Қазақстан ақпарат агенттіктерінің қалыптасуы
Кіріспе
1.1 Қазақстан ақпарат агенттіктерінің қалыптасуы
1.2 ҚазТАГ-тың тарихы
1.3 “Қазақ ақпарат агенттігінің” даму кезеңдері
1.4 Қазақстан ақпарат агенттіктерінің қызметіндегі жаңашыл ізденістер
Қорытынды
Кіріспе
Республиканың ақпарат кеңістігі жыл артқан сайын жаңа басылымдармен,
радио-телеканалдармен, ақпарат агенттіктерімен толығып келеді. Журналистика
қоғамдағы процестерге ықпал етуші маңызды фактор ретінде күннен-күнге өзіне
ерекше назар аударуды талап етіп отыр. Бұған республикалық ақпарат
кеңістігі тұрғысынан келеиін болсақ, біріншіден, мемлекеттік егемендікке
қол жеткен жылдарда ақпарат кеңістігінде түбегейлі өзгерістер орын алды:
журналистика сан жағынан да, сапа жағынан да жаңа деңгейге көтерілді;
жекеменшік БАҚ саны еселеп ұлғайды, бәсекелестік, нарықтық қатынастар
орнықты, т.с. Екіншіден, жаһандану кезеңінде ұлттық ерекшеліктерді
дамытудың маңызы артып, ақпараттық қоғам идеясының мәні күшейе бастады. Ал,
үшіншіден осындай қоғамдық өзгерістердің нәтижесінде Ақпарат агенттігі
қызметінің аясы кеңіп, жаңа аудиторияға ие бола бастады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда алып отырған орны жылдан-жылға
арта түсуде. Еліміздің дамуына әсер ететін ішкі және сыртқы саяси
факторлар, Орта Азиядағы қалыптасып отырған ахуал, әр жерден көрініс беріп
қалатын террористік әрекеттер, республикамызда мұнай, газ кен орындарының
ашылуына орай өзге елдердің біздің аймаққа танытып отырған қызығушылығы,
бүкіл әлемдік ғаламдану процесі, жұмыстарын жандандыра түскен саяси
партиялар – осының бәрі республиканың ақпарат кеңістігіне қатысты жағдайды
назардан тыс қалдырмауды талап етеді. Себебі, ақпарат қауіпсіздігі
проблемасы күн өткен сайын өзекті бола түсуде. Міне, осындай кезеңде,
республикамыздың ақпарат кеңістігінде ірі әлемдік ақпарат агенттіктері,
болмаса басқалай бір ақпарат монополисі тарапынан шетелдік жобалардың
ұйымдастырылу ықтималдығы артып отырған шақта, байырғы ҚазТАГ-ты (қазіргі
ҚазАқпарат) мемлекеттік дәрежеде қолдау қажеттілігі маңызды мәселе болып
табылады.
Ақпарат дегеніміз - өмірлік маңызы бар фактілер. Әлеуметтік ақпарат
қоғамдық пікірді туғызады, қоғамдық дүниетанымның қалыптасуына ықпал етеді.
Осы тұрғыдан алғанда бұқаралық ақпарат құралдары үшін ақпаратпен қамтушы
инфрақұрылым – дәстүрлі ақпарат агенттіктері тарапынан келер көмектің орны
бөлек. Комкон2- Еуразия компаниясы келтірген деректерге сүйенетін болсақ,
сауалнамаға қатысқан қазақ және орыс тілді газеттерде, телеканалдарда жұмыс
істейтін журналистердің 52 пайызы жұмыс барысында көбінесе ақпарат
агенттіктерінің жаңалықтар таспасын пайдаланады екен.

Көп уақытқа дейін біздің санамызда қалыптасқан ұғымға сәйкес ақпарт
агенттіктері оқырман аудиториясымен тек делдал - радио, теледидар,
мерзімді баспаөз арқылы ғана байланыса алса, бүгінгі күні ақпарат
агенттіктері олармен тікелей байланысқа шығуға мүмкіндік алып отыр.
Ақпарат агенттіктері бұқаралық ақпарат құралдары үшін ғана ақпарат
әзірлеумен айналысады деген бұрыннан сіңіскен ұғым бүгінгі таңда өзінің
өзектілігін жоғалта бастады. Қазіргі уақытта республикалық ақпарат
кеңістігінде қызмет көрсетіп отырған кез-келген ақпарат агенттігін алып
қарасақ, олардың таспасына жазылушылар қатарын бұқаралық ақпарат құралдары
ғана емес, шетелдік елшіліктер, ірі компаниялар, фирмалар, халықаралық
ұйымдардың өкілдіктері, банкілер құрап отыр. Ақпарат агенттігі жұмысының
бүгінгі таңдағы ендігі бір ерекшілігі – адресті ақпарат жеткізетіндігі.
Тұтынушылардың сұраныстарына бейімделе түскен ақпарат агенттіктері
жазылушылардың жекелеген қажеттіліктеріне орай ақпарат әзірлеу әдістерін
қолға ала бастады.
Ақпарат агенттігі ұғымы Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат
құралдары Заңның сегізінші бабында нақтыланған:
1. Ақпарат агенттігі – Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес
тіркелген, қызметі ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды жинауға,
қайта өңдеуге және таратуға бағытталған заңды тұлға.
2. Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарында оның атауы мен
шығарылған уақыты қоса берілуге тиіс.
3. Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарын бұқаралық ақпарат
құралдары таратқан кезде ақпарат агенттігіне сілтеме жасауға міндетті.
Сонымен, ақпарат агенттігі дегеніміз – бұқаралық ақпарат құралдарына
қызмет көрсетуге маманданған ақпараттық кәсіпорын.
Журналистиканы ақпаратпен қамтамасыз етуге маманданған ірі ақпарат
қызметтері XІX ғасырдың орта тұсында Еуропа елдерінде пайда бола
бастағанымен, ең алғашқы Гавас ақпарат агенттігінің Францияда 1825 жылы
құрылғандығы белгілі. 1849 жылы осы агенттік қызметкері Вольф Германияда,
ал 1851 жылы екіншісі Юлиус Рейтер Англияда Рейтер агенттігін құрады. Көп
жылдар бойы Гавас, Вольф, Рейтер – үш ақпарат агенттігі ақпарат тарату
саласында монополист болып келген. Әлемге әйгілі ағылшынның Рейтер
агенттігі әлі күнге дейін жетекші ақпарат агенттіктерінің құрамында
саналады. 1870 жылы олардың қатарына Ассошиэйтед Пресс қосылады да, олар
ақпарат арқылы ықпал ету ауқымдарын бөліседі. Вольф агенттігіне Германия,
Австрия, Голландия, Ресей, Скандинав және Балқан елдері тиеді. Жер шарының
осы бөлігінде таралатын ақпаратқа Вольф иелік еткен. Сол себепті де 1894
жылы Петербургте алғаш рет жартылай ресми Ресей телеграф агенттігі құрылған
кезде ол толығымен Вольф ықпалында болған. Бір-екі рет атын өзгерткенмен
(РТА, ПТА), аталмыш агенттік ресейлік баспасөз бен Вольф агенттігі
арасындағы делдалдық рөлден аса алмады, бұл 1917 жылға дейінгі жағдай еді.
1917 жылғы желтоқсанның 1-інде Петроград телеграф агенттігі Халық
Комиссарлары Кеңесінің информациялық органы ретінде бекітіледі. 1918 жылы
қыркүйектің 7-ісінде Ресей телеграф агенттігі – РОСТА құрылады. Қазіргі
ҚазАқпарат – РОСТА-ның бөлімшесі болған КирРОСТА; одан бері ТАСС бөлімшесі
болған ҚазТАСС, ҚазТАГ, егемендік алынғаннан кейінгі ҚазААГ негізінде
құрылған. Қазақ жерінде алғашқы телеграф агенттіктерінің пайда болуы туралы
зерттеушілер әр түрлі пікірде болған. Оның бір себебі, республика
астанасының Орынбордан Қызылордаға, одан кейін Алматыға көшірілгені.
Қазақстанда алғаш телеграф агенттігін құруға В.В.Куйбышев атсалысқан. 1918
жылы мамыр айының басында оның тарапынан төраға Ф.И.Колесевке Түркістанда
тез арада Орталық ақпарат бюросын жаңалықтармен қамтамасыз етіп тұратын
Түркістан ақпарат орталығын ұйымдастыруды талап еткен телеграмма
жолданады. Ізінше жауап ретінде Москва. Почта-Телеграф Халық Комиссариаты.
Куйбышевке. Түркістан Халық Комиссарлар Советі жанындағы ақпарат бюросы
даму сатысында. Он-он бес күннен кейін мәлімдеме беретін боламыз. деген
радиограмма қабылданады. Кейінірек, 1919 жылы көктемде баспа бюросымен
біріктіріліп бюро ТүркРОСТА болып қайта құрылды.
РОСТА-ның бөлімшесі ТүркРОСТА өз жұмысын белгілі бір жүйеде жүргізіп
келген. Оның 1920 жылғы хабаршысы негізінен үш бағытта құрылған:
1) майдандағы ахуал;
2) маңызды хабарлар;
3) Түркістан бойынша алынған жаңалықтар.
ТүркРОСТА-ның хабар-ошар тарату бағыты белгілі бір жүйемен беріліп
отырған, хабар беруде бірізділік сақталып келген. ТүркРОСТА әмбебап үгіт
аппараты болған еді, ол хабарлама тарату қызметімен бірге өлкенің көптеген
қалаларында қабырға газеттерін шығарумен шұғылданған, үгіт-ағарту
поездарының жұмысына қатысқан, өлкенің журналист кадрларын даярлауға ықпал
еткен.
1.2 ҚазТАГ-тың тарихы
Көп уақыт бойы қазақ жерінде КирРОСТА қызметі 1921 жылдың наурызынан
басталған деп есептеліп келген. Оған Қазақ АССР нің құрылуына байланысты,
1921 жылы наурыздың 5-інде Қазақ АССР Орталық Атқару Комитетінің президиумы
14 отырысында РОСТА-ның Орынбор-Торғай бөлімшесін КирРОСТА етіп қайта құру
жөнінде мәселе қаралғандығы себеп болған. Бірақ кейін табылған құнды
деректер дәлелдегендей, РОСТА-нгың Орынбор бөлімшесі 1920 жылдың мамыр
айында құрылған. Демек, ҚазТАГ тарихын, оның құрылу мерзімін айқындайтын
болсақ, 1920 жылғы мамыр айы деген деректі негізге аламыз.
Қазақ жерінің көптеген елді-мекендеріне газеттер мүлдем жетпеген
немесе бірнеше ай жүріп жеткен, онда КирРОСТА-ның плакат жаршылары партия
және кеңес қызметкерлерінің іс-қимылында негізінен басшылыққа алатын бірден-
бір құрал болған. Жалпы алғанда, сол кездегі баспасөз дамуына аталмыш
телеграф агенттігі өзіндік үлес қосқан, республикада шыққан газеттер РОСТА
даярлаған материалдарды көптеп пайдаланатын. Кей жағдайларда газет бетінің
жартысынан астамын сондай хабарламалар құрайтын еді. ...Партия совет
баспасөзін құруда 1920 жылы Орнынборда РОСТА бөлімшесінің құрылуының маңызы
болды. Алдында ол тек Орынбордағы газеттерге ғана қызмет көрсетіп келген,
Қырғыз АССР жария етілген соң 1921 жылы наурызда ол КирРОСТА боп қайта
құрылған еді, оның толық құрылуы халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдары
аяқталған. Демек, қызметін 1920 жылы мамырда бастаған РОСТА-ның Орынбор
бөлімшесі қазақ баспасөзінің дамуына өзіндік үлес қосқандығы дәлелденіп
отыр.
Сонымен, ақпарат агенттіктерінің әлемдік деңгейде қалыптаса бастауының
негізгі алғышарттарын саралайтын болсақ, бұл ең алдымен:
-телеграф арқылы жылдам ақпарат беру мүмкіндігінің пайда болуы;
-бір газеттің өз күшімен жан-жақты ақпарат алу мүмкіндігінің
шектеулігі;
-ақпарат агенттігі өніміне сұраныстың артуы;
-экономикалық ақпаратты жылдам жеткізу тиімділігінің біліне бастауы.
Қазақстанда ақпарат агенттіктері қалыптасуының жолдары мынадай:
-Қазақстанда ашылған ақпарат агенттіктері Мәскеумен байланыстырушы
роль атқарды;
-алғашқы телеграф агенттіктері арқылы Совет өкіметі өз саясатын
жүргізді, директивалар, декреттер мен құжаттар жөнінде түсініктеме беріп
отырды;
-телеграф агенттіктері елдің саяси санасын оятуға, оны сауаттандыру
ісіне өзіндік үлес қосты;
-телеграф агенттіктері насихатшы және үгітші рөлге ие болды;
-жергілікті хабарлама қызметінің қалыптасуына үлкен ықпал етті;
-алғашқы қазақ басылымдарының даму кезеңіне әсері болды.
Бастапқы қызметін 1920 жылдың мамырында құрылған РОСТА-ның Орынбор
бөлімшесі ретінде бастаған Қазақ телеграф агенттігі кейін ТАСС-тың
өзгертілуіне орай бірнеше рет атауын өзгертті.
ҚазТаг-тың негізгі мақсаты мен міндеттері – ҚазССР аумағындағы
ақпаратты, фотоақпаратты жинау, жинақтау, оны ТАСС-қа беру және ТАСС
тарапынан келетін ақпаратты Қазақ ССР территориясына тарату болды.
Баспасөз, радио, телевидениеге хабар әзірлеумен қатар, ҚазТАГ Қазақстан
Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің шешімдерін, заң актілерін,
республиканың басшы қызметтеріндегі лауазымды адамдардың қоғамдық саяси,
шаруашылық-экономикалық, мәдени-қаржылық, ғылыми-педагогикалық
баяндамаларын таратумен айналысқан; мәтінін толық немесе қысқартылған түрде
қазақ және орыс тілдерінде мазмұндау арқылы беріп отырған. ҚазТАГ-тың Қазақ
ССР аумағында әр облыста меншікті тілшілері болған.
Құрылған кезден бастап ҚазТАГ ТАСС-тың қазақстандық бөлімшесі ретінде
жұмыс атқарып келген. Тоқсан, жыл сайын ТАСС-қа атқарылған жұмыс жайлы
есеп беріп келген. Сол кезеңнің өзінде-ақ өлкелік және аудандық газеттерді
ақпарат агенттігі материалдарына жаздыру мәселесінің басты назарда
болғандығы мәлім. Мәселен, 1936 жылғы ТАСС-тың қазақстандық бөлімінің
сметасы деп ҚазТАСС басқарушысы О. Ярцев қол қойған құжатта ақпарат
агенттігі материалдарына бір айға жазылған өлкелік газеттер саны
көрсетілген. Аталмыш құжатта сондай-ақ ақпарат агенттігі материалдарына
жазылған газеттер тізбесі беріліпті. Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңде
Алматы облысы бойынша ғана ҚазТАСС материалдарын жаздырып алғанаудандық
газеттер тізбесін келтірсек: Путь Ленина, Сталинец, Үлгілі колхоз,
Ленинское знамя, Социалды майдан, Қызыл жұлдыз, Жаңа ауыл, Екпінді
еңбек, Колхозное знамя, Социалды жол, Колхоз туы, Сталинші,
Большевик жолы, Социал путь, Ленин жолы, Екпінді малшы, Екпінді
Балқаш, Сталин туы, Балқаш-Балқашы. Айына алты рет шығатын Балқаш-
Балқашы газетіне ғана күніне берілетін норма 150 сөзді құраған.
ТАСС одақтас республикалардағы ақпарат агенттіктерінің жұмысын
назардан бір сәт тыс қалдырмаған.
Жалпы алғанда, ҚазТАГ-тың кеңестік дәуірдегі қызметін, оның қоғамдық
пікірді қалыптастырудағы рөлін ескермеуге болмайды. Кеңестік жүйеде
бұқаралық ақпарат құралдары барынша орталықтандырылған еді десек те, ҚазТАГ-
тың республикалық ақпарат кеңістігіндегі рөлі бірегей болды. Шын мәнінде,
ТАСС материалдарын республикаға тарататын, республикадағы елеулі
жаңалықтарды басқа одақтас республикаларға, шетелге таратуға бірден-бір
ықпал етуші құрал осы аталмыш агенттік.
ҚазТАГ – республикадағы ең ірі аударма орталығы қызметін атқарды. Оның
аудармашылық қызметінің өзіндік ұзақ тарихы, қалыптасқан жүйелі дәстүрі
болды. Халықтың бүгінгі ұлттық мәдениетінің үлкен бір саласына айналған
аударма өнерін қазіргі таңдағы биік дәрежесіне дейін көтеруде ҚазТАГ
аудармашыларының қосқан үлесі зор. Қазақстанның белгілі аудармашыларының
бірқатары ҚазТАГ қабырғасында тәжірибе мектебінен өтіп, жемісті еңбек
сіңірген. Олардың ішінде М. Ешмұхамбетов, Ж. Жантөрин, Х. Өзденбаев, Ш.
Күдербеков сияқты майталман аудармашылар қызмет еткен.
ТАСС, ҚазТАГ материалдары үкіметтің көзқарасы, үкіметтің саясаты
ретінде қабылданған. ҚазТАГ материалдары мен суреттерін ресми материал
ретінде қабылдау сенімі, сол кезде біршама бас редактордың, газет
қызметкерлерінің жұмыстан кетуіне себеп болды. Кейбір республикалық және
жергілікті газет редакциялары 1986 жылы желтоқсан оқиғасы салдарынан
сотталған бес азаматтың соттағы суретін жариялаған еді. Сурет төменнен
тұрып түсірілгендіктен, сотталушылар кінәлі адамдай емес, қайта рухтанып
тұрғандай әсер қалдырған еді. Клишені ҚазТАГ ұсынғандықтан, ол болса
қалыптасқан түрдегі идеологиялық дерек көз болғандықтан, оның материалдары
мен суреттерінің сенімді екендігіне күмән келтірілмегендіктен, сурет
жарияланған болатын. Артынша-ақ, желтоқсаншылардың суретімен шыққан
газеттердің басылуына қатысты ҚазТАГ қызметкерлері, газет қызметкерлерінің
көпшілігі ұлтына, кәсіптік біліктілігіне қарамастан, жұмыстан босатылған.
Бұл желтоқсан оқиғасынан кейін біраз уақыт өтіп кеткен соң, яғни сот болған
кезде берілген суреттер еді. Ал дәл желтоқсан оқиғасын ҚазТАГ сол сәтте
оқырмандарына жеткізуге мүмкіндігі болмады. Өйткені, ҚазТАГ кез-келген
хабарды ТАСС-пен келісіп беретін, кез-келген ақпарат соның елегінен
өткізілгендігі белгілі болатын. Сол себептен де желтоқсанда республика
алаңы қанға боялып жатқан кезде, елді елең еткізген оқиға жайлы республика
басылымдарына хабарды ҚазТАГ беруі керек болса да, заман талабы, партия
цензурасы оған ондай мүмкіндік бермеді. Желтоқсан оқиғасы жөнінде шынайы
ақпарат беруге агенттіктің мүмкіндігі болмады.
ҚазТАГ қызметінің кеңестік кезеңдегі жұмыс ерекшеліктері төмендегідей:
-ҚазТАГ республика территориясының ақпарат кеңістігінде ұзақ уақыт
бойы монополия құрып келді;
-ҚазТАГ-тың мәлімдемелері үкіметтің ресми көзқарасы болып саналды;
-ТАСС одақтық бөлімшелерге әлемдік деңгейдегі ақпаратты беріп, олардан
(ҚазТАГ-тан) республика көлеміндегі ақпаратты жинап, таратумен айналысты;
-ТАСС-тың одақтас бөлімшесі болған ҚазТАГ жұмысы 90-шы жылдардың
басына дейін консервативті негізде болды;
-ҚазТАГ-ке бұқаралық ақпарат құралдарына хабар әзірлеу міндеті ғана
емес, Қазақстан КП ОК, Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы, Қазақ ССР
Министрлер Советі шығаратын барлық құжаттарды тарату қызметі де жүктелген
болатын;
-қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарын ақпаратпен, оның ішінде
ресми ақпаратпен қамтамасыз етуі міндеттелген;
-ҚазТАГ қызметі мағыналығы тұрғысынан одақтық орган деңгейінде
саналды.
Елдің ақпарат кеңістігінде ұзақ жылдар бойы бірегей орган болған Қазақ
ақпарат агенттігін әр жылдары журналистика саласына, елге елеулі еңбек
сіңірген азаматтардың басқарған. Олардың қатарында 1936 жылы О. Ярцев, 1938
жылы А. Вятич (орынбасары Б. Бейсенов), 1943 жылы Н. Морозов, 1944 жылы С.
Нефедов (орынбасары Ә. Қарағұлов), 1946-48 жылдары А. Третьяков, 1952 жылы
Б. Омаров, 1954-57 жылдары Ж. Алтайбаев, 60-шы жылдардың басында К.
Өсебаев, Қ. Шәріпов (1964-1972 жылдар), К. Қазыбаев (1972-1982), Ж.
Ысмағұлов (1982-1987), А. Ахметәлімов (1987-1997 жылдар), М. Әренов (1997-
2002 жыл, қазан) болды, бүгінгі күнде мемлекеттің 100 пайыз қатысымен
ұлттық компания ретінде қайта құрылған ҚазАқпарат агенттігін Ғ.Шалахметов
басқарады.
ҚазТАГ-тың қалыптасу кезеңдеріне келетін болсақ:
1. 1920-1937 жылдар, бұл кехде РОСТА-ның Орынбор-Торғай бөлімшесі,
КирРОСТА, ҚазТАСС құрылған; хабар телеграф, пошта, телефон
арқылы таралатын;
2. 1937-1990 жылдар, бұл кезеңде ҚазТАГ құрылады. Осы атты ақпарат
агенттігі 60 жыл бойына иемденеді, 1997 жылы ғана ҚазТАГ ҚазААГ
болып аталған. Осы кезеңде республикадағы ақпарат агенттігінің
хабар тарату аудиториясы кеңи түседі, облыстардағы тілшілердің
жұмысы бірізге келтіріліп, фотохабар қызметі жақсартылады,
аударма жұмысы жаңа бір сатыға көтеріледі; ҚазТАГ хабарлары
радио, телетайп, телефакс арқылы беріле бастайды.
3. Республика егенмендігін алған соң ҚазТАГ мемлекеттік агенттік
болды, ТАСС ықпалынан босап шықты. Хабарлары электронды пошта,
Интернет арқылы беріле бастады.
ҚазТАГ құрылымындағы өзгерістер:
1) 1920 жыл мамыр – РОСТА-ның Орынбор бөлімшесі құрылды.
2) 1921 жыл наурыз – РОСТА-ның Орынбор бөлімшесі КирРОСТА ретінде қайта
құрылды.
3) 1925 жыл – КирРОСТА ҚазТАСС болып өзгертілді.
4) 1937 жылы қаңтардың 23-інде – ҚазТАСС-ты ҚазТАГ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz