Жер кадастрының халық-шаруашылык, есепке алудың кейбір түрлерімен жене жерді үйлестірумен байланысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жер кадастрының халық-шаруашылык, есепке алудың кейбір түрлерімен жене
жерді үйлестірумен байланысы
Халық шаруашылық есепке алудың кейбір түрлері шаруашылық қызметіне жатады
және ақпаратты бақылау, жинау, өңдеу, талдау процесін жүзеге асыруға
бағытталған оларды бақылау және дамуына әсер ету мақсатымен процестерді
сапалық көрсету, сипаттау. Халық шаруашылық есепке алудың тиісті өлшемдері
натуралдық, еңбектік, құндык, абсолюттік және салыстырмалы шамалары
қолданылады.
Натуралдық өлшемдер сан, ұзындық, салмақ шаруашылық құралдарының нақты
түрлері мөлшерін береді. Мысалы, жер ауданын тек қана натуралдық өлшемде
көрсетуге болады га. Дегенмен, натуралды өлшемдермен тұтас өндірістік
процестерді, әртекті объектілер мен процестердің аудан, масса
көрсеткіштері әр дақылдың тиімділігі бойынша бағаланса тұтас жер сапасын
салыстыру мүмкін емес.
Еңбектік өлшемдер шаруашылық құбылыстарды көрсету үшін жұмсалған еңбек
мөлшері, уақыт бірлігі сағат, жүмыс күн ретінде қолданылады. Натуралдық
көрсеткіштермен бірге олар еңбек төлемін, өндіру нормасын есептеу үшін
пайдаланылады.
Құндық өлшем талдауда кең қолданылады, ол бүкіл шаруашылық әрекеттері
нәтижелерін қорытуға мүмкіндік береді. Жер кадастрында оның көмегімен жерге
жалпы баға береді.
Халық шаруашылық есепке алу жүйесіне оның келесі негізгі түрлері кіреді:
1 статистикалық;
2 бухгалерліқ;
3 қолма-қолдық оперативный.
Жер кадастрының құрамдық бөлігі ретінде жерді есепке алудың орны ерекше.
Онда статистикалық және жедел есепке алу сәтттері жанастырылады.
Статистика деп әдетте қоғамдық өмір немесе құбылыстардың жан-жағын
сипаттайтын сан кәрсеткіштері жиынтығын айтады. Статистикалық есепке алуда
мәліметтерді алу, өндеу, талдау бойынша айрықша тәсілдер қолданылады. Ол
толық, орта шамалық және т.б. әдістер. Бұл әдістерді де жер кадастрында
қолданады.
Бухгалтерлік есепке алу өндіріс жүрісін, кіріс, шығысты, қаржылық
нәтижелерді көрсетіп бақылайды, оның объектісі шараушылық процестер,
материалдық құңдылықтар болып табылады. Ол қатаң құжаттылықта жүргізіледі,
оған есепке алынатын екі жақты тексеру тәсілі тән.
Жедел есепке алу объектісі болып жеке шаруашылық операциялар, сондай-ақ
өндірістің жеке звенолары саналады. Жедел есепке алуда натуралдық, ақшалық,
еңбектік өлшемдерді қолданады.
Осы аталған статистикалық, бухгалтерлік жедел есепке алу жер кадастрында
кең қолданады. Мысалы, жерлерді бағалауда, олардың пайдалануын сипаттауда
дақылдардың шығымдылығы, алқаптардың өнімділігі, өнімдердің шығымдары,
жалпы құны, жалпы және таза пайда туралы, есепке алу құжаттарында болатын
мағлұматтарды жер кадастрында кеңінен қолданады. Әсіресе ақпараттар алудың,
өндеудің, талдаудың статистикалық тәсілдері мәнді. Мысалы, жерді есепке
алуда, бағалауда статистикалық топтау, бақылау және баланс әдістері, сондай-
ақ салыстырмалы, орта шамалар, индекстер, корреляциялық талдаулар
қолданылады. Өз кезегінде, жер кадастры мағлұматтарын жер пайдалануды
талдау барысында статистикалық, бухгалтерлік жедел есепке алуда
пайдаланады.
Жер кадастры жерді үйлестірумен өте тығыз байланыста. Олар жер қорларын
ұтымды, тиімді пайдалануды, қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Екі
жағдайда да жер табиғи қор және өндіріс құралы ретінде қаралады. Жер
қорларын тиімді пайдалану, оларды территорияларды үйлестіру керектігін
объективті түрде есептейді. Былай айтқанда, жерді үйлестіру арқылы мемлекет
жерді нысаналы, дұрыс пайдаланады. Осының нәтижесінде халық шаруашылық,
сапалық, шаруашылық ішкі тұрғыларда жақсы территориялық жағдайлар
жасалынады.
Шаруашьшықаралық жерді үйлестіру процесінде пайдаланатын
жерлердің жаңа
құрылымдары құрылып, қазіргі қолданыстағылары ретке келтіріліп,
өзгертіледі. Шаруашылық ішінде жерді үйлестіруде өндірістік бөлімшелерді,
шарушылық орталықтарын, жол желісін, алқаптарды және ауыспалы егістерді
ұйымдастыру, бақтарды, жүзімдерді, шабындықтарды, жайылымдарды орналастыру
мәселелері шешіледі. Учаскелік жерді үйлестіруде аз көлемді жер
учаскелерінің, массивтерінің территорияларын ұйымдастыру мәселесі шешіледі.
Жерді үйлестіру мәселелерін шешу-республикамыздағы барлық жерлер мен әр жер
учаскесінің табиғи шаруашылық және кұқықтық жай-күйлері туралы нақты
мағлұматтар алу қажеттігін білдіреді. Ал жер қорлары туралы бұл
мағлұматтарды мемлекеттік жер кадастры береді. Жерді үйлестіру, мелиорация,
рекулытивация, жерлерді жақсарту жобаларын құруда кадастр мәліметтері
бастапқы ретінде алынады. Жерлерді күнделікті есепке алуды жүргізуде
алқаптардың бір түрінен екіншісіне көшу жобаларын іске асыру тексерулері,
зерттеулері кадастр үшін қажетті мағлүматтарды алу және бұрынғыларын
дұрыстауға негіз болып саналады.
Жер кадастрының Кеңес одағы кезіндегі дамуы
Мемлекеттік жер кадастрының құрамдас бөлігі болар алдыңда жерді тіркеу,
есепке алу, бағалау халық шаруашылығының ертеректегі даму кезеңдерінен
басталып, көптеген белгілі өзгерістерден өтті. Бірақ, олардың арасында
әрқашан бір белгілі байланыс болды. Сондықган, олардың дамуы, жетілу
тарихын, шын мәнінде тұтас жүйе ретінде, Кеңестік жер кадастрының
қалыптасуы, даму тарихы деп қарауға болады.
Жер кадастрының қазіргі кездегі мәнін дұрыс түсіну жөне оны әрі карай
дамуын алдын ала білу үшін оның пайда болуы мен және дамуының тарихын жақсы
білген жөн. Бұл мәселелер осы бөлімде келтіріледі. Кеңес мемлекеті
құрылуымен елімізде пайдаланылатын жерлерді тіркеу, есепке алу арнайы
мемлекеттік әдіс ретінде жүргізіле бастаған.
Ал жерлерді бағалау тек жеке жер мәселелері мен шаруашылық міндеттерді
шешуде ғана жүргізілді. Бірінші жылдары жер кадастрлық әдістердің және
олардың міндеттерінің қажеттілігі "Жер туралы" декретінде кеңестік жер
өзгертулерін жүргізу қажеттігімен негізделген. Декреттің 3-бабына сәйкес,
помещик жерлерін тартып алу тәртібін қатаң сақтау, тәркіленген мүліктің дәл
тізімін жасау, халыққа өтетін жерлерді қатаң қорғау ояздық шаруа
депутаттарына жүктелді.
Болыстық жер комитеттері жергілікті жер қатынастарын реттеу, жалпы жерді
қайта рәсімдеуді дайындау үшін қажетті мәліметтерді жинауға тиісті болды:
әр болыстықтың жер мөлшері, сапасы, алқаптардың көлемі, табиғи мал азық
жайылымдардың және өндеуге, жыртылуға жататын жерлердің сапасын, жерлердің
ауданын анықтау үшін барлық қол астындағы жоспарлы-картогафиялық
материалдар, басқа да құжаттар пайдаланылды. Тәркіленген жерлерге акт
жасалынды. Оларға алқап түрлерінің, жерлердің барлық көлемдері көрсетіліп,
тиісті жерлер тізімдері тіркелген. Жерді есепке алу, бағалау, бірінші
кезекте жерді үйлестіру қажеттілігінен туды.
1919 ж. 14 ақпаңда жарияланған БОАК бекіткен "Социалистік жер үйлестіру
және социалистік егіншілікке көшу шаралары туралы" ережеде жер үйлестірудің
міндеттері, мазмұны жүргізу принциптері анықталған. Осы ережемен жерді
есептесе алу міндеттері де белгіленген. Оны жүргізу тәртібі 1919 ж. 23
қыркүйекте РСФСР халықтық жер комитеті бекіткен "Социалистік жерді
үйлестіру мүддесі үшін жерлерді есепке алу бойынша нұсқаулармен"
белгіленген. Кеңес кезіндегі жерлерді есепке алу бойынша бұл бірінші арнайы
нұскау болған. Ол жерлерді есепке алуды жүргізу тәртібін және жер есептік
құжаттың мазмұнын белгілеген. Болыстық бойынша жер үйлестіру ісін
дайындауда халықты және жерлерді есепке алу жүрді.
Жерді есепке алу бастапқы негізгі және күнделікті деп бөлінген. Ол әр
болыстық бойынша жеке жүргізілген. Үлестіруге жатқызылған, жатқызылмаған
барлық жерлер есепке алынған. Болыстық территориялары "Есептік дачалар" деп
аталатын бірнеше бөліктерге бөлінген. Есептік дачаның ауданы межелеу
мәліметтері бойынша есептеліп, әр учаскі орналасуына байланысты тиісті
есептік дачаға тіркелген, ал алқаптар ыңғайлы жайылым, шабыңдық, орман,
бұта, жыртылған, бау, бақшалар, аула жерлері және ыңғайсыз жыралар,
құмдар, батпақтар, су деп бөлінген. Жерді есепке алуды жүргізу нәтижесінде
барлық болыстық жерлердің есептік тізімдері, карталары пайда болған.
1918 ж. 25 шілдеде В. И. Ленин қол қойған Орталық статистикалық басқарма
туралы
Ережеде бірінше рет, басқа міндеттер ішінде, жерді тіркеу осы басқармаға
жүктетілген. 1919 ж. заңды түрде ол бірінші рет жер жағдайы туралы
мөліметтерді жинау, жүйелеу, сақтау, жаңғырту бойынша белгілі әрекет түрі
ретінде бекітілген. Оның жүзеге асуы іс жүзінде "Социалистік жерді
үйлестіру және егіншілікке көшу шаралары туралы" Ереже қолданғаннан кейін
басталды. Осы заңдық актіде "Пайдаланатын жерлерді мемлекеттік тіркеу
үлестірілген жер қорын, жер пайдаланушыларды және болып жаткан бар
өзгерістерді есепке алу мақсатымен жүргізіледі" деп кәрсетілген. Бұл жазба
құрылған жер пайдалануларды болыстық карталарға түсіруден жер тізімдерін
жасаудан тұрған.
Жер пайдалануға кұқықтығын дәлелдейтін құжат болып, осы жерді бөліп беру
туралы жазба саналған. Бұл жазуды губерниялық жер бөлімі бекіткен. Жер
пайдаланушыларға берілген жоспарларда және жерді бөліп беру туралы жазбада
тіркеуден өткендігі кәрсетілген. Негізгі тіркелуші бірлік ретінде жеке жер
учаскесі алынған. Ол учаскені бір немесе бірнеше алқаптардан тұратын, баска
жер пайдаланушылар жерінен бір тұйық сызықпен шектелген жер ауданы құрған.
Мемлекеттік тіркеуге жататын мағлұматтар арнайы құжатта көрсетілген
болыстық карта, мекен картасы, мекен тізбегі, жер пайдаланушылардың
тізімі. Әр жеке жер учаскесіне жерді пайдалану бойынша іс кұрастырылған,
бұл істе барлық материалдар жинақталған.
1919 жылы 23 қыркүйекте РСФСР халыктық жер комитеті бекіткен "Пайдаланатын
жерлерді мемлекетгік жазу тәртібі жерді тіркеуі және рәсімдері туралы
нұсқауда" Мемлекеттік жазуды жүзеге асыру тәртібі келтірілген.
Пайдаланылатын жерлерді тіркеу бойынша бұл бірінші нұсқау болды.
1934 жылдан бастап жерді есепке алу бойынша арнайы есеп беру енгізідді.
1934 ж. 29 мамырындағы КСРО ХКК қаулысымен Алкаптар және жер пайдаланулар
бойынша "жерлерді үлестіру туралы есеп беру жөнінде" қолындағы бар құжаттар
және материалдар негізінде аудандық жер бөлімдері есеп құрып, жоғарыға есеп
беру міндеттері жүктелген.
1935-1938 жылдары ауыл шаруашылық артелдерге мемлекеттік актілер
тапсырылды, керек жағдайда шаруашылықаралық жерді үйлестіру жүргізілді. Бұл
кәдімгі дәрежеде есептік жер кұжаттардың саласын және сенімділігін
арттырды. Қоғамдық колхоз жерлерін талан-тараждан сақтау және жер істерінде
тәртіп орнату мақсатымен 1939 ж. арнайы есептік жер құжаты енгізілді:
1. Колхозда - баулықтап тігілетін жер кітабы.
2. Аудандық атқару комитетінде - жерлерді мемлекеттік тіркеу кітабы.
Бұл кітаптардың жер есептік жөне жер тіркеулік мағынасы болған. Жерлерді
есепке алу және онымен қоса тіркеу колхоз жерлерін талан-таражға салудан
сақтауға мүмкіншілік берген. Бірыңғай жер қорының құрамы есепке алу
барысында 5 санатқа бөлінген:
1. Ауыл шаруашылығына арналған жерлер;
2. Өнеркәсіп, көлік, арнайы арнаулы жерлері;
3. Қалалар және қала типтес поселкелер жерлері;
4. Мемлекеттік орман қоры;
5. Мемлекеттік босалқы жерлері.
1938 ж. бастап үлкен көлемде шаруашылық ішіндегі жерді үйлестіру жұмыстары
жүргізіле бастады. Жерді есепке алу үшін жерді үйлестіру алқаптары құрамын,
жай-күйін сипаттаушы айрықша құнды мағлұматтар береді. Есепке алу жұмысы
жақсы қойылған жерлерде жерді үйлестіру үшін қажетті мәліметтерді беріп
отырды.
КСРО МК 1949 ж. 20 тамыздағы қаулысымен совхоз жерлерін мемлекеттік есепке
алу кітабы енгізілген. Ол кітап екі бөліктен тұрған. Бірінші бөлігінде әр
совхоз туралы жалпы мәліметтер келтірілген, ал екінші бөлігінде совхоз
жерлерінің экспликациясы берілген. 1952 ж. бастап барлық колхоз,
совхоздарында суарылатын жерлерді есепке алу мақсатымен жоспарлы-
картографиялық материалдар дайындала бастады. 1953 ж. бастап суармалы
жерлердің сапасын, жағдайын күнделікті есепке алу жұмыстары жүргізілетін
болды.
Социалистік жер қатынастарының әрі карай дамуы және жер пайдаланушьшардың
күшеюі барлық пайдаланылатын жерлерді бір жүйеде тіркеудің, бүкіл елдегі
бірыңғай жүйесін кұру қажеттілігін алға қойды. Елде Пайдаланатын жерлерді
мемлекеттік тіркеу, есепке алудың бірыңғай жүйесі 1954 ж. 31 желтоқсанда
кабылданған КСРО МК "КСРО жер қорын бірыңғай мемлекеттік есепке алу туралы"
қаулысынан басталды.
1964 ж. КСРО АШМ нұсқауы бойынша В.В.Докучаев атындағы топырақ институты
жерлерді мемлекеттік есепке алу мүддесі үшін топырақ топтарының жүйелі
тізімін жасады. Топырақтардың агроөңдірістік қасиеттерін, олардың
тыңайтқыштарда, мелиоративтік шараларға мұқтаждығын, соңдай-ақ ауыл
шаруашылық дақылдары үшін олардың жарамдылығын ескере отыра, барлығы 117
негізгі топтар бөлінген. Топырақтардың топтары бойынша сипаттаумен қатар,
алқаптар эрозиялану, тұздану, сортандану, топырақтардың фосфор, калийдің
жылжымалы түрлерімен қамтамасыз етілуі 100 г топыракқа миллиграмм
есебімен дәрежесі бойынша бөлінеді.
1971 В.В.Докучаев атындағы топырақ институты топырақтарды бонитеттеу
әдістемесін ашқан болатын. Оның негізінде барлық облыстарда топырақгарды
бонитеттеу бойынша әдістемелік нұсқаулар құрастырылды. Бұл нұсқауларға
сәйкес бағалауға топырақ түрлері, сондай-ақ олардың кешендері жатады.
Топырақтарды бонитеттеу негізіне олардың табиғи қасиеттері жөне шығымдылық
дәрежесі алынды.
Ауыл шаруашылық экономикасының Бүкіл одақтық ғылыми-зерттеу институты ауыл
шаруашылық өндірісінің басты құралы ретінде жерді жалпы бағалау әдістемесін
тапты. Бұл әдіспен Мөскеу, Смоленск, Брянск облыстарында жұмыстар
жүргізілген. Жерлерді бағалау көрсеткіштері ретінде аудан бірлігіне
қатынастанған өсімдік шаруашьшығындағы жалпы өнім мен таза пайда алынған.
Жерлерді бағалауды әр табиғи экономикалық ауданда тандалған типті
шаруашылық мәліметтері бойынша жүргізу ұсынылған. Бағалау шкаласы 100
баллдық жүйе бойынша құрылады.
Қазақ ауыл шаруашылық экономикасы жөне ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институты
жерлерді зкономикалық бағалау кәрсеткші ретінде өзіндік құнды және
салыстыруға келетін шығымдылықты алуды ұсынды. Экономикалық бағалау алдында
топырақгарды бонитетгеу керек. Соңғының нәтижесінде физикалық, химиялық,
гидрогеологиялық, биологиялық және т.б. табиғи қасиеттері, сондай-ақ,
олардың қазіргі мәдениелену жай-күйі бойынша, топырақтар агроөндірістік
тұрғьща топтастырылады. Бірқатар ауыл шаруашылық жоғары оку орындарының
жерді үйлестіру факультеттері мамандары жоғарыда айтылған жұмыстарға үлкен
үлес қосты.

Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
      Бағдарламаның мақсаты:
      мемлекеттік жер кадастрын жүргізудi ұйымдастыру, жерге орналастыру
жұмыстарын орындау тәртiбi мен технологиясы, құрылымы бөлігінде Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 23 маусымдағы N 442-II ЗРК Жер кодексiнiң 14-
бабы 3) тармақшасының, 150-бабы 4-тармағыны ң, 152 және 156-
баптарының нормаларын;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң:
      жep реформасын жүргiзу, оның ғылыми, кадрлық және әдiстемелiк
қамтамасыз етiлуi жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен жүзеге асыру, жерге
орналастыру, геодезия мен картография жөнiндегi шараларды әзiрлеу мен iске
асыру бөлігінде "Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару
жөнiндегі агенттігiнiң мәселелерi" туралы 1999 жылғы 23 қарашадағы N
1776 қаулысын;
      жер-кадастрлық құжаттамалардың құрамы, мазмұны мен нұсқалары,
бірыңғай мемлекеттік жер реестрiн қоса алғанда, оларды жүргiзу бөлiгінде
"Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу ережесiн
бекіту туралы" 2003 жылғы 20 қыркүйектегi N 958 қаулысын;
      "Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру
ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 29 қыркүйектегi N 990 қаулыларын және
нарықтық экономика жағдайында қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi басқа да iс-
шаралармен кешенді жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын сақтау және
арттыру, жер ресурстарын қорғау бөлiгінде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерiнiң iске асырылуын қамтамасыз ету
болып табылады.
      Алға қойылған мақсаттарға жету үшiн Бағдарламада мынадай мiндеттердi
шешу көзделген:
      топырақ құнарлылығын сақтауға және арттыруға, жердiң жай-күйiне теріс
антропогендік әсердi жоюға бағытталған жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен
қорғау жөнiндегi іс-шараларды әзірлеу;
      ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердi ұтымды пайдаланудың
экономикалық тетiктерiн жетiлдiру;
      мемлекеттiк жер кадастры мен оның автоматтандырылған ақпараттық
жүйесiнiң инфрақұрылымын жасау;
      жердi пайдалану мен қорғауды және жер заңнамасының сақталуын
мемлекеттік бақылауды тиiмдi жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
      жер мониторингi торабын дамыту және оның деректерiнiң негiзiнде теріс
процестердi жою бойынша ұсынымдар әзiрлеу;
      ақпараттарды алудың, жердi зерттеу мен картографиялаудың жаңа
технологиялары мен әдiстерiне көшу;
      жердi ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу мен
жүзеге асыру кезiнде ландшафтық-экологиялық бетбұрысты iске асыру;
      жер ресурстарын басқару мен жер қатынастарын реттеу саласындағы
ғылыми-әдiстемелiк, нормативтiк қамтамасыз ету.
  Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi
      Жер қатынастарын реттеу жөніндегі нормативтік құқықтық кесiмдер
тұтастай қалыптастырылды.
      Бағдарлама өзара тығыз байланысты экономикалық, техникалық,
ұйымдастыру-шаруашылық және құқықтық iс-шараларды жетілдiру негізiнде
жерлердi бүкiл қоғам мен жекелеген жер пайдаланушылардың мүддесі үшін
оларды тиiмдi пайдалану мен қорғауды ұйымдастыру мен қамтамасыз етудiң жаңа
сапасына көшуге бағытталған.
       Жер ресурстарын басқаруды жетiлдiру
      Бағдарламада мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi жетiлдiру үшiн
мыналар көзделген:
      Қазақстан Республикасының 272,5 млн. га жердi, соның iшiнде оларды
пайдалану санаттары бойынша мемлекеттiк есепке алуды қамту;
      жыл сайын жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар
жөнiндегi жер кадастрының мәліметтерін қағаз және электронды жеткiзгiштерде
жинақтау;
      2005 жылы - 59356 мың га алаңда; 2006 жылы - 62330 мың га және 2007
жылы - 65446 мың га алаңда әкімшілiк аудандар мен есептегі кварталдардың
электрондық жер-кадастрлық карталарын жасау;
      Жер кодексi мен статистикалық есеп беру талаптарына сәйкес жер-
кадастрлық құжаттамасының нысандарын және олардың мазмұндарын жетiлдiру;
      СТжССОТ сәйкестендiрiлген БМЖТ жүргiзудiң құжаттамасы мен әдiстемесiн
әзiрлеу;
      жерлерді мемлекеттiк кадастрлық бағалауды жүргiзу әдiстемесiн
жетiлдiру;
      паспорт беру мақсатында 3,2 млн. га алаңда, соның iшiнде 2005 жылы -
1023,6; 2006 - 1074,8 және 2007 - 1128,5 мың га алаңда егiстiк топырағының
бонитетін анықтау, ол аграрлық секторда шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң
егiстiгi алаңының 15,2% құрайды.
      Жер мониторингi бойынша iс-шараларды iске асыру шеңберiнде:
      қажеттi ақпаратты бiрыңғай мемлекеттiк мониторинг және табиғи
ресурстар жүйесiне (БММжТРЖ) бере отырып, 31,4 млн. га жер үшiн
мониторингпен қамтылады;
      ведомстволық жер мониторингiнiң, сондай-ақ өндірістік мониторинг
жүйесiнiң барлық кәсiпорындары мен мекемелерін енгiзе отырып, геоақпараттық
жүйе негiзiнде жер мониторингінің бiрыңғай мемлекеттік жүйесi құрылады;
      аэроғарыштық ақпараттарды пайдаланып, жоспарлы-картографиялық
негiздi, базалық, картографиялық және басқа да құжаттарды жасаумен,
елiмiздiң барлық аумағында қадағалау, зерттеу және түсiру әдiстерi
жетiлдiрiледi;
      техникалық құралдармен, жылжымалы экспресс-зертханалармен жабдықтау,
сондай-ақ жер мониторингiнiң зертханалық базасын кеңейту жөнiнде ұсыныс
дайындалды.
      Жер ресурстарын зерттеу мен картографиялау үшiн мыналар көзделген:
      сандық және электрондық тақырыптық карталарды әзiрлеудiң жаңа
технологияларын енгiзу;
      барлық жер санаттарында ауыл шаруашылығы алқаптарын түгендеуді
(ауылды елді мекендер аумақтарын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
шеңберiнде көзделген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi түгендеуден
басқа) жүргізу жөнiндегi ұсынысты дайындау. Осы ауыл шаруашылығы
алқаптарының жалпы алаңының 10%-ы, атап айтқанда 14,4 млн. га бағдарламамен
қамтылады;
      ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерде iрi масштабты: 955,9 мың га
алаңда топырақ және 2326,5 мың га алаңда геоботаникалық зерттеулердi
жүргiзу;
      2124,2 мың га алаңда жерлерге паспорт беру мақсаты үшiн топырақ
материалдарын жаңарту, ол шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң ауыл
шаруашылық алқаптарының 2,7% құрайды;
      6305 мың га алаңдағы ауыл шаруашылық алқаптарын, топырақ және
геоботаникалық контурларды, яғни зерттеу көзделгендердің 73,2 %-ы;
      аэрофотогеодезиялық, дешифрлеу жұмыстарды жүргiзу, топографиялық және
сандық карталар жасау. Осы жұмыс түрлерімен сәйкесiнше: 2005 жылы - 8,6%;
2006 жылы - 8,5% және 2007 жылы - 7,2% ауыл шаруашылығы пайдалануындағы жер
алаңдары қамтылған.
      Жерге орналастыруды жетiлдiру мақсатында:
      жерге орналастырудың, жердi аймақтарға бөлудiң, облыстық және өңiрлiк
схемалары (жобалары) және ландшафтық-экологиялық көзқарас негiзiнде жер
ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламалары әзiрленеді;
      қазiргi бар жер пайдаланушылықтарды құру және ретке келтiру бойынша
шаруашылықаралық жерге орналастыру жобалары жасалады;
      елдi мекендердiң жер-шаруашылық орналастыру жобалары жасалған;
      жерге орналастыру, бүлiнген жерлердi қалпына келтiру және жаңа
жерлердi игеру жобаларын, сондай-ақ жерлердi пайдаланумен және қорғаумен
байланысты басқа да жобалар әзiрленедi.
      Жерлердiң мақсатты орындылығы және пайдалану режимі нақты өңiрдегi
ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң мамандандырылуын, сәулет-жоспарлау,
экологиялық, санитарлық және өзге де арнайы талаптарды ескере отырып,
экономикалық, табиғи және басқа да жағдайларын негізге ала отырып
белгiленедi.
      Негiзгi назар ауыл шаруашылығына пайдалану үшiн босалқы жерлердi
игеруге, айрықша қорғалатын табиғи аумақтар үшiн резервтiк алаңдарды бөлуге
аударылады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi оңтайландыру осы санат
жерлерiнiң басымдығын, ауыл шаруашылығы алқаптары мен олардың мақсатты
пайдаланылуын айрықша қорғауды сақтай отырып жүзеге асырылады.
      Босалқы жерлердi, орман мен су қорының, өнеркәсiп, көлiк және өзге де
ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердi аймақтарға бөлу негiзiнде ауыл
шаруашылығы мұқтаждықтары үшiн беруге, елдi мекендердiң, табиғи-қорықтық
қорлардың дамуы үшiн аумақты қорландыруға және өзге де ауыл шаруашылығы
өндiрiсiмен байланысты емес мақсаттарға ұсынылатын жер аудандары бөлiнедi.
      Ерекше жер пайдалану жағдайы бар аймақтарда өнеркәсiптiк
кәсiпорындардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау аймағы,
санитарлық-қорғау аймақтары, сел қауiптiлiгi, көшкiн қауiптiлiгi бар
аймақтары, суайдау құрылғыларын қорғау аймақтары, аэродром маңындағы
алаңдар, магистральдық құбырлардың қорғау аймақтары, электр беру, байланыс
желiсi және су қорғау аймақтары және су объектiлерiнiң жолақтары
орнатылады.
      Ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымының оңтайлылығы ауыл
шаруашылығы өндiрiсiнiң тұрақты дамуын және қоршаған ортаны қорғауды
қамтамасыз ететiн ауыл шаруашылығы алқаптарының неғұрлым тұрақты құрамын
жасауға бағытталған.
      Оны iске асыру тетiктерi:
      олардың табиғи қасиеттерiне сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптарын
трансформациялау, бiр түрден басқасына ауыстыру;
      босалқы жерлерден және басқа да санат жерлерiнен ауыл шаруашылығына
пайдалану үшiн жарамды жерлердi анықтау және игеру;
      егiстiк ауданын тыңайған жерлердiң айналымына енгiзу, босалқы жер мен
орман қоры жерлерiнен ауыл шаруашылығында пайдалану үшiн жыртылған
жерлердiң игеру және егiстiктен түсiмдiлiгi төмен жерлердi шығару есебiнен
тұрақтандыру.
      Жердi ұтымды пайдаланудың экономикалық тетiгi бойынша мынадай iс-
шараларды жүзеге асыру көзделедi:
      жердi мемлекеттiк кадастрлық бағалауды жүргiзу жөнiнде ұсыныстар
дайындау;
      салық салу мақсаты үшiн аймаққа бөлу;
      жер учаскелерiне төлемнiң қазiргi базалық ставкаларын және оларға
түзету коэффициенттерiн нақтылау бойынша;
      Сонымен қатар мынадай тетiктер әзiрленедi:
      жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға, жердi
ластандырғанынан, оның құнарлылық және басқа да қасиеттерiн жоғалтуынан,
ауыл шаруашылығы жерлерiн айналымнан шығару немесе құндылығы төмен жер
санатының құрамына ауыстырудан болған залалдың орнын толтыру;
      жердiң экологиялық жай-күйiн жақсартқаны, оның құнарлылығын
арттырғаны және экологиялық таза өнiм өндiргенi үшiн көтермелеу.
      Жерлердi пайдалану мен қорғауды және жер учаскесiнiң меншiк иелерi
мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын сақтау жөнiндегi
мiндеттемелерiн сақтауын мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету мақсатында:
      жердi қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
      ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорттарын жасау:
      шаруа қожалықтарына - 55213 жер учаскелерiне, соның iшiнде 2005 жылы
- 17514; 2006 жылы - 18390 және 2007 жылы - 19309 жер учаскелерiне;
      ауыл шаруашылығы кәсiпорындарына - 9487 жер учаскелерi, соның iшiнде
2005 жылы - 3009; 2006 жылы - 3160 және 2007 жылы - 3318 жер учаскелерiне
паспорттар жасау;
      ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерiн 36%-ы паспорттармен
қамтамасыз ету (2004 жылы орындалған жұмыстарды ескере отырып).
      Жобаларды, схемаларды, жерлердi ұтымды пайдалану мен қорғау
бағдарламаларын мемлекеттiк сараптауға, олардың жүзеге асырылуын бақылауға,
сондай-ақ мемлекеттiк жер кадастрын, жер мониторингі мен басқа да жерге
орналастыру жұмыстарын жүргiзу тәртiбiн сақтауға баса назар аударылады.

  Топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру мен сақтау және жердiң жағдайына
терiс антропогендiк әсердi жою жөнiндегi iс-шаралар
      Суармалы жерлердiң алаңдарын ұлғайту. Суармалы жерлердi, су
объектiлерін және су шаруашылығы құрылғыларын тиiмдi пайдалану мәселелерi,
суды пайдалануды экономикалық реттеу әдiстерi Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2002 жылғы 5 тамыздағы N 889 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан
Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттiк аграрлық азық-түлік
бағдарламасында және Қазақстан Республикасының Су кодексінде көрiнiс
тапқан.
      Тыңайған және бос жатқан жерлердi пайдалану. Бұл бағыт түгендеу,
топырақты зерттеу деректерiнiң негiзiнде сапасы жақсы тыңайған және бос
жатқан жерлердi ауыл шаруашылық айналымына тарту, сондай-ақ жалпы алаңы
5686,7 мың га оларды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеу
жөнiндегi жұмыстарды қамтиды.
      Мал азықтық алқаптарды жақсарту. Қазақстан бойынша мал азықтық
алқаптарды жақсарту жөнiндегi жұмыстар мыналарды қамтиды:
      аумақтарды ұйымдастыру және шабындық пен жайылым айналымын енгiзу,
түсiмдiлiгi төмен шабындықтарды және жайылымдарды түбегейлi жақсарту,
сонымен қатар, суландыру құрылыстарын қайта жаңарту, шаруашылық
субъектiлерiнiң жайылымдық жерлерiн, әрi қарай пайдалануға арналған
резервтiк жерлердi суландыру жөнiндегi іс-шараларды әзiрлеу.
      Жерлердiң шөлейттенуi мен деградацияға ұшырау процестерін болдырмау
үшiн мыналар бойынша ұсыныстар дайындау болжанады:
      ландшафттық көзқарас негiзiнде табиғи және экологиялық аудандастыру;
      шөлейттену мен деградация процестерiне ұшыраған жерлерді анықтау және
оларды сапасы жағынан бағалау;
      жердiң шөлейттенуіне, жел және су эрозиясына қарсы күрес жөнiндегi iс-
шараларды әзiрлеу, тұзданған және сортаңданған жерлердi мелиорациялау,
аумақтарды ұйымдастыру жобаларының негiзiнде мал азықтық алқаптарды
жақсарту;
      химиялық және биологиялық әдiстердi оңтайлы қолдану кезiнде топырақ
құнарлылығының қалпына келуiн қамтамасыз ететiн топырақты қорғайтын
ауыспалы егiс пен жайылым айналымын игеру;
      егiстiк жерлердегі сортаңдаған дақтарды кетiру бойынша мелиоративтiк
жұмыстарды жүргiзу, дефляциялық қауiптi және эрозиялық қауiптi жерлерде
эрозияға қарсы iс-шараларды жүргiзу.
      Бүлiнген жерлердi консервациялау мен рекультивациялау жобала-
рын орындау бойынша бақылау күшейтiледi.
      Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны мен Арал өңiрi бойынша
проблемаларды кешендi шешу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2003
жылғы 22 тамыздағы N 182-ө өкiмiне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      "Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны мен Арал өңiрiнiң проблемаларын
кешендi шешу бойынша ұсыныстарды әзiрлеу жөнiндегi ведомствоаралық жұмыс
тобын құру туралы"
       Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралармен кешендi түрде жер
ресурстарын қорғау
      Жер ресурстарын қорғау мақсатында мыналар болжанады:
      оңтайлы жер пайдаланудың экологиялық нормативтерiн жасау және
тәжiрибеге енгiзу;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 қарашадағы N
1692 қаулысымен мақұлданған, "Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын
табиғи аумақтарының 2030 жылға дейiнгi даму тұжырымдамасына" сәйкес ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық коридорлар торабының одан әрi
дамуы.
      Орман қорының жерлерiн ұтымды пайдалану мәселелерi 2004-2006 жылға
арналған "Қазақстанның ормандары" салалық бағдарламасының шегiнде жүзеге
асырылатын болады.
      Ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету
      Мемлекеттiк жер кадастры бойынша ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету
үшiн мыналар көзделедi:
      нарықтық экономика жағдайларына, сондай-ақ өндiрiстiк (техникалық)
жер кадастрлық процесс кезеңiне сәйкес келетiн құқықтық, фискальдық, сондай-
ақ көп мақсатты жер кадастры қағидаттарының, мiндеттемелерiнiң құрамы мен
мазмұнының ғылыми негіздемесiн;
      сандық және сапалық есепке алу, бонитеттеу әдiстемесiн жасау, сондай-
ақ жердi мемлекеттiк кадастрлық бағалауды енгiзу;
      мемлекеттiк жер-кадастрлық құжаттамалардың пакетiн;
      аэроғарыштық түсiрулердiң материалдарын пайдалана отырып, кадастрлық
карталарды жасау технологиясын;
      пилоттық объектiлерде МЖК ГАЖ жекелеген жүйелiк кешендерiнiң
технологиясын сынау мен енгiзу әдiстемесiн әзiрлеу;
      жүйелi-бағытталған кешендердiң технологиялық процестерін, жер
кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн құру стандарттарын
әзiрлеудi зерттеу мен қорытуды жүргiзу.
      Жер мониторингi, зерттеу мен картографиялау жұмыстары бойынша:
      жер мониторингiнiң ғылыми-әдістемелiк негiздерiн жетiлдiру
тұжырымдамасын;
      жерлердi түгендеу мен сапалық (мелиоративтiк) жай-күйiнiң (эрозиялық,
дефляциялық процестер, ластану) әдiстемесiн әзiрлеу;
      тексерiлетiн аумақтардың жер пайдалану карталарын құрастыру (M
1:100000), ландшафттық карталарды (M 1:50000) жасау, елiмiздiң әртүрлi
табиғи-ауыл шаруашылығы аймақтарындағы өте жоғары дәлдiктегi (1:10000) жер
учаскелерiн картаға түсiру және кадастрлық мәлiметтердi бақылау.
      Жерге орналастыру бойынша:
      ландшафттық-экологиялық көзқарас негiзiнде нарықтық экономика
жағдайында аумақтарды жоспарлау мен ұйымдастырудың тұжырымдамасын,
қағидаттары мен әдiстемесін;
      ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлердiң аумақтарын ұйымдастыруды талдау
мен бағалауды ландшафттық қамтамасыз ету;
      жерге орналастырудың республикалық, облыстық, аумақтық жобаларын
жасаудың әдістемесін жасау, жер ресурстарын жақсарту мен пайдалану
бағдарламасын, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірісі жерлерiн
ландшафтық-экологиялық көзқарас негiзiнде ұйымдастыру және оны өндіріске
енгізу әдiстемесiн әзірлеу;
      республиканың арнайы аудандарында облыс аумағының, шаруашылықтың,
шаруа қожалығының жерлерiнiң 1:1000000, 1:100000, 1:25000, 1:10000 және
1:5000 масштабта ландшафтты-экологиялық картаға түсiрудi жүргізу.
      Ақылы жер пайдалану және жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен
қорғауды экономикалық ынталандыру жүйесi бойынша:
      ақылы жер пайдалану жүйесінің тұжырымдамалық негiзiн;
      жерлердiң барлық санаттарын кадастрлық бағалау әдiснамасын және
әдiсiн жасау, пилоттық объектiлер негiзiнде аумақтарды бағалық аймақтарға
бөлу;
      инженерлiк тораптарды және коммуникацияны пайдаланушылардан ауыл
шаруашылығы кәсiпорындарының сервитуттары үшін төленетін ақының анықтаудың
тұжырымдамалық және әдiстемелiк көзқарасын әзiрлеу;
      жер сапасын көтеру (төмендету) және қорғау үшiн экономикалық
ынталандыру (санкция).
       Кадрлық-қамтамасыз ету
      Жер реформасын жүргізуді кадрлық қамтамасыз ету үшiн мыналар
көзделедi:
      Бағдарламада: бiлiктiлiктi жоғарылату, жерге орналастыру қызметiнiң
мамандарын қайтара даярлау, жер ресурстарын оқыту бойынша мамандарды
даярлау, картография, фотограмметрия мен аэроғарыштық түсiрулердi
дешифрлеу, жер құқығы бойынша мамандарды дайындау.
       Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
      Бағдарламада мыналар көзделедi:
      жерлердi ұтымды пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылау органдарын
автокөлiкпен, жеке компьютерлермен және басқа да техникамен қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне:
      техникалық құралдармен, жылжымалы экспресс-зертханалармен және
зертханалық кешендермен жабдықтау жөнiнде;
      геодезиялық және картографиялық жұмыстар өндiрiсi үшiн қазiргi
заманғы құрал-жабдықтарды енгiзу жөнiнде;
      мемлекеттiк жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң
орталығын салу жөнiнде ұсыныстар дайындау.
      Халықаралық ынтымақтастық
      Халықаралық қатынас саласында жер ресурстарын басқару жөнiндегi
уәкiлеттi органдарда мыналар көзделедi:
      алдыңғы қатарлы шет ел тәжiрибесiн, әдiстемелерiн, технологияларын,
аспаптарын, стандарттарды, жерлердi ұтымды пайдалану мен қорғау, жер
қатынастарын жетiлдiру үшiн жерге орналастыру, жер кадастры мен жер
мониторингi саласындағы нормативтер мен жер пайдаланудың ландшафттық
жоспарлауын;
      Арал теңiзi мен Арал, Балқаш өңiрiнiң, Семей ядролық полигонының жер
ресурстарын қорғау мен қайта қалпына келтiру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер кадастрі туралы түсінік және Қазақстан Республикасында жер реформасы жағдайындағы оның мазмұны
Аягөз ауданында жер кадастрының жүргізілу тәртібі
Жерлерді кадастрлық бағалау
Жер учаскелерін кадастрлық құнын анықтау
Ақмола облысы Шортанды ауданының жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау туралы ақпарат
Жер кадастры мәліметтерінің сенімділігі
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІ ҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ШАРУА ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕР ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ КАДАСТРЛЫҚ БАҒАЛАУ ЖОЛЫ
Жерді кадастрлық аймақтау, бағалау және жер салығын салу
Жер ресурстарын басқару
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының құқықтық мәселелері
Пәндер