Ұйымның инвестициялық және инновациялық қызметін талдау


ЖОСПАР:
Кіріспе
І. Ұйымның инвестициялық және инновациялық қызметін талдау
- Инвестиция туралы түсінік
- Инвестициялық жобаның түсінігі және нысандары
- Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау ұстамдары және әдістері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы тиіс. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру әр түрлі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін, оған шетел банктері мен халықаралық ұйымдардан қарыз алудан бастап, кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады. Мұның өтпелі формасы ретінде бірлескен кәсіпорындар ұйымдастырылуы мүмкін. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден, шетелдік инвестициялар елдің өндірістік базасын жедел жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі. Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндіріс орындарын ашумен қатар, капиталистік бәсекелік күресте шыңдалған еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесән ала келеді.
Біэдің экономикаға ірі инвестицияларды келтіру үшін бірнеше шарттарды орындау қажет. Біріншіден, мемлекет шетелдік инвестицияларға қауіпсіздік кепілдігін беруі қажет. Екіншіден, мемлекет шетел инвесторларына пайданы тұрақты валютаға ауысиырып әкетуіне жағдай жасауы керек. Шетелдік инвестициялар қоғамдық санада әлі де болса елді кіріптар етудің, оны шикізат шылауына айналдыру мақсатындағы экономикалық интервенцияның құралы ретінде көрініп отыр.
Қазіргі уақытта дамушы және өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы капитал қозғалысында елеулі өзгерістер пайда болды. Жас ұлттық мемлекеттерден капитал шығару, бір жағынан, олардың экономикасының дамуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан, өнеркәсібі дамыған елдер жас ұлттық капиталдың өз елдеріне келуіне кедергі жасайды, сөйтіп дамушы мемлекеттерде негізінен шикізат өндірісін дамытады.
І. Ұйымның инвестициялық және инновациялық қызметін талдау
- Инвестиция туралы түсінік
Капитал өндіріс факторларының бірі, яғни ресурс болып табылады, оны тауар өндіру үшін жұмсау керек, және материалдық игілік жасау үшін өндіріс, ақша және тауар формасындағы барлық ж Коммерциялық өндіріс ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар және өндірістік запастар сатып алудан басталады, ал ол өз кезегінде инвестициялық салымдарды қажет етеді. Басқа жағынан, пайда ұйымның қаржылық қызметтің нәтижесі ретінде, оны тиімді пайдалануды талап етеді, ол да инвестициялық қызметпен байланысты. иналған құралдардың запасын білдіреді.
Инвестициялар - макро және микро деңгейде жиі қолданылатын экономикалық жүйе категорияларының бірі.
"Инвестициялар түсінігі" - көп қырлы құбылыс. Оның бірнеше мағыналық анықтамасы бар:
Ең алдымен, инвестициялау жөнінде сөз еткенде, құрал- жабдық, технологиялар жөнінде айтылады. Оларды енгізу арқылы өндірістік процесс жүзеге асырылады.
Инвестициялар - халықтық шаруашылықтың барлық салаларының негізгі қорларын кеңейте қайта өндіруге бағытталған материалдық, еңбек және ақшалай ресурстар шығындарының жиынтығы. Инвестиция біздің экономика үшін жаңа түсінік.
Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған және интелектілік құндылықтарды барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Бір сөзбен айтқанда, инвестиция дегеніміз - пайда табу мақсатындағы капиталдың ұзақ мерзімдік салымы.
Инвестициялар- бұл бәрінен бұрын өндірістік шығындар, ол қоғамдағы адам өмірінің жағдайына қажетті материалдық және материалдық емес игіліктерін қайта өндіруге жұмсалатын шығындар. Бұл шығындар жұмыс істеп тұрған өндіріс тұрғысынан, өндірісті кеңейтуге және модернизациялауға жұмсалатын қалыпты шығындар. Бірақ қоғамда басқада өндірістік деп айтуға болмайтын шығын түрлері бар. Оларға қорғанысқа жұмсалатын шығындарды жатқызуға болады.
Шетелдік инвеситция дегеніміз- қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқару үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы.
Қазіргі кезде инвестицияның бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады. Қаржылық инвестиция - бағалы қағаздарды, облигацияларды, акцияларды сатып алу, банктерге пайыз мөлшерлемесімен депозиттік шотқа ақша салу және т. б.
Қаржылық емес инвестиция - ақшалай емес инвестиция, ол инвестициялық жобаға материалдық емес активтерді (құқықтар, лицензиялар, ноу-хау) және материалдық активтерді (машиналар, құрал-жабдықтар, жер учаскелері және т. б. ) салу.
Тікелей инвестиция - шаруашылық субъктінің жарғылық капиталына, акционерлік қоғамның акциаларына, дивиденд түрінде пайда табу мақсатында да, сонымен қатар акционерлік қоғамның мүлігін басқаруға қатысу құқығына ие болу мақсатында, ақшалай салымдар.
Тікелей инвестицияның келуінің Қазақстан үшін маңызы өте зор. Себебі бұл техникалық және басқару әдістерін алып келуге жол ашады. Бұл жерде технологияның келуі, капитал ағылуының пайдасынан артық деуге болады. Бұл ағылу инвестиция табысына байланысты. Шетел капиталының республикаға коммерциялық несие және халықаралық ұйымдардың заемы түрінде, сондай-ақ құнды қағаздар ретінде келеді.
Өндіргіш күштердің дамуына, интеллектуалдық потенциалына, ғылыми зерттеулерге, біліктілікті, білімді және жұмыскерлердің тәжірибесін жоғарылатуға жұмсалған салымдар шынайы инвестицияға жатады. Мысалы, АҚШ-та, Жапонияда және басқа да дамыған елдердің білімге және ғылымға жұмсалатын салымдары олардың өнім өндіруге салынған салымдарынан едәуір көп. Кей жағдайда мұндай инвестицияларды интеллектуалдық деп те атайды.
Қаржылық инвестициялар капиталдық салымдардың қосымша көзі бола алады, сонымен қатар құнды қағаздар нарығындағы биржалық ойының құралы да бола алады. Бірақ, портфельдік инвестициялардың бір бөлігі - материалдық өндірістің әр түрлі салаларындағы кәсіорындардың акциаларындағы салымдар - өзінің табиғаты жағынан өндірістегі тікелей инвестициялардан ешқандай айырмашылығы жоқ.
Кез-келген фирма қызметінің маңызды саласының бірі ретінде инвестициялық операциялар, яғни жобаларды жүзеге асыруға салынатын ақшалай құралардың салымымен байланысты операциялар.
Комммерциялық тәжірибеде инвестицияның келесі түрлерін бөліп көрсетеді:
- Физикалық активтерге салынатын инвестициялар;
- Ақшалай активтерге салынатын инветициялар;
- Материалдық емес активтерге салынатын инвестициялар.
Физикалық активтерге өндірістік ғимараттар және құрылыстар, сонымен қатар кез-келген машиналар және құрал-жабдықтар, қолдану мерзімі бір жылдан жоғары, өндірісте қолданылатын кез-келген мүлікті жатқызуға болады.
Ақшалай активтерге басқа жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардан ақша сомаларын алуға құқықтарды жатқызуға болады. Олар банктегі депозиттер, облигациялар, несиелер, қарыздар, залогтар және т. б.
Материалдық активтерге персонолдың біліктілігін көтеру және қайта оқыту бағдарламаларын жүргізу, сату белгілерін дайындау, өнеркәсіптік меншік құқықтарын беру лицензияларын алуды жатқызамыз.
Инвестицияның барлық түрлері фирманың өмір сүру қабілетін сақтап қалуға және ары қарай дамуына маңызы өте зор.
Халықаралық практикада кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар түрінде көрсетіледі, ол өз кезегінде кәсіпорынның даму жобасын құрылымды сипаттайды. Егер осы жоба инвестицияларды құюды талап етсе, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез-келген жаңа жобасы жаңа инвестицияны керек етумен байланысты болады. Жоба сөзінің жалпы түсінігі - нақты мақсатты көздейтін, кәсіпорынның қызметін өзгерту туралы арнайы түрде ресімделген ұсыныс.
Жобаны әдетте тактикалық және стратегиялық деп бөледі. Соңғысына жеке меншік түрін өзгертетін жобалар (жалға алу кәсіпорнын, акционерлік қоғам, жекеше кәсіпорын, бірлескен кәсіпорын құру және т. б. ) немесе өндіру сипатын түп тамырымен өзгерту (жаңа өнім шығару, толық автоматталған өндіріске өту және т. б. ) Тактикалық жобалар әдетте шығарылған өнімнің көлемін өзгерту, өнімнің сапасын жоғарылату, жабдықтарды жетілдірумен байланысты болады.
Еліміздің практикасында жоба түсінігі жаңалық емес. Өткен замандағы оны ерекшелендірген сапасы кәсіпорынның негізгі даму бағыттары ережеге сәйкес саланың экономикасын басқарушы деңгейдің кәсіпорынға қатысты жоғары болуымен сипатталған. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, оны басқарушы жоғарғы құрамы өзінің болашағы туралы өзі қамданып, өз бетінше барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерді шешуі тиіс. Инвестициялық жобалау саласындағы мұндай шығармашылық ерекше ұйымдасқан болғаны дұрыс.
1. 2 Инвестициялық жобаның түсінігі және нысандары
Жобаны анализдеу практикасы жобаларды әзірлеу және тұрпатты жобаларды тізбелеу тәжірибелерін қорытуға мүмкіндік береді. Төменде шет елдердегі практикада кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі түрлері көрсетілген:
- Кез-келген ауқымдағы бар бизнестің ары қарай дамуының қалыпты үрдісі ескірген қондырғыларды ауыстыру. Әдетте мұндай жобаларшешім қабылдау мен негіздеудің ұзақ әрі күрделі ресімдерін талап етпейді. Көптеген баламалар мұндай қондырғылардың бірнеше типі бар болып, олардың ішіндегі біреуін негіздеу қажет болған жағдайда пайда болады.
- Ағымдағы өндірістік шығындарды азайту мақсатында қондырғыны ауыстыру. Мұндай жобалардың мақсаты - қолдағы бар әсері аз, моральді ескірген қондырғының орнына жаңа жетілдірілген қондырғыны қолдану. Бұл жобаның түрі әрбір жеке жобаның тиімділігін анализдейді, себебі қаржы жағынан жаңа техникалық қондырғы тиімсіз болуы мүмкін.
- Өнімді шығаруды көбейту және қызмет көрсету нарығын кеңейту. Бұл жобаның түрі жауапты шешімді талап етеді, ол әдетте кәсіпорынның жоғары әкімшілігімен қабылданады. Төменгі нарықты кеңейту негізінде, сондай-ақ өнімді ауықымды шығарғанда ол сәйкес пайда әкелетінін ескере отырып жобаның қаржылық әсерлілігін де абайлап негіздеп оны коммерциялық орындалуын егжей-тегжейлі анализдеген дұрыс.
- Жаңа өнімді шығару мақсатында кәсіпорынды кеңейту. Жобаның бұл түрі жаңастратегиялық шешімдер нәтижесі болып табылады және бизнестің ішкі мәнін өзгертуі мүмкін. Бұл түрдегі жоба үшін анализдеудің барлық кезеңдері аса маңызды. Мұндай типті жобаны әзірлеу барысында жіберілген қателіктер кәсіпорынға жақсы нәтиже бермейтінін ескеру қажет.
- Экологиялық жүктемесі бар жобалар. Инвестициялық жобалау жолында экологиялық анализ қажетті элементтердің бірі. Экологиялық жүктемесі бар жобалар өз табиғатында әрдайым қоршаған ортаның ластануымен байланысты болады, сондықтан анализдің бұл бөлімі сынға ұшырайды. Қаражат өлшемі арқылы негізделіп, шешілуге тиісті негізгі дилемма - жобаның қай нұсқасын қабылдау керектігі: 1) іргелі қаражат шығындарын ұлғайтып жетілдірілген қымбат қондырғыны қолдану, немесе 2) ағымдағы шығынды ұлғайтып арзандау қондырғыны алу.
- Басқа түрлі жобалар, олар шешімді қабылдағанда аса маңызды емес. Мұндай типті жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып илу және т. б. мәселелерге қатысты болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz