ҒЫЛЫМИ НЕГIЗДЕЛГЕН КIТАП НЕМЕСЕ ЖЕТIРУ ТАЙПА БIРЛЕСТIГIНIҢ ТАРИХЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ҒЫЛЫМИ НЕГIЗДЕЛГЕН КIТАП НЕМЕСЕ ЖЕТIРУ ТАЙПА БIРЛЕСТIГIНIҢ ТАРИХЫ

Қазiргi күнi республикамыз дағдарысты кезеңдi бастан өткерiп, қоғам
өркениеттi даму жолына түсiп келе жатқан жағдайда тарих ғылымы дел-сал күй-
ден қайта жанданып, өрлеу үстiнде. Осындай ғылыми жаңғыру республикалық
“Алаш” тарихи-зерттеу орталығының жұмысынан да байқалады. Орталық “Қазақ ру-
тайпаларының тарихы” ғылыми-зерттеу жобасының негiзiнде айтарлықтай
iзденiстер жүргiзiп, қомақты нәтижелерге қол жеткiзуде. Орталық ғалымдары
мен қызметкерлерi Кiшi жүздiң Жетiру бiрлестiгiндегi тайпалардың тарихын
толығымен зерттеп, бiрнеше том еңбектер даярлап шығарды.
Зерттеулер “Атамұра” баспасынан барлығы он бiр кiтап түрiнде жарық көрдi.
Атап айтатын болсақ, олар: “Тама” — 3, “Табын” — 2, “Кердерi” — 1, “Керейт”
— 1, “Жағалбайлы” — 2, “Рамадан” — 1, “Телеу” — 1. Аталған кiтаптардың алғы
сөздерiнде жалпы Жетiру тайпалар одағының тарихы, таңбалары, ұрандары
т.с.с. кең көлемде баяндалған, сондай-ақ әрбiр тайпаның тарихына байланысты
ерекшелiктер көрсетiлген.
Жетiру тайпа бiрлестiгiне енетiн Тама тайпасының тарихы I том үш кiтап
түрiнде 2005 жылдың соңында баспадан шыққан болатын. Тамалардың өткенi
жайындағы кiтаптар туралы бiз Алаш журналының 3 санында қазақтың
көптомдық этникалық тарихының бастауы — Тама деген атаумен шағын мақала
жариялаған едiк. Сондықтан да журналдың осы санында Жетiрудың қалған
тайпаларының тарихы жөнiнде сөз қозғамақшымыз.
Аталмыш этникалық бiрлестiктегi Табын тайпасының сонау ерте ортағасырлардан
ХХ ғасырдың бас кезiне дейiнгi жүйелi түрде жазылған тарихы ”Табын” деген
атпен 2-томды құрайды. Бұл том екi үлкен кiтаптардан тұрады.
Табын тайпасының тарихы жайлы егжей-тегжейлi айтылатын оның 1-кiтабында
Табынның ХIII ғасырға дейiнгi тарихы, кезiнде Орхон өзенi бойын мекендеген
Үш Табындар тайпасы, Майқы бидiң Табын хандығының негiзiн салушы және
билеушiсi ретiндегi рөлi жайлы, Алтын Орда дәуiрiндегi, сондай-ақ кейiнгi
ортағасырлардағы Табындар тарихының мәселелерi, ХҮII-ХҮIII ғасырлардағы
саяси жағдайдағы Табындардың рөлi деректер мен зерттеулердiң мәлiметтерiне
негiзделiп қарастырылған.
“Табынның” 2-кiтабында ХҮIII-ХIХ ғасырлардағы қазақ халқының ұлт-азаттық
қозғалысындағы Табындар тарихы, Табын тайпасының шежiресi, олардың
қоныстануы, 1930 жылғы Қарақұм көтерiлiсiне Табындардың қатысуы жан-жақты
әрi кешендi түрде зерттелiп жазылған.
Тарихымызда әлi де болса зерттеле қоймаған Үш Табындар, олардың шежiресi
Табын Бөкенбай батыр, Жоламан Тiленшiұлы бастаған көтерiлiс, Бұқарбай батыр
тұлғасы т.б. мәселелер халықтың бай мұрасы – дәстүрлi тарих айтудың
деректерi, сирек кездесетiн кiтаптар қорындағы еңбектердiң желiсi негiзiнде
жазылды. Зерттеу барысында Табындардың Жетiрудағы белдi тайпалардың бiрi
болғандығы, тарихта өзiндiк орындары мен елеулi үлестерi бар екендiгi
дәлелдендi. Тарихтың сонау тұңғиығында ұзақ уақыттар бойы тұншығып, бұрын
ғылыми айналымға түспеген деректер, мәлiметтер талданып, Табындардың өткенi
ғылыми дәйектелдi. Жүрегiнде ұлтқа, елге деген сүйiспеншiлiк, отансүйгiштiк
қасиеттер ұялаған азаматтар үшiн “Табын” еңбегiнiң маңызы зор деп санаймыз.
Қазақ ру-тайпалары арасында Жетiру тайпалық бiрлестiгiне кiретiн Кердерiлер
тарихының өзiндiк ерекшелiктерi “Кердерi” деген атаумен III том дара кiтап
болып жарық көрдi. Онда көне заманнан ХХ ғасырдың бас кезiне дейiнгi тарихы
көптеген деректер мен зерттеулердiң көмегiмен баяндалған.
Орта ғасырлардағы түстiк Арал аймағындағы Кердер мемлекетi, оны IХ ғасырға
дейiн арабтардың жаулауы, Әбiлхайыр хандығы, қазақ-ноғай қатынастары, Қазақ
хандығы тұсындағы Кердерiлер жағдайлары кiтапта жан-жақты көрiнiс тапқан.
Оқырманға ұсынылып отырған қазақтың Жетiру тайпа бiрлестiгiнiң белдi мүшесi
Керейт тайпасының тарихы IV томда баяндалған. Ол көптеген тың деректер мен
мәлiметтердiң негiзiнде жазылған. Керейттер тарихы сонау ғұндар кезеңiнен
бастап баяндалады. Керейт-Керей болып бөлiнудiң күрделi тарихы,
Шыңғысханмен байланысты тарих кiтапта терең зерттелген. Керейттердiң арғы
тарихы туралы болжамдар мен көзқарастардан басталатын зерттеу олардың ХV-
ХVII ғасырлардағы тағдырына ұласып, одан әрi патшалық Ресейдiң отаршылдық
езгiсiне қарсы ұлт-азаттық күреске қатысуы, шежiресi, ХIХ-ХХ ғасырдың
басындағы орналасуымен аяқталған. Кiтап қазақтың ру-тайпаларының көптомдық
тарихын қалыптастыруда сүбелi еңбек болып табылады.
Айта кетерлiк бiр жайт, барлық он бiр кiтаптың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ этнонимінің синонимі
Тарихи этнонимдердің ерекшеліктері
Теле тайпалық одағы
Қыпышақ мемлекеті
VI-XIII ғасырлардағы Түркі тайпаларының Қазақстандағы орналасуы
Орыс жылнамаларындағы түркі текті есімдердің әлеуметтік мәні мен тарихи-этимологиялық сипаты
Кіші жүз тайпалары
Қазақ рулары және рулық таңбалары
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Қазақ антропонимдерінің лингвомәдени және әлеуметтік мәні туралы
Пәндер