Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту


Жоспар
І. Кіріспе 1 - 3
Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытудың мақсаты мен міндеті
Негізгі бөлім 3 - 25
Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту
1. 1 Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытудың тиімді жолдары
- Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытуда жаңа технологияларды пайдалану
ІІІ. Қорытынды 25 -26
Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытудың маңызы
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 26
Мектепте оқылатын қазақ тілі курсының бағдарламасында зат есімнің грамматикалық категорияларының алатын орны мен оны оқытудың мәні зор.
Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту - оқушының сөйлеу, жазу тілі дағдысының, мәнерлі оқуының, орфографиялық, пунктуациялық білім дағдыларының қалыптасуының, дамуының негізгі кілті болып табылады. Бұл тақырыпты оқыту арқылы оқушыларға зат есімнің грамматикалық категориялары танытылады. Осы тақырыптан берілетін теориялық білімінің аясы кең. Атап айтқанда, оқушылар мынадай білім алады:
- Зат есімнің грамматикалық категориялары туралы түсінік;
- Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқудағы мақсат;
- зат есімнің грамматикалық категорияларының өзіндік белгілері мен ерекшеліктері.
Зат есімнің грамматикалық категориялары тақырыбынан оқушыларға тиянақты білім мен дағды беру үшін, ең алдымен, материалды неше сағатта өтуге болады., әр сағатта өтілуге тиісті материал көлемі мен мазмұны және оқушыларға бұрыннан таныс, таныс еместігі, ең соңында оқушылардың қабылдай алу қабілеттілігі, өресі, дағдыларының бар-жоғы сияқты мәселелерді күн ілгері ойластыра, жоспарлап алу қажеттілігі туады.
Осылай өткізілетін материал көлемі анықталып алған соң, сол материалды толық меңгерту, әрбір минутты бос жібермеу, ол үшін оқушылардың өзіне жұмыс істеу, ой қорытындысын жасату сияқты мәселелер мақсат етіледі.
Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту принципі педагогиканың дидактикалық принциптеріне негізделіп оқытылады. Мәселен, дидактиканың берілетін сабақ тақырыбы өткен тақырыппен байланыстырылып отырылуы керек және өтілетін материалдар бірімен-бірі тығыз байланысты болсын деген ережесіне негізделіп отыратын болса, зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту оның алдында өтілген сөз құрамымен байланысты өтіледі.
Мұғалім зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытуда оның мынадай екі жағына көңіл аударады:
Бірінші, зат есімнің грамматикалық категориялары туралы жаңа тақырыпты бастамастан бұрын, оқушылардың бастауышта мектепте одан өткен материалдарын есіне түсіріп, соны Ү сынып көлемінде өтілетін материалды білгізуге жетек ете отырып түсіндіреді. Ол үшін бастауыш мектепте өтілетін зат есім түрленуінің бағдарламалық көлемін жақсы біліп, оны қандай жолдармен байланыстырудың тәсілдерін белгілеп қояды. Ондай тәсілдер әр түрлі болады:
Кейбір мұғалімдер бастауышта өтілген зат есімнің категорияларының негізгі ерекшеліктерін қамтитын сұрақтар қойып, сол сұрақтарға оқушылардың өздеріне жауап бергізіп, мысалдар келтіру жолымен қайталап барып, жаңа тақырыппен байланыстырады.
Кейбір мұғалімдер бастауышта өтілген зат есімнің грамматикалық категорияларының бағдарламалық көлемін қамтыған мәтіндерді талдатып айтқызып, соны жаңа тақырыппен байланыстырады.
Екіншіден, мұғалім Ү сынып көлемінде оқылатын зат есімнің грамматикалық категорияларының ерекшеліктерін оқушыларға жүйелі және дәл түсіндіру үшін, тіліміздегі сөздердің құрамына, лексикалық мағынасына қарай алуан түрлі өзгеретіндігін байқатады.
Оқыту тек білім беру ғана емес, сонымен бірге балаларды жан-жақты жетілдіру және тәрбиелеу, шеберлік және дағдымен қаруландыра түсу болып саналады. Сондықтан да зат есімнің грамматикалық категорияларын меңгерту үшін іріктеліп алынатын материалдар оқушыларға тәрбие беру жағынан да маңызды, бағалы болуға тиіс. Ал сабақ жүргізу процесінде қолданылатын методикалық әдіс-тәсілдер тақырыпты оқушылар түсіну үшін жағдай жасап қана қоймай, соған сәйкес балалардың жан-жақты дамуына әсер ететіндей болғаны жөн.
Зат есімнің басқа сөз таптарынан ерекшеленетін бір белгісі - көптік, тәуелдік, септік, жіктік категорияларының болуы. Зат есімнің грамматикалық категорияларын шығармашылық тұрғыда жүйелі оқыту және оны оқушыларға сапалы білгізіп, тиянақты меңгерту оған керекті әдістемелік әдіс-тәсілдерді дұрыс қолданып отыруға бойланысты. Ол үшін мұғалім зат есімнің грамматикалық категорияларына тән белгілерін бағдарлама бойынша жоспарлап, одан ұйымдастырылатын сабақ түрлері мен өтілетін иатериалдардың көлеміне қарай әдістерін белгілейді. Ол әдістердің жеке тәсілдерін ұтымды қолданудың нәтижесінде зат есімнің грамматикалық категорияларына тән белгілері шығармашылық тұрғыда түсіндіріледі.
Бағдарлама бойынша зат есімнің морфологиялық белгілері ІІ сыныптан бастап оқытылады. Бастауыш мектептің ІІ сыныбында зат есімнің жекеше, көпше түрі, көпшенің морфологиялық белгісі өтіледі де, ІІІ -ІҮ сыныптарда бұл қайталанып оқытылады. Ү сынып оқушыларына зат есімнің жекеше, көпше түрлері бастауыш мектептің өзінде таныс болғандықтан, енді оларды грамматикалық тұрғыдан түсіндіру қажет. Бұл үшін бірдей заттың жеке және бірнешеуі бейнеленген суреттерді пайдалануға болады. Мұғалім солардың мағынасын түсіндіру арқылы зат есімнің жекеше, көпше түрі болатынын аңғартады. Зат есімдердің жекеше, көпше тұлғада жұмсалатыны, заттың көптігін білдіру үшін көптік жалғауы жалғанатыны туралы ережемен таныстырады. Сонымен қатар оқушыларға көптік жалғауының қосымшаларын, олардың сөздерге жалғану варианттарын шатастырып алушылық және неліктен бір жалғаудың түрленіп вариантқа бөлініп кету заңдылықтарын мектеп қабырғасынан үйретудің маңызы зор. Ол үшін буын үндестігі мен дыбыс үндестігі еске түсіріліп қайталанылады да, үндестік заңына байланысты сөздердің соңғы буынының жуан, жіңішке әуеніне қарай үйлесіп келуіне байланысты екендігі түсіндіріледі.
Көптік жалғауының қосымшаларын, олардың сөздерге үндестік заңының заңдылығына бой ұсына жалғанатын ерекшелігін мынадай көрнекілік арқылы түсіндіруге болады.
дауысты
р
й -лар, -лер
у
з
ж
л
м -дар, -дер
н
ң
қатаң
дыбыстан -тар, -тер
соң
Бұл көрнекілікті түсіндіру жолы мынадай:
Алдымен көптік жалғау деген тіркеске түсінік беріледі. Көптік жалғауы жалғанған сөзіне көптік мағына беріп, оны екінші бір сөзбен жалғастыратын болғандықтан, бұл қосымшаға берілген атау өзінің атқаратын қызметіне толық сай келіп, өзінің мазмұнының қандай екенін бірден-ақ аңғартып тұрғанын ескертеміз.
Екінші ретте, көптік жалғауының арнаулы -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер тұлғалы жалғауының барын және бұлардың буын үндестігіне байланысты жуан, жіңішке вариантта айтылатынын, сол тұлғада жазылатынын балалар, кемелер, көлдер, кітаптар, мектептер сөздері арқылы түсіндіреміз.
Үшінші ретте, көптік жалғауының қосымшаларының басқы дыбыстарының л, д, т, дыбыстарынан басталатын септерінің сырын ашамыз. Бұл жайды мұғалім көрнекіліктегі үшкіл сызық арқылы түсіндіреді. Көптік жалғауы жалғанатын сөздердің соңы дауысты, сонор р, у, й дыбыстарының біріне аяқталса, көптік жалғауы үнді л дыбысынан басталып, -лар, -лер тұлғасында жалғанатындығын сұрақ-жауап әдісімен өздеріне жинақтатып, осы тәрізді мысалдар айтқызамыз. Міне, осындай жолмен көптік жалғауының д, т дыбыстарынан басталатын себебін түсіндіріп, мысалдарды өздеріне тапсырамыз. Осы жолмен түсіндірілген жаңа материалды оқушылардың қаншалықты дәрежеде түсінгендіктерін байқау үшін, магнитофонды пайдалана отырып, мынадай жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады:
Біріншіден, оқушыларға мынадай мазмұнда жазылған кеспе қағаздарын үлестіріп береміз:
- Дауысты дыбысқа біткен екі сөз ойлап, оған көптік жалғауын жалға.
- Өнерпаздар, егіншілер сөздеріндегі көптік жалғауы неліктен -дар, -лер болып тұр?
- Күректер, кілемдер сөздеріндегі көптік жалғауының түрлеріне талдау жаса.
- Көптік жалғауы қандай жағдайда д дыбысынан басталады, мысал келтір.
- Көптік жалғауы қандай жағдайда т дыбысынан басталады, мысал келтір.
Бұл сияқты кеспе қағаздарын үлестіріп берген соң, «Тыңдап отырыңдар, қатесі болса, түзейсіңдер» деген ескерту айтып, мұғалім кеспе қағазы арқылы жауап беретін оқушылардың жауабын үнтаспаға жазып алады да, өздеріне қайта тыңдатып, оқушы жауабының дұрыс не теріс екенін тексереді. Жаңа материалды бұлайша бекітіп, жаттықтыру - сабақты жандандырып, түрлендірудің бір түрі және балалардың ынта-жігерін арттыру үшін қолайлы.
Сондай-ақ, зат есімнің сөздерінің кейбір тобы лексика-семантикалық мағынада қолданылып, оларға көптік жалғауы жалғанбайтынын да ескеру керек. Көптік жалғауда қолданбайтын зат есімдер нақты мысалдар төңірегінде мынадай жүйемен түсіндіріледі:
- Сұйықтық ұғымды білдіретін зат есімдердің атаулары: су, шай, сорпа.
- Газ тектес зат есімдердің атаулары: бу, түтін, шаң.
- Уақ, ұнтақ, майда зат есімдердің атаулары: қант, ұн, құм.
- Дерексіз зат есімдердің атаулары: қуаныш, шындық, өкініш.
- Табиғат байлығы, кен атаулары: алтын, мыс, алмас.
- Табиғат құбылыстарының атаулары: жел, боран, қар.
- Жұптық ұғымды білдіретін затесім атаулары: көз, қол, аяқ.
Көптік категориясының негізгі грамматикалық мағынасы - заттың көптігін білдіру. Осы негізгі мағыналарымен бірге көптік жалғау басқа да мағыналық реңктерді, мәндерді білдіруі мүмкін екендігін мысалдар арқылы түсіндіру керек. Мысалы, көптік жалғауы сан есімге, үстеуге жалғанып, сол сөз білдіретін ұғымның жалпы мөлшерін, болжамын білдіреді: жасы қырық-тарда. Абстракты зат есімдерге жалғанып, оның көптігін емес, әр түрлілігін немесе салмақ, мөлшер, көлем есебін білдіреді: ой-лар, су-лар. Даралық мәндегі зат атауларына, жалқы есімдерге жалғанғанда, олардың өзінің көптігін емес, көпке ортақ екенін және онымен бірге топтау ұғымын білдіреді: әке-лер, шеше-лер. Заттың өзінің көптігін емес, көпке ортақтықты да білдіреді: ас-тарыңды ішіңдер дегенде астың көптігі емес, оны ішетін адамның көптігін білдіреді. Осындай әр жақтық мағынада, мағыналық реңкте жұмсалатындықтан, көптік жалғауы әр түрлі стильдік қызмет атқаратындығын да айта кеткен жөн.
Көптік жалғауы кейде зат есімнен басқа да сөз таптарына жалғанса, оларға заттық мағына үстеп, заттандырып тұрады. Көптік жалғаудың бұл қасиеті әрқашан дұрыс түсініле бермейді. Бұл «Көптік жалғауының бұл жердегі қызметі жұрнақ қызметімен пара-пар дерлік» - деп жалпы жалғаудың табиғатына терең үңілмегендіктен туып отыр. 1 Біріншіден, басқа сөз таптарын заттандыру қасиеті тек көптік жалғауда емес, септік, тәуелдік жалғауда да жиі кездесіп отырады: Еріншектің ертеңі таусылмас, Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез. (Абай) . Екіншіден, көптік, тәуелдік және септік жалғауларының бұндай қасиеті, басқа сөз таптарынан жасалғанда, оларды заттандырып жіберу қасиеті, бұл тұлғалардың зат есімге тән түрлену жүйесі екендігін, зат есімнің таза грамматикалық категориясы екендігін дәлелдейді.
Бір заттың екінші бір затқа тәуелді, меншікті, қатысты болуы - тілдегі
1 Исаев С. Қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. 62 бет.
ақиқат құбылыс. Бұндай заттар арасындағы меншіктілік-тәуелдік қатынас қандай тілде болса да бар. Бірақ ондай ұғымдардың грамматикалық мәні мен сипаты, берілу амал-тәсілдері барлық тілдерде бірдей, біркелкі бола бермейді. Қазақ тілінде бұл мән тәуелдік жалғау арқылы және меншіктелуші зат атауы мен буын үндестігіне бағынбайтын -нікі, -дікі, -тікі қосымшалы сөздің тіркесі арқылы беріледі. Осы арқылы, яғни, жақ түрлеріне байланысты тәуелділік
грамматикалық формалар негізінде берілуі арқылы қазақ тілінде тәуелдік категориясы грамматикалық категория болып қалыптасқан. Бағдарлама бойынша бұл категория ІІ сыныптан бастап, ҮІІ сыныпқа дейін оқытылады. ІІ сыныпта оқушылар зат есімнің тәуелдік жалғауы, тәуелдік жалғауының І, ІІ жақтары тек адамға айтылатыны жайлы мағлұмат алса, ІІ, ІҮ сыныптарда бұл мағлұматтарды қайталап өтеді.
Ал Ү, ҮІІ сыныптар аралығында «зат есімнің тәуелденуі» тақырыбын оқыту барысында мынадай мақсат қойылады: Тәуелдік жалғауының тәуелдік ұғымын білдіріп, үнемі ілік жалғаулы сөзбен байланыста келетінін түсіндіру; тәуелдік жалғауының арнаулы үш жағы болатынын және олардың І, ІІ жақтары тек адамға ғана меншікті айтылса, ІІІ жақ адамға да, басқа заттарға да қатысты екенін білдіру; тәуелдік жалғауының арнаулы қосымшаларын меңгерту.
Зат есімнің тәуелдік категориясын түсіндіру көптік категориясына қарағанда, күрделі де, қиынырақ. Сондықтан тәуелдік категориясын түсіндіруде мұғалімнің үлкен шеберлігі керек. Мұны мұғалім шеберлігіне байланысты әр түрлі жолмен түсіндіруге болады. Зат есімнің тәуелдік категориясы да сөздері өзара байланысқа түсіретін категория екенін ескерте отырып, нақтылыдан нақтысызға, белгіліден белгісізге қарай үйрету, таныту әдістері арқылы баяндалады.
Мұғалім күні бұрын өзіне тән кітабын, қарындашын, дәптерін ала келуі керек. Ол күндегі әдетінше, сабақтың мазмұнын бірден ашып кетпей, ең алдымен, меншік және тәуелді деген сөздердің ұғымын оқушыларға түсіндіргені дұрыс. Оқытушы өзінің алып келген заттарын көрсете отырып, бұл заттың иесі өзі екенін, заттың басқаға емес өзіне ғана тән, меншікті екенін балалардың көру қабілеті арқылы, әрі ойландыру процесі арқылы түсіндіргені жөн. Мұнан соң заттың иесін менің, сенің, сіздің, оның деген ілік жалғаулы сөздер білдіретінін, жеке тәуелді заттар кітабым, кітабың, кітабыңыз, кітабы деген тұлғада айтылатынын айтып, тақтаға:
Менің кітабым Біздің кітаптарымыз
Сенің кітабың Сендердің кітаптарың
Сіздің кітабыңыз Сіздердің кітаптарыңыз
Оның кітабы Олардың кітаптары
деген мысалдарды жазып, ілік жалғауының қосымшасы мен тәуелдік жалғауының қасымшаларынының байланысын ойыс сызықтар арқылы түсіндіреміз. Бұл жерде ілік жалғаулы тәуелдік жалғаулы сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, үнемі бір тіркесте айтылатынын аңғарту керек. Сонымен қатар, ІІ жақта қолданылатын тәуелдік жалғауының анайы және сыпайы түрлерінің болатындығы туралы да оқушыларға көрнекі түрде салыстырып түсіндірген жөн.
анайы түрі сыпайы түрі
ІІ жақ (сенің) қарындаш ың (сіздің) қарындаш ыңыз
(сенің) үй ің (сіздің) үй іңіз
Мұнан кейінгі ретте төменде көрсетілген кесте арқылы тәуелдік жалғауының арнаулы үш жағы бары, оған лайықты қосымшаларының болатыны түсіндіріледі. 1
І
(мен, біз)
-м, -ым, -ім
әкем, үйім
-мыз, -міз, -ымыз, -іміз
қозыларымыз, үйлеріміз
ІІ
(сен, сіз)
-ың, -ің
әкең, қозың
-ың, -ің, -ыңыз, -іңіз
үйлерің, үйлеріңіз
ІІІ
(ол, олар)
-сы, -сі, -ы, -і
қозысы, үйі
-ы, -і
қозылары, үйлері
Бұл кестенің көмегімен мұғалім тәуелдік жалғауының І, ІІ, ІІІ жақтары болатынын көрсете отырып, І, ІІ жақтардың үнемі адамға қатысты айтылатынын, ал ІІІ жақ адамға да, басқаға да қатысты айтылатыны түсіндіреді. Осыдан кейін тәуелдік жалғауының үш жаққа тән арнаулы қосымшалары барлығы, жекеше, көпше түрде тәуелденетіндігін осы кесте арқылы оқушылардың өздерін қатыстыра отырып әңгімелейді.
Тәуелдік жалғауы ілік септік пен тәуелді сөздердің арасын байланыстырады. Сондықтан да тәуелдік жалғауы қосылған сөз тәуелденуші сөздің ілік септік жалғауда тұруын керек ететіндігін
Колхоз + дың мал + ы
Оспан + ның киім + і
Ахмет + тің бала + сы
деген сияқты мысалдар арқылы түсіндіріп және тәуелдік жалғауы қосылғанда, сөздердің соңындағы кейбір қатаң дауыссыздар ұяңданып кететіндігін де (кітап - кітабым) оқушыларға түсіндіре кеткен жөн.
Тәуелдік жалғауын танытқаннан кейінгі күрделі мәселе - түбір сөзге дауысты дыбыстан басталған тәуелдік жалғауы жалғанғанда, түбір сөздің соңындағы «ы», «і» дыбыстарының түсіп қалатындығы (бөрік+ім - бөркім, халық+ым - халқым, ауыл+ым - аулым) берілген ұғымды бекіте түсу мақсатында мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады:
- Тақтаға мынандай сөйлемдер жазып, олардан тәуелдік жалғаулы сөздерді, оның қарым-қатынасқа түсіп тұрған иелік сөзін қоса тапқызып, бұл
1 Әуелбаев Ш. Грамматикалық кестелер. Алматы. 1980ж.
жалғаудың нешінші жағында екенін ажыратамыз.
Менің әкем күндегісінен ерте оянды.
Оның қарындасы мектепке тұңғыш рет барады.
Біздің мақсатымыз - сабақты жақсы оқу және үлгілі болу.
- Кеспе қағазымен жұмыс Төмендегі сөздерді жеке кеспе қағаздарына жазып, оларды І, ІІ, ІІІ жаққа қойып, жекеше, көпше түрде тәуелдеу міндеттеледі. Оқушылардың жауаптарын үнтаспаға жазып, өздеріне тыңдатып, тәуелденген сөздерінің дұрыс-терісін аңғарттырамыз.
Отан ел ауыл, шана ой сөз
ақыл тілек көмек газет үй бақша
өз қоян мектеп доп кітап
Үлгі:
- Отан сөзін І, ІІ, ІІІ жақта байланысқа түсетін сөзімен жекеше, көпше түрде тәуелде.
- Ес, ақыл, ой сөздерін ІІІ жаққа қойып тәуелде.
Сөйлемде сөздердің арасындағы алуан түрлі синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған сөзге әр түрлі грамматикалық мағына үстеп, сөз бен сөзді байланыстыруда үлкен орын алатын зат есімнің түрлену жүйесінің бірі - септік жалғауы. Бұл ұғыммен оқушылар алғаш рет ІҮ сыныпта «Сөз таптары» тарауын өту барысында танысады. Ал Ү сыныпта «Зат есімнің септелуі» тақырыбын өту барысында ІҮ сыныпта алған білімдері кеңейтіледі. ҮІІ сыныпта септелудің жай және тәуелді септеу түрлерімен танысады.
Септік жалғауы да тәуелдік, көптік жалғаулары сияқты сөз бен сөздің арасын байланыстырып, оларды өзара қарым-қатынасқа түсіріп тұратын категория. Септік жалғауының сөздерді байланыстыратын қасиеті мына түрде түсіндіріледі. «Инженердің жаңа жоспарынан біздерге тиетін көмек өте көп» деген сөйлемді тақтаға жазып, инженер сөзіндегі -дің, жоспар сөзіндегі -нан, біздер сөзіндегі -ге қосымшаларын сүртіп тастап, инженер . . . жаңа жоспары . . . біздер . . . тиетін көмек өте көп деген тіркесті қайта оқытып, оқушылардың өздеріне қандай өзгеріс барын аңғарттырамыз. Сөйтіп, сөздердің қарым-қатынасқа түсе алмай, айтайын деген ойдың үйлесімсіз тұратынына оқушылардың көздерін жеткіземіз. Мұнан соң инженер, жоспар, біздер деген сөздердің қарым-қатынасқа түсіп тұрған тіркесін аңғартып, бұл үшін тіркестің өзара бір-бірімен септік жалғауының қосымшалары арқылы қарым-қатынасқа түсіп тұрғанын айтамыз. Осындай ретпен септік жалғауының атқаратын қызметі мен әр септіктің беретін мағынасы қоса түсіндіріледі.
Тақтаға ақ, қызыл бормен септік жалғауының аттары мен сұрақтарын жазып, әрбір септіктердің өздеріне тән арнаулы сұрақтары, қосымшаларының бары айтылады. Бұл жұмыс былайша орындалуға тиіс: тақтаға 7 септіктің атаулары бірінен соң бірі ақ бормен рет-ретімен баған ретінде тізіліп жазылады да, оқушыларды қатыстыра отырып «Тілімізде неше септік жалғауы барын көріп отырсыңдар?» деген сұраққа жауап аламыз. Осылайша оқушылардың назарын аударған соң, тақтадағы септіктердің қатарына қызыл бормен әрқайсысының сұрақтарын жазамыз. Ол сұрақтардың кім? не? деген негізгі түбірден өрбігенін аңғартып, әр септіктің өздеріне тән арнаулы қосымшалары барын, ол қосымшалардың кім? не? Жалғанып тұрған жалғаулар арқылы түрленетіні түсіндіреміз де, әр септіктің тұсындағы кім? не? Сұрағына қосылып тұрған септік қосымшаларының астын сызып көрсетеміз. Сонымен қатар әр септіктің білдіретін мағынасына да тоқталып өткен жөн.
Атау септік. Атау септігі сырт тұлғасы жағынан да зат есімнің түбірі тұлғасымен ұқсас, арнайы грамматикалық көрсеткіші жоқ болып келсе де, басқа септік түрлерімен бірдей арнайы грамматикалық мағынасы бар, басқа септік тұлғаларындай сөз байланыстырғыш қызметі бар, олармен тепе-тең, бірақ нольдік формалы септік жүйесінің бір түрі болып табылады. Атау септігі белгілі бір заттарды атап көрсетеді, сондықтан атау септігіне қойылатын сұрақтар кім? не? деген жалғаусыз формада жұмсалады.
Ілік септік. Ілік септігіндегі сөз үнемі тәуелдік жалғаулы сөзбен байланысты болады. Ілік септіктің білдіретін басты мағынасы - грамматикалық меншіктілік, иелікті, меншіктілік-қатыстықты көрсету. Ілік септігі кімнің? ненің? қай? деген сұрақтарға жауап болады. Ілік септігінің қосымшалары ашық та, жасырын да қолданылатыны өзара салыстырыла әңгімеленуі керек. Мысалы: мектептің маңы - мектеп маңы, есіктің тұтқасы - есік тұтқасы. Ілік септігі жалғауларының ашық түрде қолданылатыны мынадай жүйеде түсіндіріледі. :
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz