Имандылық мәселесінің философиялық аспектілері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия факультеті

Жалпы университтік жалпы және этникалық педагогика кафедрасы

МӨЖ

Тақырыбы: Имандылық мәселесінің философиялық аспектілері

Орындаған: философия және
ғыл. метод. кафедрасы,
1-курс магистранты
Альджанова Н.К.
Тексерген: пед.ғ.к., доцент
Әлқожаева Н.С.

Алматы, 2007
Иман дегеніміз Алла Тағаланың барлығына, бірлігіне онан басқа Алла
жоқтығына, Құран сөзінің бәрі шындығына анық ықыласпен нанбақ. Иман айтқан
да Ләә иләһа иллаллаһ Мухаммед расулуллаһ дейміз, оның мағынасын бір
құдайдан басқа құдай жоқ және Мұхаммед (с.а.у.) Алла Тағаланың бізге тура
жолды көрсетуге жіберген басшысы деген болады. Мұның мағынасын білмей құр
айтқанынменен иман болмайды. Және анық шын нанып айтпай, құр тілменен ғана
айтса о да иман емес. Аятта: Кейбір адам Аллаға һәм ахырет болатынына иман
келтірдім десе де, ішкі ықыласы нанбай тұрған соң, ол мұсылман емес, -
деген. Әлбетте әр қашан шын ықыласпен нанып иман айтып жүру керек. егер де
иман дұрыс болмаса қанша құлшылық ғибадат қылынса да ол қабыл болмайды.
Иман шарт деген кішкене кітапта иман һәм тәуба туралы сөздің бәрін
анықтап айтқан. Соның ішінде иманның жеті рәкәні бар. Бұлардың мағынасы
Әуелі Алла Тағаланың барлығына, бірлігіне нандым. Періштелерінің барлығына
нандым. Пайғамбарларына, жіберген кітаптарының баршасына нанлым. Барша
пайғамбарларына нандым. Ақырет күні болмақтығына нандым. Баршылық жақсылық,
жамандық істер Аллаһ Тағаланың тағдырынсыз болмайтындығына нандым. Һәм
өлген соң тіріліп, сұрау беретіндігімізге нандым.
Ей достар! Осы иманды әр қашан айтып, салақ болмай жүру керек. құранда
неше жерде баһшт тақуалар үшін деген, тақуа деп сақтанғандарды айтады. Адам
әр уақыт Аллаһ тағаланың азабынан қорқынышты рахматынан үмітті болып, қауіп
пенен үміттің арасында болуы керек. Аятта: Тілек, дұға қылыңыздар. Қауіп
пенен үміттің арасында болып..., - деген.

ә). Аллаһ Тағаланың барлығын ақылмен ойлап білмек
Ей, достар! Алла Тағала біреуден үйреніп, яки ата-бабаның жолыменен
ұғып, нанып иман келтірген кісіде мұсылман болады. Алайда болса, өз
ақылыменен ойлап осы дүниенің бір құдіреті күшті иесі болса керек деп, өз
ақылыменен дәлел таппаған кісі қатты күнәһар болады және ондай кісі
сайтанның азғыруына, біреудің алдауына еріп кетуге жақын тұрады. Алла
тағала баршамызды сақтасын. Адам шын ақыл көзіменен қараса, осынша неше
түрлі ғаламды жаратқан бір иесі бар екенін біреуден үйренбей-ақ білсе
керек. Құранда Алла Тағаланың барлығына дәлел етпек көп. Алайда болса, ақыл
менен білуге бұйырған. Аятта: Айт, ей пайғамбар, құлдарыма қараңыздар ақыл
көзіменен аспандағы һәм жердегі барша жаралған нәрселерге, - деген.
Әлбетте бұған қарасаңыз құдіретінде өлшеу жоқ бір иесінің барлығын білесіз.
Жағпар Садық хазіреттері айтқан екен: Алла Тағаланың барлығына бал
жинайтұғын арадан артық не дәлел керек. кішкентай нәрсені артында бал
аузында ауы бар, ол екеуі таусылмайды, бірі-біріне қосылмайды, - деген.
Және шейх Рағид деген кісі айтқан парсыша бәйіт: Ағаштың жасыл жапырағына
ақыл көзіменен қарасаңыз, әрбір жапырағы Алла Тағаланы білдіруге бір кітап
сықылды емес пе?, - деген. Және адам ойлау керек: Осы мені кім жаратты
деп. Сонда анық біледі өзіндей бір адамзат жаратпағанын, кім жаратты деуге
де болмайтынын. Кім себеп боды десе, оның әкесінің жаратылуына кім себеп
болды? Сөйте-сөйте адам, пайғамбарға кім себеп, ақырында барша себептерді
біріне бірін себеп қылып жаратқан бір құдіреті күшті ие керек болады. сол
не - Алла Тағала және адам ойлау керек: Қайдан шықтым, не үшін жаралдым,
түбінде не боламын, - деп. Осылайша ойлағанда әлбетте жоқтан бар қылып,
бір құдіреті күшті Алла жаратты. Не үшін жаратты?
Жаратқан иесін біліп, соған құлшылық қылсын деп жаратты. Ақырында не
қылады? Кімде-кім жаратқан иесінің өміріне мойынсұнып құлшылық қылса, оны
құр қалдырмай таусылмас рахат берсе керек.
Неге десең: осынша ғаламды басқа жаратудың қисыны жоқ. Ақырында жоқ
болып кететін қылып жаратса керек. Онда әншейін бір ойын сықылды болады
ғой. Аятта ұқтырып айтқан: Аспан менен жердің һәм оның арасындағы барша
нәрселерді ойнап жаратқаным жоқ:- деген.
Енді жоғарғы аяттың мағыналарын һәм айтылған дәлел сөздерді анықтап
ұғынып ойласаңыз Алла Тағаланың барлығына шексіз көңіліңіз нанар.
Ей, достар! Алла Тағала жалғыз, одан басқа Алла жоқ. Мұныда ақылмен
ойлап білу керек. Құранда бұл туралы аят көп. Олай болса да ақыл мен білуге
ұғындырған аятты айтайын: Егерде дүниеде екі құдай болса, дүние бұзылар
еді, - деген. Және бір аятта : Алла Тағаланың баласы жоқ және бір
Алладан басқа Алла жоқ. Егерде басқа бір Алла болса, әрқайсысы өзінің
жаратқан нәрсесіменен кетер еді де бірін -бірі жеңер еді. Алла Тағала
мұндайлардан таза, - деген.
Енді ойлап қараңыз, егерде Алла екеу болса, бір Алла бір нәрсені бар
болсын десе, бір Алла жоқ болсын десе, сол нәрсе бар болар ма еді, яки жоқ
болар ма еді. Әлбетте бірінің айтқаны болмай қалады ғой. Айтқаны болмай
қалғаны Алла болуға лайық болмайды. Сол себептен Алла Тағала жалғыз екені
мағлум болды. Егерде біреу серіктесіп жаратады десе, бұл да бос сөз, оның
үшін серікке мұқтаж болған соң, оныңда Алла болуға лайығы жоқ. Және бір
аятта: Анық Ғайса пайғамбарды Алла Тағаланың жаратқаны адам пайғамбарды
жаратқандай. Адам пайғамбарды топырақтан жаратып тұрып Адам бол деп еді
Адам болды. Сол сияқты Ғайса пайғамбарды Мәриям ананың қарнында бала бол
деп еді, бала болды, - деген. Және бір сөз Алла Тағала пайғамбарға өзге
адамның қолынан келмей тұғын істерді істеуге мұғжиза берген һәм әулиелерге
керемет берген. Бұлардың себебі пенделеріне тура жолды көрсетуге
пайғамбарлардың пайғамбар екеніне дәлел болсын деп, әулиелердің күнәдан
тазалығының қадірін көрсетпек үшін бұларда пендесіне рахметі.

Б). Аллаһ Тағаланың сипаттарын білмек

Ей, достар! Жоғарғы сөздерден алла тағаланың не барлығын һәм бірлігін
білдіңіз. Енді сипаттарын айтайын.
Алла тағала бар, өздігінен бар, біреу бар қылган емес, барлығының алды
жоқ, бурыннан бар. Арты жоқ, болмаиды, өлмейді, тозбаиды, өзгермейді. Алла
тағала жалғыз не серігі жоқ, не теңдесі жок, ұқсасы жоқ және ешнәрсеге
ұқсамайды. Кітапта бұл алты сипатын затия сипаты дейді. Олар мынау: бар,
өздігінен бар, бұрыннан бар, жоқ болмайды, жалғыз, ешнәрсеге үқсамайды,
Бұлардан басқа кітапта зубутие деген сегіз сипаты бар. Олар мынау: тірі,
білімді, құдіретті, талап қылушы яғни бір нәрсенің болғанын ұнатушы,
болғызушы, яғни бар қылса да, жоқ қылса да, сөилеуші, есітуші, керуші,
бірақ бүл сипаттары адамдарға ұқсамайды. Мысалы біздің тіршілігіміздегідей
дүниеменен емес, біздің құдіретімізден қол аяқ, яки қарумен емес, біздің
біліміміздей ойменен, көзіменен яки біреуден ұғып емес, ақыры өзінің
ешнәрсеге ұқсамағаны сықылды сипаттары да өзгенің сипатыма ұқсамайды. Және
кітапта сәлбие сипаттары деген болады. Олар; ұйықтамайды, өзгермейді деген
сықылдылар. Оны ешбір кемшілігі жоқ десе сонан ұғуға болады. Ақырында бәрін
жиып айтқанда Алла Тағаланың сипаттары кемшіліксіз, білімді, құдірет десе
ұғарсыз.

В). Аллаһ Тағаланың періштелеріне нанбақ

Періштелер — алла тағаланың жаратқан қүлдары, әр қайсысы әр бір
қызметте. Олар еркек те емес, үрғашы да емес, ішіп-жемеиді, күнә қылмайды.
Олардың да абзал жақсылары, паиғамбарлары бар: Жәбіраил, Ысрафыл, Газраил,
Иекаил дегендед періштелер алла тағаланың әмірімен әр түрлі суретке кіре
алады һәм көзғе көрінбей де кетеді. Алла тағала оларды біздің денеміздей
қылып жаратқан. Ондай дүниелерді кітапта Ажсам Латифе деиді Періштенің
барлығына нанбайтұғын қисыны жоқ. Жын, сайтан, пері дегендерге де нанылады
ғой. Пайғамбарға нансаңыз, құранға нансаңыз, бәрі де рас болады.

Г). Аллаһ Тағаланың Пайғамбарларына жіберген кітаптары на нанбақ

Алла тағала пенделеріне тура жолды үқтыру үшін әрбір заманда
пайғамбарларының қайсы біреулеріне кітап жіберген. Оның үлкені төртеу: бірі
— біздің пайғамбарымызға жіберген Құран, біреуі - Мұса пайғамбарға жіберген
Тәурат. Біреуі - Дәуіт паиғамбарға жіберген Забур, біреуі - Ғаиса
пайғамбарға жіберген Інжіл. Және бұлардан басқа Сағиф дегендері бар. Адам
пайғамбарға, Ибраьим пайғамбарға дегендей әр біреулеріне жіберілген.
Солардың бәрі де рас, тек нану керек. Бұл кітап дегендер — біржолата кітап
болып келген емес. Алла тағаланың періште арқылы пайғамбарларына білдірген
сөздері әмір, бүйрықтары. Со-ны кітап қылып жазған. Біздің пайғамбарымыз
Мұхаммед Мұстафа Саллаллаһу Ғалиассалам ең соңғы ақыр заман пайғамбары
болған соң соған жіберілген Құранның сөзіменен ғибадат құлшылық қылмақ
дұрыс болған. Мұнан соң еш пайғамбар болмайды. Сол себептен өзге дін, өзге
шариғатпен жүру дұрыс емес. Құранның сөзі бұрынғы кітаптардың кемін
толықтырып, кейінгі заманына қарай біржолата бекітіп айтылған.

Д). Аллаһ Тағаланың Пайғамбарларына нанбақ

Ей, достар! Алла Тағала пенделеріне тура жолды қөрсетпек үшін, әр
заманда пайғамбарлар жіберген. Әуелі Адам пайғамбар ақырғы біздің
пайғамбарымыз Мүхаммед Мүстафа Саллаллаһу Ғаләйһиссалам. Бұл екеуінің
ортасында көп пайғамбарлар болған. Оның санын білмек бізге міндет емес.
Қанша болса да Алла Тағаланың жіберген паиғамбарларының бәріне де нандым
дейміз. Олардың ішінде Құранда аттары айтылған жиырма бесінің атын білмек
керек.
Енді, көбінесе, иманның дұрыс болмағы пайғамбарға нанғанменен табылады.
Оның үшін пайғамбарға нансаң, құранға нанасың. Құранды Құдай Тағаланың сөзі
деп паиғамбарымыз атына айтып білдірген. Құранға нанған соң бәріне нанғаның
болады. Және Алла Тағаланың барлығына нансаң, пайғамбарға нанасың.
Себебі барша адам баласын Алла Тағала кұлшылық қылсын деп жаратып
қойып, мынау жақсы, мұны қылсаң рахметіме жолығасың. Мынау жаман, мұны
қылсаң қахарыма жолығасың деп білдірмей өздерің білсең біл, білмесең қой
дегені лайық болмайды. Дүниеде не нәрсе бар болса, соның бәрі адам үшін
жаратылған. Не нәрсе болса да адамның не пайдасы, не залалы үшін. Сол
себепті аятта айтқан: Аспандағы һәм жердегі нәрселер-дің бәрін сендерге
жараттым, яғни сеңдер үшін жаратылдым ,— деген. Енді солардың қайсысы
сауапъ қайсысы күнә, қаисысы пайда, қайсысы залал екенін Алла Тағала
адамның өзінен паиғамбар хабаршы жіберіп пенделеріне білдіргені анық ақылға
дұрысы. Енді біздің пайғамбарымыздың пайғамбар екеніне еш бір кәдік жоқ.
Аятта айтқан: Қашан Ғайса Ғаләйһиссалам айтты: Еи, бәни Ысраил құлы мен
сіздерге Алла Тағаланың жіберген пайғамбарымын. Менен бұрынғы Мұса
Ғаләйһиссалам келген Тауратта айтылған һәм менен соңғы келетұғын бір
пайғамбардың діни хабарын жіберетінін, білдіремін сіздерге. Оның есімі,
яғни аты Ахмед яғни Мухаммед Ғаләйһиссалам деген. Және біздің
паиғамбарымыз ешкімнен оқымай, үиренбей бұрынғы пайғамбарлардың һәм қанша
халықтардың не халмен өткенін білгендігі пайғамбар екеніне үлкен дәлел емес
пе? Сол уақыттағы Таурат, Інжіл оқып жүргендер сынамақ үшін неше түрлі
сөздерді сурағанда, һаммасына жауап берген және діннің хақ растығынан
қайдағы білімді ақылдылар дініне кіріп мұсылман болып азғана заманның
ішінде қаншалық жерге мұсылман діні жайылып кеткенінде не малменен емес, не
әскермен емес, яки бұрыннан тұқымьнан патшалығымен емес, жалғыз ғана
мусылман дінінің хақтығы һәм өзінің пайғамбар екенінің растығы емес пе?
Және осынша істерді дүниелік үшін қылды деп те айтуға болмайды. Оның үшін
өзі халықты билеп тұрғанда неше күндей аш жүріп, тамақты да жөндеп жемейді.
Тамақтың жоқтығынан үйіне неше күндей от жағылмай құр суменен қүрманы қорек
қылып жүре береді. Кәпірлерді жеңіп алғандағы олжа қазыналардың бес еседен
бірі қазынаға алынады, оны ұстап ішіп жесе де ешкім бөгет болмайды. Сонда
да бір тиын алмай, ішкен асы арпа ұны болып, киген киімі жамаулы болып, өзі
дүниеден өткенде түк малы калған жок. Кебісін өзі жамап киюші еді. Алфухр
фахри, яғни мақтаным кедейлігім деп көбінесе фахрлар менен жетімдерді
құрметтеуші еді. Мұнан артық не дәлел керек. Аятта біздің паиғамбарымыз
туралы Алла Тағала айтқан: Мен сені барша ғаламға рахметім үшін пайғамбар
қылдым1,— деген және құраннан артық не мұғжизе керек, әрі дұниедегі
адамшылыққа әрі ахыреттегі аманшылыққа керек сөзден айтылмағаны жоқ десе
болады. Ақыл ғылымның жайын сонан артық кім ұқтыра алады! Сонан артық
қандай низаммен дүние түзеліп тұра алады...
Е). Ахырет күніне нанбақ
Ахыретте тексерілмегіміз таразы, сират көпірі, қылған істеріміз
дәптерге жазылып берілмегі рас. Құдай Тағала біздің не қылғанымызды өзі
біліп тұрса да адамдар білмейді. Сол себептен әбден армансыз қылып істеген
ісімізді мойнымызға анықтап салып рахым қылса, мархаматын, қиар қылса
ғадалатына барша халыққа бірдей білгізіп әр күннің лайық орнына жібереді.
Аятта: Бір алланың өзінен басқа нәрсенің бәрі халақ болып бұзылады,—
деген. Ахыреттің болмағы анық. Адам өлсе де, жан өлмейді. Пейіш пенен
дозаққа кірген соң, тіпті өлім жоқ, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастардың бойында рухани әлеуметтік құндылықтар қалыптастыру деңгейін диагностикалау
ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Қазақ мектептерінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары
Болашақ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімін оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Жастар бойында рухани-адамгершілік мәдениетті қалыптастырудың әлеуметтанулық аспектілері
Әлеуметтік философиядағы Ислам құндылықтары
Шәкәрім Құдайбердіұлының философиясындағы адамтану бағыттары
Имандылық мәселесінің философиялық аспектілері туралы
Жоғары оқу орындарында студенттерді болашақ отбасылық өмірге даярлаудың педагогикалық негіздерін анықтау, студенттерді отбасылық өмірге дайындау әдістемесін жасау
Түркі халықтарының ортағасырдағы әлеуметтік-саяси, мәдени жағдайы
Пәндер