Қазақстандағы жұмыссыздық мәселелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және Бизнес жоғарғы мектебі
Экономикалық теория кафедрасы

СОӨЖ

Орындаған: Мусилимова П.А.
Тексерген: Кулиев І.О.

Алматы, 2010 жыл

Қазақстандағы жұмыссыздық мәселелері
Қазақстанда жұмыссыздықты реттеу үшін мемлекеттік әлеуметтік саясат
жүргізіледі. Себебі жұмыссыздық бұл елдің экономикалық және әлеуметтік
дамуына әсерін тигізеді. Жұмыспен қамтылмаған әрбір азамат біріншіден,
өзінің қарапайым қажеттіліктерін (тамақ, киім, тұрғын үй, денсаулығына
күтім жасау, т.б.) қамтамасыз ету үшін тұрақты табысы болмайды, екіншіден,
ол мемлекетке салық төлей алмайды. Сонымен елдегі жұмысбастылықты
қамтамасыз ету мен тұрғындардың жағдайын жақсарту үшін келесі шаралар
жүргізіледі.
Жұмыссыздықты реттеу ең алдымен әлеуметтік саясатты қажет етеді.
Әлеуметтік саясат – бұл барлық азаматтардың жан-жақты дамуы, тұрмыс
жағдайы, әл-ауқатын жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған
экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Әлеуметтік саясаттың маңыздылығы жұмыс күшін ұдайы өндіру процесіне, еңбек
өнімділігін арттыруға, еңбек ресурсының білім және мамандық деңгейін
көтеруге, өндіргіш күштердің ғылыми техникалық деңгейіне, қоғамның мәдени
және рухани өміріне байланысты анықталады. Әлеуметтік саясат адамдардың
ауыруға шалдығу деңгейін төмендететіп өндірістегі экономикалық шығындарды
қысқартады. Қоғамдық тамақтану, мектепке дейінгі білім беру сияқты
әлеуметтік салалар халықтың басым бөлігін үй шаруашылығы салаларынан
босатып, қоғамдық өндірістегі жұмысбастылықты көтеруге мүмкіндік туғызады.
Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты - қоғам мүшелерінің материалдық,
мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамассыз ету.
Әлеуметтік саясатты жүргізу құралдарына мыналар жатады:
Әлеуметтік кепілдік - мемлекеттің азаматар алдындағы, азаматтардың
мемлекет алдындағы міндеттері мен жауапкершілктерін заңды түрде қамтамасыз
ету.
Әлеуметтік стандарттар - бұл әлеуметтік қызмет көрсетудің әр түрлі
формалары мен көлемдерін қалыптастыру. Бұл қаржы нормативтерін белгілеу
үшін қажет. Мемлекеттік әлеуметтік стандарттар бірыңғай негізде және жалпы
әдістемелік принциптерде жасалады. Минималды тұтыну бюджеті тұрмысы төмен
отбасыларына көмек беру үшін, сондай-ақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Еңбекке сұраныс қисығы
Жұмыссыздықтың экономикалық өсуге әсері
Жұмыссыздықтың теориялық аспектілері
Жұмыссыздық түсінігі және оның түрлері
Жұмыссыздық мөлшері
Қазақстандағы еңбек нарығының әлеуметтік-экономикалық мәселелері
Жұмыссыздықтың экономикалық маңыздылығы
Халықты жұмыспен қамту туралы
Жастарға арналған бағдарламалар
Пәндер