Жеткіншектерде этномәдени құндылықтарды қалыптастыру туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жеткіншектерде этномәдени құндылықтарды қалыптастыру.

Тұлғаның өмірлік дамуы, мәдени тарихи тәжрибені меңгеруі арқылы
жүзеге асатындықтан, тұлғаның құндылықтарға бағдарлануы қалай дамиды деген
мәселеге қызығу пайда болды.Әсіресе халық даналығы мен өнегелік
нормавлардың кең көлемді күші мен потенциалын құрайтын халықтық эпостар мен
мифтер арқылы эпостық тәжрибені игеру жолдарын қалыпта құрастыруды қажет
етеді.Әрине бұл жағдай этнопсихологиялық-педагогикалық тұрғыдан ұғынуды
қажет ететін күделі процесс
Қазіргі жаңа қоғамдық, әлеуметтік-мәдени жағдайларға байланысты
туындайтын көптеген өзгерістер білімдер жүйесіндегі педагогикалық-
психологиялық бағыттарда жаңа бағыттағы өзгерістерді талап етеді.Бұл
мәселені шешу ең алдымен ұлттық мәдениет пен жалып адамзаттық құндылықтарға
негізделген мәдени құрлымдарға байланысты.
Индивид үшін құндылықтар болымысты бағалаудың кей белгілерінің
бірі.Құндылықтар бір мезгілде мотивациялық әрі когнитивті бағынқа құрылған
құрлымдар болып табылады,тұлғаның мінез-құлқын белгілі бір мақсатқа
бағыттайды,ұйымдастырады,бағдарлайд ы және көптеген жаңа ақпарттармен
когнитивті жұмысты детерминациялайды.Құндылықтарға бағдарлануды зерттеудің
этнопсихологиялық аспектісі халықтың асыл мұралары-халық творчествасы
арқылы индивидтің жеке бастық-психологиялық дамумен байланысты.
Құндылықтарға бағарлану мәселесін этнопсихологиялық тұрғыдан шешуде,
яғни адамзат жасаған рухани тәжрибені меңгеру(халықтық эпос,ұлттық
дәстүрлер) білімдер жүйесінде, әсіресе мектепте алатын орны өте
мәнді.Себебі, балалар,әсіресе кіші сыныпта,берілген ролге тез ену, жаңа
әсерлерге деген қажеттіліктерге жоғарғы танымдық белсенділік,қоршаған
әлемге деген қызығулар, сенгіштік,эмоциялық сияқты сапалармен
шарттанады.Осы маңызды обькетивті шарттар негізінде балада тұлға дамуының
негізгі қайнар көзі болар фольклор жанры-халық
творчествосы,мәдениет,прогрессивті халықтық салт дәстүрлері арқылы
құндылықтарға бағдарлануды қалыптастыруға болды.
Тұлға деңгейінде құндылық сана-идеалдарға,дәстүрлерге, нормаларға,әдет-
ғұрыптар сияқты құндылықтарға бағдарланулар мен ішкі ыңғайланулардың
жиынтығымен анықталады.Құндылықтардың индивидуалды жүйелері
нақты,динамикалық иерархияланған құрылуларды береді.Осы мәселелерді
этнопсихологиялық тұрғылардан зерттеп,құндылыққа бағдарланудың келесі
құрлымдық компоненттерін бөліп көрсетуге бола;когнитивті,эмотивті,
конативті және креативті компоненттері.Когнитивті компоненттер,өз халқының
бай мұраларынан,әдет-ғұрыптарынан, салт-дәстүрлерінен,халық эпостарынан
адам өзінің жаңа танымдарын жетілдіре түседі.
Құндылықтар жүйесі сананың творчестволық ізденуі мен құнды-
аналитикалық жұмыстарының негізі болып табылады.Құндылыққа бағдарланудың
эмотивті компоненттері(С.Л.Рубинштейн) индивидтің рухани әлем мен
этнопсихологиялық өнегелік құндықтарға деген қатынастар әсерлену формаларын
да анықталады. Құндылыққа бағдарланудың конативті компаненттері (Л. И.
Божович) тұлғаның болмысқа деген ішкі негізін бейнелейтін мінез – құлықтың
доминатты мотивтерін ұғынумен байланысты.
Құндылықтарға бағдарланудың орнықты және қайшылықсыз құрылымдары
тұлғаның келесі сапаларын қалыптастыруға да негіз болды: сенімділік,
адалдық, ерік күшіне қабілеттілік, белсенді өмірлік позиция, мақсатқа
жетуге тырысу сияқты сапалары. Осы қалыптасқан құндылыққа бағдарланулар
индивиттің мінез-құлқының өзіндік реттеуін қамтиды.
Осы айтылған ерекшіліктердің негізінде жеткіншіктерде құндылықтарға
бағдарлануды, халықтың рухани құндылықтарының бірі халық эпостары арқылы
жүзеге асыруға болады. Көптеген зертеулерді талдау барысында (В. Вундт, Л.
С. Выготский, К. Юнг) халықтық эпостар арқылы жеке адамды дамытудың
психологиялық терең мазмұнын көруге болады. Тұлғаның дамуы, мәдени тарихи
тәжібиелі меңгеруі арқылы жүзеге асатындықтан, адамның құндықтыларына
бағдарлауының даму мәселесіне деген қызығу тундайды. Әсіресе халық даналығы
мен өнегелік нормалардың кең көлемде күшімен потенциалын құрайтын халықтық
эпостар мен мифтер арқылы тәжірибені игеру мектептерін қалыптастыруды қажет
етеді. Әрине бұл этнопсихологиялық, педагогикалық ұғынуды қажетсінетін
күрделі процесс.
Халық эпостарын, ұлттық салт-дәстүрлерді интериоризациялау
жеткіншектің мінез-құлқын реттейді,соның негізінде әлемге, басқа
адамдарға,өзіне деген қзатынас өзгереді.Халықтық эпостар –этнопсихлолгиялық
тұрғыдан, жеткіншектің рухани әлемін қалыптастыру құралы мен
мәдениетінің,сана сезімдерінің формасы және жеткіншектің әлеуметтік мәдени
тіршілігін қамтитын және мәдениетті индивидуализациялау тәсілі, жеткіншек
социализацияның маңызды щарты.
Адамзат баласы жасаған мәлени жетістіктерді тарихы шоғырлай
отырып,адамзат тіршілігінің аксиологиялық және семантикалық
кеңестігін белгілеуге болады қазақ халықының эпостары шексіз
көптеген мағаналар мен экзистенциалдарды,олар адам мен әлем көрнісін
құруда индивидуалды авторлық формаға ұлттық мәдени жағдайды
шоғырландырады.
Халықтық эпостардың фукциялармен сәйкес потенциядары , ерекше
қырлакры олардың антропологиялық бағыттылығымен анықталады және
жеткіншектің және бастық дамуының негізі болады .
Халық эпостары жеткіншекке тұтастай әсер ете отырып, искусство,
мәдениет қоғамдық өмір шарттарына сәйкес идиалдар жүйусін, өнегелік
түсініктерін, құндылыққа бағдарлануларын қалшыптастырады. Халықтық
мәдениеттің аса бай асыл қазбаларын меңгеру, яғни эпостарды, аңыз
әңгімелерді, мақал мәтелдерді, салт-дәстүрлерді меңгеру социализацияны
бекітеді, ұлттық сана сезімдерді анықтайды.
Халықтың рухани асыл мұрасын танып – талдаудың, бағалаудың қалыптасқан
ғылыми шарттары бар. Қай халық болмасын, олардың жан сырлары,
дүниетанымдары ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан фальклор, эпос, әдебиеттің асыл
үлгілерінде (айтыс, поэзия, мақал мәтелдер, ертегілер аңыздар) беріліп
отырады. Олардың қалың қауымның сан ғасырлар бойы сақтап келе жатқан мәңгі
жасайтын рухани қазынасы, баға жетпес байлығы, тамаша өнер туындылары болып
саналады. Демек асыл бай мұралар – адам өмірінің психологиялық уақытын
бейнелейтін сән ғасырлар жемісі. Кез келген этностың фальклорда менталдық
кеңестік болады, әрбір менталды кеңестік өзіндік мағаналыконтексті құрайды,
жеке дара эмоцияның баяуға ие және іс-әрекетті өзінің этникалық болмасын
тұрғысынан ұйымдастырылады. Фальклор – халықтың этностық байлығы онда
адамның ішкі жандүниесі мол сипатталады, ой сезім, эмоцияның бейнелеулер
жырлар арқылы беріледі. Әр халықтың фальклорында сол халықтың этностық
психологиялық ерекшеліктері айқын бейнеленеді. Эпитикалық дастан, жырлар,
аңыздар әрбір ұрпаққа жеткенде, бағзы заманда қандай елеулі оқиғалар
болғанын баяндаумен қатар, қалың бұқараның ғазап, әділетті өмір жайындағы
арман тілегін сөзбен шежірелеп, жеткіншектерді ерлікке, ел сүйгіштікке,
отандық сезімдерге баулиды. Олар біздің этностық, психологиялық мәдени
құндылықтарымыз болып табылады.
Атамыз халық ежелден ұрпаді ерлікке, ел сүйгіштікке, отандық
сезімдерге баулиды. Олар біздің этностық, психологиялық мәдени
құндылықтарымыз болып табылады.
Атамыз халық ежелден ұрпағын батылдыққа төзімділікке шақырып, эпостық
жырларында жырлап, мақал-мәтелдерінде ойландырып, ертегісінде баулап, өлең
жыр жолдарында тізіліп батырлық дастанда үгіттеп отырған. Эпос дегеніміз –
дүние жүзілік өнер қазынасына әрбір ұлт қосар үлестің маңызды саласы, -
дейді белгілі фальклорлист В.В.Чичеров.
Эпос-көптеген халықтың прогерессивті дәстүрлердің сақтаушысы және
түйіні мен даналығы,онда халықтың таптық,еңбек және эстетикалық тәжрибелері
бейнелейді.Эпос-тарихи ес сияқты шынайы этностық дәстүрлерді
,эстетикалық, рухани тәрбиелерді ашуға мүмкіндік береді . Эпостар біздер
үшін құндылығы жоғары дүние ,себебі, онда басқа эпостың ,ұлтық-көркем
дәстүрлердің тәрбиелік мәні зор.Эпоста берілген дәстүрлер мен рухани
байлықты жеке адамның дамуына,психологиясына әсер етуге және олардың
құндылыққа бағдарлануын қалыптастыруға тиімді қолдану үшін, оларды
жалпылап,бөліп, негізін талдап оны индивид санасына жеткізудің
этнопсихологиялық негіздерін зерттеу қажет.
Эпостағы жыр дастан оқиғалары қызықты іс-әрекеттердің алмасуымен
тыңдаушыны үнемі ширықтырып,ынтықтырып отырады.Батырлық эпостарда- тарихта
ерекше рол атқарған дәл,нақты тұлғалар,барлық қиындықтарды жеңген, халықтың
ой-санасында қорытылған батырдың жинақы бейнесін көреміз.Әсіресе көп көңіл
қоятын қазақ эпостарының ішіндегі бірі Қырымның қырық батыры эпосында
жырланған Едіке батыр, Қарасай қази, Орақ-Мамай батырлар жыры
т.б.Адам психикасының сезімдік-бейнелі үстемдігі,халықтың мифологиялық
көркем әдеби санасының жұмыс істеуін қамтиды, өмірдің ұғынымды-мәдени
тәжрибесі, историяграфиясы,жазба әдебиеті болмаса да,әрі діни нанымдары
күшті болса да халықтың ойлау, еңбек ету, жасау қабілеттеріне кедергі бола
алады.
Қазақ халының этностарының мәдени мұрасы өсіп келе жатқан ұрпақтың,
әсіресе жеткіншектердің ұлттық және тарихи сана сезімдерінің қалыптасуына,
олардың рухани биіктігіне, ұлттық және азаматтық мәдениет сфераларындағы
құндылықтарға бағдарланулар жүйесін қалыптастыруда аса маңызды орыны бар.
Қай эпосты талдасақта, олардың мәдениет дамуының бірыңғай тұтас процесі,
жалпы адамзатқа тән барлық рухани тәжірибені тасушы деп қарап, әр этнос
өзінің мәдениетінғ, рухани дүниесін байытады. Қазақ эпостарының өзіндік
таным мен дүниені қабылдаудағы ролін түсіну үшін халық эпосын рухани
мәдениеттің категориясы ретінде, құндылықтарды таратушы ретінде, социумда
бағдарланудың және идеяларды тәрбиелеудің негізі деп қабылдап
жеткіншектердің этнопсихологиялық түсініктерін қалыптастыру керек.
Жеткіншектерді әлеуметтендіру процесінің маңызды факторларының бірі
эпостық жырларды оқытып үйрету, талдау, оларға жеткіншектерді икемделуі де
жатады. Эпостық дастандарда халықтық бостандыққа, тәуелсіздікке деген
жолдары бейнеленген. Эпостарда халқымыздың сөз өнеріндегі тәлімгерлігінің
тереңдігі сондай, жырда адам жанының барлық психологиялық болмыстары,
тәрбие негіздері де беріледі. Мұның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншектерде этномәдени құндылықтарды қалыптастыру
Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру
Жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыруда эстетикалық құндылықтардың сипаттамасы
ҰЛЫ АҒАРТУШЫ ҒАЛЫМДАР ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ МОРАЛЬДЫҚ – ЭТИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
Сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Шаңғы дайындығы
Кеңес мүшелері
12 жылдық білім беру үдерісінде тұлғаның өзіндік танымына әлеуметтік орта әсерінің психологиялық ерекшеліктері
Жеткіншек жас кезеңіндегі мінез ауытқулары және оларға көмек көрсету жолдары
Этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы
Пәндер