Қазақ тарихының білгірі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жангара Дәдебаев, филология гылымдарының докторы, профессор

Қазақ тарихының білгірі (тарих гылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков 60 жаста)

Қасиетті Әулиеата өңірі тұнған тарих. Мүнда ежелгі жэне ортағасырлар тарихының адам сүйсінер жэне керемет таңданаралықтай тарихи ескерткіштер сақталып, бүгінгі күнге жеткен. Бір ғана Айша бибінің, Баба Әженің жэне Қараханның кесенелері неге тұрады?! Ғасырлардың қайталанбас, өзіндік айшықты өрнегін бейнелейтін эйгілі Тараздың, кейінгі Әулиеатаның ерекше келбеті бұл. Тараз өңірі ортағасырлық қалаларға да бай. Мұнда аттап басқан сайын ежелгі төрткүлдер мен сауда сарайларьі орындары кездесіп отырады. Олардың көбісі төмпешікке айналса да, бір замандардағы көпкүмбезді, еңселі қақпалы, ақшаңқан, сүлу қалалардың өзіндік сырлы да, сымбатты архитектурасынан хабардар етеді. Осындай тұңғиық тарихтан бастау алатын эулие мекенде дүниеге келген адамның өткенге терең бойлап, оның қүпия сырын шүқшия зерттеп, ғылым жолына түсетін азаматқа айналу эдеттегі нэрседей көрінеді. Осы түрғыдан қарағанда, белгілі қазақ тарихшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Әлеуметтік Ғылымдар академиясының академигі Талас Омарбековтың тарихшы мамандығын таңдауы эбден орынды тэрізді. Оның өзі элемге эйгілі қүпия елді-мекен, қабырғасы қалың да алып қаратастардан қаланған атақты Ақыртас қамалының іргесінде, ортағасырлық Түймекент шаьарының түбінде дүниеге келді. Мүндайды қазекең тарихпен ауызданған, немесе тарихтың көзін ашқан деп те айта береді. Міне, осындай түнған тарих аясында дүниенің есігін ашқан, бала кезінен бүрынғы Тараз, кейінгі Әулиеата өңірінің сан түрлі, қат-қабат тарихынан хабардар болып, олардың қүпиясын тереңірек білсем деген арман жетегіндегі азамат бүгінде елге эйгілі тарихымыздың жылнамашысы болып отыр. Әулиеата өңірінің кейінгі жаңа замандағы тарихы да шым-шытырық, алуан түрлі үлт-азаттық күрестеріне толы. Біз эңгімелеп отырған Таластың өзінің өмірбаяны да осы күрделі тарихтан тікелей бастау алады. Оның ата-бабалары Дулат тайпасының Шымыр руынан тарайтын Жаңабай ру тармағының көрнекті, елге танымал тарихи түлғалары болған еді. Осы рудан бүкіл қазаққа белгілі Абылайдың әйтілі жас батырларының бірі Мәмбет батыр жэне оның үлы, қоқандар зеңбірекке байлап атқан атақты Байзақ датқа шыққан. Таластың өзінің ата- бабасы да осы өңірге эйгілі болып, кезінде кеңестік-тоталитарлық жүйе көзін жойған ел қадірлейтін ру ақсақалдары еді. Қазір бұл өңір Байзақ ауданы деген атпен батырдың есіміне ие. Осында туып-өскен Талас Абай атындағы ҚазПИ-дің тарих факультетіне оқуға түсіп, осында үлт тарихын зерделейтін, әйгілі қуғындалған тарихшы Е. Бекмахановтың ісіне байланысты куғын-сүргінге үшыраған, үлт тарихының білгірлері, қазақтар арасынан тарих ғылымында түңғыш рет

Қазанда кандидаттық дэреже алу үшін диссертациясын қорғаған, профессор Х. Әділгереев, профессорлар - С. Толыбеков, Н. Киікбаев, А. Бақшилов, А. Ахмеджанов, А. Муратовский тэрізді ғалымдардан дэріс алу бақытына ие болды. Бүл кездегі тарихшы мамандығын таңдаған студенттің тағы бір бақыты Кенесары қозғалысын жақтайтын ғалымдардан ғана білім алу емес, оған қарсы, осы қозғалысты феодалдық-монархиялық деп бағалайтын, яғни тапшылдық пиғылдағы өзіміздің зерттеушілердің де пікірлерін тыңдап өсу мүмкіндігі еді. Солардың ішінде Қазақстан тарихынан Кенесары көтерілісін барлық еңбектерінде айыптап жазған профессор Т. Шойынбаев та бар еді. Болашақ тарихшы осындай қарама-қарсы көзқарастарды тыңдап, олардан өзіндік логикалық түйіндер мен тұжырымдар жасауға тиіс болды. Бұл кезең әйгілі жазушымыз І. Есенберлиннің «Қаьар» атты Кенесары көтерілісіне арналған тарихи романының қоғамда, эсіресе зиялы қауым арасында рухани сілкініс туғызған кезең еді. Мүнан әрине, студент Талас та тыс қала алған жоқ. Кімдікі дұрыс? - деген сауалға жауап іздеген тарих факультетінің студенттері жазушының өзімен кездесу өткізіп, қосымша эдебиеттерді іздестіріп, өз беттерінше топшылаулар жасайтын. Осындай тарихи орта Таласты да тарихшы мамандығын жүйелі түрде, терең меңгеруге итермеледі. 1971 ж. басталған тарихшы-үстаз қызметінде де ол осы эдетінен тайған жоқ. Тарих факультетінде ортағасырлар тарихына маманданғандықтан, жэне өзі де осы түнған тарихтың ордасында қалыптасып, азамат болғандықтан, ол о бастан-ақ Тараз өңіріндегі ортағасырлық елді мекендерді айналшықтап, өзінің орта мектептегі шэкірттерін де туған тарихқа деген қүштарлық сезімімен баурап алды. Бүгінгі Байзақ ауданының Тегістік және Шахан ауылдары 70-ші жылдардың басында Талас Омарбековтың осындағы әйгілі ортағасырлық қамал Оххумды (Оқымды) зерттеген, онда қазба жұмыстарын жүргізген зерттеушілік эрекетінен жақсы хабардар. О л осындағы Талас өзеніне қойындасып жатқан, бұрын ғалымдар назарынан тыс қалып келген үш дербес қорғандардан түратын Тегістік төрткүліне де алғашқы қазба жұмыстарын жүргізген еді. Мүның өзі жас үстаздың алғашқы талпыныстарын Таразда облыстық музей қызметкері А. Поповтың, Алматыда эйгілі археолог К. Ақышевтың қолдауларының арқасында ғана мүмкін болды. Осының нақты көрінісі ортағасырлық Оххум қаласының тарихына байланысты Талас Омарбековтың «Білім жэне еңбек» (қазіргі «Зерде») журналында жарық көрген алғашқы тарихи-зерттеу мақаласына Кемел Ақышевтың үнамды пікірі айтылып, сәт-сапар тілеуі еді. «Алтын адамды» элемге эйгілі еткен бү_л ғалымды бүгінде Қазақстаннан тыс аймақтағылар да жақсы біледі. Талант - сан қырлы болады деп дұрыс айтады. Талас Омарбековтың жазғандарын оқығанда осының ақиқаттығына терең бойлай түсесіз. 1972 жылдан бастап ол республикалық баспасөз беттерінде тарихты орта мектепте оқыту әдістеріне жэне жас үрпақты тарихпен тэрбиелеуге арналған мақалаларын көптеп жариялады. Жап-жас ұстаз еңбегі бағаланып, 1974 жылы «Социалистік жарыс жеңімпазы» деген эйгілі белгімен марапатталды.

Алайда аудандық партия комитеті зерттеуші-тарихшының алғашқы қадамдарына құптау білдіре қойған жоқ, партияның саясатын марапаттаудың орнына, қайдағы бір ортағасырлық елді-мекендер тарихына шүқшиған тарихшы арнайы талқылауларға үшырады. Бұл Таласты аудандық партия комитетіне жү_мысқа шақырғаннан кейінгі орын алған ерсіліктер еді. Осыдан соң ғылыми тарихпен өмірін байланыстыруға біржолата шешім қабылдаған жігерлі де, арманшыл жас 1977 ж. Абай атындағы ҚазПИ-дің аспирантурасына түсті. Кэсіби тарихшы болып қалыптасуға осылайша жаңа мүмкіндіктер туды. Аспирантурадағы жылдарда ғылыми жетекшісі, сол кездегі Абай атындағы ҚазПИ-дің ректоры Ж. Жү-мабековтың, осында проректор болып жүмыс жасаған, кейіннен бүкіл қазаққа эйгілі азамат М. Арыновтың, Ц. Л. Фридманның, Қ. Шүлембаевтың, Қ. Қасымовтың, Ә. Түрсынбаевтың жэне т. б. үздіксіз қамқорлығының арқасында жас ғалым колхоз қүрылысының тарихынан алған кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. Бүл диссертациялық еңбек Мэскеуде мақүлданатын заман еді. Зерттеуге Ресейдегі мамандар қызу қолдау танытты. ¥стаздық жолын өзі оқыған оқу орнынан да жалғастырған Таласты 1988 ж. елімізде болған саяси өзгеріске байланысты Қазақстан тарихын жаңаша көзқараспен қайта жазуды ойластырған Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті сол кездегі Партия тарихы институтының тарих секторына аға ғылыми қызметкер ретінде шақыртып алды. Осында ол Орталық Комитеттің қазақ тарихына жанашыр Өзбекэлі Жэнібеков, Қуаныш Сүлтанов тэрізді азаматтардың ықпалымен жэне ақыл-кеңесімен зерттеу жүмыстарын жандандырды. Ресми мекеменің жанында жүмыс істеу ғалымға партия органдарының кеңестік кезеңдегі қуғын-сүргінге қатысты қүпия қүжаттарымен, ОГПУ-дің бүрын жабық болып келген көптеген іс-қағаздарымен терең жэне жан-жақты танысуға мүмкіндік берді. Осының арқасында Талас Омарбеков өзінің ғылыми ізденістерін партияның 20-30-шы жылдардағы зобалаң саясатын эшкерелейтін еңбектер жазудан бастады. Оның «Голощекин геноциді» деп؀ࠂࠄࠆࠈࠊࠌࠎࠐࠒࠔࠖ࠘ࠚࠜࠞࠠࠢࠤࠨࠪ࠮ аталатын «Қазақ эдебиеті» газетінде жарық көрген көлемді ғылыми зерттеуі осындай зерттеулердің алғашқы бастауы еді. Алайда партияның билігі түғырдан таймаған кезде оның саясатын қаралап, мақала жазу қазақ зиялыларының бэрінен бірдей қолдау таба қойған жоқ. Әсіресе, бүл еңбекте тұңғыш рет 1931-33 жж. аштықта аштан қырылған 2 млн. аса қазақтың санын нақтылай түсетін деректердің жарық көруі сол түстағы кейбір партия қызметкерлерінің наразылығына үшырады. Нэтижесінде, саяси қысым жұмсарған «жариялылық пен демократия» жылдарының өзінде Т. Омарбековке ашықтан-ашық қысым жасалып, мүндай зерттеу мақалаларды жазуға болмайтындығы ескертіле бастады. Бүл мәселенің ұшыққаны сондай, оған «Егемен Қазақстан» газеті араласып, тарихшы ғалымға принципті түрде ара түсіп, оны қорғады. Қазақ даласындағы аштық жэне күшпен ұжымдастыру мэселесі ғалымның кейіннен жарық көрген «Тарих тағылымы не дейді? (М. Қойгелдиевпен бірге) », «Зобалаң», «Қазақстан қасіреті» атты

іргелі зерттеулерінде жэне т. б. еңбектерінде жан-жақты, ұлттық мүдде тұрғысынан тереңдете зерттелді. Бұл кітаптардың маңыздылығы сол, онда бүрыннан эңгіме болған қазақ байларын тэркілеу мэселесі жаңа қырынан қойылып, қазақ байларының ауылдағы тарихи түлғалар ретінде орны мен маңызы, олардың қүпия мүрағат қорында сақталған жеке құжаттары негізінде жаңаша баға алған. Сонымен бірге тарихымызда бүрын айтылып жүргендей көшпелі қазақтарды зорлап отырықшыландырудың шын мәнінде пайдасынан, зиянының әлдеқайда көп болғанын нақты деректерге сүйене отырып дэлелдеп берген. Әсіресе, ең маңыздысы бүрын тарихи эдебиетте ауызға алынбайтын 1929-31 ж. ж. аралығында Қазақстанда орын алған қазақ шаруаларының тоталитарлық жүйеге қарсы күресі алғаш рет ғылыми түрде жан-жақты зерттелді. Осы еңбектердің арқасында оқырман Батпаққара, Ырғыз, Созақ, Балқаш, Сарқанд, Абыралы, Шыңғыстау аймақтарында жэне т. б. елді мекендерде орын алған қазақ шаруаларының қантөгіске толы көтерілістерінен хабардар болды. Ең маңыздысы сол - Талас Омарбеков бүл көтерілістерге түңғыш рет үлт-азаттық қозғалысы деген жаңа баға берді. Тағы бір қуанатымыз, зерттеушінің тынымсыз еңбегінің арқасында осы көтерілістерге қатысқан, халық орталарынан хан көтерген, елге сыйлы эрі қадірлі көптеген тарихи түлғалар тэуелсіз тарихымызға қаьармандар ретінде енді. 1931-33 ж. ж. ашаршылықта қанша қазақтың босқыншылыққа ұшырап, басқа жүрттарға безіп кеткенін жэне осы зобалаңда 2 млн. 200 мыңнан астам қазақтың қырылғанын ғылыми түрғыдан деректер негізінде нақты дэлелдеп берген де осы Талас Омарбеков болды. Ол бүрын зерттеушілерге белгісіз Қазақстанның халық шаруашылығы есебі басқармасының төрағасы М. Саматовтың, жэне оның орынбасары Л. Мацкевичтің Мәскеуге жэне Қазақстан басшысы Л. Мирзоянға жазған нақты хаттарының негізінде жэне кезінде И. Сталин жариялауга тиым салган 1937 ж. бүкілодақтық халық санағының есептеріне, сондай-ақ жыл сайын жүргізілетін салық санағына талдау жасап, осындай тиянақты қорытындыларға келген еді. 1989 ж. бастап осы тақырыпты тереңдете зерттеген ғалым қазіргі кезде осы бағытта көптеген шэкірттер тэрбиелеп, өзінің ғылыми мектебін қалыптастырды. Оның оқушылары арасында өзінің тікелей жетекшілігімен қорғаған 25 ғылым кандидаты, 4 ғылым докторлары бар. 1991 ж. бастап эл-Фараби атындағы Қазақ ¥лттық университетінде еңбектенген ғалым бүгінде Қазақстанның ежелгі жэне ортағасырлардағы тарихы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Атынан көрініп түрғандай, бүл кафедра қазақ халқының бүрынғы қалыптасу тарихын эртүрлі қырынан зерттейтін мамандарды топтастырған. Оларды ғылыми жүмысқа бағыттап, оқытушылықпен зерттеу қызметін үштастыра жүргізуді талап ететін де осы Талас Омарбеков. Ғалымның өзі де осы бағытта тынбай ізденіп, бүрын өзі 70-ші жылдардан бастап қолға алған ортағасырлар тарихы мэселелерін нақты зерттеуге көңіл бөлді. Бүгінгі күні ұлттық университеттегі қызметін үлттық теңгеміздің авторы - Хайролла Ғабжалиловтың қаржылай қолдауымен

ұйымдастырылған «Алаш» тарихи-зерттеу орталығындағы директорлық жұмыспен тығыз үштастыра білген Т. Омарбеков қазақ тарихының ең бір осал түсынан саналатын қазақты қүраған ру-тайпалардың ежелгі тарихын жүйелі түрде зерттеп, жазып шығу тэрізді ауыр да күрделі міндетті жүзеге асыруға ден қойды. Осы ғылыми орталықта бүгінгі күні қазақтың белгілі тайпалары - «Арғын», «Найман», «Дулат», «Жалайыр», «Тама», «Табын» жэне т. б. монографиялық іргелі тарихы жарық көріп, оқырман қолына жетті. Бір топ талантты тарихшыларды ортақ мүддеге біріктірген бұл орталықта Х. Ғабжалиловтың бас редакторлығымен жэне Т. Омарбековтың ғылыми жетекшілігімен халқымыздың тарихының бүгінгі күнге дейін қолға алынбай келген этникалық мэселелерін тереңдете қозғайтын «Алаш» тарихи-зерттеу журналы жарық көргеніне де біраз уақыт болды. Онда эсіресе, қазақ ру- тайпаларының ежелгі тарихы, халқымыздың өткенінде орын алған әртүрлі этнонимдардың қыры мен сыры тиянақты түрде зерттеліп, ұлтымыздың мүддесі тұрғысынан тың да жаңа ғылыми топшылаулар мен түжырымдар жасалуда. Кезінде Шэкэрім қажы қозғаған, М. Тынышпаев жэне Н. Аристов тэрізді талантты зерттеушілер індете зерттеген жэне бүгінгі күні эр ауылда жазылып жатқан қазақ шежіресінің ғылыми түрде қайта талдануына жэне объективті баға алуына осы «Алаш» орталығы үздіксіз ат салысып келеді. Қалың қазақтың көкейінде жүрген тарихи сүранысы қанағаттандыратын халыққа керек мұндай зерттеулердің аса маңыздылығын айтып жатудың өзі де артықтау болар. Зиялы қауымның көптеген өкілдері қазірдің өзінде осы «Алаш» тарихи- зерттеу орталығында өздерінің ата-бабасының арғы тамырларын анықтап алуға зор мүмкіндіктер алды. «Жеті атасын білмеген ер жетім, жеті ғасыр тарихын білмеген ел жетім» деген даналық мақалды жарық жүлдыздай үстанған қазағымыз дэстүрлі тарихымыздың қалпына келтірілуіне аса қуанышты. Талас Омарбековтың еңбектері арасында оның байырғы бабасы Мүхаммед Хайдар Дулатидің тарихи мүраларын зерттеуге байланысты ізденістері бір төбе. Оның бүл бағыттағы зерттеулері кезінде кенеттен қайтыс болған тарихшы үлы Шыңғыспен бірігіп жазған «Қазақстан тарихына жэне тарихнамасына үлттық көзқарас» атты еңбегінде біршама жинақталып берілген. Оқырмандар бүл зерттеулерден үлы тарихшының «Тарих-и Рашиди» мүрасының қазақ тарихы үшін аса қүнды екендігін, бүл еңбектің шын мэнінде қазақ мемлекеттілігінің - Қазақ хандығының тарихи бастауларын жэне саяси негіздерін айқындап беретін бірден-бір ерекше орнын айқын байқайды. Кезінде Моғолстан деген атпен әйгілі болған Қазақстанның оңтүстігіндегі және Жетісудағы мемлекеттік құрылымның қазақ мемлекеттігін қалыптастырудағы орны мен рөлі бүрын мүншалықты айқын айтыла қойған жоқ еді. Сонымен бірге Шағатай үлысынан бастау алатын бүл өңірдегі қазақты құраған тайпалардың белсенді іс-эрекеті, олардың мемлекеттік билікке ықпалы дэл осы зерттеулерде анықтала түсті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы
Отандық тарихнамада жануарлар культіне арналған толық қанды еңбектер жазылмасада өзіндік зерттеушілік қолтаңбасын қалдырған зерттеулер баршылық
Ермұхан Бекмаханұлы Бекмахановтың биографиясы
«Қазақ» қайдан пайда болған?
Мұхаммеджан Тынышбаевтың қоғамдық қызметі
Сібірдің әйгілі Көшім ханы
М. ТЫНЫШБАЕВ - ИНЖЕНЕР - ТАРИХШЫ
Мұхаметханов және Абай мұражайы Семей таңы
Ойындық фольклор
Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz