Жер кадастрі туралы түсінік және Қазақстан Республикасында жер реформасы жағдайындағы оның мазмұны


Жер кадастрі туралы түсінік және Қазақстан Республикасында жер реформасы жағдайындағы оның мазмұны
Материалдық игілік қайнар көзі жөне салық салу объектісі ретінде жер туралы мағлұматтарды объективті тұрде алу қажеттілігінен тарихи жер кадастрі туыңцады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемлекеттік кіріс жөне арнайы салық объектісіне айналды.
Сондыкган қоғамның бір белгілі даму сатысында алдымен жерді есепке алу, содан кейін оны багалау керектігі пайда болады, яғни жер кадастрін жүргізу кажеттілігі туындайды.
"Кадастр" сөзі латынның "сарlіаzіshт" деген сөзінен шыққан. Бұл сөз "салық салынатын заттардың тізімі" деген үғым береді. Осыған байланысты өуелі кадастр деп салықтанатын заттардың тізімі тіркелген кітапты айтатын. Есепке, бағалауға алынған объектіге байланысты жер, су, орман және т. б. кадастрлері деп бөлінді. Сонымен бір жақты түсінікте жер кадастрі - жер салығы салынатын заттар туралы кітап, ал кең түсінікте - жерге салық салу
үшін жер туралы мәліметтерді алу мақсатымен жерді есепке алу, жазу және бағалау бойынша мемлекеттің жүргізетін әрекеттер жүйесі. Кадастрлердің басқа түрлерінен жер кадастрі өзінің объектісімен (жер - өндіріс құралы және материалды игіліктердің қайнар көзі) ерекшелінеді. Жер кадастрі әдістемесінің ерекшелігі жердің ерекшеліктерімен себептеледі. Ол ерекшеліктері келесідей:
1. Қоғам өмірінде жер еңбектің жалпы заты және шарты болып келеді. Ол қай болмасын өндіріс процесінің болуына шартты. Бірақ оның ролі қоғам өндірісінің әр түрлі сала қорында бірдей емес. Өндеуші өнеркесіпте және құрылыста ол кеңістік іс орны /еңбек жасалатын орын/ ретінде көрінеді. Қазып шығаратын өнеркәсіпте, оның үстіне ол ерекше қойма ретінде қаралады. Ауыл шаруашылығында жер тек қана өндіріс процесі жүзеге асырылатын орын ғана емес, ол еңбектің заты және құралы болып табылады. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып табылады.
2. Жер кеңістікте көлем бойынша шектелген және ештеңемен ауыстырыла алмайды. Өндірістің баска құралдары өнімділік күштер даму барысында сан жөнінде езгере алады, ескіргендері жаңа, жетілдірілген, экономикалық тұрғыда ұтымды кұралдарға ауыстырыла алады.
3. Жерді құрал ретінде пайдалану оның кеңістік орнымен және ол орынның тұрақтылығымен байланысты. Басқа құралдарды әр орындарда пайдалануға және бір орыннан басқа орынға жылжытуға болады.
4. Жер өндірістің мәңгі, ауыстырылмайтын кұралы болып табылады. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып, өсімдіктердің өсуіне жағдай жасаушы өте маңызды және ерекше қасиетімен, құнарлылығымен сипатталады. Жерді дұрыс пайдаланса, оның сапасы төмендемейді, керісінше - жақсарады. Сөйтіп, оның кұнарлығы жоғарылайды.
Жердің айрықша ерекшелігі - ауыл шаруашылық өндірісінде оны пайдалану сипаты. Жерде көптеген ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері өсіріледі.
Жердің осындай ерекшеліктері жер кадастрінің мазмұнын, оны жүргізу әдістерін және тәсілдерін алдын ала есептейді. Жалпы түрде жер кадастріне келесі әрекеттер тән:
1. Жерлерді есепке алу;
2. Жерлерді баяндау;
3. Жерлерді бағалау.
Жерлерді есепке алуда алқаптардың кеңістік жайы, олардың көлемдері, құрамы және сапасы анықталады.
Жерлерді баяндауда олардың жаратылыс-тарихи және экономикалық қасиеттері анықталып жазылады.
Жерлерді бағалауда жердің өндіріс құралы ретінде құңдылығы және пайдалылығы аныкталады.
Кадастрдің осы аталған әр әрекет - өзінше бір қатар техникалық тәсілдерден тұрады. Ал олар барлығы бірге жердің санына, сапасына, негізгі қасиеттеріне, нышандарына ең толық сипаттама береді және шаруалау, салық салу объектісі ретінде салыстырмалы кұндылығын көрсетеді. Кадастрді жүргізуде әр әрекеттің маңызы туралы сұрақ әр кезеңде жөне әр елде әр түрлі қойылған. Бір жағдайда кадастрде ең басты көңіл - жерлерді есепке алуға, басқа жағдайда - жерлерді жаратылыс-тарихи немесе экономикалық баяндауға, ал үшінші жағдайда - жерлерді бағалауға немесе әрекеттерді қалай болса да үйлестіруге бөлінген. Барлық жағдайларда жер кадастрының құрамдық бөліктері болып, жерлерді сөзсіз есепке алу және бағалау жататын. Міндетті түрде жерлердің кеңістік жайлары ескеріледі. Сондықтан әр елдің әр уақыт жүргізілген жер кадастрлері бір-бірінен мазмұны және жүргізу техникасы, ұйымдастырылуы бойынша кәдімгідей айырылады. Кадастрдің барлық әрекеттері бірден және бір уақытта пайда болып, жүргізілген емес. Қоғамның ең ертедегі даму сатыларында жерлер тек қана есепке алынса, көптен кейін оларды бағалау басталды.
Жерді есепке алу кажетілігі оны адам тамақтану үшін пайдалана бастағаннан /егіншілік пайда болғанда/ туындады. Егіншіліктің және мал шаруашылықтың дамуы бірінші кезекте оларды пайдалану сипаты /жыртылатын жер, жайылым/, яғни алқаптардың түрлері бойынша есепке алуды талап етті.
Өндіріс құралдарының және өмірлік құралдарды табу тәсілдерінің әрі карай жетілуі, егіншіліктің, мал шаруашылығының дамуы еңбектің, айырбастың қоғамдық бөлінуінің жеке меншіктің, мүлікті теңсіздіктің пайда болуын және қоғамның топтарға бөлінуіне, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдық құрылысына көшуіне әкеліп тіреді.
Құлдық мемлекет шаруаларға көп салык салып, әр түрлі міндеттіліктерді орындауға мәжбүр етті. Жердің көп ауданы мемлекет иелігінде болды. Сондыктан құлдық құрылыста жерлер және иеленген жерлер есепке алынып кайта саналды, жоспарлар кұрастырылды, жерлердің және алқаптардың аудандары туралы мәліметтер кәрсетілетін арнайы құжаттар құрылды. Құлдық қоғамның тиісті даму сатысында жерлерді сапа бойынша есепке алу басталды. Жерлердің сапасын салыстырмалы бағалау қажеттілігі пайда болды. Сонымен, жерге жеке меншіктік пайда болуымен жерге салық салу үшін жерлерді есепке алу мөліметтердің қажеттілігі туындады.
Жер кадастрі салық салудың ең бір маңызды құралы болған. Оның мәліметтері жер иеленушілерге салық мөлшерін белгілеуде негіз болған. Уақыт өте кадастрдің құқық жағының маңызы күшейе түскен. Ол жерді меншіктеу кұкығын рәсімдеумен байланысты болды және сол арқылы пайдаланатын жерлердің шекаралары туралы азаматтық істер шешіле бастады.
Қоғамның даму кезендері басында негізінен жер көлемдері туралы мәліметтер тіркелген болатын. Содан кейін алқаптар және олардың сапалық күйі бойынша есепке алу қажеттілік пайда болды. Содан соң алкаптарды топырақ және құнарлығы бойынша сипаттай бастады. Жер кадастрі мәліметтерін тек мәтіндік құжаттарда ғана белгілей бастады. Топырақтардың сапасынша қарай олар топтарға /кластарға/ бөлінді. Оған тарихтың көне ескерткіштері куә. Олар көзіргі дөуірге дейін көптеген жүздеген жылдан бұрын жер және топырақтарда сапасы бойынша топтастыру туралы мөліметтерден тұратын жер кадастрінің болғандығын куәләндіреді.
Мысалы, Қытайда біздің дөуірімізге дейінгі 3 мыңыншы жылдары топырақтарды 9 класқа бөлген. Мұндай мөліметтер Ежелғі Греция, Египет, Римнің көптеген ескерткіштерінде бар. Ежелгі Римнің жер кадастрінде жер учаскелерінің көлемдері бойынша олардың сапасы, пайдалылығы, қолданатын өндеу тәсілдері туралы мәліметтері баяндалған. Сонымен катар жер бетінде дәл өлшеулердің жүргізілгендігі және сапасын анықтау туралы карталардың жасалғаңдығы келтіріледі. Жер иелері өздерінің жерлері, шаруа жабдықтары туралы толық мәліметтерді беріп отыруға міндетті болған.
Батые Еуропада Франция королі Үлы Карл (768-814жж. ) ағылшын Эдуард I (1272-1307жж. ) кездерінде олардың жерлерінен алынатын табыстарын баяндайтын жер салыкгарын, Фридрих II кезіңде Сицилияда (1192-1250жж. ), сонымен қатар Калабрияда (1327ж. ), Дофине провинциясында жүргізілген жер кадастрлерін айтуға болады.
Жер кадастрі арнайы шара ретінде феодалдық өндіріс тәсілі жағдайында әрі қарай дамыды, рәсімделді. Жерге жеке меншіктік күшейген феодалдық қоғамда әр түрлі жер иелеріне салық салу мөлшері бірдей болған жоқ. Ірі жер иелері жер салығын төлеуде көптеген жеңілдіктерді пайдаланған.
Дамып келе жатқан капиталистік мемлекеттер өсіп кеткен мемлекеттік аппаратын, армиясын камтамасыз ету мақсатымен және баска да мәселелерді шешу үшін қаражат көбейтуге мөжбүр болды. Сондықтан феодалдық-басыбайлы қатынастарының жойылуына, жерді пайдаланушылардың, иеленушілердің салықтанатын санын көбейтуге, пайдаланатын жерлердің бәріне салық салуға мүдделі ретінде жерді есепке алушы, зерттеуші, баяндаушы және бағалаушы жер кадастрі қызметі қажет болды.
Капиталистік құрылыс жағдайында жер кадастрі күрделі шара ретінде арнайы жер-кадастрлік кызметі арқылы жүзеге асырылады. Жер кадастрінің қазіргі түсініктегі негізгі түрлері капиталистік қоғамда қалыптасқан. Сондыктан салық салу мақсаты жерді бағалау мәні және тәсілдері бойынша айырылады.
Капиталистік мемлекеттерді жер кадастрімен қатар жерді заңды тіркеу жүргізіледі. Оның міндеті жерді иелену және меншіктеу құқығын рәсімдеу болып табылады. Жерді тіркеу жерге жеке меншік құқығын қорғауға көзделген. Оның мәліметтерінің кұқықтық маңызы бар. Олар тұлғалық және мүліктік болып бөлінеді. Біріншісі жер иелері бойынша, екіншісі - пайдаланатын жерлер бойынша жүргізіледі. Заңды жерді тіркеуді жүзеге асыру нәтижесінде жер иесінің жерге құқығы рәсімделеді. Ол нотариалдық мекемелерде арнайы құжаттармен заңдастырылады. Көпшілік капиталистік елдерде жерді заңды тіркеу арнайы жер кітаптарында жүргізіледі. Көптеген мелекеттерде жер кадастрі мен заңды жер тіркеу арасында тығыз байланыс бар.
Жер-кадастрлік материалдарды жер-құқықтық мәселелерді шешуде кеңінен қолданады. Олар тек кана салық салу мүддесінде емес, баска да кажеттіліктер үшін /жерді сату, сатып алу, жалға беру, пайдалану жөне топырақгар эрозиясымен күресу бойынша ұсыныстарды жасау пайдаланылады. Жер кадастрінің негізгі міндеті жер иелерінің алатын пайданың бөлігін мемлекеттің алу мақсатымен тиісті мәліметтермен қамтамасыз ету болып қала берді. Бұл капиталистік жер қатынастарының мәнімен есептеледі - әр елде және әр уақытта жүргізілген жер кадастрлік жұмыстарының мазмұны мен әдістемелерін ерекшеліктері болса да, жалпы оларға жер туралы мәліметтерді алу тән болған.
Жер кадастрі жерді арнайы есепке алып, бағалау шарасы ретінде қоғам дамуының бір сатысында пайда болып жетіле берді. Ең алдымен зерттеу, есепке алу, бағалау, алқа түрлері және олардың сапасы бойынша топтастыру әдістерін тәсілдерін жетілдіре түсті. Жаңа әдістерді, құралдарды қолдану арқасында жүйелі түрде жер кадастрлік ақпарат дәлдігі жоғарылады, құжаттардың рәсімі, мазмұны жетілді. Жер кадастрі арнайы дайындықты, білімді талап ететін күрделі шараға айналды.
Кеңес кезеңінде Қазақстанда қолданған жер кадастрінің жүйесі КСРО барлық республикасына ортақ болатын. Бұл жүйеде ең басты мақсат барлық жер қорының иесі мемлекет мүддесін қорғау болып табылатын. Одақтың ыдырауымен және республикалардың егемендік алуымен байланысты жер қатынастары да түбегейлі өзгерді. Қазақстан Республикасында басталған жер реформасы жерге деген меншіктің көп түрлерін енгізуді, жерлердің кейбір санаттарын жеке меншіктеуге көшуді көздеп отыр. Мұндағы ой, жерді жеке меншікке алған азаматтар және заңды тұлғалар ауыл шаруашылық өнімдерін алу және басқа да мақсаттар үшін олар жерлерді тиімді пайдаланады.
Жер реформасы жүру барысында жер қатынастары өзгеріп, жетілуде жаңа заң, нормативтік хаттамаларды қабылдау кең орын алуда. Мысалы, "Меншік туралы", "Жер реформасы туралы", "Жер кодексі", "Шаруа қожалықтары", заңдары қабылданып, өзгеріп жатыр. 1995 ж. желтоқсан айында қабылданған заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер туралы" жарлығында жер реформасының бірнеше жылдар төжірибелері ескеріліп, жер қатынастарына түбегейлі өзгерістер енгізілген.
Мысалы: жерлердің кейбір санаттарына жеке меншік құқықтарын енгізу; жеке меншіктердегі жерлерді нарық айналымына қосу; азаматтарға және заңды мемлекеттік емес тұлғаларға тұрақты пайдалану құқығында берілген жер учаскелерін нарықтық айналыма қосуға мүмкіндік беру. Сөйтіп жер нарығының қалыптасуына құқықтық негіз салынып, жерге жылжымайтын мүлік статусы берілді. Бұл заң кабылданған соң жерлермен келесі әрекеттер жүргізу мүмкін болды: сату; сатып алу; айырбастау; сыйлау; жер учаскелерін кепілдікке беру; ипотекалық операциялар және т. б.
Мұндай түбегейлі жер қатынастарының өзгерістері, (әрине, Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрінің жаңа жүйесінің қабылдануын талап етті. Сондықтан, "Жер туралы" жарлығының 113, 114-баптарында жер кадастрінің негізгі талаптары және жаңа жағдайда оны жүргізу шарттары келтірілген. Мемлекеттік жер кадастрі бюджеттік қаржы есебінен Қазақстан Республикасының бір жүйесі бойынша жер қорларын басқару жөніндегі мемлекеттік органдармен жүргізіледі. Оны жүргізу тәртібін Үкімет белгілейді.
"Жер туралы" 113-бабына сөйкесті Мемлекеттік жер кадастры Кдзақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы туралы, жер учаскелерінін орналасқан жері, көлемі, шекарасы, олардың сапалық сипаты, жер пайдаланудың есебі мен жер учаскелерінің бағалануы туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мөліметтердің жүйесі болып табылады.
"Жер туралы" жарлықта жерлерді тиімді пайдалануды, қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасында жаңа мемлекеттік жер кадастры жүйесіне енгізумен қатар, жаңа жер қатынастарын ескере отыра, жерді үйлестіру, жерлер мониторингісі, жерлерді пайдалануды, қорғауды мемлекеттік бақылау жөнінде жүргізілетін жұмыстарға негізгі талаптар қойылған.
Жерді үйлестіру келесі жұмыстарды жүргізуді камтамасыз етеді:
- жерді үйлестірудің республикалық, облыстық схемалар және жер ресурстарын пайдаланудың, жақсарту мен қорғаудың бағдарламаларын өзірлеу;
- жер пайдаланудың және жер иеленудің жаңа құрылымдарын құру мен қазіргі қолданыстағысын ретке келтіру жобаларын жасау, жер учаскелерін орналаскдн жерінде /карталарда/ бөлу мен шекараларын белгілеуді, жер пайдалануға, иеленуге құқық беретін құжаттар жасау;
- елді мекендердің жер-шаруашылық құрылысының, жеке жер пайдаланушылардың, бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерлер игеру жобаларын, сондай-ақ, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобалар әзірлеу;
- жерлерді есепке алу, пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау, топографиялық-геодезиялық, карторгафиялық, топырактық, геоботаникалық және басқа зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізу;
- кадастрлік және жер қорларын пайдалану, олардың жағдайлары жөніндегі басқа да карталарды әзірлеу;
- жер бағалау жұмыстарын жүргізу.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жерді үйлестіру, жерлерді пайдалану мен қорғауды және жер ресурстарын, мемлекеттік басқарудың өзге де функцияларын бақылауды ақпараттык жағынан қамтамасыз ету мақсатымен жердің жай-күйін жүйелі қадағалап отыруға, ондағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мен оларды бағалау жер мониторингінің мазмұнын құрады.
Жерлерді тиімді пайдалану мен қорғау барысын мемлекеттік бақылау мақсатымен республикамызда жер қорларын басқару жөніндегі Агенттік кұрамында Мемлекетгік жер инспекциясы кұрылды.
Мемлекеттік бақылаудың міндеттері жер Заңдарының тиісінше атқарылуына, мемлекеттік органдардың заңды тұлғалардың, азаматтардың жерді ұғымды пайдалану мен қорғау жөніндегі шараларды орындауын қамтамасыз етуге саяды. Өздерінің құзыреті шегінде жерді пайдалану мен қорғау мәселелері жөніндегі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың нұсқаулары барлық жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар үшін міндетті. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Жер кадастрының халық-шаруашылык, есепке алудың кейбір түрлерімен жене жерді үйлестірумен байланысы
Халық шаруашылық есепке алудың кейбір түрлері шаруашылық қызметіне жатады және ақпаратты бақылау, жинау, өңдеу, талдау процесін жүзеге асыруға бағытталған /оларды бақылау және дамуына әсер ету мақсатымен процестерді сапалық көрсету, сипаттау/. Халық шаруашылық есепке алудың тиісті өлшемдері /натуралдық, еңбектік, құндык/, абсолюттік және салыстырмалы шамалары қолданылады.
Натуралдық өлшемдер /сан, ұзындық, салмақ/ шаруашылық құралдарының нақты түрлері мөлшерін береді. Мысалы, жер ауданын тек қана натуралдық өлшемде көрсетуге болады /га/. Дегенмен, натуралды өлшемдермен тұтас өндірістік процестерді, әртекті объектілер мен процестердің /аудан, масса/ көрсеткіштері әр дақылдың тиімділігі бойынша бағаланса тұтас жер сапасын салыстыру мүмкін емес.
Еңбектік өлшемдер шаруашылық құбылыстарды көрсету үшін жұмсалған еңбек мөлшері, уақыт бірлігі /сағат, жүмыс күн/ ретінде қолданылады. Натуралдық көрсеткіштермен бірге олар еңбек төлемін, өндіру нормасын есептеу үшін пайдаланылады.
Құндық өлшем талдауда кең қолданылады, ол бүкіл шаруашылық әрекеттері нәтижелерін қорытуға мүмкіндік береді. Жер кадастрында оның көмегімен жерге жалпы баға береді.
Халық шаруашылық есепке алу жүйесіне оның келесі негізгі түрлері кіреді:
1/ статистикалық;
2/ бухгалерліқ;
3/ қолма-қолдық /оперативный/.
Жер кадастрының құрамдық бөлігі ретінде жерді есепке алудың орны ерекше. Онда статистикалық және жедел есепке алу сәтттері жанастырылады.
Статистика деп әдетте қоғамдық өмір немесе құбылыстардың жан-жағын сипаттайтын сан кәрсеткіштері жиынтығын айтады. Статистикалық есепке алуда мәліметтерді алу, өндеу, талдау бойынша айрықша тәсілдер қолданылады. Ол толық, орта шамалық және т. б. әдістер. Бұл әдістерді де жер кадастрында қолданады.
Бухгалтерлік есепке алу өндіріс жүрісін, кіріс, шығысты, қаржылық нәтижелерді көрсетіп бақылайды, оның объектісі шараушылық процестер, материалдық құңдылықтар болып табылады. Ол қатаң құжаттылықта жүргізіледі, оған есепке алынатын екі жақты тексеру тәсілі тән.
Жедел есепке алу объектісі болып жеке шаруашылық операциялар, сондай-ақ өндірістің жеке звенолары саналады. Жедел есепке алуда натуралдық, ақшалық, еңбектік өлшемдерді қолданады.
Осы аталған статистикалық, бухгалтерлік жедел есепке алу жер кадастрында кең қолданады. Мысалы, жерлерді бағалауда, олардың пайдалануын сипаттауда дақылдардың шығымдылығы, алқаптардың өнімділігі, өнімдердің шығымдары, жалпы құны, жалпы және таза пайда туралы, есепке алу құжаттарында болатын мағлұматтарды жер кадастрында кеңінен қолданады. Әсіресе ақпараттар алудың, өндеудің, талдаудың статистикалық тәсілдері мәнді. Мысалы, жерді есепке алуда, бағалауда статистикалық топтау, бақылау және баланс әдістері, сондай-ақ салыстырмалы, орта шамалар, индекстер, корреляциялық талдаулар қолданылады. Өз кезегінде, жер кадастры мағлұматтарын жер пайдалануды талдау барысында статистикалық, бухгалтерлік жедел есепке алуда пайдаланады.
Жер кадастры жерді үйлестірумен өте тығыз байланыста. Олар жер қорларын ұтымды, тиімді пайдалануды, қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Екі жағдайда да жер табиғи қор және өндіріс құралы ретінде қаралады. Жер қорларын тиімді пайдалану, оларды территорияларды үйлестіру керектігін объективті түрде есептейді. Былай айтқанда, жерді үйлестіру арқылы мемлекет жерді нысаналы, дұрыс пайдаланады. Осының нәтижесінде халық шаруашылық, сапалық, шаруашылық ішкі тұрғыларда жақсы территориялық жағдайлар жасалынады.
Шаруашьшықаралық жерді үйлестіру процесінде пайдаланатын жерлердің жаңа
құрылымдары құрылып, қазіргі қолданыстағылары ретке келтіріліп, өзгертіледі. Шаруашылық ішінде жерді үйлестіруде өндірістік бөлімшелерді, шарушылық орталықтарын, жол желісін, алқаптарды және ауыспалы егістерді ұйымдастыру, бақтарды, жүзімдерді, шабындықтарды, жайылымдарды орналастыру мәселелері шешіледі. Учаскелік жерді үйлестіруде аз көлемді жер учаскелерінің, массивтерінің территорияларын ұйымдастыру мәселесі шешіледі.
Жерді үйлестіру мәселелерін шешу-республикамыздағы барлық жерлер мен әр жер учаскесінің табиғи шаруашылық және кұқықтық жай-күйлері туралы нақты мағлұматтар алу қажеттігін білдіреді. Ал жер қорлары туралы бұл мағлұматтарды мемлекеттік жер кадастры береді. Жерді үйлестіру, мелиорация, рекулытивация, жерлерді жақсарту жобаларын құруда кадастр мәліметтері бастапқы ретінде алынады. Жерлерді күнделікті есепке алуды жүргізуде алқаптардың бір түрінен екіншісіне көшу жобаларын іске асыру тексерулері, зерттеулері кадастр үшін қажетті мағлүматтарды алу және бұрынғыларын дұрыстауға негіз болып саналады.
Жер кадастрының Кеңес одағы кезіндегі дамуы
Мемлекеттік жер кадастрының құрамдас бөлігі болар алдыңда жерді тіркеу, есепке алу, бағалау халық шаруашылығының ертеректегі даму кезеңдерінен басталып, көптеген белгілі өзгерістерден өтті. Бірақ, олардың арасында әрқашан бір белгілі байланыс болды. Сондықган, олардың дамуы, жетілу тарихын, шын мәнінде тұтас жүйе ретінде, Кеңестік жер кадастрының қалыптасуы, даму тарихы деп қарауға болады.
Жер кадастрының қазіргі кездегі мәнін дұрыс түсіну жөне оны әрі карай дамуын алдын ала білу үшін оның пайда болуы мен және дамуының тарихын жақсы білген жөн. Бұл мәселелер осы бөлімде келтіріледі. Кеңес мемлекеті құрылуымен елімізде пайдаланылатын жерлерді тіркеу, есепке алу арнайы мемлекеттік әдіс ретінде жүргізіле бастаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz