Дүние жүзілік территориялық бөлісудің аяқталуы



Жоспар

1. Еуропалық державалардың отарлау саясаты

2. Англияның протекторатының орнауы

3. Орта Азиядағы Ресей саясаты. Ағылшын . орыс қатынасы

4. Ағылшын .француз қарама .қайшылықтары

5. Ұлы державалар саясатындағы Африка және әлемді отарлық бөлісудің аяқталуы

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Дүние жүзін территориялық бөлісудің аяқталуы

Жоспар

1. Еуропалық державалардың отарлау саясаты

2. Англияның протекторатының орнауы

3. Орта Азиядағы Ресей саясаты. Ағылшын – орыс қатынасы

4. Ағылшын -француз қарама -қайшылықтары

5. Ұлы державалар саясатындағы Африка және әлемді отарлық бөлісудің
аяқталуы

Еуропалық державалардың отарлау саясаты

Осман империясы үшін капиталистік мемлекеттердің таласы.

XIX ғасырдың 50-60 жылдарында Азияның шығысында капиталистік мемлекеттердің
отарлық экспансиясы басталды. Англия мен Францияның Қытайдағы және Үнді-
Қытайдағы соғыстары, сонымен қатар батыс державаларының Тайпин көтерілісіне
қарсылығы Шығыс және Оңтүстік Азия халқын капиталистік әлемнің отарлық
жүйесіне енуге мәжбүрледі.

Капиталистік державалар өзінің отарлық саясатын жүргізу үшін барлық
жағдайды пайдаланды: әскери қимылдар, саудаға ену, қаржыны өмірлік құлдық
ету, миссионерлердің қызметі, дипломатия.

Отарлық саясат жүргізілген аудандарда буржуазиялық дипломатия әдісі арқылы
шығыс елдерінің ішкі саясатына қол сұғу, халық теңдігі атты жамылғы
фразаларды пайдалану арқылы үстемдік жүргізу елді қанаудың бір көрінісі
ретінде танылды. Мұндай отарлық экспансияның алдыңғы қатарында XIX ғасырдың
ортасында Англия тұрды. Англиядан кейін шығыс және оңтүстік шығыста Франция
мен АҚШ, ал Солтүстік Шығыс Азияда патшалық Ресей үстемдікке қол созды.

Феодалдық мемлекеттердің ортақ дипломатиялық сипаты өз мемлекетін тұйықталу
саясатынан арылту болса, шығыс дипломатиясы оған қарсы тұрмақ болды. Олар
капиталистік державалардың талабын элсіретпек немесе бейтарап етіп қалдыру
ойымен бір - біріне қарсы қою арқылы өзара қақтығыстырды. Шығыстың құқықсыз
халық бұқарасы феодалдық езгіге түсе отырып, отарлық құлдыққа бас ұрды.
Олар заңды түрде елдің сыртқы және ішкі саясатына араласа алмады.

XIX ғасырдың екінші жартысында Азия мен Африканың кең аудандарын басып алу
арқылы батыстың капиталистік державалары бүл елдерді экономикалық және
саяси бағынышты етті. Мұндай тәуелді мемлекеттер қатарына Түркия, Иран,
Ауғанстан жатты.

70-жылдардың басында Осман империясының шетелдік державаларына
бағыныштылығы айқын байқалды. Шетел капиталистері эквивалентті емес
сауданы, тең емес келісімшарттарды, капитулляция режимін пайдалану арқылы
және Оттоман империя банкіне үстемдік ете отырып, өз саясаттарын ашық
жүргізді. Олар Түрік феодалдары мен компрадорлық буржуазияға сүйенді.

Берлин конгресінен кейін ұлы державаларға Осман империясының бағыныштылығы
артты. 1879 жылы Түркия өзін толығымен банкрот деп жариялады. Шетел несие
берушілерімен жүргізілген келіссөздерден кейін, 1881 жылы желтоқсанда
Мұхарем декретіне қол қойды. Декрет бойынша сұлтан Оттоман мемлекеттік
қарызын басқаруды бекітті. Басқару басында несие беруші мемлекеттер
өкілдері: Англия, Франция, Германия, Австро -Венгрия және Италия түрды.
Түрік үкімет комиссары тек кеңес беру құқығына ғана ие болды. Франция
капиталистеріне Сириядағы, ағылшындарға Измирдегі темір жол капиталы
берілді. Бағдат жолын салудағы ірі концессияға неміс капиталы иелік етті.

Осман империясында жаңа шетел банктері пайда бола бастады. Стамбулда
Франция банкінің бөлімшесі ашылды. Ал 1888 жылы бірнеше батыс Еуропа
банктері бірге отырып, салоник банкінің негізін қалады. Сонымен қатар,
капиталистік державалар Түркияны саяси жағынан да өздеріне тәуелді етті.
1883 жылы Түркияға герман әскери миссиясы шақырылды. Шетел кеңесшілері
флотта, жандармерияда тағы басқа мемлекеттік аппарат бөлімдерінде қызмет
етті.

Түркияның тәуелді мемлекет ретінде өзінің ерекшеліктері де болды. Соның
бірі Түркия Азиядағы ұйымдасқан және әскери қимылдарды жетік меңгерген
армияға иелік етті.

Англияның протекторатының орнауы

¥лыбританияның қол астына өткен Ауғанстан. XIX ғасырдың соңғы ширегінде
Иранның Англия мен Патшалық Ресейге тәуелділігі арта түсті. Ағылшын және
орыс, кейінірек басқа да шетел кәсіпкерлері шах үкіметіне маңызды
концессиялар жасау керек екендігіне мәжбүрледі.

1862 - 1872 жылдарда ағылшындар Иранда Лондон мен Үндістанды
байланыстыратын телеграф торабын салу туралы келісім жасауға көндірді.
Біраз уақыттан кейін солтүстік провинцияларда патшалық Ресейдің
басшылығымен жасалған телеграфтар пайда болды. Оңтүстік Иранның тас жолдары
ағылшын отарлаушыларының, ал солтүстіктегі тас жолдар орыс патшалығының
бақылауына берілді.

1890 жылы Иранда теңіз жол салыну жөніндегі келісімге қол қойылды. Өйткені
Англия бұл жол арқылы Ресей екеуінің арасында қайшылықтар туса орыс әскері
өз жасағын Үндістан шекарасына апара алар еді. Ал Ресей болса, арзан
ағылшын тауарларының Иранның солтүстік бөлігіне енуінен қорықты. 1872 жылы
шах ағылшын телеграф агенттігінің бастығы барон Рейттерге 70 жылдық
концессияны ұсынды. Ол бойынша ағылшындарга жол құрылысында, минералды және
орман байлықтарын игеруде монополистік кұқық берілді. Рейттерге Иран кеден
басқару қызметі де өтті. Рейттер концессиясына қарсы елден наразылық
туындады. Шах үкіметі қаржылай таршылық көре отырып, шетелдіктермен тағы
басқа әр түрлі келісімдер жасауға мәжбүр болды.

Иран шетел монополияларының қаржылық тәуелділігіне көнді. 1889 жылы шах
үкіметі Рейттерге 1872 жылы күшін жойған концессияны қайта қарау туралы
ұсыныс жасады және империялық (Шахиншах) банкті құруды тапсырды. Бүл шетел
банк банкноттар шығаруға монополиялық кұқық алды, тиын сарайын бақылауға
алып, шетел валютасының курсын қадағалады. Солтүстік Иранның экономикалық
өмірінде Тіркеу қарыз беру банкі ерекше орынға ие болды. Ол 1890 жылы орыс
капиталисі Поляковтың басшылығымен құрылған болатын. Орыс және ағылшын
банктері арасында қызу тартыс басталды. Мемлекеттік аппаратта шетел кеңес
берушілерінің рөлі артты. Почта және телеграф министрлігінде ағылшын
кеңесі, кедендік хаттамалықта Бельгияның еншісі артты. Астанадағы және
солтүстік аудандардағы қызметтерге орыстар, оңтүстіктегі ағылшындар
тағайындалды. XIX ғасырдың аяғында Иранның жартылай отарға айналу процесі
аяқталды. Шах, министрлер, губернаторлар, шетел отарлаушыларының жол
сілтеушілеріне айналды. Оңтүстікте ағылшын, солтүстікте орыс имперализмі
орнады. Олардың әрқайсысы жоғарғы мәртебеге жетуді көздеді.

Шетелдіктердің отарлық езгісінен Ауғаныстанда қүтыла алмады. Өйткені ол
Үндістанға, Иранға, Орталық Азияға өтетін көпір болып саналды.
Ағылшындықтардың бүл елді басып алу саясаты 1839 -• 1842 жылдардағы ағылшын
- ауған соғысы кезінде - ақ басталған болатын. 70 -жылдары Англия
үкіметінің басына Дизраэлидің консервативтік кабинетінің келуі нәтижесінде
бүл ел өзінің жаулап алу саясатының кең ауқымды бағдарламасын жасады.

1875 - 1878 жылдары Ағылшын - Үндістан үкіметі Ауғанстанның әмірі Шер Али
Ханды Ауғанстанды ағылшын протекторатына айналдыратын келісімді жасауға
мәжбүрледі. Ауғандықтар мұндай ауыр талаптарды орындаудан бас тартты және
Кабулға ағылшын резиденттерін кіргізбейтінін мәлімдеді. Алайда 1879 жылы 26
- мамырда жаңа әмір Якуб -хан Гандамахта ағылшын өкілімен Ауғанстанды
тәуелді мемлекет ететін келісімшартқа қол қойды. Кабулда ағылшын
резиденциясы орналасып, олардың қолына Кандагар облысы өтті. Ағылшын
дипломатиясы Ауғанстанды Ресейге қарсы пайдаланбақ болды. Ресейге оңтүстік
Түрікменстан қосылғаннан кейін, 1885 жылы Ауғанстан мен орыс әскері
арасында жанжал туғызуға мүмкіншіліктер жасалды. Таш - Кеприде Ауған әскері
талқалданғаннан кейін, Ресейге қарсы әскери қимылдар тоқтатылды. Сыртқы
саясаттағы қиыншылықтарға қарамастан Ауған үкіметі ішкі істерде де
дербестігін сақтап қалды.

Орта Азиядағы Ресей саясаты. Ағылшын - орыс қарама - қайшылықтары

1869 жылдың басында Британ сыртқы істер министрі Лорд Кларендон орыс елшісі
Брунновпен Англия мен Ресейдің Орта Азиядағы ықпал ету аймағы жөніндегі
келіссөздер және екі мемлекет арасында басқа да қол сұғушылықтан корғайтын
белдеуді сақтау керек екендігі жөніндегі мәселелер талқыланды. Британ
үкіметі бұл жақындасу Үндістан халқының Ресей тарапынан қолдау
көрсететіндігіне үмітін туғызып, елдің солтүстігіне көтеріліс тудыратынына
кәміл сенді. Патшалық үкімет Ауғанстанды бейтарап мемлекет деп санап, оның
істеріне қол сұқпауды ұсынды. Бірақ ағылшын министрлігі бүл талаптарды
қабыл алмады. Англия Ауғанстанды өзіне тәуелді мемлекет ретінде қарастырып,
оның солтүстік бөлігіндегі иеліктерінің шекарасын анықтауда еркіндік
танытты. Патша үкіметі мен осындай мәселелерді шешу үшін Петербургке
Үндістанның вице - королі Д. Форсайт іс - сапармен келді. Екі ел арасында
үш пункттен тұратын келісімге қол қойылды:

1. Ауғанстанның территориясы болып Шер - Али - хан иелігіндегі жерлер
танылсын.

2. Әмір өз территориясын Бұқар жерлері арқылы кеңейтуден бас тартуы
қажет.

3. Орыс үкіметі Ауған территориясына Бұқар әмірлігі тарапынан қол
сұқпаушылығын бақылауы тиіс.

50-60 жылдары ағылшын - орыс қайшылықтары Ирандағы, Ауғанстандағы және Орта
Азиядағы дипломатиялық қатынастардың орталық түйіні болды. Британ
отарлаушылары өздеріне Түркия, Иран, Ауғанстан жерлерін басып алып,
бағындарғысы келді. Бірақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы державалардың Қиыр Шығысқа шабуылдары
Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және әлемді реттеу мәселесі
Бірінші дүниежүзілік соғыстың саяси әлеуметтік - экономикалық себептері мен салдары
Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты
Экономикалық, әлеуметтік географиясы дәрістік кешен
Париж бейбіт конференциясы
Экономикалық және әлеуметтік география
Кашмир мәселесі
«Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тарихы» пәніне арналған дәріс сабақтарының тақырыптары
Америка Құрама Штаттарының Версаль келісімінен кейінгі сыртқы саясаты
Пәндер