Жергілікті өзін-өзі басқару туралы қысқаша мәлімет


Жергілікті өзін-өзі басқару туралы қысқаша
мәлімет
Аймақтың 3/1 әкімі тағайындалып қойғанымен, әлі күнге дейін ауылдың сын сағатын безбендейтін «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасы Парламенттің тезінен өтпей жатыр. Бұл - саяси элитаның өзара шешім қабылдауда бірізділікке келе алмай жатқандығын танытса керек. Өйткені желтоқсанда қабылдануы тиіс бұл заң жобасы Ақ үй дәлізіндегі сыбысқа сенсек, кейінге, яғни келесі жылдың қаңтарына шегерілгенге ұқсайды. Неге?. .
Жалпы, Парламент талқылануына ұсынылған бұл заң жобасының үш нұсқасы бар. Біріншісі - үкіметтік консервативтік заң жобасы, екіншісі - депутаттардікі - либералды, ал үшіншісі - осы екі көзқарас аралығын салмақтап, Мемлекеттік комиссияның жасап шығарған заң жобасы. Ал бұл арадағы заң жобаларының түйткілі неде дегенге келер болсақ, оны былайша түсіндіруге болады: үкімет «аймақ халқы ең алдымен дауыс беруі керек» дейді. Мұндай жағдайда жергілікті кеңестің қажеті қанша деп ойлап қаласыз. Сондай-ақ салық тетіктері болмайтын кеңестің мәртебесін қалай анықтауға болады? Бұл - түсініксіз нәрсе. Ал депутаттардың ұсынысы бойынша, ауылдық және шағын қалаларда әкім атаулы болмайды, бұл тетік жергілікті өзін-өзі басқаруға көшуі тиіс. Саясаттанушы Берік Әбдіғалиевтің пікірінше, «бұл заң жобасы әлдеқашан қабылдануы қажет еді. Бірақ оған осы мәселенің тым саясиландырылып жіберілгені кедергі болып отыр».
- Әйтпесе бұл заң - қоғамға өте қажет. Заңды қабылдауды кешіктірген соң, қалалық жерлерде КСК-лар мәселесін шешуге заңсыз өздігінен кірісіп кетті. Бұл арада ауылға ауыр соғып тұр. Қазір ауыл әкімінің мөр қоюдан басқа қолынан еш нәрсе келмейді. Сондықтан жергілікті мәселені шешу үшін, оларға заңдық тұрғыда мүмкіндік берілуі тиіс. Өкінішке қарай, бұл мәселе тым саясиландырылып отыр. Биліктің басқару функциясы бұрыннан орталыққа бағынышты болып келгендіктен, осы тиімді жүйеден олар әзірге айырылып қалғысы келмейді. Яғни билік «бұл заңды қабылдасақ, ертең аймақтағы ықпалымызды жоғалтып аламыз» деп қорқады. Сондықтан бұл арада оның ел тұрақтылығына кері әсер етпейтіндігін мықтап дәлелдеп шығу керек болып тұр, - дейді саясаттанушы.
Ал саясаттанушы Нұрлан Сейдіннің айтуынша, «аталған заң жобасы әлі де шикілеу». - Жалпы, жергілікті өзін-өзі басқару заңы - 1995 жылдан бері қарай талқылауда жүрген мәселе. Азаматтық қоғамның, демократияның белгілі бір деңгейіне жетеміз деуде бұл мәселе талқылауы кейінге шегеріліп келгені белгілі. Парламентте қаралып жатқан осы заң жобасының қай нұсқасы болмасын, қатты сынға ұшырауда. Сондықтан оны тағы бір талқылаудың «қазанына бір қайнатып» жаңа жылдан соң, тұщымды заңды қабылдау керек деп ойлаймын, - дейді ол. Соған қарағанда, қоғамды жаңа жылдан кейін жергілікті басқаруға байланысты жаңа өзгерістер күтіп тұрған секілді . . .
Мырзагелді Кемел, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, экономика ғылымдарының докторы: Өзін-өзі басқару жүйесін бүгіннен-ақ енгізе беруге қазіргі Конституция мүмкіндік береді
:
- Дәл қазір әлемдегі ең озық елу елдің қатарына ресми Астана аймақтарсыз-ақ жетіп барғалы отырғандай көрінеді. Елбасы қамшылағаннан кейін ілгері ышқынған Үкімет барлық іс-шараны өзара бөліске салуға жан сала кірісті, ал аймақтар осы істен шет қалуда: біз хабарласқан аудан-қала әкімдері "елуге" кірудің емес, орнында қалудың қамын ойлап, бас қатырып жатыр екен. Мырзагелді Кемелұлы, сіз Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында "жергілікті өзін-өзі басқару" мәселелерімен айналысып келесіз, биыл басталуға тиісті саяси реформалар көшінен осы маңызды жүйені енгізу ісі тағы қалып қоймай ма?
- Қалып қоймауға тиіс. Халық нақты өзгерісті күтіп отыр. "Жергілікті өзін-өзі басқару" - жергілікті халыққа өз өңірінің күйіп тұрған мәселесін өзі шешуге мүмкіндік беру ғой. Қай жерге құбыр тарту керек, қай тұсқа тас жол төсеу қажет және сол сияқты жергілікті проблемаларды сол жер халқынан жақсы ешкім білмейді. Ал оның бәрін жоғарыдан нұсқап, біздің Үкімет жаман үйренген. Осыдан кейін жергілікті билік еліміздің "әлемдегі ең озық елуге" қосылуына өзіндік үлес қосудың емес, орталыққа қол жайып, күн көріске жетер ақша сұрап алудың жол-амалдарына көбірек бас қатырады. Жергілікті өзін-
өзі басқару (ЖӨӨБ) жүйесін енгізбей, Отанды өркендету бағытындағы жергілікті бастамашылық жөргегінде тұншықтырыла бермек. Онсыз біздер қол жеткіземіз деп жүрген азаматтық қоғамның қалыптасуы мен демократияның жетілуі жай бір жайдақ сөз болып қалады.
Басқаны білмеймін, "шыққан тауым биік болсын" дейтін қазақ өзінің туған жерін - кіндік қаны тамған жерін көркейтуде қашанда ерекше құлшыныс, ұмтылыс, керек болса бұлқынысқа бейім тұратын халық, өкініштісі, осы күш-жігерді қайда бағыттайтынын білмей, дағдарған жайы бар. Аймақтарға барсаңыз, бұқара халықтың негізінен "ЖӨӨБ"-тің не екендігінен хабары жоқтығын көресіз. Ал батыс елдерінде, шағын қалаларға барып, жергілікті өзін-өзі ұстау дәстүрін, қалыптасқан салтты, табиғи тазалықты, тәртіптерді бұзсаңыз, қоғамның қаһарына қаласыз. Міне, бұл ЖӨӨБ жүйесінің жақсы жолға қойылған бір үлгісі.
Енді мына бір қызықты қараңыз: қай елде болмасын басқарудың екі сатысы бар ғой, олар - "мемлекеттік" және "жергілікті басқару" деп бөлінеді, соңғы жергілікті басқару "жергілікті мемлекеттік басқару" мен біз айтып отырған "жергілікті өзін-өзі басқарудан" тұрады. Бұл 1995 жылдың 30 тамызындағы референдумда халық қабылдаған Ата заңымызда асты сызылып тұрып, атап көрсетілген де. Қазақстан Конституциясы, сондай-ақ "Конституциялық заңдар екі жыл ішінде қабылданып бітуі тиіс" деп талап ететіні есіңізде шығар?! Енді тыңдаңыз: дәл сондай заңдар сапына кіретін "Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы" Заңы он жылдан асты, әлі қабылданған жоқ.
- Әркімге құлақ түрсеңіз, оның әрқилы себебін айтады . . . Қалай болғанда, заң жобаларын әзірлеу құзыреті мойнына жүктелген Үкімет Ата Заңды мойындамай отыр ма сонда?
- Оның рас, Конституциямызда екі жыл ішінде өмірге ендіру міндеттелгендерден жалғыз осы заң ғана қабылданбай тұр. Әрине, оған Ата Заңымыз кінәлі емес! Конституциямызда бұл мәселе қажет дәрежеде нақтыланған, оның "жергілікті өзін-өзі басқаруға" арналған 89-бабында: "Қазақстан Республикасында тұрғындардың жергілікті маңызы бар мәселелерді өз еркімен шешуін қамтамасыз етуге жергілікті өзін-өзі басқару қызмет етеді. Жергілікті өзін-өзі басқару тұрғындар тарапынан сайлау арқылы, сонымен бірге жергілікті өзін-өзі басқарудың, тұрғындар топтана тұратын селолық және қалалық аумақтардағы жергілікті қауымдастықтардың сайланбалы және де өзге органдары арқылы жүзеге асырылады" деп жазылған. Жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізе беру үшін осының өзі жеткілікті!
Бірақ бұл сала заңнамамен қамтамасыз етілмек түгілі, тұжырымдамалық деңгейде де шешілмей тұр. Үкімет осы жылдар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz