ЭЕМ-де есептерді дайындау мен оларды шешу әдістемесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ЭЕМ-де есептерді дайындау мен оларды шешу әдістемесі.

ДЭМ-де есепті шығаруға төмендегі негізгі кезеңдер жатады, бірақта олардың кейбір бөліктері компьтерсіз орындалады.

  1. Есепті қою және оның математикалық моделін құру;
  2. Есепті шығарудың сандық әдісін таңдау;
  3. Алгоритмнің мәлімет құрылымын құру;
  4. Алгоритімді бағдарламалау тілінде жазу;
  5. Бағдарламаны тексеру және түзету;
  6. ЭЕМ-де есеп шығару;
  7. Нәтижелерді өңдеу мен безендіру.

Алгоритимді бейнелеу блоктары.

Блок-схеманың белгілері төмендегі кесиеде берілген. Сонымен, бағдарламаны қалыптастырмас бұрын әуелі есептеу алгоримін, сонан соң есептеу алгоритмнің блоксхемасын көрнекті етіп жасап алған дұрыс.

Іс-әрекеттің аты
Блок бейнесі
Атқаратын қызметі
Іс-әрекеттің аты: Басы, соңы
Блок бейнесі:
Атқаратын қызметі: Алгоритмнің басы, соңы
Іс-әрекеттің аты: Енгізу
Блок бейнесі:
Атқаратын қызметі: Айнымалыларды енгізу
Іс-әрекеттің аты: Процесс
Блок бейнесі:
Атқаратын қызметі: Есептеу амалдарының жиыны
Іс-әрекеттің аты: Таңдау
Блок бейнесі: Иә Жоқ
Атқаратын қызметі: Шарты тексеру
Іс-әрекеттің аты: Модификация
Блок бейнесі:
Атқаратын қызметі: Циклдің басы
Іс-әрекеттің аты: Құжат
Блок бейнесі:
Атқаратын қызметі: Қорытындылау, нәтижені баспаға шығару
Іс-әрекеттің аты: Қосалқы бағдарлама
Блок бейнесі:
Атқаратын қызметі: Бағынышты бағдарламаларды шақыру
Іс-әрекеттің аты: Түсініктеме
Блок бейнесі:
Атқаратын қызметі: Анықтама, ішкі бағдарламалардағы формулалардың

Бағдарлама дегеніміз- алгоритмнің ЭЕМ-ға түсінікті тілде жазылуы. Бағдарламаны ЭВМ тілінде жазылған бір мәнді танданатын, осы алгоритмді жүзеге асырушы жеке сөйлемдер тізбегі деп қарауымыз керек. Бағдарламаның сәтті құрылып шығуы-алгоритмнің жасалуына да тікелей байланысты. Ойластырып жасалған алгоритмге сай құрылған бағдарлама тиімді, әрі сәтті шығуы тиіс.

Есепті ЭЕМ-да шешу дегеніміз-берілген ақпаратты белгілі бір ережелереге, нұсқауларға сұйеніп, құрылған бағдарлама бойынша өңдеу.

Сонымен, әуелі зерттелетін объектіні, оның ерекшеліктерін, қажетті параметрлерін аңықтаймыз. Сонан соң есепті математикалық әдістерді пайдаланып талдаймыз, зерттейміз,

Қажетті критерийлерді аңықтаймыз. Міне, осы жұмыстар орындалғанда ғана құбылысты сипаттаушы математикалық қойылуы. Үшінші сатыда-математикалық есепті шешуге арналған әдістің ЭЕМ-ның нақты түріне сәйкес құрылған алгоритмін жасау. Сонан соң қажет болған жағдайда, алгоритмге сәйкес бағдарлама жасалады. Жасалған бағдарламаның қызметін бағдарлама құрушы ЭЕМ-ге қарапайым есептеулер жүргізу арқылы тексереді, бағдарлама қызметін қалыптастырады. Міне, осылайша тексерілген бағдарламаны, нақты есептерді ЭЕМ-да автоматты түрде шешуге, пайдалануға болады.

Айнымалылар.

Ақпараттануда айнымалы ұғымы, математикадан өзгешелеу.

Мысалы, y=ax 2 +bx+c квадрат мүшелігінеде а, b, c-тұрақты мән қабылдайтын коэффициент деп, ал х пен у-көп мән қабылдайтын айнымалы деп түсінеміз.

Ал бағдарламалау тілінде а, б, с, х, у-әрқайсысын айнымалы шама деп түсінеміз. Айнымалының символдық белгісі-оның идентификаторы деп аталады.

Сонымен, әр айнымалы шаманың аты, тұрақты типі және айнымалы мәндері болады. Бағдарламалау тілінде айнымалы жай айнымалы және индексті айнымалы болып бөлінеді. Жоғарыда біз жай айнымалылыға сипаттама бердік. Индексті айнымалы массив ұғымымен байланысты. Бірдей аталған біртекті шамалар тобы-массив деп аталады. Топқа кіретін әр шама массивтің элементі деп аталады. Математикадағы векторлар, анықтауыштар, матрицалар, тізбектер-массивтің аналогтары болып табылады. Массив элементтерін пайдалану үшін, массивтың атын ғана емес, оның топтағы реттік нөмірін де көрсету керек. А(3) -А массивінің үшінші элементі. Элементтің нөмірі оның индексі, алэлементтің индексімен қоса көрсетілген аты-индексті айнымалы деп аталады. Бағдарламалау тілдерінде алынып жазылады.

Алгоритмдегі әр айнымалының мәнін ЭЕМ өзінің еске сақтау құрылысының бір ұяшығында, ал массив элементтерінің мәндерін, бір-бірімен тіркесіп, қатар орналасқан бірнеше ұяшықтарда сақталады. Ал идентификатор-ұяшықтың аты болып есептеледі.

Оператор

Оператор-кез келген бағдарламалау тілінің негізгі ұғымдарының бірі. Ал алгоритим қадамындағы іс-әрекетті сипаттауға қолданылып, арнайы ережелермен құрастырылған симвалдар жиынын-оператор деп түсінеміз. Оператор алфавит, тұрақты айнымалы шамалар, өрнектер және арнаулы қызметші сөздер арқылы құрастырылады. Әр алгоритмдік тілдің өзіне тән операторлар жиынтығы болады.

Бағдарлама

Берілген алгоритмнің бағдаламалау тілінде операторлар тізбегі арқылы сипатталған түріне-бағдарлама дейміз.

Трансилятор

Аудармашы бағдарлама. ЭЕМ-тек екілік жүйеде жазылған ақпаратты ғана өңдей алатындай етіп жасалғандықтан, ол жазылған бағдарламаны бірден атқара алмайды. Алгоритмдік тілде жазылған бағдарлама алдымен екілік жүйеге аударылуы керек. Мұндай аударманы транслятор деп аталатын арнаулы бағдарламаның көмегімен ЭЕМ өз атқарады. Бұл аудармашы бағдарламада алгоритмдік тілдің барлық ережелері мен аудару тәсілдері қарастырылған. Сондықтан, арнайы бағдарлама-бағдарламадағы грамматикалық ережелерді сақтамаудан туған қателерді тауып, ол қателер жайлы хабар беріп отырады. Стандартты функцияларды есептеу үшін жиі кездесетін математикалық формулардың мәндерін есептейтін арнаулы бағдарламалар, траслятордың құрамына кіреді. Олар-стандартты немесе ішкі формулалар деп аталады.

Массивтер.

Бірыңғай шамалар тізбегінен тұратын, бір индентификатормен (атаумен) белгіленген айнымалылар тобын-массив (жиын) деп атаймыз.

Массивтер бір немесе бірнеше индексті болады да, индексі жай жақшаға алынып, үтірмен бөлініп жазылуы тиіс.

Мысалы: а-А(10) ; в-В(1) ; с-С(2, 5)

Массивтің ең үлкен индексінің мәні алынып DIM-операторы арқылы бағдарламаның басында сипатталуы керек, ол ЭЕМ жадында массив элементтері үшін орын сақтайды.

Мысалы:10 DIM А(10), В(20)

20 DIM С(2, 5)

Тармақталған алгоритмдер

Берілген есепті шығару үшін қолданылатын алгоритм қадамдарының жазылуы қатар болғанымен, атқарылу реті қатар бола бермейді. Себебі, алгоритм қадамдарының атқару реті берілген немесе аралық шарттың нәтижесіне байланысты. Берілген шартты тексеру нәтижесінде алгоритмнің келесі орындалатын қадамы анықталады.

Шартқа байланысты атқарылатын әрекет немесе әрекеттер тобы- тармақ деп, шарт тексеріліп тұрған қадам-таңдау қадамы деп аталады.

Есептің берілуіне байланысты алгоритмде тармақ саны бір немесе бірнешеу болуы мүмкін.

Ах 2 +b егер х<0

Мысалы: У=

cx-b eгер x>0

  1. Енді есеп шешімін математикалық түрде сипаттайық:

егер х>0 болса, онда у=сх-b;

егер х>0 болса, онда у=ax 2 +b;

2. Алгоритм қадамдарын құрастырайық:

1. қадам. Алгоритм басы;

2. қадам. Енгізу: а, в, с және х мәндерін енгізу;

3. қадам. Шарт қою:егер х>0 болса онда у=сх-b, әйтпесе у=ax 2 +b;

4. қадам. Қорытындылау: х және у мәнін баспаға алу;

5. қадам. Соңы.

10 REM Тармақталу

Алгоритім

20 INPUT A, B, C, X

30 IF X>0 THEN Y=C*X-B

ELSE Y=A*X^2+B

40 PRINT “X=”; X, ”Y=”; Y

50 END

Бұл жерде біз тармақталу құрылымының ең қарапайым түрі, бір тармақтан тұратын мысал қарастырайық. Бұл мысалдағы шарттың орындалу реті: шарт ақиқат болса “иә” жолындағы тармақ, ал жалған болса, “жоқ” жолындағы тармақ орындалады. Сонымен, тармақталу алгоритміне міндетті түрде шартты тексеру блогы кіреді. Ол ромб түрінде кескінделіп, басқа блоктарымен бір кіріс және екі шығыс сызығы арқылы байланысады. Көбінесе тармақталу алгоритмдері екі түрде кездеседі, олар “аттап өту” және “таңдау” мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі. Тармақталу алгоритмдерін бағдарламалау үшін GOTO -көшу және IF -егер операторларын білуіміз керек.

1-есеп

Нұктемен шектелген берілген. Текстегі әр сөздің символдарының санын анықтапнәтижені баспаға төмендегідей етіп беру керек.

  1. сөздің әріптерінің саны [ ] -eң
  2. сөздің әріптерінің саны [ ] -eң

Алгоритм:

Текстегі әріптер саыны баспаға берліп отыру керек. Ол үшін 2 санағыш айнымалыны дайындап алу керек. Береуі сөздің реттік нөмірі үшін, екіншісі сөздегі әріптердің санын аңықтау үшін.

кс - сөздердің реттік нөмірі

ка - сөздегі әріптердің саны

buk-текстің кезекті символды жазып отыру керек

Program KOLBUK (I, O) ;

Var BUK:char;

Ka, kc:integer;

Begin

Read (BUK) ;

kc:=O;

while BUK < > ’ . ’ do

begin

while c < > ’ . ’ do

begin

ka=O;

repeat

ka:=ka+1;

read (BUK) ;

until BUK=’-’

kc:kc+1;

write (kc) ;

read (BUK)

end;

end.

Туған жер- тұғырың, туған тілі- қыдырың!

2-есеп

2-есеп

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау
Информатиканы оқыту әдістемесі пәні және информатика мұғалімінің кәсіптік дайындығы, оның білім беру жүйесіндегі орны
Жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәнін кәсіптік оқыту
Информатика пәнін бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаты
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық–компьютерлік және математикалық модельдеу негізі
Физикалық есептерді шығарудың әдістемесі мен тәсілдері
Паскаль тілінде алгоритмдеу
Информация, информатика
ИНФОРМАТИКАНЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Мектепте информатика пәнін оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz