ЖҰЛДЫЗ - қатты қызған газдан тұратын әрі өзі жарық шығаратын және табиғаты жағынан күнге ұқсас аспан денесі


ЖҰЛДЫЗ - қатты қызған газдан тұратын әрі өзі жарық шығаратын және табиғаты жағынан күнге ұқсас аспан денесі. Күн Жерге жақын болғандықтан ғана үлкен болып көрінеді. Жарық күннен Жерге шейін аралықты 8 1 / 3 мин . ал ең жақын Центавардағы а ажұлдызына шейінгі аралықты 4 жыл 3 айда жүріп өтті. Жерден өте қашық орналасқандықтап Жұлдыздар телескоппен қарағанның өзінде де нүктелей ғана болып көрінеді. Айсыз түнде жай көзбен карағанда 5 мыңға жуың Жұлды, ал күшті телескоп арқылы миллнардаған Жұлдызды көруге болады. Өзара орналасуы өзгермейтін жұлдыздар тобы шоқжұлдыздар деп аталады. Ерте заманның өзінде-ақ жұлдызды аспан шоқжұлдыздарға бөлінген. Қазіргі кезде 88 шоқжұлдыз бар. Олардың кейбіреулері мыналар: Жетіқарақшы, Қоян, Бикеш, Андромеда, Персей, Бүркіт, Арыстан т. б. Көп уақытқа дейін Жұлдыз орнынап қозғалмайды деп есептелген, Аристотель заманынан (б. з. б. 4 ғ. ) бастап көп ғасырлар бойы жұлдызды аспан мәңгілік және өзгермейтін хрусталь сфера тәрізді, оның сырт жағында құдайлар өмір сүреді дегеп теріс пікір басым болып келген. 16 ғасырдың аяғында Дж. Бруно Жұлдыздарда Күн сияқты аспан денелері деген пікір аитты. 16 ғасырда бірінші айнымалы Жұлдыз., ал 17 ғ-да бірінші қос Жұлдыз табылды. 19 ғасырдың 1-жартысында орыс астрономы В. Я. Струве, неміс астрономы Ф. Бесседь және ағылшын астрономы Т. Гендерсоп алғащ рет ең жақын үш Жұлдызға дейінгі қашықтықты анықтады.
ЖҰЛДЫЗ ЖАУЫНЫ - Жердің метеорлық денелер тобымен кездесуі жер бетінде аз уақыт аралығында көптеген метеорлардың байқалуы.
ЖҰЛДЫЗ КАТАЛОГЫ - Экваторлық кординаталары (және олардың әдістері) . жұлдыздың шамалары, спектрлік кластары т. б. көрсетілген жұлдыздардың тізімі. Жұлдыз каталогында жұлдыздардың сипаттамаларынан басқа, аспандағы және Жұлдыз каталогындағы жұлдыздарды салыстыруға мүмкіндік беретін қосымша сипаттамалар да беріледі. Жұлдыздар шарықтау кезінде өсу реті бойынша орналастырылады. Жұлдыз каталогында астына жұлдыз сипаттамалары жазылған нөмір қолданылады. Астрон. бақылаулар негізінде жасалған Жұлдыз каталогы жұлдыздық жүйелердің құрылысы мен қозғалысын зерттруде, аспан координаталарының жүйесін анықтауда пайдаланылады.
Ж ұ л д ы з о р н ы белгіленетін жұлдыз каталогында белгілі бір дәуірдегі аспан координаталарының орташа экваторлық жүйесін анықтауға немесе осы жүйені кез келген дәуір үшін қайтадан табуға кажетті мәліметтер болады. Осыны сәйкес жұлдыздардың координаталары тікелей бақылаудан бастапқы каталог және жұлдыздардың коордниаталары мен олардың өзгерістері (меншікті қозғалысы мен процессия салдарынан) көрсетіліп туынды каталогтар болады. Бастапқы жұлдыз каталогы жұлдыздардың орны бақылаудан табылатын абсолюттік каталогқа жәпе жұлдыздардың орны салыстыру арқылы анықталатын салыстырмалы каталогна белінеді. Пулков обсерваториясында (СССР) жасалып жатқан жарық жұлдыздардың каталогы абсолюттік Жұлдыз каталогының мысалы болады. Неміс астрон. Одағының халықаралық аймақтық каталогы - салыстырмалы каталог. Туынды Жұлдыз каталогы негізгі және құрама каталогқа бөлінеді. Негізгі жұлдыз каталогы - жұлдыз орындарының ең дәл каталогы, ол әр түрлі дәуірдегі абсолюттік салыстырмалы каталогтарды біріктіруден шыққан. 20 ғ-дың ортасында жасалған Төртінші негізгі каталог мысалы (Fk4) осы каталогтың мысалы болады; мұндағы координаталар жүйесі барлық астрон. Жылнамалардың негізіне алынған. Құрама Жұлдыз каталогы жұлдыз коордниаталарындағы кездейсоқ қатені болдырмау мақсатымен бір дәуірде бірнеше обсерваторияда бірыңғай координалар жүйесінде жүргізілген бақылаулар нәтижесінде жасалады. Сов. бес астрон. обсерваторияда бақылау негізінде жасалған Геодрозиялық жұлдыздардың каталогы осыған мысал болады. Қазір сов. астрометристерінің ұсынысы бойынша Бәсең көрінетін жұлдыздардың жаңа каталогын жасау жөнінде халықаралық зерттеулер жүргізілуде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz