ЖОО-дағы ұлттық идеология атты жобасы


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
журналистика факультетінің магистранты
Бакелекова Үмітжанның
«ЖОО-дағы ұлттық идеология» атты
жобасы
Алматы 2009
Мазмұны
- Негіздеме
- Жоба көтерген мәселелердің қысқаша сипаттамасы (қазіргі заманғы жағдайы)
- Жобаның мақсаттары мен міндеттері
- Жобаның мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін жасалатын қызмет түрлері
- Жобаны іске асыру механизмдері
- Күтілетін нәтижелер
- Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс
Негіздеме
Бүгінде Қазақстан - экономикасы қарыштап дамып жатқан, әлемдегі дамыған елу елдің қатарына кіруге ұмтылып отырған мемлекет. Дамыған елу елдің қатарына тек қана экономикасы емес, халқының әлеуметтік жағдайы жақсы, мәдениеті мен рухани құндылықтары жоғары деңгейде дамыған елдер кіреді. Елбасының «Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасында да «Біздің басты оң игіліктеріміздің ішінде - халқымыздың немесе былайша айтқанда, адам ресурстарының сапасы тұр. Біздің ғылыми және шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары білім өресі биік халқымыз бар. Көптеген елдерде бұл жоқ, әрі олар осындай сапаға жетуді өздерінің стратегиялық мақсаттарының бірі санайды. Мұның өзі - біздің халқымыз бен бұрынғы жүйенің аса ірі жетістігі. Біз қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз» деген еді. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты былтырғы Жолдауында да осы мәселелерге баса назар аударды: «Біздің әлеуметтік саладағы барлық іс-әрекеттеріміздің нәтижелілігінің басты өлшемі Қазақстан халқы өмірінің сапасы мен әлеуметтік қалпын әлемнің анағұрлым дамыған және бәсекеге қабілетті елдерінің деңгейіне сәйкес келетіндей етіп орнықты түрде арттыру болуға тиіс, өзіміз сол қоғамдастыққа ұмтылып отырмыз ғой». Яғни елу елмен иық тірестіруіміз үшін елдің азаматтары білімді де білікті болуы керек. Сонымен қатар, бойында ұлттық рухы бар, паттиоттық сезімі жоғары, жүрегі қазақ, ұлтым деп соғатын азаматтарды тәрбиелеп шығару бүгінгі күні ЖОО-лардың алдында тұрған үлкен мақсат. Өткені кез-келген ел әлемдік аренаға өз ерекшелігімен ғана шығып, өзін өзгелерге таныстыра алады. Ұлттық идеологиясы мықты мемлекет қана өзін мойындата алады. Ал егер мемлкет өзгенің жетегінде кетіп, адам капиталы сапасыз болса, онда, ол мемлекет құлдыраудың алдында тұр деп есептеуге болатын шығар. Мемлекеттік идеология мен ұлттық идеологияны қатар алып жүру керек. Қазақ мемлекетіндегі жетекші ұлт қазақтың ұлттық рухы өз елінде басым түруы қажеет. Осы жағдайда ертең ел тізгінін ұстайтын аазаматтар- студенттердің бойына ұлттық идеологияны сіңіре білу маңызыды болып келеді.
Жоба көтерген мәселелердің қысқаша сипаттамасы (қазіргі заманғы жағдайы)
Жалпы жағдай. Ожеговтың сөздігі бойынша: идеология - қандай да бір әлеуметтік топты, класты, саяси партияны, қоғамды сипаттайтын көзқарастар, идеялар жүйесі. Демек, идиологияның өзінен бұрын әлгі әлеуметтік топ не партия, қоғам бар ма, болса қандай деген сауалдарға тоқталуға тура келеді. Бұл жағынан алғанда идеология қоғамның даму деңгейіне тәуелді. Яғни, қаншалықты тобымыз, партиямыз, класымыз, қоғамымыз болса, идеологияның түрі де, сипаты да соншалықты болады. Бізде мемлекеттік идеология болғанмен, мемлекетшіл идеология болған емес. Барлық мемлекеттік кәсіпорындарды жаппай жекелендіру кезеңінде «кәсіпорындар иесіздіктен тұралап жатыр, оларға қожайын керек»- деген сылтау идеологияға айналған-ды. Ондай жекешеленудің нәтижесін шықпаған көз көріп тынды. Кейін дәл осындай сылтау жерге қатысты айтылды: «ойбай, жер иесіз қалды, сондықтан оған ешкім қарамауда, тыңайтқыш сеппейді, тіпті, егін де егілмеуде, жер кепілдікке өтпеуде…». Алайда, мемлекеттік деп отырған идеологияның өзі белгілі бір иеленімпаз (буржуазиялық) кластың идеологиясы екені көзге көрініп те тұр. Қысқасы, мемлекетке кімнің қолы жақын болса, идеология ырғауышын сол қолданатынын осыдан-ақ көруге болар. Қоғамда барынша демократиялық сипат барда мемлекетке жалпыхалықтық ықпал болатындықтан идеология да халықтық сипатта жүргізіліп, қоғамның барлық сылымының (слой) көңіл күйі көрініс берер еді.
Жалпы, идеологияның сипаты насихат пен үгіттен тұрмайды, аталмыш сөздікте көрсетілгендей, бірнеше әрекеттер мен қылықтардан да көрініс табады. Тіпті, кейде, қоғамға бір ғана терминді енгізу арқылы солайымен соған сай идеология қоса жүріп жатады. Қысқасы, идеология дегеніміз - материалдық процестің рухани көрінісі, қоғамда қандай идеология басым және ықпалды болса, көп ұзамай соған сәйкес қоғамдық материалдану процесі жүреді.
Өйткені, мемлекет дегеніміздің өзі құрал екенін ескерсек, ол құралға кім ие болса, сол арқылы өзінің идеологиясын жүргізіп отыратыны анық.
Топтар дегенде Қазақстандағы тілге қарай бөлініп отырған орыстілді және қазақтілді топтарды байқамау мүмкін емес. Орыстілді қауымның идеологиясы ұлыимпериялық үстемдік пен мүмкіндікті (ұлтына қарамастан) пайдалана отырып, қазақтілді топтың бұрынғы «төмен» қауым екенін одан әрі мойындата түсу пиғылына негізделген идеологияны қайткенде сақтап қалу болса, қазақтілді топтың идеологиясы жаңа мемлекетке енді өздерінің қожайын екендігін сездіру. Бірақ, кез келген идеологияның экономикалық және механизмдік тетіктерге сүйенетінін ескерсек, бұл тұста кімнің сәйгүлігі топты жарып келе жатқандығы тағы аян. Қазақстандағы идеологияның ең зияндысының өзі де сол - шетелде әлдеқашан қазақстандықтарды ұлтына қарамастан «қазақтар» деп атап та, мойындап та болған жайттың, елдің ішінде әлі күнге мойындалмақ түгелі, одан зәре құты қалмай қашқақтайтын «көпұлтты» сипатқа ие «идеологияға» айналғаны.
Өкінішке орай қазір «Қазақстан» атты елден гөрі солай аталатын территория ғана нақтырақ фактіге айналып отыр. Сол себепті, қазақстандықтар мемлекеттік патриотизмге зәру, ал қазақтар ұлттық рухқа мұқтаж, мұның барлығы жоғарыда жүргізілген қойыртпақ, «сен тимесең мен тимен, бадырақ көз» тұжырымына негізделген идеологияның нәтижесі еді. Шын мәнінде қазір пайда болған «жаңа қазақтар» ұғымының тұтқыштары (носителі)
Идеологияның ең тәуірі әділетке құрылған нақты әрекет. Өкінішке орай халық пен мемлекеттің бір-біріне сенімсіздігі қазірде адамдардың бойына сіңгендігі сондай, мемлекет тарапынан қандай уәде етілсе де, жалпы халықтың бүлк етпеуі дағдыға айналып, тіпті, мемлекеттің қандай идеологиясы да қарапайым халықты алдауға негізделген әрекеттей қабылданатын күйге ұшырады.
Қазақстандағы жақсы идеологиялық үрдіске мысал келтіру қиындау. Өйткені, шынайы идеология әділет пен нақты болмысқа негізделеді, ал біздің елдің жағдайында әзірге халық әділетсіз байығандарға кіріптар және идеология солардың көзқарасына тұжырымдалған. Бұл дегеніміз - мемлекеттік идеологияның мемлекетшіл еместігі, мемлекеттік басты қауіп те осында жатқандығында. Қысқасы, қоғамда алуан идеология болатыны сөзсіз, алайда, олардың барлығының «крышасы» мемлекеттік салиқалы да сырбаз идеология болуы міндетті.
2. Мемлекеттік идеология мен ұлттық идеологияның айырмашылығы неде? Егер біз мемлекетті елдегі барлық адамдардың ортақ шаңырағы екендігін мойындасақ, онда ол елде әрине, біртұтас мемлекеттік (мемлекетшіл) идеология азаматтар мен мемлекеттің шынайы ара қатынасына негізделген, нысанасы барынша отаншылдықты көздейтін саланы қамтиды және мемлекеттік идеология өз азаматтарын алдаусыратуға емес, әділетті әрекеттер мен пәк сезімдерді паш етуге бағытталады. Ал, ұлттық идеология ретінде қазір көбіне қазақтілділердің ұғып жүргені бойынша титулдық этносқа арналған және соның менталитетіне негізделген идеология болар. Мемлекеттік идеология мен ұлттық идеологияның айырмасы жер мен көктей. Мемлекеттік идеологияның тұтқышы (носителі) мемлекеттік тұтқаға ие кластар, ал ұлттық идеологияның тұтқышы сол ұлтты өркендетуге құштар күштер. Ендеше ұлттық идеология болуы үшін ең әуелі сол ұлтты ұшпаққа шығаруға ұмтылатын әлеуметтік-саяси күш болуға тиіс, ондай күш болмаған күннен бастап, идеологиясы құрыған ұлт та өз тірлігіне нүкте қояды. Ал, қазақ ұлты үшін қазір барынша жемісті де айбынды интеллигенциялық лек 25-50 жас арасындағы зиялы қауымнан шығуы керектігі және бұлардың аяқ алысы мен әрекеті алдыңғы құлданған ұрпақтан айырықша болуға тиіс екендігіне назар аударатын уақыт жетті. Сондықтан да алдыңғы интеллигенцияның жаңа заманға өлмей шығатын өнегесі ғана жаңа интеллигенцияға үлгі болып, жанына қуат бітіретіні анық. Әрине, кейбіреулердің айтуы бойынша, мемлекеттік идеологияны ұлттық идеологиямен алмастыруға болады. Бірақ, оған әлгі ұлттың қауқары қаншалықты, ол соншалықты іске асырымды жайт. Егер де өзінің барлық потенциалы сол идеологияны жүргізуге жететін болса, мәселен украиндардай неге жүргізбеске, ал ондай өре болмаса, қанша әуре болсақ та, Черномырдынше айтқанда «әр уақыттағыдай» болмақ. Ұлттық идеология жүргізу үшін ұлттық қоғамның нәтижесі ретіндегі сана қалыптасу керек. Ұлттық сана дегеніміз - мемлекетті басқаруға қатысуға дәрменді азаматтардың бірыңғайланған санасы. Әрине, төрт құбыласы түгелденген мемлекеті бар ұлт үшін оның мемлекеттік идеологиясы да, ұлттық идеологиясы да бірыңғай болуы мүмкін. Бұған АҚШ идеологиясын алуға болар. Алайда, ол бәрі бір мемлекеттік қабілет-қауқарға тәуелді жағдай. Дегенмен, ұлттық идеология қай кезде де ұлттық сипаты бар фактор болып қала бермек. Қанша қауқарың бар - сонша идеологияң жетік. Себебі, бірегей ұлт (бұл ұғыммен этнос терминін шатастырмаған дұрыс) қалыптаспайынша, бірыңғай мемлекеттің қалыптасып дамуы екіталай. Ұлттың ықпалдылығы сөз болғанда демографиялық басымдықтан гөрі есепке экономикалық басымдық алынады. Бұл жағынан қазақтар мақтана алмайтынын ескерген жөн. Бұл жерде мәселе - қазақтардың қалтасындағы ақшасында емес, олардың түптің түбінде күрделі экономикалық қатынастардың тұтқышы бола алу-алмауында және экономикалық тұтқыш болған қазақтың қазақы менталитеттің тұтқышы болып қала алуында. Бұл жағынан алғанда әзірге Қазақстанда президенттің ауызынан басқа идеологиялық механизм болмай отыр.
Бірақ, идеологияның қай түріне де өзек болатын бір нәрсе болуы керек, өйтпейінше әлгі идеологиялар бір-біріне қайшылыққа түсіп, қоғамда кереғар құбылыстар туғызбақ
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz