Қоршаған ортаның экологиялық ахуалы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық мәселелер және оны шешу жолдары
2. Қазақстан Республикасында экологиялық мәселесінің орны

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмірі
мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-
ауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады.
Осы Заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған
ортаны қорғаудың құкықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін
белгілейді, сонымен бірге экологиялық қауіпсіздікгі қамтамасыз етуге,
шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды
әсерін болғызбауға, алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды
пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

Қоршаған ортаны қорғаудың негзгі принциптері
Адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы, халықтың
өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына
келтіру;
Экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

Қоршаған ортаның экологиялық ахуалы
Қазіргі заманда жер шарындағы халық санының еселеп артуы заңды
құбылыс. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы адамзат қауымының тез көбеюіне
қолайлы жағдайлар туғызуда. Бірақ барлық мемлекеттерде халық санының өсуі
біркелкі емес. Ол сол елдің әлеуметтік экономикасы мен экологиялық
жағдайына тікелей байланысты болып отыр. Ең маңызды факторлар - қоршаған
ортаның сапасы. Бұл проблема дүние жүзі халықтарының тағдырына, тұрмыс-
салтына, әлеуметтік және демографиялық жағдайларына өз ықпалын тигізуде.
Әсіресе әлеуметтік-экологиялық проблемалардың шиеленісе түсуі жер шарының
көптеген аймақтарында экологиялық дағдарыс, апат әкелуде. Әлемдік
экологиялық проблемалардың құрылымы өте күрделеніп, барлық тіршілік
орталарын қамти түсуде.
Қоршаған ортаға қауіпті заттардың қатарына улы заттар, ауыр
металдар, нитраттар, нитриттер, пестицидтер, т.б. жатады. Бұл заттар
Шығыс Қазақстан аймағында (Өскемен, Риддер, Зырян) шекті рауалы мөлшерден
асып кетуде. Кең таралған химиялық заттардың ішінде канцерогендердің өте
қауіптісі – бензапирен . Бұл заттармен ластану әсіресе Алматы, Атырау,
Теміртау, Жезқазған, Тараз, Шымкент, Қаратау қалаларында байқалып отыр.
Бұл заттар адам организміне ауаның құрамы, су және азық-түлік арқылы
түседі.

1. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық мәселелер және оны
шешу жолдары

Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым-
қатынастың күрделене түскені мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел
өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа жүргізілетін
ықпалын күшейіті. Әсіресе, XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, адам
мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек
шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырды, жер қойнауы мен
мұхит байлығы жедел игеріле бастады. "Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз
игілігімізге айналдырып, бермесін тартып аламыз" деген қөзқарас
қалыптасты. Мұның барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізген әсері
табиғаттың өзіне тән құбылыстардан - табиғи өзгеріс пен жел, су
тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті.
Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе, ғылыми-техникалық
өрлеумен тікелей байланысты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлем
елдерінің көбі өнеркәсібін дамыту жолына түсті. Егер соғысқа дейін
дамыған елдер қатары оннан аспайтын болса, соғыс аяқталысымен
индустрияландыру науқаны жаппай етек алды. Өнеркәсіптің дамуы жер
қойнауындағы қазбаларды игеруді ұлғайтты. Өз кезегінде бұл ауаның ластануын
күшейтті. Екіншіден, бұл жылдарды дүниежүзіндегі демографиялыкқ жағдай
да үлкен өзгеріске ұшырады. Жер шары бойынша халық саны тез өсіп кетті.
Халықтардың өсуі туралы әлемдік демографиялық сараптаманы қарап
отырсаңыз, бұған көзіңіз анық жетеді. 1700 жылы әлемде 620 миллион халық
болса, 1850 жылы ол екі есе өсіпті (1.200 млн), яғни халықтың екі есе
көбеюіне бұл тұста 150 жыл керек болған екен. Ал, бұл сан со дан кейінгі
100 жылдықта екі есеге көбейген (2.500 млн.). Ендігі кезекте екі есе өсу
үшін не бәрі 40-ақ жыл керек болды. Халықтың жылдам өсуі табиғатқа деген
"тұтыну қысымын" өсірді. Табиғат өзінен шыққан шығынды қайта қалпына
келтіріп отыратын уақытының мерзімінен жаңылды. Табиғаттың өздігінен
қалпына келуін күтпей-ақ оны жеделдете "қанау" оның жүдеушілігін тудырады.
Үшіншіден, қалалар көбейіп оларда тұратын халык саны артты. XX ғасырдың
басында жалпы халықтың 10 %-і ғана қалада тұрса, ғасыр аяғында бұл 50 %-
ке жуықтады. 2001 жылы Қазақстандағы қала халқы 54 %-ке жетті. Осынша көп
адамның шағын аумаққа жиналуы жерге түсетін салмақты күшейтті, қала мен
қала маңының ластануы ұлғайды.
Адамзаттың өмір сүру жағдайларының жақсаруы, ғылыми-техникалық өрлеу
табиғат пен қоғам арасындағы "алмасусыз" іске асу мүмкін емес. Бұл "алмасу"
сөз жоқ табиғатқа зиян келтіреді. Ал, бұл өз кезегінде адамның
денсаулығына, жер бетіндегі тіршілік дүниесіне келетін зиянға ұласады.
Мәселе - осы зиянды болдырмау, мүмкіндігінше азайта білуде, табиғаттың өз
тіршілігін сақтап, қалпына келтіруіне жағдай жасауда болып отыр. Экология
туралы ғылымның көмегі де осы жерге керек.
Бізде материалдық өндіріске баға берудің екі өлшемі (әлеуметтік,
экономикалық) қалыптасқан. Ал, қазіргі өмір осы өлшемге экологияны да
қосуды қажет етіп отыр. Әрбір салынатын өндіріс орнын әлеуметтік,
экономикалық жағынан дәлелдеумен қатар, оның экологиялық жағдайларын
(келетін зардаптары мен оны болдырмау мүмкіндігін) қоса ескеріп негіздесе,
бұл салада - қазір орын алып отырған қателікке жол берілмес еді.
Осылардың салдарынан Қазақстан қазір экологиялық жағдайы ауыр өлкенің
біріне айналып отыр.
Қазақстанның жері қаншалықты ұланғайыр болса, оның қойнауындағы табиғи
байлық та соншалықты мол, әрі алуан түрлі. Ұлан байтақ өлкенің қысы
Сібірдің кақаған аязындай бет қарыса, жазы орта Азияның аптап ыстығындай ми
қайтнатады. Жер бедері бірде тайгаға ұқсаса, бірде шөлге ауысады. Бірде
жасыл желегі жайқалған ойпаттарға кезіксең, ізінше бұйрат-бұйрат, жал-
жал құмды жоталарға жолығасың. Аспанмен таласқан асқар таулар алыстан
көз тартады. Республиканың солтүстігінен басталатын шетсіз, шексіз
жазық дала Орталық Қазақстанға таяған сайын Сарыарқаның адыр қыраттарына
ұласып, одан әрі оңтүстік пен оңтүстік шығысқа қарай Алтай, Сауыр,
Тарбағатай тауларының сілемдеріне, Жоңғарлар Алатауы мен Тянь-Шаньға иек
артады. Республика аумағын төрт аймаққа - орманды дала, дала, шөлейіт
және шөл – бөлуге болады.
Қазақстандағы 182 млн. гектар жайылымның 110 млн. гектары (60 %) әр
түрлі деңгейде зиян шекті. 7 млн. гектар орман жойылып кетті. Оларға
жануарлар мен өсімдіктердің аса бағалы түрлерінің жойылғанын қоссақ
шеккен зиянымыздың орны толмайтынын көреміз. Адамның қолымен жасалған
зиянды іс табиғаттағы зат алмасу мен табиғи компоненттердің байланысына да
әсер етпей қоймайды. Мысалы, орман ағаштарының кесілуі топырақтағы ылғал
мөлшерін кешенді, содан топырақ құнарлығы өзгереді. Соның салдарынан
өсімдіктер тіршілігіне зиян келеді, өсімдік азайған жерде жануарлар да
тұрақтамайды.
Ауыл экологиясының нашарлауы негізінен шаруашылық көзінің қалыптасқан
жүйесінің бұзылуына байланысты болып отыр. Мәселені шешуде Елбасының ауыл
мәселесін күн тәртібіне қоюы халықтың кызу қолдауына ие болып кетті.
Еліміздегі экологиялық дағдарысқа химия, мұнай, металлургия, отын
өнеркәсібінің жедел және көп мөлшерде дамуы да әсерін молайтып отыр. Жыл
сайын Қазақстандағы су қоймаларына химиялық қоспалармен ластанған 6 млрд.
м3 ағын су құйылады, 3 млн тонна зиянды заттар ауа қабатына сіңеді, 200
млн. тонна қатты қалдықтар қоқысқа тасталады. Басқа да шикізат көздерін
игеру ауаны ластаумен қатар жүргізілуде, олардың қатарына мыс, қорғасын,
мырыш, күміс, хромм, ванадий, фосфорит, барит, сурьма, тас көмір, мұнай,
т.б. кен орындары жатады. Ірі өндіріс орны болмаса да Алматыда да ауаның
қалыптан тыс ластануы байқалады. Бұл, әрине, қаланың географиялық
орналасқан орнына байланысты. Онсыз да ауа алмасуы нашар қаланың
құрылыстары оның жолына азын-аулақ бөгет болуда. Мысалы, тау аралық ауа
қозғалысының жолында тұрған аумаққа "Самал" ықшам ауданының салынуы осыны
аңғартады. Оның орнына Фурманов, Достық көшелерінің аралығындағы Медеуден
келетін ауа қозғалысының жолында тұрған осы ауданға үлкен бак, парк жасаса,
ол қаланың өкпесіне айналған болар еді.
Батыс Қазақстандағы мұнай өңдеуге негізделген өндіріс кешенінің жұмыс
істеуі облыстық қалалардың ауа тазалығына айтарлықтай нұқсан келтірілді.
Каспий суының табиғи құрамы өзгеріске ұшырады. Мұндай жагдай табиғаттың
баска да компоненттерінің сапасына қауіп төндіруде.
Адам әрекеті айрықша әсер еткен табиғи компоненттердің бірі - су
көздері. Адамның суды пайдалану мөлшері бүкіл дүние жүзі бойынша жылма-жыл
артып келеді. Әсіресе, өндірісте, ауыл шаруашылығында су көп
пайдаланылады, Осыған орай, еліміздегі ірі су көздерінің бүгінгі жайы
алаңдаушылық туғызуда. Табиғат қалыптасуы мен дамуының заңдылығын
ескермей, оған араласу, билік жүргізу де өте қауіпті. Мәселен, XX
ғасырдың орта тұсында Қара бұғаз Гол шығанағы Каспий теңізінен бөгетарқылы
бөлініп тасталды. Әлдекімдер Каспий теңізінің суын осы шығанақ жұтып жатыр
деп жорамалдап, сол арқылы теңіз суының төмендеуін тоқтатпақ болды.
Алайда, құрган қалган шығанақтың қоршаған ортаға, халық шаруашылығына
теңіз суының уақытша азаюынан гөрі зияны көбірек тиетінін ешкім ескермеді.
Кейін 25-30 жылдан соң Каспийдің төмендеуі шығанақпен байланысты еместігі,
оның жердің эволюциялық даму заңына катысты екендігі анықталды. Ғасырлық
геологиялық ырғакқа сәйкес әр 50-100 жыл сайын теңіз деңгейінің
көтерілуі немесе қайтуы болып тұратын құбылыс. Құрғап қалған шығанақ
түбінен атмосфераға жыл сайын 120-140 млн. тонна натрий сульфаты тозаңы
көтеріліп, тек Түркменстан мен Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ
Ресейдің, Кавказдың, Орта Азияның, Түркияның, Иранның, Қытайдың, Украина
мен Белоруссияның және басқа елдердің жеріне таралды, оны жел көтеріп
мыңдаған шақырымдарға жеткізді. Сөйтіп, шыганақты теңізден белу жөніндегі
ағат шешім халық шаруашылығына, табиғатқа үлкен зиян келтірді.
Нәтижесінде егіндік, шабындық жерлер азайып, ауру, өлім көбейді. Кезекті
геологиялық ырғақтың қайталануына байланысты Каспий деңгейі көтеріліп,
жағалауды су баса бастады. Сөйтіп, шығанақты бөлген бөгетті алып тастау,
теңіз суын қайта босату күн тәртібінде тұрды. Осының бәріне қанша қаражат
жұмсалғанын есептеп көріңіз. Елдің еңбегін еш кетіру деген осы да.

2. Қазақстан Республикасында экологиялық мәселесінің орны

Эқология қазіргі дәуірде адамзатты толғандырып отырған аса маңызды
проблемаға айналды. Табиғатты, қоршаған ортаны жою арқылы бүкіл қоғамды,
тіршілікті жойып жіберуге болатынын көптеген елдер түсіне бастады.
Біздің өмір сүріп отырған дәуірімізде техникалық құралмен қаруланған
адамның жер шарын аз уақытта айналып өтуі де, құрта салуы да оп-оңай.
Сондықтан әлем халықтары ел тағдырларын экологиямен байланыстырып,
экологиялық апатқа қарсы тұруы қажет. Қазақстан табиғатының өлшеусіз
байлығын игере отырып, бізді қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау да
республикада шешуін күтіп тұрған мәселе. Сырт қарағанда, оңай
көрінгенмен, бұл мәселені шешудің күрделілігін де түсінуге болады. Ол
үшін адамның менталитетін, оның моральдық, этикалық дағдыларын өзгерту
керек, табиғат пен адамның арасында жаңа көзқарас қалыптастыру қажет.
Елде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің табысты
аяқталуы да, ең алдымен, ұстанған экологиялық саясатқа байланысты. Ол
үшін жердің құнарсыздануы мен жер бедерінің жүдеушілігі (аумақтың 60 %-н
құм баса бастады), су ресурстарын тапшылығы (сумен қамтамасыз етуде
Қазақстан ТМД мемлекет ішінде ең соңғы орында), Арал, Балқаш көлдер
суалуы, Семей ядро полигоны мен басқа да әскери полигондардың, Каспий
жағалауын проблемалары, елді мекендерде ауаның, топырақ пен судың ластану
жағдайлары сияқты маңызды мәселелерді шешу мемлекеттік деңгейде қаралуы
керек. Қазақстан жерінің табиғи байлықтарының аза экономикаға қатты әсер
ететін әлеуметтік шараларды іске асыруға байлау болатыны өзінен өзі
түсінікті.
Бізде бүгінгі экологиялық дағдарысқа ғылыми-техникалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балқаштың экологиялық ахуалы
Экологиялық қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
Қазақстанның экологиялық проблемалары. Экологиялық мәселелерді шешу жолдары
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы
Қопа көлінің экологиялық ахуалы
Қазақстанда қалыптасқан экологиялық жағдайлар
Азияның көлдеріне физикалық – географиялық сипаттама
Семей полигонына қарасты территориялардың қазіргі экологиялық жағдайы
Экологиялық мәселенің мәні
Экологияның абиотикалық факторлары
Пәндер