Иммануил Кант туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Иммануил Кант

  Классикалық неміс философиясы ойлау, таным, рух, табиғат,
тарих проблемаларын терең зерттеді; жалпы даму заңдарын ашып, диалектиканы
даму жөніндегі жан-жақты және дәйекті ілімге айналдырды; философиялық
методтар мен категориялар жүйесін, таным, ойлау, рух жөніндегі ілімдерді
құрды. Сөйтіп, Кант, Гегель және басқалары философияны ғылым, логика,
методология, гносеология, диалектика ретінде дамытты. Ғылым дәрежесіне
жеткен философиянын мүмкіндіктерін ашып берді.

Классикалық неміс философиясы жалпы алғанда – идеалистік философия және
мұнда идеализмнің екі түрі де дамып жетілген. ( V бъективтік идеализм
ретінде Кант пен Фихтенің, ал объективтік идеализм ретінде Шеллинг пен
Гегель ілімдерін қарастыруға болады. Сонымен, классикалық неміс философиясы
- классикалық идеалистік философия.

Классикалық неміс философиясының елеулі жетістігі диалектиканы теория,
метод және философиялық көзқарас ретінде жан-жақты дамытқаны. Бұрын
айтканымыздай, диалектикасыз философия шынайы, өткір, сыншыл, пәрменді
ғылым бола алмайды. Немістер диалектаканы теориялық тұрғыда негіздеп
қоймай, таным процесінде шебер қолдана білді, жүзеге асырды. Диалектиканы
дамыта отырып,Кант, Фихте, Гегель метафизикалық ойлау тәсілінін тайыздығын,
сыңаржактылығын ашып, бұл көзкарасқа катты сокқы берді.

Неміс философтары философия меи ғылым үшін маңызы өте зор таным мен
ойлаудың белсенділігі идеясын ұсынып, іс жүзінде оны негіздеп берді.

Таным мәселесіне айтарлықтай өз әсерін тигізген ол классикалық неміс
философиясының өкілі Иммануил Кант. Кант философияда таным теориясында
шынында да өзі айтқандай Коперниктік төңкеріс жасады.Одан кейін
философияда таным туралы көзқарыс мүлде өзгерді. Материалистер таным
процесін сыртқы дүниенің заттардың адам санасандағы жай бинеленеді деп
түсінді. Кант материалистік таным теориясын сынай отырып, танымның,
ойлаудың, субъиектің белсенділігін баса көрсетеді.

 

 

 

Қарапайым отбасының түлегі, әкесі теріден ер-тұрман, жүген, шідер жасайтын
шаруа болған. Канттың гимназияға, кейін Кенигсберг университетіне түсіп,
білім алуына Шульц деген пастор қол ұшын берген. Университетте Кант
философия мен қатар жаратылыстану ғылымдарын (математиканы, физиканы,
астрономияны, географияны және меднцинаны) тиянақты оқып,
меңгереді. Белгілі грузин, кеңес философы М.К. Мамардашвилидің жазғанындай,
біз үшін Канттың ілімімен, еңбектерімен бірге оның өзі, оның өмірі - сабақ
аларлық. Бір қызық жәйт - Канттың өмірінде, дейді Мамардашвили, назар
аударарлық ешқандай оқиғалар болмаған деуге болады. Өмір бойы бір қалада –
Кенигсбергте тұрған. Шығыс Пруссия жерінен ешқайда шықпаған. Басқа
жерлерден оны көруге, онымен сөйлесуге атақты адамдар оған келіп тұрған
(Фихте, Карамзин т.б.), ал өзі ешқайда, ешкімге бармаған. Сөйткен адам,
оқымысты кейін университетте өне бойы географиядан сабақ беріп,
Физикалық география деген үш томдық еңбек жазған. Еш жерде болмаған
адам калайша мұхиттар, теңіздер, кұрлықтар, таулар, жан - жануарлар
жөнінде, әр түрлі халықтар, елдер, олардың салт-дәстүрлері, әдет
- ғұрыптары, мәдениеті жөнінде мамандар күмән келтірмейтіндеймағлұматтар
береді?! Ғажап емес пе? Канттың не нәрсені болса да көзімен көргендей, сол
жерге, сол елге, өзі арнай барғандай көз алдына келтіре алатын, сол жерді,
сол елді, сол нәрсені сонда тұрған адамдардайсуреттей алатын ойлау қабілеті
болған. Кант ойлау, киял қабілеті жөнінде кеп жазды, терең пікірлер айтты.
Тектен тек емес екен. Канттың априорлық (латынша аргіогі-бұрынғыдан)
ұғымдар, априорлық түсінік жөніндегі ілімі бар: адам санасында тәжірибеден
тыс пайда болатын түсінік.

Кант өмір бойы үйленбеген, бала - шағасы болмаған. Бірақ бала оқыту,
тәрбиелеу жөнінде аса құнды пікірлерге толы Педагогика деген еңбек
жазған.

Кант жасынан шалағай, әлсіз, әлжуаз болып, бала кезінде көп ауырған. Тума -
туысқандары, көршілері бұл бала көп тұрмайтын шығар деген ойда болған.
Жоқ, Кант творчестволық табысқа толы ұзақ ғұмыр кешкен; ержеткен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иммануил Кант
Канттың өзі
Кант философияда таным
Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы көрнекті ғалым Иммануил Кант
Канттың Таза пайымға сын еңбегі
Қысқаша иммануил кант өміріне шолу
Иммануил Кант (1724-1804) –классикалық неміс философиясының көшбастаушысы
Неміс философиясы
Кант философиясының сыни кезеңдегі қойған мәселелері
Немістің классикалық философиясы
Пәндер