Абдул-Хамид Мархабаев хақында эссе
Жолболсын Шайқақов
Журналист-жазушы
Жас шағында-ақ жалындап...
Бір жылдың түлегі, замандасым, фантаст-жазушы, филология ғылымдарының
докторы, ҚазҰУ-дің профессоры
Абдул-Хамид Мархабаев хақында эссе
Бүгінде өткен өмірдің анау-мынау ой шұқырына сүріне-қабынғандай
болғанымызбен, әп-демі қатар қартайып келе жатқан сырлас құрбы, фантаст-
жазушы, әдебиеттің осынау көркем сөзін зерттеу саласындағы бірден-бір
танымал ғылым докторы, кітаптарының тиражынан гөрі ғылым мен білімнің қара
шаңырағы – қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің төрінен
ұшырған шәкірттерінің саны анағұрлым басым ұстаз-профессор Абдул-Хамид
Мархабаевпен достық, ниеттес қатынастарым өткен ғасырдың елу тоғызыншы
жылының күзінен басталып еді. Бәріміз университеттің қазіргі Қабанбай
көшесі, 117 ғимараттағы жатақханасында бірге тұратынбыз. Көзінен
көзілдірігін тастамайтын, адамды жүзі күлімсірей, өзіне тартып тұратын,
уытты ойымен де әзіл-оспақты сөзімен де жарасымды адами қатынасқа үйіріп
әкетуге оңтайлы аққұба өңді балаң жігіт жан-жылылығымен де баурап әкете
берді. Олармен бірге тұратын өзге де бірінші курс студенттері де сайдың
тасындай өздері сияқты бірқұлпы байырғы қазақи орта – ауылдардан болып
шықты. Хамид фантастикалық, шытырман оқиғалы шығармаларды жақсы көреді екен
және өзі де осы салада бірдемелер түртіп жүргенге ұқсады. Бір көзге түскені
– сыра мен темекіге жоламайды, сыбай-салтаң жүріске де бара бермейді.
Көбінесе кітап оқып, бірдеме шимайлап отырғанын көресің.
Шығармашылық қынуға берілген, әлем әдебиеті мен орыс әдебиетінің
фантастика жанрында жазылған көркем туындыларын, оның ішінде ағылшындық
Герберт Уеллс, поляк Станислав Лем, американдық Рэй Бредбери мен Айзек
Азимов, орыстар мен еврейлер Казанцев және Беляевтер, ағайынды
Стругацкийлердің роман, повестерін шемішкідей шаққан Хамид туған
әдебиетіндегі фантастикалық тақырыптың бастаулары ұлтының қиял-ғажайып
ертегілерінде жатқанын зерттеп, қазақ жазушыларының осы тақырыптағы аз-
аздап болса да көріне бастаған шығармаларын жүйелеп, теориялық тұрғыдан
пысықтап, тез арада өзіндік ғылыми-танымдық тұжырымдарының негізінде буыны
берік кандидаттық диссертация жазып шықты. Қазақ университетінің филология
ғылымдары жөніндегі ғылыми кеңесінде ойдағыдай қорғағанының куәсі ғана
емес, сол кездегі қаланың ортасындағы екі қабаттық Алматы қонақ үйінің
маңдай төбесіндегі екінің бірінің қолы жете бермейтін мейрамханада өткізген
банкетінің де қонағы болдым.
Университеттің белді оқытушысы, ғалым, фантаст-жазушы, оның үстіне қолы
ашық, адаммен үйлескіш, анау-мынауды көңілінің тереңіне көп ала бермейтін
Хамидтың төңірегі ақын-жазушыға, өнер адамдарына, жоғары мектеп
оқытушыларына, қазақ университетінің журфагы мен филфагында сырттай
оқитындарға, негізінен қалам ұстағандарға толы болатын. Мен жолдастарына
да, өзгелерге де, тіпті, жасы үлкен ағаларына да ой-тұжырымдарын бүкпесіз,
түсінікті өткір мазмұнда төте, өткір жеткізетін екі әдебиетшіні білетін
едім десем, артықтығы жоқ. Бірі - айтқандары атылған мірдің оғындай
нысанасына астарымен дәл тиіп жататын Асқар Сүлейменов болса, екіншісі осы
Хамид деп ойлаймын. Хамидтың Асқардан айырмашылығы – алғашқысының
сөздерінің салмағы ауыр, қорғасындай зілді, айтқандарының байыбына бара
бермеген адамды ренжітіп алу мүмкіндігімен ерекшеленсе, Хамидтың әзіл-
оспақпен, зілсіз болғанмен, нысанаға дөп тигізетін, аяқ астынан тауып
тұжырымдайтын кексіз жеңіл иірімдері үйлесімді, құлаққа қонымды келетін де,
кейде бойды сергітерлік серпін беруімен қызықтыратын. Олары тек өзіне ғана,
Хамидке ғана тән жарасымдылықпен құрышыңды қандыра түседі. Хамидтың сөзін
басқа біреу сол күйінде жеткізуге тырысқанмен, бышыратып алатын.
Осындайда оның қазақ журналистерінің әкесіндей үлкен ағамыз марқұм
профессор Қайыржан Бекхожинге шал-ау дегені, өзінен көп үлкен, өкпесі
науқастығынан көбірек жөтеліп, кейде тамағынан қырылдай сөйлейтін Қабижан
Құсайыновке өзімсіне көксау деп еркелейтініне көпті көрген кейінгі
журналист ағалары, тіпті де көңілдеріне алмай, әй, қиямпұрыс інім-ай
дейтін де қоя салатын. Бәлкім жоғарыда келтірілген кісілерімнің Хамидтың
айналасына үйірсектігінің мәні осынысында да жатқан болар. Жазушылар
Сейілғазы Әбдікәрімов, фантаст-қаламгер, марқұм Раушанбек Бектібаев, ақын
інілері Шөмішбай Сариев, марқұмдар Кеңшілік Мырзабеков, Жарасқан
ӘбдірәшівтерХамид ағалаларын аузын ашқызбай ұғынып, сыралғы өтініштерін екі
еткізбейтін. Әсіресе, лирикалық жырлары бір төбе, өлеңмен жазылған әзіл-
сықақтары бір төбе аралдық ақын інісі Жарасқанмен жарастығы сүйсіндіретін.
Сөздің астарын тереңірек түсіне бермейтіндер олар басқа бір екеуаралық
ұғынарлық тілде сөйлесіп келе жатқанай көрінетін.
Ешкімнің ала жібін аттауға бармайтын, жұмысына тиянақты кірпияздықпен
қарайтын Хамид өзіне ұнаған кісінің көңілін қалдырмауға тырысып,
мүмкіндігінше көмек қолын созуды осы кезге дейін жалғастырып келеді.
Кезінде Ақтөбенің Қарабұтағынан оқу іздеп, келген менің сыныптасым аласа
бойлы жылтыр қара Ахот Аятолинді аудандық газеттің редакторлығына дейін
көтерілген белгілі журналист етіп шығарды. Өткен жылы жазда бала-шағаммен
елге барғанымда, сол Ахотым алдымнан шығып, ең алдымен Хамидтың амандығын
сұрап, тірі болса, Алматыға онымен кездесуге барып қайтатынын жеткізген
еді. Бұл Хамидтің қатарласының адам болып шығуына көмектескен қамқорлығының
айғағындай көрінді маған. Өзім дегенде сәлемдері дұрыс, қазіргі қарымды
журналист, Егемен Қазақстан газетінің вице-президенті Ержұман
Смайыловпен, кеше ғана өмірден өткен қадаулы талант, жазушы Ғабиден
Құлахметовпен бірге оқып, бүгінде Ақтөбе облыстық газетінде редактордың
орынбасары болып қызмет атқарып жүрген менің де жақын інім Амангелді
Мектепбаевті де адам қатарына қосқан осы Мархабаев еді. Хамид қазақ ұлтты
зиялылар қатарынан танылып, мемлекет, қоғам және өнер қайраткерлері
дәрежесіне көтерілген талай лауазымды жігіттер мен қыздарды оқытып қана
қоймай, көбісінің диплом жұмыстарының жетекшісі де болды. Осы тұста ол
диплом жұмысына жетекшілік еткен тұлғалы мемлекет және қоғам қайраткері,
республика парламентінің депудаты Қуаныш Сұлтановтың, қазақтың маңдайалды
ақыны Күләш Ахметова мен Қайырбек Асановтың есімдерін атасам да жеткілікті
болар.
Бірде, сенбі күні болатын, Абдул-Хамид, марқұм ақын Жеңіс Қашқынов
үшеуміз жұмыста екеніне көзіміз жетіп, жаңа мансабымен құттықтау үшін
Қазақстан жазушылар одағының екінші хатшысы болып сайланған драматург-
жазушы, қазақы қалжыңның хас шебері Қалтай Мұхамеджанов ағамыздың
шығармышылық одақтағы кабинетіне бардық. Қалағаң жылы қарсы алып,
құттықтауымызға ықыласты рахметін білдіріп болған соң, Жеңіс марқұм билікті
өзіне алып, Хамидтың ақшасына алынған шампань, коньяк тағы бірдемелерді
әкеліп, құттықтаудың кәдуілгі кәдесін жасауға ниетін танытып, қипалақтай
беріп еді, Қалағаң, Мені мына Мархабаев өте жақсы біледі. Біріншіден, мен
шампань деген итіңді төртінші сыныпта оқып жүргенде қойып кеткенмін,
қалғанын бірінші хатшы Олжас шақырып қалуы мүмкін, ішпеймін, мені ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz