Зороастризм тарихы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Зороастризм тарихы

Кіріспе

Ғасырлар тоғысында, жаңа мыңжылдыққа аяқ басу барысында өткен тарихи-мәдини жолды зерделеп, болашақты болжау заңды. ұлттықсана мен тарихи жады үшін өткен кезеңдердің маңызы мен мәні өте зор, Өйткені өткенді сана талқысынан, ой таразысынан өткізбейінше, болашақты анық бағдарлау мүмкін емес. Халықтың алға басуы тек саяси-экономиялық ахуалға ғана емес, оның руханилығына да тікелей байланысты. Осы орайда Гегельдің "рухы оянбаған халық тарих көшінен шет қалады" деген ойына назар аударған жөн. Ұлттық рух дегеніміз сайып келгенде оның өзіндік санасы, тарихи жады. Империялық отарлық саясат халықты осы жадыдан айырып, өзіндік санасынуландырып келді. Еркін ойды алқымынан алып, тұншықтырып келген тоталитарлық жүйе ыдыраған соң, жанөжағымызға қарап, оң солымызды аңғарып, ұмытқанымызды еске алып, жоғалтқанымызды табуға ұмтылып, тарих қойнауларына үңілу уақыт талабы, тарихи қажеттілік. Тоталитарлық саяси жүйенің ауыр зардаптарының бірі - халықты мәдени тұрасынан айыпу, оны мәңгүрт, алып механизмнің тетігіне айналдыру болды. Халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары ескінің сарқыншағы саналып, одан арылу - болашақтың даңғыл жолына түсудің бірден бір жолы деп табылып, ескіден арылу қажеттілігі ұранға айналды. Бұл халықтың өзіндік санасына, көне мәдени мұрасына шабылған балта болды. Өзінің саяси-идеологиялық, рухани үстемдігін орнықтыру мақсатында кеңестік тоталитарлық жүйе қазан төңкерісіне дейін көшпенді халықта жазу-сызу деген болмаған, олар ұлы, алдынғы қатарлы халық мәдениетімен араласу барысында көзін ашты деп келді. Сөйтіп, көшпенді халықтар туралы жаңсақ пікірлер мен тұжырымдар орын алып, олар бұқара халық санасына сіңірілді.

Көшпенділердің мәдени мұрасын қарастыруда культуртрегерлік және аккультурациялық идеялар басым болды, Дәстүрлі халықтың мәдениетті батыстық үлгі тұрғысынан бағалау, оның даму заңдылықтарының ерекшеліктерін, өзіндік сипатын терең тануға бөгет жасады. XIX ғасырда қалыптасқан еуроорталықтық көзқарас кеңестік ғылымда да көрініс тапты. Бұл көзқарас тұрғысынан алғанда көшпенділер тіршілік ету ортасына енжар бейімделушілер, олардың тұрмыс-тіршілігі жоғарғы мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік бермейді. Барлық мәдени мұраны олар өздерінің мәдениетті көршілерінен қабылдаған. Халықтың тарихын, мәдениетін зертеудегі бұрмалаулар, объективтілікке қарағанда терістеу, теріске шығарудың басым болуы мәдени бастауларды таныпөбілуге зор кедергі келтірді. Мұның өзі мәдени мұраның азып-тозуына, рухани өмірдің жұтандануына алып келді. Ғасырлар бойы қалыптасқан асыл мұра, адамгершілік қасиеттер халыққа қатыссыз идеалдармен алмастырылды.

Кейінгі уақытта-бұрынғы кеңес одағына кірген республикалардың тәуелсіздік алуына және ұлттық сананың өсуіне байланысты-кері процесс әрбір халықтың өзінің түп-тамырларын, мәдени бастауларын танып-білуге деген ұмтылысы байқалады. Бұл заңдылық қазақ халқын да қамтып отыр.

Қазақ халқының дүниеге көзқарасы, дүниетанымы, рухани және материалдық мәдениеті жайлы айтқан кезде есте болатын бір жай қазақ мәдениетінің сұхбаттық өрісі. Қазақ мәдениетінің сұхбаттық өрісінің түркі тілдес халықтар мәдениетімен тығыз байланыстылығы күмән туғызбайды. Тіпті бүкіл адамзат мәдениетінде де белгілі бір сабақтастық, ұқсастық бары дау туғызбас. Сондықтан мәдениеттер сұхбаты, диалогы, идеясы қазіргі мәдениеттану ғылымының өзекті мәселесіне айналып отыр. Мәдениеттер сұхбаты тек 20 ғасырдың ашқан жаңалығы емес. Көне дәуәрлерден қазірге заманға дейінгі адамзат мәдениетінің дамуын зерделейтін болсақ, мәдениеттер арасындағы қарым-қатынастардың, сұхбаттың үзілмей жалғасып келе жатқанын аңғарамыз. Адамзат мәдениетінің бір бұтағы - көшпенділер мәдениеті де мәдени сұхбат өрісінен шет қалмаған. Белгілі ғалым Л. Н. Гумилев көшпенділер жайлы айта келіп былай дейді: "Біздің дәуірімізге дейінгі 1-ғасырдағы көшпенділер мәдениеті ерекше дараланады. Оның үстіне 18-19-ғасырлардағы көшпелі тайпалар мәдениетінен көп жоғары болған" /1/. Біз көшпенділер мәдениеттің жауы, қирату көшпенділердің стихиясы болды" /2/ деген сыңаржақ пікірлермен келісе алмаймыз. Көшпенділер мәдениетінсіз адамзат мәдениеті толымсыз болар еді. Сонымен қатар өткен мәдени мұраны игеріп, басқа халықтардың мәдени жетістіктерін бойына сіңіріп, қайталанбас рухани құндылықтарды жасауға қабілетті мәдениет қана болашақтан үміт күте алады.

Әлемдік мәдениеттің үшінші мыңжылдыққа енуі тек интеграциялық процесстермен ғана емес, сондай-ақ әрбір халықтың өз мәдениетінің өзіндік келбетін, ерекшелігін сақтап қалуға деген талпынысымен де сипатталады. Сондықтан халық мәдениетінің бастауларын, дәстүрін, дінін зерттеу қоғамдық дамудың қазіргі сатысындағы өзекті мәселе болып табылады.

Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті ғасырлар қойнауынан бастау алады және көптеген тарихи қабаттардан тұрады, осыған орай мәдениеттің тарихи қозғалысын, заңдылықтарын танудың маңызы артып отыр. Тәуелсіздікке қол жеткізген соң халықымыздың дәстүрлі құндылықтарына, олардың қайнар бастауларын тануға деген ықылас артып отыр. Бұл талапты қанағаттандыру үшін өткен дәуірлердің рухани мұрасын тарихи-философиялық тұрғыдан байыптау қажет. Осы орайда белгілі философ А. Х. Қасымжанов: "Қайта жаңару уақыты туды. Ол рухани тамырларымызды зерттемей, ұғынбай, іске асуы мүмкін емес. Іздену, ұғыну - өткенге құрметпен қарау, бұл халықтың іштей түлеп, өзін-өзі тану жолына түсу, өркениетті қоғамдағы озық халықтардың қатарына терезесі тең қатар қосылуы. Халықтың тарихи мұрасының өрлеуі ұлттық сана-сезімінің өсу процесінің негізгі бөлімі болып табылады. Мұнсыз халық тәуелсіздігі дегеніміз бос сөз болып қала бермек", - дейді /3/. Сөйтіп, өткен дәуір рухани бастаулары бүгінгі күн мен болашақтың өзегіне айналып отыр.

Авестаның құрамы мен негізгі зерттелу кезеңдері

Зороастризмді және оның киелі кітабы - Авестаны зерттеуге жетелейтін көптеген себептердің бірі - оның ежелгі шығыстың және адамзаттың мәдени құндылықтарының ішінде алатын ерекше орны. Зороастризм мәселері 18-ғасырлар-ақ еуропа ғалымдарының назарын аударған еді. Олардың ішінде Х. Бартоломэнің, Дж. Дамстетердің, А. Дюперроның, Э. Уэсттің, М. Хаугтың есімдерін атап өткен жөн. Бұл ғалымдар зороастризм мен Авестаны зерттеуді ғылыми жолға қойды.

Айта кетуді қажет ететін бір мәселе зороастризм мен Авестаны тарихи-филологиялық, лингвистикалық тұрғыдан зерттеу басым болды. Тарихшылар Авеста деректерін көне иран қоғамының саяси-әлеметтік картинасын қалпына келтіру мақсатында қолданса, лингвистер оны үнді-еуропалық халықтардың тілдік байланыстарын, құрылымын айқындау мақсатында зерттеді. Бұл бағытта Авеста мен Ведаларды салыстырып зерттеу басым болды.

Кеңестік дәуірде зороаcтризмді зерттеуде Е. Э. Бертельс, И. С. Брагинский, В. И. Абаев, Э. А. Грантовский, И. М. Стеблин-Каменский, С. П. Толстов, ВУ. В Струве сияқты ғалымдардың еңбектерінің айырықша үлес қосқанын атап өткен болады. Алайда аталған ғалымдар зороастризмді Ежелгі Шығыс, Ежелгі Иран тарихи контексінде қарастырады олардың ғылыми мақалдары көптеген құнды мәліметтер бергенмен зороастризм туралы тұтас түсінік қалыптастырмайды. Зороасризм туралы монографиялық еңбек жазған кеңес ғалымдары А. О. Маковельский мен Е. А. Дорошенко болды. Алғашқысы Авеста мен зороастризмдегі саяси-әлнумеииік, дүниетанымдық мәселелері қарастырса, соңғысы зороастризмнің таралуына, тарихына назар аударады.

Революцияға дейін жарық көрген еңбектердің ішінде А. Л. Погодиннің "Религия Зороастра" және оның орыс тіліне аударған проф. Джаксонның "Жизнь Зороастра" еңбектерін атап өтуге болады. А. Л. Полодин зороастризмді діни жүйе ретінде қарастыра отырып, оның тарихи-мәдени бастауларын, өзіндік ерекшеліктерін деректерге сүйеніп, оның өмірбаянын қалпына келтіруді мақсат етеді.

Зороастризмді жан-жақты қарастыруға бағытталған соңғы жылдары жарық көрген еңбектердің ішінде ағылшын ғалымы М. Бойстың "Зороастрийцы. Верования и обычай" атты монографиясы, Л. А. Лелековтың "Авеста в современной науке" атты диссертациялық зерттеуі айрықша орын алды. Ағылшын ориенталисі зороастризмнің пайда болуынан бастап қазіргі күндерге дейінгі даму кезеңдерін қарастырады.

Л. А. Лелековтың еңбегі қазіргі ғылымда қалыптасқан Авеста мен зороастризм туралы көзқарастар мен тұжырымдарды талқылауға арналған. Зороастризмге байланысты еңбектердің шет тілдерден аударылмағанын ескерсек, автордың зерттеуі бірден-бір құнды еңбек болып табылатындылығын атап өткен жөн.

Зороастризмнің Орталық Азия халықтарының мәдениетіне ықпалы С. П. Толстовтың, В. В Струвенің, Г. П. Снесаревтің, С. М. Демидовтың, Ю. А. Рапопорттың, Б. Т. Ғафуровтың еңбектерінде қарамтырылған. Бұл еңбектер тарихи, археологиялық, этнографиялық және лингвистикалық зерттеу тәсілдерін синтездеп, көлемді деректері сараптау ұтымдылығымен құнды.

Авеста бізге негізінен екі редакциясында келіп жетті. Алғашқысы авесталық деп аталатын тілде және ерекше авесталық әліпбиде жазылған дұғалар жиынтығы болып табылады. Бұл дұғаларды зороастрлықтар (парсылар) қазірде құдайға табынушылық кезінде оқиды. Бұл дұғалар жиынтығының оның негізгі құрамдас бөліктерімен аттас - парсы тілінде «Вендидад- Садэ» («Таза Вендидад») деп аталатын, яғни түсіндірмелер берілмеген бөлігі бар. Сонымен қатар оның құрамына «Висперед» пен «Ясна» кіреді. Барлық үш бөлік аралас, канондалған тәртіпте орналасқан.

Екінші редакциясы да негізінен осы бөліктерді қамтиды. Бірақ олар бірінші редакциямен салыстырғанда басқаша тәртіпте орналасқан және құдайға құлшылық ету кезінде оқу үшін емес, жүйелі түрде зерттеуге арналған. Авестаның бұл мәтіні орта парсылық аударма мен түсіндірмелерді де қамтиды. Аударма мен түсіндірме авесталық емес, пехлевилік әліпбиде жазылған және «Зенд» деп аталады. Сондықтан Авестаның екінші редакциясы «Авеста және Зенд» немесе «Зенд Авеста» деп аталады.

Авестаның екінші редакциясына төмендегідей бөліктер кіреді.

1. «Вендидад» - авесталық «Ви даэво датэм», яғни «дэвтерге қарсы кодекс» дегенді білдіреді. Зұлым күштерден бас тартып, әділетті Аша жолын орнатуға бағытталған заңдар мен жарғылықтарды бейнелейді. Негізінен Ахура-Мазда мен Заратуштра арасындағы диалогтар ретінде өрбиді, ритуалды тазалық пен күнәдан арылу туралы және тағы да басқа нұсқаулар мен жарғылықтарды қамтиды. 22 тараудан тұрады.

2. Висперед -авесталық Виспе ратаво- «барлық әміршілер», яғни ізгі мәндердің даналығы дегенді білдіреді. Негізінен құдайға немесе құдайларға құлшылық ететін өлең-дұғалардан тұрады, мазмұны жағынан «Яснаға» жақын. 24 тараудан тұрады, бірақ тараулар саны түрлі қолжазбаларда өзгеріп отырады.

3. «Ясна»- авесталық йаз- табыну, құрметтеу, йашт- жалбарыну, ритуал дегенді білдіреді. Құрбандық шалу мен құдайға құлшылық ету кезіндегі дұғаларды, құдайларға арналған мадақтауларды қамтиды. 72 тараудан, соның ішінде авестаның ең көне бөліктері саналатын гаттардың 17 тарауын қамтиды. Алайда кейбір яшттар мазмұны жағынан гаттардан да ертерек пайда болуы мүмкін.

4. Яшт- авесталық йаз- табыну, зороастризмдегі әртүрлі құдайларға арналған мадақтарды, 22 өлең-дұғаларды және көптеген мифологиялық элементтерді қамтиды.

5. Кіші Авеста- орта парсылық тілдегі бірнеше қысқса дұғалар мәтінін, Күнге, Айға, Ардвисураға және Варахран отына арналған дұғаларды және т. б. қамтиды.

Мұнан басқа кішкене жинақтар түріндегі авесталық үзінділер де кездеседі («Эхриатастан»- абыздар кодексі, «Нирангистан»- ритуалдық кодекс және т. б. ) . Бұл үзінділер Авеста тілі мен зороастризмді зерттеу үшін маңызды болып табылады.

Авестаның қазіргі мәтіні бізге келіп жеткен үзінділердің жүйеленген жинағы болып табылады. Авестаның өте қадым замандарда қалыптасқанын антик заманы авторларының мәліметтері растайды. Мысалы Плиний III-Птолемейдің (б. з. д. 247-222 жж. ) замандасы Гермиптің сөздеріне сүйене отырып, магтардың киелі жазбалары 2 млн. шумақтан тұрды деп мәлімдейді.

Парсылық дәстүрге сай Авеста б. з. б. 1-ші мыңжылдықта пайда болған. Алайда Александр Македонский жорықтары барысында оның бір экземплярын гректер өртеп жіберген, ал екіншісін өз тілдеріне аударған. Артахшер Папакан тұсында аман қалған Авестаның бөліктері жинақталып, оларды бас абыз Тансар қайтадан қалпына келтіреді. Артахшердің ұлы Шапур (б. з. 243-273 жж. ) канондалған Авестаға кірмей қалған астрологиялық, медициналық, математикалық, философиялық мазмұндағы үзінділерді қосып, түзетілген мәтінді Шиздегі кітапханада сақтауға бұйрық береді. Бұдан кейінде Авеста мәтініне түзетулер енгізіледі.

Араб жорықтары кезінде де басқа да исламдық емес кітаптар сияқты Авеста қолжазбалары өртеліп кетті, бұл туралы Бируни және тағы басқа авторлар мәлімдейді. Бізге келіп жеткен Авеста қолжазбасы 1278 жылмен, яғни Авестаның пайда болуының дәстүрлі уақытынан екі мың жыл кейін белгіленген. Міне осы жағдайлардың бәрі Авестаны зерттеушілер тарапынан қызу пікір-таластар тудырды.

Еуропаға Авеста туралы (дәліріек айтсақ оның кейбір бөліктерінің қолжазбалары туралы) деректер XYII ғасырдан бастап белгілі бола бастайды. Авестаның алғашқы манускриптері Оксфорд колледжінің кітапханасына жеткізіледі, алайда оны ешкім оқып шыға алмайды.

1723 жылы ағылшын Дж. Боучье Үндістаннан Авестаның «Вендидад-садэ» деп аталатын құнды манускриптін Еуропаға алып келеді. Бірақ француздың жас ғалымы Анкетиль Дюпперон (1731-1805) Авестамен кездейсоқ танысқанша ол оқылмаған күйінде қалады. Ол қайткен күнде де осы кітапты оқып шығамын деп өз алдына мақсат қояды. Сөйтіп, парсылардан авестаны оқып-түсіну үшін 1754 жылы Үндістанға аттанады. Ол парсылардың көмегімен авестаны оқып-үйреніп, толықтай аударып, 1771жылы жарыққа шығарады. Бұл оқиға Авестаны зерттеудің бірінші кезеңінің бастамасы болды және ол 1826 жылға дейін жалғасты. Анкетиль Дюпперонның бұл бастамасы үлкен ғылыми жаңалық болып табылғанымен, көптеген ғалымдар тарапынан түсінбеушілік тудырды. Ағылшын шығыстанушысы Джонс аударманың дәлдігіне және Авеста мәтінінің нақтылығына күмән келтіреді және Заратуштра сияқты данышпан аталған кітапта көрініс тапқан мылжыңды айтуы мүмкін емес деп санайды. Оның отандасы Ричардсон Авестаның араб шапқыншылығынан кейін, яғни YII ғасырдан ерте құрастырылмағандығын дәлелдеуге талпынды және оны Авестада араб сөздерінің кездесетіндігімен түсіндірді. Неміс ғалымы Майнерсте Авестада ежелгі гректерге беймәлім ұғымдар мен образдардың кездесетінін алға тартып, осындай қортындыға келеді.

Ғалымдардың келесібір тобы Дюпперонды қолдайды. Рига университетінің профессоры Клойкер Авестаның негізгі ұғымдарының антик заманы авторларының деректерімен сәйкес келетінін айқындап, дәлелдеді және күмәнді «араб сөздерінің» Иранда көне заманнан бар арамей сөздерімен ұқсас екендігін анықтады. Бартоломе «зенд» тілі мен санскрит тілінің бірлігін басшылыққа алды. Родэ ежелгі парсы дінінің нанымды сипаттамасын берді.

Бұл пікір-таластардағы шешуші рөл атқарған дат ғалымы Р. Раск болды. Ол Үндістаннан бірқатар көне жазбаларды алып келіп, Авеста мен санскрит тілін салыстыра зерттеп, екі тілдің тамыры бір болғанымен әртүрлі екендігін анықтады. Сөйтіп өзінің «Зенд тілі мен «Зенд-Авестаның» ежелгілігі мен нақтылығы туралы» атты еңбегінде Авестаның шынайылығы мен көне замандылығын дәлелдейді.

Осылайша Анкетиль Дюпперонның ғылыми жаңалығы өзінің лайықты бағасын алды. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Риттер, Гёте, Гегель сынды ойшылдардың ежелгі иран діні мен философиясы туралы ой - пікірлері дәл осы Анкетиль Дюпперонның түсіндірмелеріннен бастау алады.

Авестаны зерттеудің екінші кезеңі 1833-1880 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезең француз ғалымы Э. Бюрнуф еңбектерінен басталады. Ол Авеста мәтінінің «мәнін ашудың» ғылыми филологиялық тәсілін қалыптастырады және Дюпперон сияқты тұтастан жекеге қарай емес, жеке сөздерден тұтастыққа қарай біртіндеп көтерілу тәсілін басшылыққа алады. Грамматикалық және лексикологиялық талдаудың негізінде Авеста тілін санскритпен салыстыра отырып, әртүрлі манускриптерді бір-бірімен салыстырған ол мәтінді сынауды қолға алды, сөзден сөзге жылжи отырып оның мағынасын ашты. Бірақ Бюрнуф пехлевийлік аударманы емес, Нерйосангтың пехлевий тілінен аударған санскрит аудармасына сүйенді. Бюрнуф «Яснаның» тоғызыншы тарауының мәтінін аударып, оған қысқаша түсіндірмелер берді.

Э. Бюрнуф қайтыс болғаннан кейін Вестергорд пен Шпигель сыни көзқарастарды ескере отырып, Авестаның толық мәтінін (неміс тілінде) жариялауды қолға алады. Осы уақыттарда «дәстүр» ұғымының төңірегінде ғылыми пікір-талас орын алады, сөйтіп Авестаны зерттеуде екі бағыт- «дәстүршілдер» мен «дәстүрге қарсылар» қалыптасады. Дәстүршілдер парсы дінбасылары Авестаның көне заманда қалыптасқан күйіндегі оқылуы мен түсінігін бізге өзгертпей жеткізді деп санады. Ал олардың қарсыластары парсыларға сенімсіздік танытып, көне заманғы үндіирандық тарихи және тілдік бірлікті басшылыққа алды. Авеста тілін қайта қалпына келтіруде және оны түсіндіруде олар компаративистикалық тәсілді қолданды, Авеста мазмұнын көне үнді ескерткіштерімен, әсіресе Ведалармен салыстырды, Авестаны ежелгі үндіиран тілінің бірі ретінде талдады.

Тиянақты, жан-жақты зерттеулердің барысында Авеста тілінің грамматикасы туралы іргелі еңбектер дүниеге келді.

Екі бағыттың да ғылыми жетістіктерін және ғылыми-тарихи зерттеу принциптерін иран тілдерінің дамуының барлық сатыларына қатысты қолданған Х. Бартоломе еңбектері XIX-XX ғғ. аралығында қалыптасқан Авестаны зерттеудің үшінші кезеңінің басталғандығын сипаттайды.

Бұл кезеңдегі маңызды еңбектер қатарына М. Хаугтың, Э. Уесттің, К. Гёльднердің, Дж. Дармстетердің шығармаларын жатқызуға болады. Дж. Дармстетердің Авеста гностицизм мен иудаизмнің ықпалында болған зороастрлық абыздардың кейінгі фальсификациясы деген пікірін авестологтардың баым көпшілігі мойындамағанымен, ол Авестаны зерттеудегі тарихи тәсілді қалыптастыруға зор еңбек сіңірді, көптеген ұғымдарды дұрыс түсіндірді.

XX ғасырдың 30- жылдарына дейін созылған Авестаны зерттеудің үшінші кезеңі негізгі екі бағыттың - Х. Бартоломені жақтаушылар («гейдельберг мектебі») мен Андреас пен Вакернагельді қолдаушылар («геттинген мектебі») арасындағы пікір-таласпен сипатталады.

Андреас авесталық әліпбе салыстырмалы түрде кейін пайда болған деген жорамалды негіздеп, Авеста архетипін қайта қалпына келтіру туралы мәселені алға тартады.

Авестаны зерттеудің төртінші, қазіргі кезеңі XX ғасырдың 20-30- жылдарынан басталады. Бірқатар таласты мәселелер бойынша ғалымдар қазірде ортақ пікірге келген. Мысалы, Заратуштра мен оның қолдашысы Виштаспа тарихта болған тұлғалар деп саналады. Алайда Авестадағы ерекше сөздер мен сөз тіркестерін, сондай-ақ «терминдерді» түсіндіру әлі де болса күрделі әрі талас тудыратын мәселе болып қалып отыр.

Қазіргі авестологияның жетістіктері И. Гершевичтің «Ежелгі Иран әдебиеті» атты еңбегінде салыстырмалы түрде толық баяндалған. «Зороастрдың өз үлесі» атты мақаласында ол зороастризмнің діни нанымдарының дамуындағы үш кезеңді: Заратуштраның өзіне тиесілі, гаттарда көрініс тапқан ерте кезең («заратуштранизм») ; иран тайпаларының көне политеистік түсініктерін қамтыған және «Кіші Авестада», мысалы «Яшттарда» көрініс тапқан кезең («заратуштрицизм») және Сасанидтер әулеті кезінде мемлекеттік дін ретінде канондалған кезеңді («зороастрианизмді») атап көрсетеді.

Авестаны зерттеуде Анклесария әулеті, Ф. Боде, П. Санджана, Дж. Тавадия, Н. Тарапоревала сияқты парсы-ғалымдар үлкен рөл атқарды. Парсы-ғалымдар гаттардағы көзқарастарды жаңартады, олардағы монотеистік сарындардың рөлін асыра бағалайды.

Қазақ ғалымдарының ішінде зороастризмнің қазақ мәдениетіне ықпалы туралы алғаш пікір айтқандар А. Х. Қасымжанов, М. С. Орынбеков, С. Н. Ақатаев, А. К. Ақышев болды. Алғашқы автор «Духовное наследие казахского народа» атты еңбегінде: «Іс жүзінде қазақтардың ежелгі дүниетанымы негізінен заратуштралық болған және оның іздері отқа табынудан, тазару расімдерін, су мен топырақты пайдаланып емдеуден көрінеді», - деп жазады /4/. Сонымен қатар аталған автор қазақ халқының рухани дамуындағы, менталитетіндегі зороастризмнің алатын орнына көп көңіл бөлген.

М. С. Орынбеков «Верования древнего Казахстана» атты кітабында Қазақстан жерінде зороастризмнің таралуына тоқталып, бұл діни жүйенің кейбір элеметтерінің қазақ топырағында ежелден болғанын атап көрсетеді.

С. Н. Ақатаев "Мировоззренческий синкретизм казахов» тақырыбына жазылған докторлық диссертациясында қазақ халқының қайтыс болған адамды жерлеу рәсімдері мен зороастризм әдет-ғұрыптарының арасындағы ұқсастықтарға назар аударады. А. К. Ақышев «Искусство и мифология саков» атты еңбегінде сақ тайпаларының дүниетанымын, өнерін, діни наным-сенімдерін түсіндіруде Авесталық параллелизмдер мен зороастризмдік рәсім-рәміздерге жүгінеді.

ЗОРОАСТРИЗМ ДІНИ - МӘДЕНИ ЖҮЙЕ

Зороастризмнің мәдени бастаулары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Ырқ бітіг» кітабы – көне түркілердің даналық мұрасы
Ежелгі Иран жеріндегі зороастризм діні
«Авеста» шығармасы түркілер мекендеген хорезм аймағында жасалған мұра
Зороастризм тарихы. Қазақ мәдениетіндегі зороастризм көріністері
Қазақстан ежелгі дәуір тарихының жазба деректері
Зороастризм және қазақ халқының наным-сенімдері
Сасанид дәуіріндегі Иран мәдениеті
Шет елдік Азия археологиясы
Иран мәдениеті
Ежелгі дәуір әдебиеті туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz