Жекешелендiру туралы заңдар
Жекешелендiру туралы заңдар
1. Қазақстан Республикасының жекешелендiру туралы заңдары осы
Заңнан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге заң актiлерiнен,
жарлықтары мен өкiмдерiнен, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларынан
тұрады.
2. Уәкiлдi органдар осы Заңда және өзге де заң актiлерiнде көзделген
жағдайлар мен шектерде жекешелендiру жөнiндегi қатынастарды реттейтiн
актiлер шығара алады.
3. Мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарын, сондай-ақ мемлекеттiк
тұрғын үй қорының объектiлерiн жекешелендiрудiң ерекшелiктерi арнайы
заңдармен реттеледi.
4. Осы Заң Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен
реттелетiн мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқықтарын iске
асыру жөнiндегi құқықтық қатынастарды реттемейдi.
5. Мемлекеттiк заттай гранттар Қазақстан Республикасының заңды
тұлғаларына Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында
көзделген тәртiппен және жағдайларда берiледi
Жекешелендiрудi жүргiзудiң негiзгi принциптерi
Жекешелендiрудi жүргiзген кезде негiзгi принциптер жариялылық,
бәсекелестiк, құқықтық сабақтастық, лауазым иелерiнiң жекешелендiрудi
жүргiзудiң заңдылығына жауапкершiлiгi және сатуға шығарылатын объектiлер
туралы берiлген мағлұматтардың растығы болып табылады.
Жекешелендiру субъектiлерi
1. Жекешелендiру субъектiлерi сатушы және сатып алушы болып
табылады.
2. Сатушы жекешелендiрудi жүргiзуге уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк
орган.
3. Сатып алушы – жекешелендiру барысында мүлiктi сатып алатын жеке
тұлға, мемлекеттiк емес заңды тұлға немесе шетелдiк заңды тұлға.
Сатып алушы жағынан бiрнеше тұлға қатысқан жағдайда олар бiрлесiп iс-
қимыл жасайды.
4. Жүзеге асырылуы жекешелендіру объектісін сату шарты болып
табылатын қызмет түрлерімен айналысуға Қазақстан Республикасының заң
актілеріне немесе құрылтай құжаттарына сәйкес құқығы жоқ заңды тұлғалар
жекешелендіру кезінде сатып алушы бола алмайды.
5. Акциялардың мемлекеттiк пакетi сатылған кезде акционерлiк қоғам
сатып алушының акцияларын иеленетiн болса, сатып алушы - акционерлiк қоғам
акцияларының 25 процентiнен астамын сатып ала алмайды.
6. Сатып алушы жекешелендiру процесiн ұйымдастыру үшiн делдал
тартуға хақылы.
Жекешелендiру объектiсi
1. Мемлекеттiк мүлiктiң мынадай түрлерi:
1) мүлiктiк кешен ретiндегi мемлекеттiк кәсiпорын немесе мемлекеттiк
мекеме (бұдан әрi – кәсiпорын);
2) жекешелендiрілуі тұйық технологиялық тiзбекті бұзбайтын мүлiктiк
кешен ретiндегi кәсiпорынның өндiрiстiк және өндiрiстiк емес бөлiмшелерi
мен құрылымдық бiрлiктерi;
3) кәсiпорынның мүлкi;
4) акциялар;
5) жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы
үлестер;
6) мемлекетке тиесiлi акцияларға құқықты куәландыратын туынды бағалы
қағаздар;
7) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен
мемлекеттiк мекемелерге бекiтіліп берілген өзге де мемлекеттiк мүлiк
жекешелендiру объектілерi болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес тек мемлекеттiк
меншiкте ғана болуы мүмкін мемлекеттiк мүлiк, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Президентiнің және (немесе) Yкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес
жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк мүлiк жекешелендiру объектiсi болуы
мүмкін емес.
3. Мемлекет мүлкiне иелiк етуге уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк орган
оны жекешелендiру туралы шешiм қабылдаған күннен бастап мемлекет мүлкi
жекешелендiру объектiсiне айналады.
Табиғи монополия субъектілері немесе тауар рыногында үстем
(монополиялық) жағдайға ие болып отырған рынок субъектілері болып табылатын
не Республика экономикасының жекелеген саласы (секторы) үшiн стратегиялық
маңызы бар ұйымдардың мүлiктiк кешендерiн немесе акциялардың мемлекеттiк
пакеттерiн жекешелендiру туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Yкiметi
қабылдайды және онда жекешелендiрудiң түрiне арналған нұсқау болуға тиiс.
Экономиканың стратегиялық маңызы бар салалары (секторлары) объектiлерiнiң
тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Мемлекетке тиесiлi акциялар және мемлекеттiң жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы үлестерi
1. Мемлекетке тиесiлi акцияларды және мемлекеттiң жауапкершілiгi
шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы үлестерiн сату Қазақстан
Республикасының акционерлiк қоғамдар, жауапкершiлiгi шектеулi
серiктестiктер және бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында белгiленген
талаптар сақтала отырып жүргiзiлуге тиiс.
2. Шығарылымы тиiстi тәртiппен тiркелмеген акцияларды сатуға жол
берiлмейдi.
Жекешелендiрудiң түрлерi
1. Жекешелендiру мынадай түрлерде:
1) аукцион, тендер, қор биржасындағы сауда-саттық, екі кезеңді
рәсiмдер жолымен өтетiн конкурс, туынды бағалы қағаздарды сату нысанындағы
сауда-саттықта сату;
2) тiкелей бәсiрелi сату түрлерінде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк мүлiктi сатуға тiкелей алып келмейтiн, бiрақ оның
кейiннен сатылуын көздейтiн әрекеттер (мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк
жалдауға (жалға) беру не оны тиiсiнше жалдаушының (жалгердің) не сенiм
бiлдiрiлген басқарушының кейiннен сатып алу құқығымен сенiм бiлдiрiлген
басқаруға беру) жекешелендiрудiң түрлерi ретiнде емес, оның алдын ала
жүргізілетін сатылары ретiнде қарастырылады. *
.
Жекешелендiрудiң алдын ала жүргiзiлетiн сатылары
1. Мыналар: Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген
тәртiппен мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға) өткiзу не сенiм бiлдiрiлген
басқарушыға кейiннен сатып алу құқығымен беру;
2. Сенiм бiлдiрiлген басқарушы немесе жалдаушы (жалгер) тендер
негiзiнде осы Заңның 13 және 14-баптарына сәйкес таңдап алынады.
3. Кәсiпорынды сенiм бiлдiрiлген басқаруға немесе мүлiктiк жалдауға
(жалға) беру iсi Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген органның
немесе тиiстi әкiмдiктiң сенiм бiлдiрiлген басқарушымен немесе жалдаушымен
(жалгермен) жасасқан тиiстi шартымен ресiмделедi. Шарт кәсiпорынның қандай
мерзiмде және қандай шарттар орындалған кезде сенiм бiлдiрiлген
басқарушының немесе жалдаушының (жалгердің) меншiгiне көшетiнiн көздеуге
тиiс.
4. Осы Заңда көзделген сенiм бiлдiрiлген басқару мен мүліктік жалдау
(жалдау) қатынастарына осы Заңда көзделген реттердi қоспағанда, осындай
қатынастарды реттеп отыратын азаматтық заң нормалары қолданылады.
5. Сенiм бiлдiрiлген басқаруға осы Заңның 13 және 14-баптарына
сәйкес тендер негiзiнде акциялардың мемлекеттiк пакетi берiлуi мүмкiн.
Жекешелендiрудiң тәртiбi мен шарттары
Объектiнi жекешелендiруге дайындау
1. Объектiнi жекешелендiруге сатушы дайындайды.
2. Объектiнi жекешелендiруге дайындау кезiнде сатушы:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен нормативтiк құқықтық
актiге сәйкес жекешелендiру объектiсiнiң құнын бағалайды;
2) сатып алушының талап етуi бойынша жекешелендiру объектiлерiнiң
ауыртпалықтары туралы, сондай-ақ жекешелендiру объектiсi мүлiктiк кешен
ретіндегі кәсiпорын болса, жекешелендірілетін кәсіпорынның жасалған келiсiм-
шарттары мен шарттарындағы кредиторлық және дебиторлық берешектерiнің
сомасы туралы ақпаратты әзiрлейдi және табыс етеді;
3) жекешелендiру жүргiзудiң шарттарын, нысандары мен түрлерiн
белгiлейдi, оны iске асыруға даярлықты жүзеге асырады;
4) мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етедi;
5) жекешелендiрудi өткiзуге қажеттi басқа да iс-шаралар жүргiзедi.
2-1) жекешелендiру объектiсiнде мемлекеттiк материалдық резервтiң
материалдық құндылықтары болған жағдайда, мемлекеттiк материалдық резервтi
басқару жөнiндегi уәкiлеттi органға объект жекешелендiрiлгенге дейiн осы
материалдық құндылықтарды бұдан кейiнгi жерде орналастыру туралы шешiм
қабылдауы үшiн алдағы жекешелендiру туралы алдын ала хабарлайды;
3. Жарғылық капиталдарындағы мемлекеттiң акциялары мен қатысу үлесi
сату объектiсi болатын мемлекеттiк заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттiк
емес заңды тұлғалардың лауазымды адамдары сатушының сауал салуы бойынша
объектiнi сатуға дайындау үшiн қажеттi мәлiметтердi ол белгілейтін
мерзімдерде табыс етуге міндетті.
Табыс етілген мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн жауапкершiлiк осы
тармақта тізіп келтірілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдарына
жүктеледi.
Жекешелендіруден алынған қаражат
1. Жекешелендіру объектілерін сатудан түскен қаражат бюджетке
жіберіледі.
Мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сатудан
алынған қаражатты пайдалану тәртiбi өзге заң актiлерiмен белгiленедi.
2. Мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру бойынша сауда-
саттыққа дайындық және оны жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілеген тәртіппен бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Енгізілген өзгертулер
2-бапқа өзгерту енгізілді – Қазақстан Республикасы 2002.05.21.
№ 323 Заңымен.
3-бапқа өзгерту енгiзiлдi – Қазақстан Республикасының 1997.06.30.
№ 139-1, 1999.08.02. № 466-1, 2001.03.02. № 162, 2003.01.08.
№ 375 Заңдарымен.
5-бапқа өзгерту енгізілді – Қазақстан Республикасының 2002.05.21.
№ 323, 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
Заңымен.
10-бапқа өзгерту енгізілді – Қазақстан Республикасы 2002.05.21.
№ 323, 2003.05.16. № 416 Заңдарымен
12-бап жаңа редакцияда – Қазақстан Республикасы 2002.05.21. № 323,
2003.05.16. № 416 Заңдарымен
16-бапқа өзгерту енгізілді – Қазақстан Республикасы 2002.05.21.
№ 323, 2003.05.16. № 416, 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап
күшіне енеді) Заңдарымен.
17-бапқа өзгерту енгізілді – Қазақстан Республикасы Президентінің
2000.12.15. № 124, 2002.05.21. № 323, 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1
қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
18-бап алынып тасталды – Қазақстан Республикасы 2002.05.21.
№ 323 Заңымен.
20-бап жаңа редакцияда – Қазақстан Республикасы Президентінің
1999.11.04. № 472, өзгерту енгізілді – Қазақстан Республикасының

Жекешелендіру
Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру
процесі республикамыздың тәуелсіздік пен егемендікті алуымен 1991 жылы
басталған болатын.
Елдегі дербес экономикалық саясатты жүргізудің басталуы құлдыраған тауар
рыногы жағдайындағы кәсіпорындар арасында бірыңғай экономикалық кеңістіктің
құлдырау, өндірістік байланыстың құру салдарына әкелген жүйелі дағдарыспен
тұспа-тұс келді. Сол уақыттағы экономикалық жағдайға тән ерекшеліктер
кәсіпорындардың өз жұмысын тоқтатуы, төлемдердің төленбеуі, дүкендердің
босауы, инфляцияның басталуы болды. Халықтың саясаттандырылуы жоғары болды.
Социализм кезеңінде ондаған жылдар бойы қалыптасқан халық менталитеті жеке
меншікті теріске шығарды. Бұл ретте, көп деңгейлі нарықтық экономиканың
негізін құратын процес ретінде мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді
халық ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы ретінде
танылған басқарушы элита да қабылдаған жоқ.
Осы дағдарыс кезеңінде қоғамды, қоғамдық прогресті дамытудың диалектика
заңдылықтары білімі бар Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеке ерлігі, саяси
даналығы, қайтпас жігері республикамызда мемлекет иелігіне алу мен
жекешелендірудің жоспарлы, кезең-кезеңді процесін бастауға мүмкіндік берді.
Мемлекеттік меншік реформасын өткізу үшін ұйымдық негізі – 1990 жылдың 20
желтоқсанында уәкілетті мемлекеттік орган – Мемлекеттік мүлікті басқару
жөніндегі Қазақ ССР Мемлекеттік комитетінің құрылуы болды, кейіннен
Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Қазақ ССР Мемлекеттік комитетінің
мәселелері туралы Қазақ ССР Президентінің 1991 жылы 22 сәуірдегі
Жарлығымен комитеттің өкілеттіктері нақтыланды және анықталды, ал 1991
жылғы тамызда мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық органдар ұйымдастырылды.
Кейіннен республикадағы экономиканы қалыптастырудың әртүрлі кезеңдерінде
және тиісінше мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің мемлекеттік
бағдарламасын іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде орта мерзімді
бағдарламалар мен Үкімет міндеттемелеріне байланысты мемлекеттік басқару
органдарының жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер кезінде Мемлекеттік мүлікті
басқару жөніндегі мемлекеттік комитет қайта ұйымдастырылды. 1995 жылы
сәуірде оның базасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті
жекешелендіру жөніндегі Мемлекеттік комитеті құрылды. 1997 жылдың аяғына
дейінгі кезеңде мемлекеттік басқару органы жүйесінде республикамызда
мемлекеттік мүлікті басқару және оны жекешелендіру жөніндегі 2 Мемлекеттік
комитет жұмыс істеп тұрды. 1997 жылдың күзінде Мемлекеттік мүлікті басқару
жөніндегі мемлекеттік комитет пен Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру
жөніндегі мемлекеттік комитет Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне біріктіру арқылы қайта
ұйымдастырылды. Аталған құрылым қазірде жұмыс істеп тұр.
1991 жылдан бастап мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін қамтамасыз ету
және оны жекешелендіру процестеріндегі заңдық және нормативтік-әдістемелік
базаны реторспективті талдау олардың заңды және нормавтивтік-әдістемелік
актілермен біршама ретке келтірілгендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік
береді. Бұл мемлекеттік меншікті құруда, жеке меншік институтын, нарықтық
экономика негіздерін құру мен дамытуда және мемлекеттік меншікті басқару
тиімділігін одан әрі арттыруға ықпал ететін базалық реформаларды жүргізуде
өз өкілеттіктерін қамтамасыз еткен заңды және атқарушы билік тармағы
ретінде жүйелі жұмыс нәтижесі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды дамыта отырып, мемлекет иелігінен алу мен
жекешелендіру процесін заңды қамтамасыз етуде бірінші негіз 1991 жылы 22
маусымда қабылданған Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру туралы
Қазақ ССР-нің Заңы болғандығын атап өткен жөн, ол республикадағы
мемлекеттік меншікті қайта құрудың құқықтық негіздерін, ережесі мен
процедурасын анықтады. Осы Заңды іске асыру мақсатында Қазақ ССР
Президентінің қаулысымен бірінші бағдарлама – 1991-1992 жылдарға арналған
Қазақ ССР-да мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру
бағдарламасы (1991 жылғы 13 қйркүйектегі № 444) әзірленді және бекітілді.
Келесі кезеңде 1993 жылы наурызда қабылданған 1993-1995 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің
ұлттық бағдарламасы қабылданды.
1996 жылы ақпанда бекітілген 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан
Республикасында мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен құрылымын өзгерту
бағдарламасына сәйкес жекешелендірудің жаңа, үшінші кезеңінің бастауы
болған, Жекешелендіру процесінің қолданыстағы заңды базасын дамытуда 1995
жылы желтоқсанда заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің
Жекешелендіру туралы Жарлығы қабылданды. Бұл кезеңнің ерекшелігі
экономиканың әлеуметтік, сондай-ақ стратегиялық салаларында секторлық
бағдарламаларды іске асыруға өту болды.
1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқару
тиімділігін арттыру бағдарламасы жекешелендіру саясатын іске асырудағы
кезекті, төртінші кезеңін білдірді.
Бұл жерде мемлекеттік мүлікті басқару және оны жекешелендіру процесінің
нормативтік базасы жаңа экономикалық шындықтарды ескере отырып тұрақты
жетілдірілгендігін, дамытылғандығын және толықтырылғандығын атап кеткен
дұрыс. Бұдан басқа, барлық заңды және нормативтік-әдістемелік база 6 томдық
жинаққа жүйелендірілді және шығарылды, ол республикадағы мемлекеттік
меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру мәселелерімен айналысатын
барлық қызметкерлер үшін оқу және әдістемелік құралға айналды, онда
Қазақстандағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бірегей және
теңдессіз тәжірибесінің барлық кезеңдері көрсетілген.
2000 жылдан бастап республикамызда жүргізіліп отырған реформалардың қайта
орнына келмейтіндігі айқын болғанда және позитивтік экономикалық дамулар
орын алғанда реформаларды одан әрі тереңдету қажет болды, оның ішінде
мемлекеттік меншік мәселелерінде. Бұл оларды қосымша заңды, нормативтік-
құқықтық және әдістемелік қамтамасыз етуді талап етті.
2000 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Қазақстан Республикасында
мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру тұжырымдамасы, 2003-2005
жылдарға арналған мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігі және
жекешелендірудің салалық бағдарламасы бірінші рет әзірленді және бекітілді,
Мемлекеттік мүлік мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір
заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Экономиканың
стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі
туралы Қазақстан Республикасының заңдары қабылданды. Бұл ретте Мониторинг
туралы заң республикадағы жекешелендірудің барлық жылдарында бірінші рет
қабылданғандығын атап өткен жөн, ол стратегиялық маңызы бар салаларда
меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру процесінде туындайтын
қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді, сондай-ақ оны өткізу негізі мен
шарттарын анықтайды. Заң елдің экономикалық даму процестерін ретке келтіру
мен болжауда мемлекет рөлін күшейту үшін, республика экономикасын басқаруда
тиімді шешімдер қабылдау үшін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz