Қазақстанның биржа қорының қалыптасуы мен дамуы



Қазақстанның биржа қорының қалыптасуы мен дамуы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Қор биржасы, функциясы мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Қазақстанда биржалық сауданың пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
3. Қазақстан қор биржасы: құрылымы және сауданы ұйымдастыру ... ... ..9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанның биржа қорының қалыптасуы мен дамуы
Мазмұны
Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
-----------------------3

1. Қор биржасы, функциясы мен мәні------------------------------- -----------
---------5
2. Қазақстанда биржалық сауданың пайда болуы------------------------------ --
---7
3. Қазақстан қор биржасы: құрылымы және сауданы ұйымдастыру----------9
Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ------
-----------------13
Қолданылған әдебиеттер тізімі----------------------------- ------------------
------------14

Кіріспе
Қор биржасы нарықтың ауыстырылмайтын қаржылық делдалдары болып
табылады, өйткені қаржылық құралдардың негізгі үлес салмағы сонда айналста
болады және ол ресурстардың бір субъектіден екінші субъектіге қозғалысын
реттейді. Биржа терминінің пайда болуы жайлы екі түрлі түсінік
қалыптасқан. Біріншісі жаңа латынның bursa, яғни әмиян деген сөзіне
негізделеді. Сонымен қатар, француз тілінде buоrsе сөзі де әмиян және
студенттік шәкіртақы мағынасын береді, неміс тілінде bursе және итальян
тіліндегі bоrsa да сол мағынаны береді.
Екіншісі бельгиялық Брюгге қаласында тұрған Вандер Бурсе атты
голландық көпестің атынан пайда болды делінеді. Ол тұрған үш әмиянның
суреті бар таңба болған. Оның үйі орналасқан жер сатушылардың жиналуына
ыңғайлы алаң болатын, мұнда олар ақшаларын ауыстырып, өздерінің істерін
жасайтын, сондықтан көпес мүмкіндігін жібермей өз үйін белгілі бір төлемге
алғашқы биржашыларға берген.
Қазіргі заман талаптарына сай сырт көрінісі өзгермеген, бұл
сөздің мағынасы сол күйінде сақталған. Егер заң тұрғысынан қарайтын
болсақ, биржадағы операциялар қомақты табыс көзін әкеледі., бірақ ол өз
клиенттеріне ғимараттар мен қызметтер ұсына отырып, тек қана өзін-өзі
қаржыландыра алатын, шығыесыз мекеме болып қана отыр. Құқықтық
қатынастардың тәуелсіз агенті бола отырып, биржа барлық түсімдерін
қызметшілер жалақысына береді. Кірістер шығыстардан асып түскен жағдайда,
сол ақша қаражаттары сауда процесін жүргізуге және оған қызмет көрсетуге,
ондағы айырма биржа қызметкерлеріне сыйақы беруге, сауда алаңдарын
кеңейтуге, жаңа құралдарды сатып алуға, жаңа технологияны енгізуге және
зерттеуге кетеді.
Биржаның табысы мен мүлігі листингтегі бағалы қағаздарды оны
қалыпты
ұстап тұру және тағы басқа қызмет көрсетуден түсетін түсімдерді қоспағанда,
Есептік палатаға түсіп тұратын төлемдерден, пайлық қабылдау және жыл
сайынғы биржа мүшелерінің төлемдерінен, биржалық операциялар алымдарынан,
көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерден, сауда ережесі бұзылғандығы үшін
төленетін айыппұлдардан қалыптасады.
Әлемде алғашқы биржалар XVI ғасырда Еуропаның сауда орталықтарында
1531 жылы – Антверпен (Нидерландыда), 1549 жылы – Лион, Тулуза (Францияда),
1556 жылы - Лондон (Ұлыбританияда) пайда болды. Ресейде алғашқы биржа І
Петрдің басшылығымен Санк-Петербургте 1703-1705 жылдарда құрылды. АҚШ – та
(Чикагода) 1848 жылы пайда болды.
Әдетте көп мөлшердегі тауарларды сату арнайы орындарда, мысалы,
базарда, жәрмеңкеде, дүкенде өткізіледі. Тарихи осындай жерлердің бірі
биржа деп аталады. Осыдан биржа ұғымынң негізінен сауда жүргізілетін және
тауарды сатушы мен сатып алушы кездесетін орын жатады. Міне осы белгілер
биржа деген ұғымды басқа да сауда жүргізетін ұйымдармен біріктіреді.
Әйтседе, әшейін саудадан биржалық сауданың ерекшеліктері бар:
- биржада тауардың өзі сатылмайды, тауардың үлгілері немесе арнайы
сипаттамасы бойынша тауарды сатып алу –сатуға шарт жасалады;
- биржалық саудаға ұсақ тауар өндірушілер немесе жеке сатып алушылар
қатыспайды, әдетте оған тауарлардың үлкен партияларын сататын және
сатып алатын сатушы делдалдар қатысады.
Биржа ұғымы оның мәнін, яғни сауда жүргізетін алаң екенін
білдіреді. Бірақ кез келген сауда жүргізетін орын биржа деп аталмайды.
Биржа заң жүзінде ұйымдастырылған көтерме сауда нарығы.

1. Қор биржасы, функциясы мен мәні
Қор биржасы, заңдарға сәйкес өзге ұйымдар бағалы қағаздар мен
сауда- саттықты ұйымдастырады. Қор биржасы - акционерлік қоғамның ұйымдық-
құқықтық нысанында құрылған, осы сауда- саттықты ұйымдастырушының сауда
жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда- саттықты
ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды
тұлға және акционерлік қоғам нысанындағы өзін - өзі реттейтін коммерциялық
емес ұйым. Неліктен екені беймәлім, көп адамдар қор биржасы бағалы қағаздар
сатады деп санайды. Іс жүзінде биржа онда сатылатын бағалы қағаздарға иелік
етпейді. Қор биржасының өзі ешнарсе сатпайды және сатып алмайды,
эмитенттер (компаниялар) мен инвесторлар (жеке және заңды тұлғалар)
брокерлер деп аталатын өзінің агенттері арқылы бағалы қағаздарды сатады
және сатып алады, бұл брокерлер өз клиенттерінің тапсыруы бойынша әр түрлі
эмитенттердің акциялары мен облигацияларын сатады және сатып алады.
Қазақстанда биржа ісі1993 жылы 30 желтоқсанда Қазақ банкіаралық
валюта биржасын тіркеуден бастап дами бастады. Бағалы қағаздармен алғашқы
сауда -саттықтар биржада 1995жылы 14 қарашада болды. Қазақстан қор биржасы
(КАSE) атауын ол 1996 жылдың сәуірінде алды. Биржада мынадай секторлар
жұмыс істейді: шетелдік валюталар рыногы, мемлекеттік, соның ішінде ҚР
халықаралық бағалы қағаздар рыногы, акциялар (мемлекеттік емес) және
корпоративтік облигациялар рыногы, деривативтер рыногы.
Қор биржасы:
1) Сауда жүйелерін пайдалану және қолдау;
2) Қор биржасының тізіміне бағалы қағаздарды енгізуге
жорамалданып отырған немесе енгізлген эмитенттерге, сондай – ақ қор
биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздар мен өзгеде
қаржылық құралдарға талап қою;
3) Қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздар мен және
өзге қаржылық құралдармен мәміле жасау мақсатында сауда жүйесіне кіруге өз
мүшелеріне мүмкіндік беру, осы қаржылық құралдар бойынша тұрақты сауда
саттық ұйымдачтыру және өткізу, қаржылық құралдармен мәмілелер бойынша есеп
айырысуды ұйымдастыру және жүзеге асыру, не осындай есеп айырыстыруды
жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты әзірлеу;
4) Өз мүшелеріне ұйымдық, консультациялық, ақпараттық және өзге
қызметтер көрсету;
5) Бағалы қағаздар рыногы және өзге қаржылық құралдар мәселелері
бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;
6) Банк заңнамасына берілген тәртіппен банктік операциялардың
жекелеген түрлерін жүзеге асыру және қор биржасының ішкі құжаттарында
көзделген өзге функцияларды жүзеге асырады.
ҚР Бағалы қағаздар нарығы туралы Заңына сәйкес қор биржасы -
акционерлік қоғам формасында бағалы қағаздардың кәсіби қатысушыларымен
құрылған және қызметі өзін-өзі қаржыландыру қағидасында негзделген
коммерциялық емес ұйым. Қор биржасы ҚР мемлекеттік органдарына тәуелді
емес. Оның қызметі ерекше болып саналады және басқа қызметтің түрлеріне
сәйкес келмейді. Ол лицензия негізінде әрекет етеді және басқа биржалар
қызметін атқара алмайды. Қор биржасы бағалы қағаздармен операциялар жүргізе
алатын қосымша құрылымдық бөлімшелер ашуға құқығы бар, сонымен қатар
филиалддар мен өкілдерді де аша алады.
Ұйымдастырушлық тұрғыдан қор биржасы төмендегілермен айналыса
алады:
- бағалы қағаздармен мәмілелер жүргізуге арнайы құрылған сауда
алаңын өз клиенттеріне ұсыну;.
- бағалы қағаздар саудасын ұйымдастыру;
- бағалы қагаздарға баға белгілеу;
- өз мүшелеріне ұйымдастырушылық, ақпараттық кеңес беруші қызметті
көрсету;
- жеке талдаулық зерттеулерді жүргізу;
- құкықтық қатынастар субъектілері арасында клиринг жүргізу.
Экономикалық тұрғыда кор биржасы мына функцияларды атқарады:
- баға белгілеуші — биржа экономикалық тұрғыда негізделген бағаны
белгілеуге мүмкіндік береді;
- бағаны болжау және ақпараттық-талдаулық - биржа мүмкін болатын
сұраныс пен ұсыныстың даму үрдісін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу орталығы
болып табылады;
- тәуекелді сақтандыру (мерзімді биржа мәмілелеріне ғана тән);
- бағаны тұрақтандырушы функция - биржада бағаның ауытқу амплитудасы
ескеріле отырып, күн сайынғы баға тербелісі анықталады. Мұның аясында тыс
әрекет ету мүмкін емес.
- қор биржасы кез келген занды тұлға ретінде өз клиенттері алдында
белгілі бір жауапкершілікте болады. Ол бағалы қағаздар нарығы субъектісінің
шеккен зиянының орнын толтыруға және өз функциясын дұрыс орындамаған, заңды
бұзған, биржалық сауда ережесін немесе коммерциялық құпияны ашып қойған
жағдайда жауапқа тартылуы тиіс.

2. Қазақстанда биржалық сауданың пайда болуы.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басында Қазақстанда қор биржасының
құрылуы нарықтық қатынастарды дамытуға қажетті шарттардың бірі болды.
Нарықтық экономиканы қалыптастыру үшін өндіріс аясымен қатар айнвлыс
аясында түбегейлі қайта құру міндеті тұрды. Алайда, шаруашылықты жүргізудің
нарықтық формаларына бірден өтудің мүмкіншігі болған жоқ. Сондықтан ТМД
елдерінің барлығындағы сияқты Қазақстанда да жоспарлы экономикадан нарықтық
экономикаға өтудуің жаңа экономикалық жүйесін құру қажет болды. Жұмыс істеп
тұрған ұйымдық құрылымдарды жаңа жағдайға икемдеумен қатар олардың жаңалары
да құрыла бастады. 90-шы жылдары құрылған тауар биржасы, Қазақстан қор
биржасы солардың айғағы.
Атап кететін жәйт, биржалық сауданың Қазақстанда теориялық
және практикалық негізі болған жоқ. Дегенмен патшалық Ресейдің биржа ісі
бойынша 1917 жылға дейінгі, оған қоса КСРО-ның 20-шы жылдардағы
биржаларының сондай –ақ биржалардың әлемдік тәжірибесі болған.
1991 жылы Қазақстанда үш, атап айтқанда Алматы, Қостанай және
Қазақ қор биржалары құрылды. 1994 жылы желтоқсанда Алматы және Қазақ қор
биржалары бірігіп, Орталық Азия қор биржасы деп аталды. Ол 1995 жылдың
19 сәуірінде бірінші рет сауда ұйымдастырды. 1995 жылдың орта шенінде
Қарағандыда, Ақмолада, Павлодарда және Шымкентте оның ацмақтық бөлімшелері
ашылып, жұмыс істей бастады. Кейіннен оның филиалдары барлық облыс
орталықтарында ашылды.
Орталық Азия кор биржасынан басқа мемлекеттік бағалы қағаздар
мен операцияларды Қазақстандық банкаралық валюта биржасы валюта
мәмілелерімен қатар
жүргізді. Алайда, көптеген мамандардың пікіріне бағалы қағаздар нарығынң
ақша–несие аясымен араласуының қажеті жоқ.. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қор биржасының қалыптасуы және қызметінің ерекшелігі
Әлеуметтік сақтандыру қоры
Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығының ерекшеліктерін талдау
ҚР құнды қағаздар нарығының дамуы
Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары
Қазіргі экономикадағы бағалы қағаздар нарығының ролі
Мемлекеттік бағалы қағаздардың экономикалық мазмұны
Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі
Пәндер