Бюджеттік хұқ



Бюджеттер мен бюджеттік хұқ әрқашанда кез келген елдің өмірінен елеулі орын алатынын білеміз.
Сондықтан Қазақстан Республикасының дербес, егемен мемлекет қайта құрылуына және оның нарықтық экономикаға қадам басуына байланысты олардың рөлі мен маңызы бұрынғыдан да арта түсті деуге әбден болады.
Еліміздің экономикасының нарықтық сипат алуы, сондай-ақ жылдың 17 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикаеы заңының және 1993 жылдың 28 қаңтарында Ата заңымыз - Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылдануы бюджет жүйесін қайта жаңаша қалыптастыруға орасан зор ықпалын тигізді. Егер бұрынғы бюджеттік жүйе тұтастық принципіне негізделіп, жергілікті бюджеттердің жоғары тұрған бюджет құрамына кіруі арқылы біртұтас мемлекеттік бюджет құралатын болса, қазіргі бюджет әрбір бюджеттің дербестігі негізінде құрылады.
1993 жылдың 10 желтоқсанында қабылданған "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және аткарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасының заңында жергілікті өкілді органдар - Маслихаттар-депутаттар жиналысының құзыреттерін жүзеге асыруға қажетті экономикалық және қаржылық базасы белгіленген, өз бюджеттерін бекіту және атқару, бюджеттен тыс қорлар мен валюталық қорлар құру жөнінде толық дербестік берілген, сондай-ақ өз әкімшілік - аумақтық мекендерінде дербес қожалық ету хұқы бекітілген. Бюджеттік хұққа сипаттама беруге тоқталмастан бұрын бірнеше жайдың басын ашып алуымыз, яғни "бюджет" терминінің мағынасын, бюджеттік құрылысты, бюджет жүйесін. Жоғарғы Кеңес пен Маслихаттардың бюджет саласындағы құзыреттерін, бюджеттік хұқтың субъектілерін, бюджеттік процесті және т.б. оқып-біліп, игеруіміз қажет.
Мемлекет қарамағында өте мол және әр түрлі дәрежедегі ақша қаражаттары қорлары бар екенін білеміз. Солардың ішінен жалпы

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Бюджеттік хұқ
Бюджеттер мен бюджеттік хұқ әрқашанда кез келген елдің өмірінен
елеулі орын алатынын білеміз.
Сондықтан Қазақстан Республикасының дербес, егемен мемлекет қайта
құрылуына және оның нарықтық экономикаға қадам басуына байланысты олардың
рөлі мен маңызы бұрынғыдан да арта түсті деуге әбден болады.
Еліміздің экономикасының нарықтық сипат алуы, сондай-ақ жылдың 17
желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі туралы" Қазақстан
Республикаеы заңының және 1993 жылдың 28 қаңтарында Ата заңымыз - Қазақстан
Республикасының Конституциясының қабылдануы бюджет жүйесін қайта жаңаша
қалыптастыруға орасан зор ықпалын тигізді. Егер бұрынғы бюджеттік жүйе
тұтастық принципіне негізделіп, жергілікті бюджеттердің жоғары тұрған
бюджет құрамына кіруі арқылы біртұтас мемлекеттік бюджет құралатын
болса, қазіргі бюджет әрбір бюджеттің дербестігі негізінде құрылады.
1993 жылдың 10 желтоқсанында қабылданған "Қазақстан Республикасының
жергілікті өкілді және аткарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасының
заңында жергілікті өкілді органдар - Маслихаттар-депутаттар жиналысының
құзыреттерін жүзеге асыруға қажетті экономикалық және қаржылық базасы
белгіленген, өз бюджеттерін бекіту және атқару, бюджеттен тыс қорлар мен
валюталық қорлар құру жөнінде толық дербестік берілген, сондай-ақ өз
әкімшілік - аумақтық мекендерінде дербес қожалық ету хұқы бекітілген.
Бюджеттік хұққа сипаттама беруге тоқталмастан бұрын бірнеше жайдың басын
ашып алуымыз, яғни "бюджет" терминінің мағынасын, бюджеттік құрылысты,
бюджет жүйесін. Жоғарғы Кеңес пен Маслихаттардың бюджет саласындағы
құзыреттерін, бюджеттік хұқтың субъектілерін, бюджеттік процесті және т.б.
оқып-біліп, игеруіміз қажет.
Мемлекет қарамағында өте мол және әр түрлі дәрежедегі ақша
қаражаттары қорлары бар екенін білеміз. Солардың ішінен жалпы мемлекеттік,
орталықтандырылған ақша қоры, яғни "бюджет" жеке дара бөлініп шығады.
Негізінде бюджет терминін ғылыми тұрғыдан алып қарасақ, өзіне тән
ерекшеліктеріне байланысты төрт мағынадан тұрады:
1) материалдық мағынада; 2) экономикалық категория ретінде;
3) хұқылық мағынада; 4) заң-техникалық мағынасында.
Материалдық мағынада, бюджет дегеніміз, мемлекеттің (немесе
жергілікті әкімшілік-аумақтық мекендердің) шығыстарына жұмсауға арналған,
жалпы мемлекеттік орталықтандырылған немесе жергілікті ақша қаражаттары
қорлары, яғни мемлекеттік қазына.
Бюджеттің өзі ақша қаражаттары қоры ретінде біртұтас түрінде
кездеспейді, өйткені түскен кірістер бірден белгіленген шығыстарға
жұмсалынып отырылады.
Бюджетті экономикалық категория ретінде алсақ, онда ол жалпы
мемлекеттік орталықтандырылған немесе жергілікті қаражаттары қорларын
құратын және пайдаланатын экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады.
Бұл жерде мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы мен рөліне
тоқтала кеткеніміз жөн болар.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде, экономикалық
қатынастардың жүйесінен тұрады.
Бюджеттің қоғамдағы орны объективті түрде қоғамдық өндірістің
болуымен белгіленген. Ал қоғамдық өндірістің дамуы тиісті
орталықтандырылған қаржылардың болуын қажет етеді. Ақша қаражаттарын
орталықтандыру халық шаруашылығы масштабындағы қорлардың үздіксіз айналымын
ұйымдастыруымен қатар, экономиканың тұтастай жұмыс істеуін қамтамасыз
етеді.
Сонымен қатар, орталықтандырылған ақша қорлары мемлекеттің
функцияларын жүзеге асыру үшін өте қажет. Өйткені ол бүкіл қоғамға қажетті
әлеуметтік-мәдени шараларды жүргізуді, мемлекетті басқаруға кеткен
шығындарды, салаларды және қорғаныс мәселелерін шешуді қаржыландыруға, яғни
жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыруға атсалысады.
Белгілі бір қаржылық қатынастардың жиынтығы ретінде бюджеттердің
қаржыларға тән ерекшеліктері де бар. Олар бюджеттік қатынастар бөлу
сипатында болады; ақша түрінде жүзеге асырылады; әрқашанда ақша қорларын
қалыптастыру және пайдаланылуын ұйымдастыру күйінде кездеседі.
Бюджетті жалпы мемлекеттік немесе жергілікті ақша қаражаттары
қорларын құрайтын және пайдаланатын қаржылық жоспар ретінде де қарастыруға
болады. Өйткені, оның көлемі, түсу мерзімі және пайдаланылуы белгіленген
мемлекеттің сметасы, яғни кіріс пен шығыс тізімі деп айтуға әбден болады.
Сондықтан, хұқылық мағынада бюджет деп, жалпы мемлекеттік
орталықтандырылған немесе жергілікті ақша қаражаттарының кіріс және шығыс
балансын айтамыз. Былайша айтқанда, мемлекетіміздің негізгі қаржылық
жоспары.
Ал заң - техникалық мағынада бюджет деп, мемлекеттің немесе оның
жергілікті өкілді органдарының қаржылық заңдарын айтамыз. Осы аталған
ерекшеліктер бюджетті заң және экономикалық теория тұрғысынан сипаттап
көрсетеді.
Енді жалпы мемлекеттік орталықтандырылған қаржылардың түсінігіне
тоқталайық. Жалпы мемлекеттік орталықтандырылған қаржылар - экономикалық
қатынастардың жиынтығы арқылы жалпы мемлекеттік орталықтандырылған ақша
қаражаттары қорларын қалыптастыратын және бөлетін, сондай-ақ олардың
пайдаланылуын ұйымдастыратын қаржылық-экономикалық институт.
Мемлекеттік (республикалық және жергілікті бюджеттер) бюджет осы
институттың көрінісі, сондай-ақ материалдық белгісі болып табылады. Осы
жалпы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қаражаттары қорларын
қалыптастыру, бөлу және пайдалануын ұйымдастыру кезінде мемлекеттік өзі
немесе мемлекет мүддесін көздейтін өкілетті органдары белгілі бір қызметті
жүзеге асырады. Бұл қызмет қаржылық қызметтің бір түрі ретінде
есептелінеді, Сонымен, жалпы мемлекеттік орталықтандырылған ақша
қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру
жөніндегі мемлекеттің іс-әрекеті бюджеттік қызмет деп аталады.
Бюджеттік қызмет әр түрлі әдістер арқылы жүзеге асырылады, Олардың
ішінен негізгі үш әдісті бөліп шығаруға болады:
1. Бюджетті қалыптастырудың негізгі әдістері.
2. Бюджетті бөлудің негізгі әдістері,
3. Бюджетті пайдалануды ұйымдастырудың кегізгі әдістері.
А) Бюджетті қалыптастырудың негізгі әдістері мыналар:
1) салықтарды, алымдарды белгілеу;
2) міндетті түрдегі төлемдерді белгілеу;
3) бюджетке түсетін салық емес басқа да кірістерді белгілеу.
4) несие (кредит) негізінде ақша қаражаттарын тарту;
а) бюджеттік-банкілік несие;
ә) ішкі мемлекеттік заемдар;
б) сыртқы мемлекеттік заемдар (халықаралық кредиттер).
5) мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметтерінен түскен кірістерді
тарту;
6) эмиссия, яғни айналымға қосымша ақшалар, бағалы қағаздар шығару.
Ә) Бюджетті бөлудің негізгі әдістеріне мыналар жатады:
1) бюджеттік қаржыландыру;
2) бюджеттаралық кредиттеу;

3) кредиттік міндеттемелерді өтеу;

4) одақтас (көршілес) елдерге ақысыз түрде, қаржылық көмек көрсету;
5) шет мемлекеттерге қарыз беру,
Б) Бюджетті пайдалануды ұйымдастырудың негізгі әдістері.
1) бюджетті орындау (атқару) және бюджеттік қаржыларды пайдалану
тәртібін белгілеу;
2) бюджеттік қаражаттардың пайдаланылуын жоспарлау:
3) бюджеттен бөлінген қаражпаттарды тиісті мақсатқа және
тиімді түрде пайдалану жөніндегі бақылауды жүзеге асыру.
Осы бюджеттерді, мемлекеттің ақша каражаттары қорлары ретінде
қалыптастыру, бөлу және пайдаланылуын ұйымдастыру процесінде пайда болатын
қоғамдық қатынастар бюджеттік хұқтың пәні болып есептелінеді. Қысқаша
түрінде айтсақ - бюджеттік хұқтың пәні дегеніміз, мемлекеттің бюджеттік
қызметінің процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар.
Ал бюджеттік хұқ деп, мемлекеттік бюджетті (республикалық және
жергілікті бюджеттер) қалыптастыру және бөлу, сондай-ақ бюджеттік
қаржыларды пайдалануды ұйымдастыру кезінде пайда балатын қоғамдық
қатынастарды реттейтін қаржылық хұқтың тарауын айтамыз.
Бюджеттік хұқ қаржылық хұқтың ең басты тарауының бірі болып
есептелінеді. Өйткені, мемлекеттік бюджеттің аса мол ақша қоры ретіндегі
қаржы жүйесінен алатын орны айрықша.
Бюджеттік хұқта хұқпен реттеудің екі әдісі қолданылады:
1) біржақты - өктем (әмірлі) әдіс;
2) қаржылық - шартты (келісімге келу) әдісі.
Біржақты - өктем әдіске мынадай сипаттама беруге болады. Мемлекет
тарапынан бюджеттік қатынас субъектілерінің хұқылары мен міндеттері айқын,
және қатаң белгіленетіні соншалықты, олардың (субъектілердің) өз еріктерін
білдірулеріне мұршалары келмейді.
Бұл әдіс міндетті төлемдерді, салықтарды, салық емес басқа да
кірістерді белгілеу, алу және өндіріп алу кезінде қолданылады.
Қаржылық - шартты әдіс - жаңағыдай қатаң хұқылық - нормативтік бұйрық
түрінде болмай, өзара келісім шарттың негізінде, белгіленген мәселелер
бойынша, әр жақ дербес шешімі қабылдай алады. Бұл қаржылық - хұқылық шартты
азаматтық - хұқылық шартпен шатастыруға болмайды, Себебі, аталған
шарттың, яғни қаржылық қызметті жүзеге асыратын құралдың, міндетті
түрдегі субъектісі болып әрқашанда, әр уақытта мемлекеттің өзі немесе
мемлекет мүддесін көздейтін өкілетті органы болып табылады.
Сондықтан, осы қаржылық - хұқылық шартқа қатысушылардың арасында
азаматтық - хұқылық қатынастардағыдай тең хұқылық болмайтыны айдан анық.
Қаржылық - шартты әдіс мемлекеттік заем шарттарында, бюджетаралық кредиттеу
шартында және т.б, кездерде қолданылады.
Бюджеттік хұқ саласы ретінде жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады.
Оны схема арқылы көрсетуте болады.

Бюджеттік хұқ
бюджеттік құрылыс; Жалпы бөлім
бюджет саласындағы басқару;
бюджеттік жоспарлаудағы хұқпен реттеу;
бюджеттік бақылауды хұқпен реттеу.
мемлекеттік бюджеттердің кірістерін хұқпен реттеу; Ерекше бөлім
мемлекеттік бюджеттің шығыстарын хұқпен реттеу;
мемлекеттік заемдерді хұқпен реттеу.

Бюджеттік хұқ жүйесінің жалпы және ерекше бөлімдері институттарының
жалпы сипаттамалары.
Бюджеттік құрылыс – республикалық бюджет жүйесінің ұйымдастырылуы
құрылысын және оның әрбір құрамдық бөліктерінің өзара қарым – қатынастарын
белгілейтін бюджеттік хұқтың жалпы бөлімінің институты.
Бюджет жүйесі дегеніміз, белгілі бір мемлекет аумағындағы әр түрлі
және әр дәрежедегі бюджеттердің жиынтығы.
1991 жылғы 17 желтоқсанда республикамызда тұңғыш қабылданған
“Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі туралы” Заң Қазақстан
Республикасының бюджеттерін қалыптастыру принциптерін, республикалық және
жергілікті бюджеттердің өзара қарым – қатынастарын, салықтар мен алымдар
төлеу тәртібін, сондай-ақ басқа төлемдер мен бюджеттік қаржылар бойынша
бюджеттердің заңды ұйымдармен және азаматтармен өзара қатынастарын
белгілейді.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін дербес Қазақстан
Республикасының бюджеті мен жергілікті өкілді органдар Мәслихаттардың
(депутаттар жиналысы) бюджеттері құрайды.
Республикалық бюджеттің құрамына республика бюджеті және өз
ерекшеліктері бойынша республикаға тікелей бағынышты қалалардың, яғни
Алматы, Ленинск қалаларының бюджеттері кіреді.
Ал жергілікті бюджеттерге: облыстық, қалалық, аудандық, қалалардағы
аудандық, поселкелік, селолық және ауылдық бюджеттер жатады.
Біздің Республикамыздың бюджет жүйесінің құрылымы мемлекетіміздегі
барлық әкімшілік - аумақтық бірліктердің (мекендердің) бюджеттерінің
дербестігі мен тәуелсіздігі принципіне негізделген.
Республикамыздағы бюджеттердің түрлері мынадай болып келеді:
1) құрамалы немесе жиынтық бюджеттер:
2) ерекшеленген немесе жекеленген бюджеттер.
Жиынтық бюджеттерге - еліміздің аумағындағы барлық бюджеттер жатады,
яғни олардың құрамына республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер
кіреді. Ресми тілмен атасақ - мемлекеттік бюджет болып табылады.
Жекеленген бюджеттер құрамына ешқандай бюджеттер енгізілмейді, олар
тек өздерінің аумақтық мекендері деңгейіндегі шығындарын қаржыландыруға
арналған.
Бұл бюджеттерге республикалық, облыстық, аудандық, қалалық және т.б.
бюджеттер жатады,
Енді бюджетті реттеу мәселеріне тоқталамыз. Бюджетті реттеу
дегеніміз, мемлекеттің бюджет жүйесінің құрамына кіретін бюджеттерді
теңдестіру процесі, Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің
теңдестірілуі өкімет органдары мен атқарушы-әкімші органдардың бюджеттік-
қаржылық саясаты жөніндегі басты мақсаты болып табылады.
Яғни, бюджетті реттеудің мақсаты бюджет жүйесінің барлық құрама
бөліктерінің өзара қатынастарын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда
әрбір бюджет пен барлық жүйені теңдестіру. Бюджетті теңдестіру процесіне
мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің кірістері мен
шығыстарын құрылымдарын белгілеу;
2) жекелеген бюджеттердің өзара кірістері мен шығыстарын
бөлу принциптері мен тәртібін белгілеу;
3) әр бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін теңдестіру тәртібін
белгілеу.
Бұл жерде ескеретін бір жай, бюджет тапшылығы бола қалған жағдайда
оны ақша эмиссиясы есебінен жабуға ресми түрде тиым салынған.
Бюджетті реттеу белгілі бір әдістер арқылы жүзеге асырылады. Олар:
1) әрбір жекелеген бюджеттердің арасындағы шығыстарды бөлу;
2) тұрақты бекітіліген кірістерді белгілеу;
3) реттеуші кірістерді белгілеу;
4) бюджеттік дотациялар (субвенция, субсидиялар);
5) бюджетаралық кредиттеу.
Тұрақты бекітілген кірістер дегеніміз, нормативті актіге байланысты
туындайтын хұқ арқылы қандай да болмасын бюджетке иемденуге берілген
кірістер.
Егемен мемлекет болуымызға байланысты республикалық және жергілікті
бюджеттердің тұрақты бекітілген кірістерінің аясы кеңейтіліп, оларға-
елеулі өзгерістер енгізілді.
Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің заң жүзінде
тұрақты бекітілген кірістері мыналар болып табылады:
- қосылған құнға салынатын салық;
- акциз;
- пайдаға салынатын салық;
- бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық;
- кедендік тариф пен баж;

- пайдалы қазбалар жөніндегі геологиялық барлау және геологиялық
іздестіру жұмыстарына жұмсалатын шығындарды жабуға арналған ақы;

- тіркелген (ренталық) төлемдер;
- жср салығы (10 процент);
- мсмлекеттік іштей заемдарды сатудан түсетін түсімдер;
- инвестициялық қорға түсетін түсімдер;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің кредиттері.
Осы "бюджет жүйесі туралы" Заңда тұрақты бекітілген кіріс
көздерінен басқа 1991 жылдың 25 желтоқсанында қабылданған "Қазақстан
Республикасындағы салық жүйесі туралы" Заңның 16-бабында ("Жалпы
мемлекеттік салықтар" республикалық бюджеттің кірістері толық белгіленген.
Жергілікті бюджеттердің тұрақты бекітілген кірістері ретінде
"Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы" Заңның 17-ші және 18-
баптарындағы салықтар мен алымдар ("Жалпыға бірдей міндетті жергілікті
салықтар мен алымдар", "Жергілікті салықтар мен алымдар"). сондай-ақ 16-
баптың ("Жалпы мемлекеттік салықтар") 12-ден - 16 дейінгі
тармақтарындағы төлемдер:
- заңды ұйымдардың мүлкіне салынатын салық;
- Қазақстан республикасындағы азаматтардан, шет елдік
азаматтардан және азаматтыты жоқ адамдардан алынатын табыс салығы:
- мемлекеттік баж;
- табиғи ресурстарға салынатын салық толық аударылады.
Реттеуші кірістер дегеніміз, жоғары тұрған бюджет бекіткен
(нормативті) актіге байланысты туындайтын хұқ арқылы қандай да болмасын
бюджеттер (негізінен жергілікті бюджеттер) иемденетін кірістер. Жоғарғы
Кеңес бекіткен норматив бойынша мемлекеттік бюджеттің мынадай кірістерінің:
- қосылған құнға салынатын салықтан;
- пайдаға салынатын салықтан;
- акцизден түсетін түсімдердің жалпы сомасының бір
бөлігі аударылады.
Кейбір реттеуші кірістер нормативті сипаттағы қаржылық-хұқылық
актілермен белгіленулеріне байланысты тұрақты бекітілген кірістерге ұқсас
болып келеді. Бірақ реттеуші кірістер қаншалықты тұрақты сипатта болса да,
уақытша белгіленеді. Жергілікті бюджеттердің кірістеріне толығымен тоқтала
кетейік:
1) жер салығы - 90 процент (оның ішінде 20 проценті облыстық
бюджетке, 70 проценті пайдаланудағы жер учаскесі аумағында орналасқан
тиісті жергілікті өкілді органның бюджетіне);
2) жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық;
3) орман табысы;
4) су үшін төленетін ақы;
5) табысқа салынатын салық;
6) кәсіпкерлік қызметті тіркеу үшін алынатын алым;
7) кәсіпксрлік қызметтің субъектісі ретінде тіркелмеген азаматтардан
алынатын алым;
8) Заңды ұйымдарды мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алынатын
алым;
9) Елтаңбалық алым;
10) мұрагерлік және сыйға тарту тәртібімен ауысқан мүлікке
салынатын салық.
Ескерту: бұл салықтар мен адымдар "Қ.Р. салық жүйесі туралы" Заңның
17-бабында белгіленген" Жалпыға бірдей жергілікті салықтар мен алымдар".
1) курорттық алым;
2) курорттық аймақта өндірістік мақсаттағы объектілер
құрылысына салынатын салық;
3) азаматтардац алынатын мақсатты алым;
4) жарнамаға салынатын салық:
5) автотранспорт құралдарын есептеу техникасын және жеке
компьютерлерді қайта сатуға салынатып салық;
6) автотранспортты (көлікті) аялдауға қойғаны үшін алынатын алым;
7) жергілікті символиканы пайдалану хұқы үшін алым;
8) ипподромда ат жарысына қатысқаны үшін алынатын алым,
9) ат жарысындағы ұтысы үшін алынатын алым;
10) ипподромда тотализатор ойнына қатысушы адамдардан алынатын алым;
11) аукциондық сатудан түскен алым;
12) кино-телетүсірімдер өткізу хұқы үшін алынатын алым;
13) товар биржаларында және валютаны сату, және сатып алу кезінде
жасалған мәмлелерден алынатын алым;
14) пәтер алуға берілген рұқсат қағаз (ордер) үшін алынатын алым;
15) ит иелерінен алынатын алым;
16) спиртті ішімдіктермен сауда-саттық жасау хұқы үшін алынатын
лицензиялық алым;
17) жергілікті аукциондар өткізу және лотериялар ойнату хұқы үшін
алынатын лицензиялық алым (бұл жергілікті салықтар мен алымдар,
"Салық жүйесі туралы" заңның 18 - бабында 6елгіленген. Кейінгі, 1992
жылғы 23 желтоқсанда осы заңға енгізілген өзгерістер бойынша 2 тармақ
қосылды);
18) қалалық көлікті дамыту үшін заңды ұйымдардан алынатын алым;
19) ойын бизнесін ашқаны үшін алынатын алым.
Енді дотация, субвенция, субсидия сияқты экономикалық терминдердің
мағынасын қарастырамыз.
Бюджеттік дотация дегеніміз. жоғарғы тұрған бюджеттен төменгі
бюджетке оны теңдестіру мақсатында біржола, қайтарылмайтын негізде
берілетін жәрдем ақша сомасы.
Ал, осы дотация ретінде берілетін жәрдем ақша, нақты бір мақсатқа
арналып берілсе, онда ол субвенция деп аталады.
Субсидия дегеніміз белгілі бір шараларды қаржыландыру үшін бюджет
қаражаттары есебінен немесе бюджеттен тыс қорлардан біржола берілетін
жәрдем ақша (заттай түрінде де болуы мүмкін). Дотациялар белгілі бір зиян
шеккен кәсіпорындар мен ұйымдарға да беріледі, Ал берілген субвенция нақты
мақсатқа сәйкес пайдаланылмаса қайтарылып алынады.
Мысалы, облыстар мен республикаға бағынышты қалаларға, олардың
әлеуметтік - мәдени даму шараларын қамтамасыз етуге өз қаржылық ресурстары
жеткіліксіз болған жағдайда республикалық бюджеттен нормативтер бойынша
дотациялар мен субвенциялар беріледі.
Бюджет аралық кредиттеу - бір бюджеттен екінші бюджетке оны
теңдестіру мақсатында, қайтарылатын негізде берілетін нақты ақша сомасы.
Бюджеттер орындалу барысында нормативті актілерге сәйкес
төменгі бюджеттердің шығыстары көбейген немесе кірістері азайған кезде
жоғарғы бюджеттен төменге бюджетке тиісті ақша сомалары беріледі.
Өзара есеп айырысу жөніндегі кредит бюджет жылының кезекті есеп беру
беру тоқсаны аяқталғанға дейін өтеуге жатады. Бюджет аралық кредиттеу
қаржылық хұқылық шарт формасында жүзеге асырылады..

Бюджет саласындағы басқару - бұл бюджеттік қорларды қалыптастыру,
бөлу және пайдалануды ұйымдастыру қызметтерін жүзеге асыратын мемлекеттік
органдардың жүйесін анықтайтын бюджеттік хұқтың жалпы бөлімінің институты.
Бұл институтты оқып - білу кезінде мынадай жағдайларға көңіл аударған
жөн. Біріншіден, "басқару" термині бұл жерде қаржыларға байланысты кең
мағынада қолданылады. Яғни, бюджет саласында қызмет атқаратын тек
мемлекеттік басқару органдары ғана емес. Сонымен қатар мемлекеттік өкімет
органдары да өздеріне тиісті (осы саладағы) қызметтерін атқарады.
Екіншіден, бюджет саласындағы басқару мемлекеттік басқарудың дербес
немесе ерекшеленген саласын қалыптастырмайды, Бұл саладағы басқаруды
көптеген мемлекеттік өкімет органдары жүзеге асырады, оның ішінде жалпы
және арнайы құзыретті мемлекеттік басқару органдары, сондай-ақ мемлекеттік
өкімет органдары да бар.
Үшіншіден, бюджеттік-хұқылық қатынастардың бір ерекшелігі олардың
субъектілері ретінде аумақтың құрылымдар, яғни әкімшілік-аумақтық бірліктер
болуы мүмкін. Бұлар бюджеттік өкілеттіліктерге иемденулеріне байланысты не
басқарудың субъектісі, немесе оның объектісі болады.
Сонымен, бюджет саласындағы басқаруды жүзеге асыратын
мемлекеттік органдар жүйесі мына төмендегідей болып келеді:
А. Мемлекеттік өкімет органдары:
1) Жоғарғы Кеңес, оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фома Аквинский
Биосфера және адам
МОРАЛЬДЫҚ ЗИЯНДЫ ӨТЕУДІҢ КЕЙБІР ЖАҒДАЙЛАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Саяси элита
Прагматизм философиясы
«АӨК Адал» ААҚ
Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері
Бокс туралы
Қазақ тіліне енген араб-парсы сөздеріндегі фонетикалық өзгерістер
Демократиялық толқындардың жетістіктері мен бәсеңдеуі
Пәндер