне байланьісты. Мәселен, егер иеліктен айьфушы адам заттарды беру мерзімінің өткізіліп жіберілуіне кінәлі болса немесе сатын алушы оларды қабылдау мерзімінің өткізіліп жіберілуіне кінәлі болса, кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бұліну қаупін мерзімін өткізіп жіберген тарап көтереді (АК-тің 190-бабының 2-тармағы) .

2. 2. Иеленушінің құқықтары: потенциалды және реалды

Иеленуші өзінің меншік объектісін бақылайды. Оның құқығы - объектің бағытын және қолдану тәсілін анықтау, тағдырын шешеу (сату, сыйға тарту, мұраға қалдыру және т. б) .

Сонымен қатар иеленушінің мүмкіндіктері, құқықтары белгілі бір тәртіппен шектеледі. Суретте бүкіл сектор (гризонталь бағыттағы бағытша) - бұл иеленушінің потенциалды құқықтары. Нақты жағдайды алып қарайтын болсақ, бағытша горизонтальды бағытта ешқашан да тұрмайды: бір жақтан қоғам мемлекетті пайдаланып, иеленушінің құқықтарын шектейді, ал екінші жақтан құқық иеленуші кейбір кездері өзінің құқықтарын өзі шектейді, яғни объектке құқық секторын азайтады. Енді осындай шектеулердің маңызын және мақсатын талдайық.

Қоғамдық шектеулер

Жеке меншік құқықтарына қоғам негіз салады. Соның нәтижесінде олар жеке иеленушілерінің мүмкі бола алатын потенциалды мүмкіншіліктерінен әрқашан да аз болады. Бұны экономикалық құбылыстың, жалпы адам өмірінің біріккен немесе қоғамдық мінезін талап етеді. Адамдардың өзара әріптестіктері бар жерде қоғамдық тәртіп нормативтері шектелмейді. Егер де біреу өзінің пәтерінде ағаш өңдейтін шеберхана ашуы дұрыс бола ма? Бұған жол берілмеу керек деп кез келген адам айтады және олардікі дұрыс болып шығады. Сонымен қатар өндірістің кір қалдықтарын Есіл өзеніне және басқа да су қоймаларына тастауға, санитарлық жағдайларға қайшы тоқаш пісіруге, есірткі өндірісін жүзеге асыру және порнографиямен шұғылдануға, әділетсіз бәсекелестік жүргізуге, квалификациялық деңгейі төмен адамдар сабақ беретіні жеке мектеп ашуға жол берілмейді.

Мемлекет салық арқылы табысты құруды реттейді, қызметтің кейбір түрлері үшін капиталды қолдануға тыйым салады, кейбір шеңберлерде лицензиялауды жүзеге асырады, мұра тәртібін бекітеді, техникалық қауіпсіздік жұмыстары және экология бойынша нормативтерді құрастырады. Жеке меншік иелігіндегі жер, ғимарат, тұрғын үйлер әлемдік тәжірибе көрсеткендей белгілі бір жолдар, жаңа ғимараттар салу қажеттілігі кезінде меншік иесіне компенсация төлей отырып, заңды түрде иелігінен алынады. Сондақтан жеке менші алынбайтын қамал болып саналмайды, бірақ та оны әртүрлі экономикалық мүдделердің тиімді өзара әрекет етуі үшін жағдайлар жасайды және қолдайды, қорғайды.

Құқықты өзін өзі шектеу

Менші иесі сырттан мәжбүрлеусіз ерікті түрде меншік объектісіне өзінің құқықтарын шектей алады. Меншік иесінің осындай түсініксіз тәртібі немен түсіндіріледі және ол қандай нысанда орындалады?

Біріншіден, иеленуші объектіні басқа тұлғаға - кәсіпорын немесе жеке адамға жалға бере алады. Мысалы, жалға ғимараттар, құрал-жабдықтар, жер, көлік құралдары берілуі мүмкін. Жеке тұрғын құрылыстары бар, саябақтық және саяжайлық серіктестіктерде жерлері бар көптеген адамдар оны мемлекеттен мерзімсіз қолдану уақытына алған. Объектіні қолдануға немесе жалға бере отырып, меншік иесі өзінің сол меншікке құқығының жартысын береді. Меншік иесі мен қолданушы өзара келісімшарт жасасады, онда объектіні қолдану бағыттары келісіледі, бірақ та бұнда меншік иесі өзін бірқатар құқықтарынан ерікті түрде айырады. Оның тәртібінің уәждері (мативтері) әртүрлі болуы мүмкін: егер де мемлекет пен тұрғын құрылысына жерді табыстау туралы сөз болса, онда меншік иесі табыс түрінде тура экономикалық пайда алуды мақсат етпейді; ал егер де жалға капитал берілсе онда бұл меншік иесіне жалдық төлем түрінде табыс әкелу керек. Әрине, осындай операциялар арасында меншік иесінің экономикалық мүдделермен уәждендірілгендер басымдыққа ие.

Екіншіден, меншік иесі өзінің өкілеттіліктерінің жартысын жалдамалы басқарушы персоналдың менеджерлеріне табыстай алады. Менеджерлер меншік иесінің өндірістік және ақша капиталдарын тиімді қолдануға көмектеседі. Олар меншік объектісіне үлкен билікті алуы мүмкін, және бұл жағдайда меншік объектісін бақылаумен қоса бұл объектіні тиімді басқаратын менеджерлер қызметін бақылайды. Тиімділік кәсібилікті талап етеді, және бұл тек қана басқару саласында болады. Объектіге билікті жоғалта отырып, меншік иесі тиімділікте ұтады, үлкен экономикалық пайданы алады. Осыған ұқсас ой қорытындылары меншік иесі өзінің өкілеттіліктерін табыстау формасына - сенімділік операцияларына қолданылады. Бұндай операциялар мешік объектісін сенімділік басқаруды білдіреді (акциялармен, капиталмен, жылжымайтын мүліктермен, басқа да қаржылық активтермен) . Әдетте бұндай операциялармен мамандырылған ұйымдар айналысады. Трасттық операциялар жағдайы меншік құқығынан «өзіндік бас тартудың» әртүрлі дәрежесін білдіреді, әртүрлі уәждер меншік иесі шешімдері негізіне жатуы мүмкін. Бірақ та олардың әрекеттерінің мақсаттары әдетте сайкес келеді - меншік объектісінің «өзіндік басқару» жағайымен салыстырғанда үлкен экономикалық пайда алуға ұмтылады. Сол уақытта келісім операйиялар осы мақсатқа автоматты түрде жетуді қамтамасыз етпейді. Ол кепіл емес, - шанс.

Үшіншіден, меншік иесі өзінің меншік объектісін басқа тұлғалар объектісімен біріктіруі мүмкін. Мысалы, адамдар ұмтылыстарын, ресурстарын, ақшаларын біріктіріп, шаруашылық серіктестік нысандағы кәсіпорын құруы мүмкін. Оның әрбәр қатысушысы, әрине, меншік объектісіне өзінің құқықтарынан айрылады - ол енді жалпы басқаруға беріледі. Бұл жерде де адамжардың әрекеттері үлкен экономикалық пайданы іздеумен, өзінің табысын кеңейтумен байланысты. Құқықтарды жоғалта отырып ол үлке табыс түріндегі экономикалық компенсацияға сенеді.

Жеке меншік құқығы нарықтық экономикасы бар елдерде игіліктерді жеке алудың басты формасы болып табылады.

90-шы жылдардың басында Қазақстан Республикасында индивидуалды меншік құқығының орныныа жаңа меншік нысаны - «жеке меншік» енгізілді, бұл нарықтық реформаны жақтаушылардың жеңісі деп сананлды. Жаңа енгізілумен индивидуалды құқықтағы объектілер тізімінің өзгеруі шамалы болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жекешелендіру
Жекешелендірудің мәні, түрлері және қазақстандағы жекешелендіру үлгісі
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу туралы
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдіс тәсілдері
Қазақстан Республикасының жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
Азаматтық құқықтағы меншік құқықтарын құқықтық реттеу жүйесі
Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасуы. Қазақстандағы меншік қатынастарының артықшылықтары мен кемшіліктері
Қазақстандағы жекешелендірудің негізгі түрлері, әдістері, қорытындысы және қайшылықтары
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің қазақстандық үлгісі
Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасу мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz