Жер кадастрының Кеңес одағы кезіндегі дамуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Жер кадастрының Кеңес одағы кезіндегі дамуы

Мемлекеттік жер кадастрының құрамдас бөлігі болар алдыңда жерді тіркеу, есепке алу, бағалау халық шаруашылығының ертеректегі даму кезеңдерінен басталып, көптеген белгілі өзгерістерден өтті. Бірақ, олардың арасында әрқашан бір белгілі байланыс болды. Сондықтан, олардың дамуы, жетілу тарихын, шын мәнінде тұтас жүйе ретінде, Кеңестік жер кадастрының қалыптасуы, даму тарихы деп қарауға болады.

Жер кадастрының қазіргі кездегі мәнін дұрыс түсіну және оны әрі карай дамуын алдын ала білу үшін оның пайда болуы мен және дамуының тарихын жақсы білген жөн. Бұл мәселелер осы бөлімде келтіріледі. Кеңес мемлекеті құрылуымен елімізде пайдаланылатын жерлерді тіркеу, есепке алу арнайы мемлекеттік әдіс ретінде жүргізіле бастаған.

Ал жерлерді бағалау тек жеке жер мәселелері мен шаруашылық міндеттерді шешуде ғана жүргізілді. Бірінші жылдары жер кадастрлық әдістердің және олардың міндеттерінің қажеттілігі "Жер туралы" декретінде кеңестік жер өзгертулерін жүргізу қажеттігімен негізделген. Декреттің 3-бабына сәйкес, помещик жерлерін тартып алу тәртібін қатаң сақтау, тәркіленген мүліктің дәл тізімін жасау, халыққа өтетін жерлерді қатаң қорғау ояздық шаруа депутаттарына жүктелді.

Болыстық жер комитеттері жергілікті жер қатынастарын реттеу, жалпы жерді қайта рәсімдеуді дайындау үшін қажетті мәліметтерді жинауға тиісті болды: әр болыстықтың жер мөлшері, сапасы, алқаптардың көлемі, табиғи мал азық жайылымдардың және өндеуге, жыртылуға жататын жерлердің сапасын, жерлердің ауданын анықтау үшін барлық қол астындағы жоспарлы-картогафиялық материалдар, басқа да құжаттар пайдаланылды. Тіркіленген жерлерге акт жасалынды. Оларға алқап түрлерінің, жерлердің барлық көлемдері көрсетіліп, тиісті жерлер тізімдері тіркелген. Жерді есепке алу, бағалау, бірінші кезекте жерді үйлестіру қажеттілігінен туды.

1919 ж. 14 ақпаңда жарияланған БОАК бекіткен "Социалистік жер үйлестіру және социалистік егіншілікке көшу шаралары туралы" ережеде жер үйлестірудің міндеттері, мазмұны жүргізу принциптері анықталған. Осы ережемен жерді есептесе алу міндеттері де белгіленген. Оны жүргізу тәртібі 1919 ж. 23 қыркүйекте РСФСР халықтық жер комитеті бекіткен "Социалистік жерді үйлестіру мүддесі үшін жерлерді есепке алу бойынша нұсқаулармен" белгіленген. Кеңес кезіндегі жерлерді есепке алу бойынша бұл бірінші арнайы нұскау болған. Ол жерлерді есепке алуды жүргізу тәртібін және жер есептік құжаттың мазмұнын белгілеген. Болыстық бойынша жер үйлестіру ісін дайындауда халықты және жерлерді есепке алу жүрді.

Жерді есепке алу бастапқы /негізгі/ және күнделікті деп бөлінген. Ол әр болыстық бойынша жеке жүргізілген. Үлестіруге жатқызылған, жатқызылмаған барлық жерлер есепке алынған. Болыстық территориялары "Есептік дачалар" деп аталатын бірнеше бөліктерге бөлінген. Есептік дачаның ауданы межелеу мәліметтері бойынша есептеліп, әр учаскі орналасуына байланысты тиісті есептік дачаға тіркелген, ал алқаптар ыңғайлы /жайылым, шабыңдық, орман, бұта, жыртылған, бау, бақшалар, аула жерлері/ және ыңғайсыз /жыралар, құмдар, батпақтар, су/ деп бөлінген. Жерді есепке алуды жүргізу нәтижесінде барлық болыстық жерлердің есептік тізімдері, карталары пайда болған.

1918 ж. 25 шілдеде В. И. Ленин қол қойған Орталық статистикалық басқарма туралы:

Ережеде бірінше рет, басқа міндеттер ішінде, жерді тіркеу осы басқармаға жүктетілген. 1919 ж. Заңды түрде ол бірінші рет жер жағдайы туралы мәліметтерді жинау, жүйелеу, сақтау, жаңғырту бойынша белгілі әрекет түрі ретінде бекітілген. Оның жүзеге асуы іс жүзінде "Социалистік жерді үйлестіру және егіншілікке көшу шаралары туралы" Ереже қолданғаннан кейін басталды. Осы заңдық актіде "Пайдаланатын жерлерді мемлекеттік тіркеу үлестірілген жер қорын, жер пайдаланушыларды және болып жаткан бар өзгерістерді есепке алу мақсатымен жүргізіледі" деп көрсетілген. Бұл жазба құрылған жер пайдалануларды болыстық карталарға түсіруден жер тізімдерін жасаудан тұрған.

Жер пайдалануға кұқықтығын дәлелдейтін құжат болып, осы жерді бөліп беру туралы жазба саналған. Бұл жазуды губерниялық жер бөлімі бекіткен. Жер пайдаланушыларға берілген жоспарларда және жерді бөліп беру туралы жазбада тіркеуден өткендігі көрсетілген. Негізгі тіркелуші бірлік ретінде жеке жер учаскесі алынған. Ол учаскені бір немесе бірнеше алқаптардан тұратын, баска жер пайдаланушылар жерінен бір тұйық сызықпен шектелген жер ауданы құрған.

Мемлекеттік тіркеуге жататын мағлұматтар арнайы құжатта көрсетілген /болыстық карта, мекен картасы, мекен тізбегі, жер пайдаланушылардың тізімі/. Әр жеке жер учаскесіне жерді пайдалану бойынша іс кұрастырылған, бұл істе барлық материалдар жинақталған.

1919 жылы 23 қыркүйекте РСФСР халыктық жер комитеті бекіткен "Пайдаланатын жерлерді мемлекеттік жазу тәртібі /жерді тіркеуі/ және рәсімдері туралы нұсқауда" Мемлекеттік жазуды жүзеге асыру тәртібі келтірілген. Пайдаланылатын жерлерді тіркеу бойынша бұл бірінші нұсқау болды.

1934 жылдан бастап жерді есепке алу бойынша арнайы есеп беру енгізілді. 1934ж. 29 мамырындағы КСРО ХКК қаулысымен «Алкаптар және жер пайдаланулар бойынша "жерлерді үлестіру туралы есеп беру жөнінде" қолындағы бар құжаттар және материалдар негізінде аудандық жер бөлімдері есеп құрып, жоғарыға есеп беру міндеттері жүктелген.

1935-1938 жылдары ауыл шаруашылық артелдерге мемлекеттік актілер тапсырылды, керек жағдайда шаруашылықаралық жерді үйлестіру жүргізілді. Бұл кәдімгі дәрежеде есептік жер кұжаттардың саласын және сенімділігін арттырды. Қоғамдық колхоз жерлерін талан-тараждан сақтау және жер істерінде тәртіп орнату мақсатымен 1939 ж. арнайы есептік жер құжаты енгізілді:

1. Колхозда - баулықтап тігілетін жер кітабы.

2. Аудандық атқару комитетінде - жерлерді мемлекеттік тіркеу кітабы.

Бұл кітаптардың жер есептік жөне жер тіркеулік мағынасы болған. Жерлерді есепке алу және онымен қоса тіркеу колхоз жерлерін талан-таражға салудан сақтауға мүмкіншілік берген. Бірыңғай жер қорының құрамы есепке алу барысында 5 санатқа бөлінген:

1. Ауыл шаруашылығына арналған жерлер;

2. Өнеркәсіп, көлік, арнайы арнаулы жерлері;

3. Қалалар және қала типтес поселкелер жерлері;

4. Мемлекеттік орман қоры;

5. Мемлекеттік босалқы жерлері.

1938ж. бастап үлкен көлемде шаруашылық ішіндегі жерді үйлестіру жұмыстары жүргізіле бастады. Жерді есепке алу үшін жерді үйлестіру алқаптары құрамын, жай-күйін сипаттаушы айрықша құнды мағлұматтар береді. Есепке алу жұмысы жақсы қойылған жерлерде жерді үйлестіру үшін қажетті мәліметтерді беріп отырды.

КСРО МК 1949 ж. 20 тамыздағы қаулысымен совхоз жерлерін мемлекеттік есепке алу кітабы енгізілген. Ол кітап екі бөліктен тұрған. Бірінші бөлігінде әр совхоз туралы жалпы мәліметтер келтірілген, ал екінші бөлігінде совхоз жерлерінің экспликациясы берілген. 1952 ж. бастап барлық колхоз, совхоздарында суарылатын жерлерді есепке алу мақсатымен жоспарлы-картографиялық материалдар дайындала бастады. 1953 ж. бастап суармалы жерлердің сапасын, жағдайын күнделікті есепке алу жұмыстары жүргізілетін болды.

Социалистік жер қатынастарының әрі карай дамуы және жер пайдаланушьшардың күшеюі барлық пайдаланылатын жерлерді бір жүйеде тіркеудің, бүкіл елдегі бірыңғай жүйесін кұру қажеттілігін алға қойды. Елде Пайдаланатын жерлерді мемлекеттік тіркеу, есепке алудың бірыңғай жүйесі 1954 ж. 31 желтоқсанда кабылданған КСРО МК "КСРО жер қорын бірыңғай мемлекеттік есепке алу туралы" қаулысынан басталды.

1964 ж. КСРО АШМ нұсқауы бойынша В. В. Докучаев атындағы топырақ институты жерлерді мемлекеттік есепке алу мүддесі үшін топырақ топтарының жүйелі тізімін жасады. Топырақтардың агроөңдірістік қасиеттерін, олардың тыңайтқыштарда, мелиоративтік шараларға мұқтаждығын, соңдай-ақ ауыл шаруашылық дақылдары үшін олардың жарамдылығын ескере отыра, барлығы 117 негізгі топтар бөлінген. Топырақтардың топтары бойынша сипаттаумен қатар, алқаптар эрозиялану, тұздану, сортандану, топырақтардың фосфор, калийдің жылжымалы түрлерімен қамтамасыз етілуі /100 г топыракқа миллиграммесебімен/ дәрежесі бойынша бөлінеді.

1971 В. В. Докучаев атындағы топырақ институты топырақтарды бонитеттеу әдістемесін ашқан болатын. Оның негізінде барлық облыстарда топырақгарды бонитеттеу бойынша әдістемелік нұсқаулар құрастырылды. Бұл нұсқауларға сәйкес бағалауға топырақ түрлері, сондай-ақ олардың кешендері жатады. Топырақтарды бонитеттеу негізіне олардың табиғи қасиеттері жөне шығымдылық дәрежесі алынды.

Ауыл шаруашылық экономикасының Бүкіл одақтық ғылыми-зерттеу институты ауыл шаруашылық өндірісінің басты құралы ретінде жерді жалпы бағалау әдістемесін тапты. Бұл әдіспен Мөскеу, Смоленск, Брянск облыстарында жұмыстар жүргізілген. Жерлерді бағалау көрсеткіштері ретінде аудан бірлігіне қатынастанған өсімдік шаруашьшығындағы жалпы өнім мен таза пайда алынған. Жерлерді бағалауды әр табиғи экономикалық ауданда тандалған типті шаруашылық мәліметтері бойынша жүргізу ұсынылған. Бағалау шкаласы 100 баллдық жүйе бойынша құрылады.

Қазақ ауыл шаруашылық экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институты жерлерді зкономикалық бағалау кәрсеткші ретінде өзіндік құнды және салыстыруға келетін шығымдылықты алуды ұсынды. Экономикалық бағалау алдында топырақгарды бонитетгеу керек. Соңғының нәтижесінде физикалық, химиялық, гидрогеологиялық, биологиялық және т. б. табиғи қасиеттері, сондай-ақ, олардың қазіргі мәдениелену жай-күйі бойынша, топырақтар агроөндірістік тұрғьща топтастырылады. Бірқатар ауыл шаруашылық жоғары оку орындарының жерді үйлестіру факультеттері мамандары жоғарыда айтылған жұмыстарға үлкен үлес қосты.

Жер ресурстарының қазiргi жай-күйiн талдау

Жер қорының жалпы сипаттамасы

Қазақстан, аумағы бойынша Азиядағы үшiншi ел, он табиғи-ауыл шаруашылығы аймақтарын қамтитын 272, 5 млн. гектар аумақты алып жатыр. Далалы, құрғақ далалы, жартылай шөлейттi және шөлдi төрт аймақтың үлесiне жалпы аумақтың 87, 4% және ауыл шаруашылығы алқаптарының 88, 3 % жатады (1-қосымша, 1-cурет) .
Елдегі жерде болып жатқан өзгерiстер жер қорын санаттар мен алқаптар бойынша бөлуде белгiлi бiр өзгерiстерге алып келдi:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамынан қордағы жерлер қатарына және өзге санаттарға 135, 0 млн. га (62 %) жер ауыстырылды;
өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердiң ауданы 8 есе азайды;
мемлекеттiк орман қоры жерiнiң ауданы 5, 6 %-ға өстi;
су қоры жерi - 4, 4 есе өстi;
ауылдық (селолық) округтерге мал бағу және басқа да мақсаттар үшін қосымша жерлердiң берiлуiне байланысты ауылдық елді мекендер жерінің ауданы 11 есе өстi. Олардың ауданы 20, 4 млн. га, оның iшiнде қалалар мен кенттердiң жерi - 1, 9 млн. га, ауылдық елдi мекендердiкi - 18, 5 млн. га құрады;
реформаланған ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының бөлiнбеген жерлерiнiң, сондай-ақ өнеркәсiп және ауыл шаруашылығына арналмаған, пайдаланылмай жатқан ауданы 100 млн. гектардан астам өзге де жерлер қордағы жердiң құрамына шығарылды. Нәтижесiнде республикада қордағы жерлердiң ауданы 6 есе өстi (1-қосымша, 2-сурет, 1-кесте) .
Қазақстан Республикасының жер қоры өзінiң табиғи ерекшелiктерiне қарай, негiзiнен, ауыл шаруашылығы алқаптарынан тұрады (81, 7%), орман алқаптары мен ағашты-бұталы екпелер республиканың жер қорының құрылымында бар-жоғы 5, 3%-ды, су мен батпақ астындағы жерлер - 3, 2%, басқа алқаптар жалпы жер алаңының 9, 8%-ын құрайды.
Республиканың жер қорының 81, 7%-ын ауыл шаруашылығы алқаптары алып жатыр, олардың iшiнде шөлдi және жартылай шөлдi типтегi жайылымдар басым (84, 9%), ал егiстiк 10, 2%-ды құрайды.
Республиканың ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердiң үлес салмағы 38, 5%. Ауыл шаруашылығы алқаптарының елеулi ауданы босалқы жер қорының
(50, 6%), елдi мекендердiң (8, 6 %), орман қорының (3, 6%) құрамында орын алады.
Тәлiмдi (суарылмайтын) егiстiктiң 70%-ынан астамы үш облыстың - Ақмола, Қостанай мен Солтүстiк Қазақстан облыстарының үлесінде; суармалы егiстiктiң 60, 7%-ы Алматы мен Оңтүстiк Қазақстан облыстарында, ал жайылымдардың неғұрлым үлкен ауданы Қарағанды мен Ақтөбе облыстарында, тиiсінше: 35, 5 млн. га (18, 8%) және 25, 5 млн. га (14, 1%) шоғырланған.
Реформа жылдарында ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымындағы егiстiкте айтарлықтай өзгерістер болды. Егiстiкте өңделген жердiң 12, 8 млн. га (1/3 шамасында) айналымнан шықты.
Қазiргi кезде республикада көп жылдық екпелер 121, 8 мың гектарды, оның iшiнде: бақтар - 97, 6 мың гектар, жүзiмдіктер - 13, 7 мың гектар жерді алып жатыр. Жер реформасы жылдары көп жылдық екпелер ауданы 41, 4 мың гектарға немесе 25%-ға, оның iшiнде есептi жылда - 1, 2 мың гектарға кемiдi.
Шабындықтардың ауданы есептi кезеңде 5, 0 млн. гектарды құрайды, оның iшiнде: 62, 4 мың гектары - жақсартылған, 731, 8 мың гектары - көлтабанды суармалы жерлер.
Республикада алқаптардың негізгі түрі болып жайылым табылады. Олар ауыл шаруашылығы алқаптарының 189, 0 млн. гектарын немесе
84, 9%-ын алады. Жайылымдардың жалпы ауданының 116, 9 млн. гектарын немесе 61, 6%-ын суландырылатыны, 4, 8 млн. гектарын немесе 2, 6%-ын - жақсартылғаны құрайды. Республиканың жер қорының 49, 7 млн. гектарын немесе 18, 3%-ын ауыл шаруашылығына арналмаған алқаптар алады (1-қосымша, 3-сурет, 2, 3, 4-кестелер) .
Республикада жер реформасын жүргiзу мемлекеттiк монополияның жойылуына және жерге жеке меншiк құқығының бірте-бірте таралуына алып келдi. Азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың жеке меншiгiнде жалпы көлемi 589, 9 мың гектар 3 миллионнан астам жер учаскелерi бар.
Республиканың жер ресурстары, оларды ұтымды пайдаланған және жақсартқан жағдайда iшкi және экспорт сұраныстарын қанағаттандыратын көлемде әртүрлi өнiмдер өндiрiсiн қамтамасыз ете алады.

Күшті жақтары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер кадастрының халық-шаруашылык, есепке алудың кейбір түрлерімен жене жерді үйлестірумен байланысы
Жер кадастрі туралы түсінік және Қазақстан Республикасында жер реформасы жағдайындағы оның мазмұны
Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын реттейтін құрал ретіндегі жер кадастры
Жер кадастрының теориялық негізі
Жер кадастрлық мәліметтердің мазмұнын
Жер кадастры туралы
Жер ресурстары
Қазақстан Республикасындағы жер кадастрыны жайлы
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІ ҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ШАРУА ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕР ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ КАДАСТРЛЫҚ БАҒАЛАУ ЖОЛЫ
Жер ресурстарын басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz