Жетісу және Жоңғар Алатауындағы таңбалы тастарының зерттелу тарихынан


Жетісу және Жоңғар Алатауындағы таңбалы тастарының зерттелу тарихынан
Далалық өркениеттің негізін салушы тайпалардың рухани мәдениетіндегі кейбір мәселелерді және олардың мифологиясы мен діни түсініктерін танып-білуге құштарлық пен қызығушылық тудыратын жүмбақ бейнелер көптеп табылуда.
Бірнеше ерекше сурет Қошқаратадан табылды: бейнелер арасында шұңқырлар, немесе тостаған пішінді ойықтар бар. Олар осы жақында ғана белгілі болды. Зерттеушілер оған В. Д. Кубаревтің мақаласынан. кейін назар аударды.
Мұндай ойықтар Жоңғар және Іле Алатауларынан да табылған еді.
Жетісудың тостаған пішінді ойықтары алғашқыда үлкен тастар мен қойтастардың тегіс беттерінен табылды. Ежелгі адамдардың көңілін, сірә, тастардың табиғатынан ерекше жаратылуы тартқан. Мұндай тастар өзен аңғарларындағы биік жайлаулар, қыстаулар мен таудағы биік жайылымдар маңындағы ежелгі мореналарда жиірек орналасқан. Бұдан келе олардың уақыты көшпелі шалуашылық қалыптасқан дәуіріне телуге болады.
Қаратау жартастарында тасқа салынған суреттерден бір мезгілде салынған композицияның бір бөлігіндегі суреттері қара түсті болса, екінші бөлігіндегі суреттері қоңыр керек десең ашык қоңыр түсті (Қойбағар I, 69-тас) болып келеді. Жартастың беті тегіс болмаған жағдайда қақтың түсі дәрежесі де бірдей болмайды. Сондай-ақ Саймалы-таш, Ақсу-Жабағылы аудандарында таудың төбесін көп уақыт қар басып күн сәулесі аз түссе де қақтарының түсі қара болып келеді, қақ түсу дәрежесі жылдың мезгіліне емес күн сәулесінің түсуіне байланысты болады. Кейбір зерттеушілер тотығу дәрежесі бойынша даталауды ғылыми объективті тәсіл деп пікір айтады
Қазақстан мен Орта Азияның далалық бөлігіндегі петроглифтердің хронологиясын жасағанда осындай техникалық-стильдік ерекшеліктері басшылыққа алынады. Қола дәуірінің тасқа қашалған суреттеріне екі үшбүрышты және тікбүрыштап бейнелеу стилі, суреттердің силуетпен берілуі, кіші нүктемен ою тәсілі тән. Ерте темір дәуірінің тастағы суреттерінде контурлы, нәзік қашау тәсілі кең тараған. Ал келесі дәуірлерде түсірілген суреттерде скелет стилі алға шығады, басқаша айтқанда адамдар мен андардың бейнелері дөрекі сызықпен ойылған.
Схемалы суреттердің сенімсіздік тудыратын жақтары да бар. Хронологиялық есептеу кезінде қашау әдістері де талас тудырады. Скелет стилінің енуінен схемалы суреттер бүзылады. Қаратауда көне деп саналатын қола және ерте темір дәуіріне жататын суреттермен бірге схемалы суреттер қатар салынған (Қойбағар 1, 69; Арпаөзен III, 238) .
Тас бетіне сурет қашау әдісі де дау туғызады. Қолда бар материалдар бойынша аңның кескінің кіші нүктемен ойып түсіру, бүге-шігесіне дейін шебер орындау тек қола дәуіріне ғана тән емес. Анық силуетті нақышпен түсірілген бейнелер ерте темір дәуірі мен кейінгі кезеңде де аз кездеспейді. Өз кезегінде Қаратаудың төменгі бөлігіндегі тастағы кескіндерде арбаның, бұқа-турдың бейнелері ірі нүктемен көп түсірілген. Осылардың бәрі бір мезгілдік композицияларда кездеседі.
Зерттушілердің біразы контурлы суреттерді б. з. б. I мың жылдықтың аяғына жатқызады. Бірақ контурлы стиль Қаратау петроглифтерінде қола дәуірінен-ақ белгілі (Қойбағар II, 148 тас) . Сондықтан бұл кезде тек контурлы стилдегі суреттердің көбейгенін айтуға болады. Даталау үшін кейбір петроглифтерді топтауға комплексті түрде келуге тура келеді немесе бір-екі тәсілді қолдану тиімсіз болады. Қазақстан мен Орта Азияның ұқсас суреттерін салыстыра отырып хронологияны есепке алу да дұрыс емес. Осылардың бәрі белгілі жағдайда тасқа салынған суреттерді классификациялау тәсілінің қиындығы мен кемшіліктерін объективті түрде түсіндіреді. Бұл деген петроглифтердің хронологиясы деген мәселенің оңай еместігін көрсетсе керек.
Қаратаудың жартас суреттерін зерттеу барысында даталаудың тиімді тәсілі анықталады: сюжеттердің стилі мен анализі, салынған суреттердің жіктелуін зерттеу, археологиялық даталанған ескерткіштердің суреттерін пайдалану, тас бетіндегі ұқсас суреттерді сақтардың қолданбалы өнер үлгілерімен салыстыру. Тас суреттерінің жасын анықтауда мынадай көмекші факторларға көңіл бөлінеді, суреттердің тотығу дәрежесі мен тастың түсіне және қашалу әдісіне.
Қойбағар комплексінің үш тобында, Арпаөзеннің сегіз тобында жалпы 6180 көрініс пен жеке суреттер белгіленген және де Қошқар-ата мен Габаевканың тас суреттерін қосқанда 7110 сурет шығады. Петроглифтердің біразын немесе көпшілігін даталауға ұмтылу қайшылықты. Қандай да болмасын ірі комплексті суреттерде түрлі кезеңдегі адамдардың көзқарасын білдіретін екі беті де бірдей көрінетін сюжеттер саны өте көп. Оларға жабайы тауешкінің, таутекенің мыңдаған жылдар бойы бірдей әдіспен қашалған суреттері жатады. Сондай-ақ түрлі кезеңдегі суреттерде ешкі мен архар аулаған аңшылардың суреттері де баршылық. Б. э. XҮI ғ. бастап қана көне бақташылардың сүйікті сюжеттерінен шекара байқалады, ол дәстүрлі садақшы бейнелерінің мылтықты аңшыларға ауысуында. Түйе туралы да осыны айтуға болады, әр кезеңдегі суреттерде түйенің айбындылығы көрінеді. Сондықтан хронологияны көрсеткенде өзімізге таныс образдар мен сюжеттерге көңіл бөлу, солардан хабар алу, археологиялық ұқсас материалдармен салыстыру, еліміздің басқа аудандарының петроглифтерінің сенімді даталарынан бағдар алу.
Арбаны тасқа кашап салу көне суретші үшін жай ғана көшіріп салу емес, олар аспанда жүретін мифтік арбаларды салуға тырысқан. Ригведа, Махабхарата, Авеста сияқты жазба ескерткіштерде арбалардың аспанмен жүріп күнді таситындығы айтылады. Ол суретшінің санасына жақын күнделікті өмірде көріп жүрген екі дөңгелегі мен оқтығы бар жегілетін арба болып көрінеді. Қаратау арбаларындағы төрт шыбықты дөңгелектің маңызы зор.
Алғашқы арбалар үш тақтадан қиюластырылып жасалған дөңгелекті жүк таситын арбалар. Олар бұқаға жегіліп жүк тасылған. Мұндай арбалар алғаш Шумерде пайда болған. Және Еуропаның далалық тайпаларына кеңінен белгілі болған. Осындай арбалардан келіп төрт шыбығы бар дөңгелекті арбалар шыққан. Арбалар алғаш оңтүстік орыс жерлерінде пайда болған сияқты, себебі: жабайы жылқылардың қолға үйретілген отаны осы аймақ деп саналады. Төрт шыбығы бар дөңгелектер домалақ тұтас дөңгелектен кейін жасалған және б. з. б. II мың жылдықтың екінші жартысына жатқызады. Төрт шыбықты схемалы дөңгелектер б. з. б. ҮII ғ. дейін өмір сүрген, олар б. з б. II мың жылдықтың аяғы мен I мың жылдықтың бас кезіне жатады.
Мұндай арбалардың шығыс аудандарда қашан пайда болғаны туралы әлі толык түжырым қалыптасқан жоқ. Қаратау жартастарына салынған арбаларға ұқсас бейнелерді Туваның суға баткан тастарынан да кездестірген. Төрт шыбықты дөңгелекті арбалардың б. з. б. ІІ-І мың жылдықтарда салынғанын Дағыстан археологтары да сеніммен айтқан.
Соңғы кездегі ашылулар арбалардың хронологиясы туралы қызық мәлімет берді. Б. з. б. II мың жылдықтың бірінші жартысындағы кезеңге жатқызатын екі дөңгелекті соғыс арбаларын Украина археологтары Запорожьеден тапқан, дөңгелегі түтас домалақ болған. В. Ф. Генинг экспедициясы қазған Челябі облысының Сырташ (Синташт) обасынан дөңгелегінде он шыбығы бар бірнеше жеңіл соғыс арбасын тапқан, сеймге дейінгі және әуелгі сейм кезеңіне жатқызылған. Зерттеулердің нәтижесінде Қаратаудың тас беріне түскен арбаларын б. з. б. ІІ-І мың жылдықтардың арасы деп белгілеген. Қаратаудың арбаларына тек аттар ғана емес түйелер де жегілген. Орта Азия мен Қазақстанды екі өркешті түйелердің отаны, қолға үйретілген аймағы деп сеніммен айтуға болады. Солтүстік аудандарда бактриан түйелерді б. з. б. II мың жылдықтың ортасына жатқызса, ал оңтүстікте III мың жылдықтың басы деп белгілеген және де түйелерді көлік ретінде пайдалану туралы заттай деректер бар.
Қаратаудың шөлді аймағын мекендеушілердің өмірінде екі өркешті түйе маңызды орын алады. Түйе ауру-сырқаудан сақтаушы, киелі саналған. Түйені дәріптейтін халық арасында оларды басынан үруға, тебуге тиым салынған. «Қасиетті» жануарға қиянат жасау байлық пен бақыттан айыратын күнә деп саналған. Халық нанымы бойынша бұл жануарлардың сүйегі, әсіресе бас сүйегі тылсым күш-қуатқа ие, оны таптауға болмайды, ал бас сүйегін биік жерге іліп қоятын болған.
Қос өркешті түйе ежелгі ирандықтарда күн күркіреу қүдайы -Веретрагнаның, ал үнділіктерде Индраның бейнесі болып табылады.
Ирандықтардың қасиетті кітабы «Авестада» түйе кейпіндегі қаһарлы Веретрагнаның «күші аса зор, аса қайратты» деп жырланған.
Арбалар кезеңінен жаяу әскердің шайқасы да кіреді. Жаяу әскерлер шоқпармен, балтамен, айбалтамен, садақпен қаруланған. Садақтан ұшқан жебе де көрінеді. Шайқас көрінісі Қойбағарда - 13, Арпаөзенде - 9. Балта, айбалтамен қаруланған шайқас тек Арпаөзенге тән. Ал садақшылар шайқасы Қойбағардан табылады. Шоқпармен қаруланған жауынгерлер далалық аймактың басқа да сурет орындарынан кездеседі, соның бірін Орталық Қазақстаннан Қалмаққырылған тауынан Ә. X. Марғүлан ашқан, онда шоқпары бар адамның жанында турды атқан садақшы берілген [32, 12] . Қаратау суреттерінде шоқпардан басқа балта, айбалта сияқты қарулар салынған, басқаларының түрін айыру қиын. Ол кезде шоқпар қасиетті де жойқын қүрал деп саналған. Садақпен бірге қорамсағыда анық салынған бейнелер де бар. Сол қорамсақтағы жебелер тік сызық бойымен үшатын болған. Жебелердің үшы әдетте темірден жасалды, сүйектен, мүйізден жасалғандары да кездеседі. Олар қолдануына қарай әр түрлі, 2 қырлы үшты жебе аң аулауға, 4 қырлы жебе «сауыт бұзар» деп аталады. Жебе ағашына қүс қауырсыны бекітіліп, жебенің дұрыс үшуын қамтамасыз етеді. Оған тек күшігеннің қойлық жүні мен тазқараның тайлық жүні ғана жарамды. Зерттеушілер садақ пен жебенің түріне көп мән береді, көне суреттерде күрделі құрылысты садақтар болса, кейінгілерінде жай садақтар кездеседі (XIX ғ. ) . Сондай-ақ арба кезеңінде тасқа қол ұстасып билеп жүрген адамдар, жеке, жүпты бишілер де қашалған. Олардың бәрі дәстүрлі би билеуде. Қол үстасып би билеу-күнді бейнелесе, ал адамдардың қимылы аспан әлемінің айналу қозғалысын көрсетеді.
Бойы түгел көрсетілген бұғы бейнесі Арпаөзен ҮIII, 22-таста салынған, Арпаөзен Ү, 7-таста бүғының контурлы бейнесі иті бар аңшы бейнесімен қиылысқан, үлкен бұғының үстінен солярлы белгі түскен. Сақ дәуірінде бұғының бейнесінің көп болуы тотемдік негізге байланысты. Адам өз тегін табиғатпен байланыстырып, өзін соның бөлшегі деп санаған. Әрбір ру немесе тайпа шыққан тегі бұғы, қаскыр, архар т. б. аңдар деп санап, аң бейнесі бар заттар қасиетті тұмар саналған. Екінші кезеңнің суреттерінің арасында аң стиліндегі басын жерге тұқыртқан қабандар бар (14-сурет) . Қабандардың бейнелері Қаратаудан басқа Шілікті, Жыланды обаларынан табуға болады /33/. Үлкен Қаратаудан оңтүстікке қарай Үшөзен тау өзенінің бойында Майдантал селосына жақын маңнан тас суреттердің бірнеше тобы табылған. 594 м абсолют биіктіктен 6 км оңтүстік-шығыс жартаста темірдің қызыл-сары түсті тотығы басқан 15 аңның бейнесі бар: түйе, ешкі, мысық түқымдас, қабан. Бір қарағанда суреттер тым көнеге жатпайтын сияқты, жылтыр қара түсті тотығы көрінбейді. Қақтың болмауын тастың түрімен, яғни күн сәулесінің әсерімен тотықпайтындығын көреміз. Майдантал тас суреттерінің IҮ тобында аяғы бүгіліп, бүкір жауырыны анық нақышпен салынған бұғыларды көреміз (15-сурет) .
Арпаөзен III, 241-таста құлақтары айқын, тұмсығы жерге жеткен аюдың силуетті бейнесі салынған. Аюдың бұған ұқсас бейнелері б. з. б. ҮІІ-ҮІ ғғ. табылған деректердің арасынан кездеседі. Аю бейнесі оңтүстік Сібір ескерткіштерінен де аз кездеспейді, көбіне пышақ сабын өрнектеуге пайдаланылған.
Андар шайқасы аң стилінің негізін құрайды, бірақ жартас суреттерінде аз кездеседі. Сақ дәуіріне жататын шеңбер сияқты бүктелген аң силуэтін кездестіреміз. Аңдардың екіге жарылып, басы екі жаққа қарап салынуы әлі түсініксіз қүбылыс. Тас пен қолөнерде салынған суреттер түрлі болып түседі, мысалы, Арпаөзен III, 85-тастан савромат кезеңінен жататын түйелердің өзара айқасын көреміз (16-сурет) . Ол Пятимар обасының 18 қорғанынан табылған түйелердің айқасы суретімен бір мезгілде салынғаны күмәнсіз. Екі суретте де шебер бір ғана аңыздық суретті көрсетуге тырысқан, бірақ сурет тас пен темірде екі түрлі болып шығады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz