Экологиялық заңдарды бұзушылық бойынша казус

Сөздің кең мағынасында алғанда құқықты қорғау деп құқықтың бұзылуына жол
берілмейтіндей жағдай жасайтын қоғамдық қатынастар тәртібін мемлекеттің
қолдауын айтамыз.
Қорғау құқығы бұзылған азаматтық құқықтары қалпына келтіруді
қамтамасыз ету принципі, оларды сот арқылы қорғау азаматтық заңның негізгі
бастауы ретінде айтылады (АК-тің 2-бабы).
Қатысушылардың қарауындағы субъективті азаматтық құқықтар тек қана
нақты жүзеге асырылуға тиіс емес, сонымен бірге олар субъективтік құқықтың
бұзылуымен пайда болған барлық жоғалтуларды өтеп, қалпына келтіруді,
бұзылған құқықтарды түзетуге мүмкіндік береді. Бұл тұрғыдан проф.
В.П.Грибановтың мынадай пікірі көңілге қонады: “құқық қорғау сипатының
мүмкіндігі оның құқық өкілеттігі ретінде субъективтік материалдық талаптар
мазмұнының өзімен белгіленеді”.[33]
Демек кез келген субъективті азаматтық құқық қорғауға жатады, сонымен
бірге осы құқықтың жүзеге асырушысы заңда қаралған құралдардың көмегімен
оны қорғауға тиісті құқықты еншілейді.
Азаматтық кодекстің 15-тарауының шеңберінде азаматтық құқықтағы
қорғануды кең мағынадағы меншік иесінің мүддесін қорғаудан айыра білу
керек. Кең мағынада меншік иесінің мүддесін қорғау екі негізгі нысанға
бөлінеді: юрисдикциялық және юрисдикциялық емес.
Қорғаудың юрисдикциялық түрі субъективті құқықтар бұзылғанда немесе
дауға түскенде өкілетті мемлекеттік органдардың оны қорғауға араласуы болып
табылады. Құқығы немесе заңдық мүддесі бұзылған тұста мемлекеттік немесе
басқа да құзіретті органдарға (сот, аралық сот, жоғары инстанция және т.б.)
шағынады, әлгі аталған органдар өз кезегінде бұзылған құқықты қалпына
келтіру және бұзықшылықты жою үшін өкілеттігіне сай қажетті шараларды
қолданады.
Қорғаудың юрисдикциялық нысаны бұзылған құқықтарды қорғаудың жалпы және
арнайы тәртібін белгілейді. Жалпы тәртіпке сәйкес заңмен қорғалатын
азаматтық құқықтардың мүддесін қорғау сот (төрелік немесе аралық сот)
арқылы жүзеге асады.
Азаматтық кодекстің 9-бабы жалпы тәртіппен қатар әкімшілік тәртібін де
қарастырған. Әкімшілік тәртіппен жүзеге асырылатын меншік иесінің құқығын
қорғау құралы шағым болып табылады, ол құқық бұзушылық нәтижесінде зардап
шеккен құқық иесін мүддесін қорғауға орай тиісті өкілетті органға беріледі.
Кейбір заңдарда аралас, яғни меншік құқығы мен басқа да заттық құқық
қорғаудың әкімшілік сот тәртібін қолданады. Мұндай жағдайда мүліктің меншік
иесі мен иеленушісі сотқа шағынбас бұрын мемлекеттік басқару органына
шағымданады. [34]
Қорғаудың юрисдикциялық емес нысаны заттың меншік иесі мен оны
иеленушісінің мемлекеттік және басқа құзіретті органға бармай-ақ өз
бетімен қорғауын білдіреді. Азаматтық кодекстің тұжырымдарында аталған
әрекеттер “азаматтық құқықтардың өзін өзі қорғауы” ұғымымен байланысты (АК-
тің 9-бабы) және меншік құқығы мен басқа заттық құқықтарды қорғаудың бір
әдісі ретінде қаралады.
Азаматтық құқықтың өзін өзі қорғауы өзінің заңды табиғатында құқық
қорғау әдісі болып табылмайтын өзіндік нысанын еншілейді деген пікір де
бар. Мәселен, проф. А.П.Сергеев қорғанудың дербес түрі ретінде өзін өзі
қорғау құқығы сот және әкімшілік нысандарымен бірдей қаралуы керек
дейді.[35] Біздің де пікірімізше, өзін өзі қорғау құқығына ешкімнің
тиіспейтіндігін қамтамасыз етуге, бұзылған құқықты қалпына келтіріп, оның
салдарын жоюға бағытталған өкілетті тұлғаның заң немесе шарт негізінде
әрекет етуге жол берілген азаматтық құқықты қорғаудың дербес нысаны болып
табылады.
Жоғарыда айтылған құқықтық қорғаудың кең мағынасын меншік құқығын
қорғаудың (және басқа да заттық құқықтың) арнайы құрал жүйесінен айыра
білуі керек. Мұндай арнайы қорғану құқық бұзушылықтың сипатына байланысты
келеді. Меншіктің абсолютті құқығы немесе басқа да заттық құқығы (мысалы,
мүлікті алып қою) ретінде тікелей құқық бұзушылық кезінде заттық-құқықтық
сипаты бар құралдары оны қорғауға кіріседі. Құқық бұзушы мен өкілетті тұлға
арасында міндеттемелік қатынас болған ретте (мысалы, жалға алушы шартта
көрсетілген мерзімде затты меншік иесіне қайтаруға тиіс болса)
міндеттемелік құқықтың қорғау құралдары қолданылады. Міндеттемелік-құқық
құралы талап қоюға тән нәрсе, ол бірден меншік құқығынан көріне бермейді,
азаматтық құқықтың басқа институтттарына негізделеді, яғни міндеттемелік
талап қою меншік құқығын тікелей емес, соңында, яғни ақыр аяғында қорғайды.
Ал меншік құқығын қорғаудың заттық-құқықтық құралы меншік құқығын қорғауға
тікелей бағытталуымен сипатталады және қандай да бір нақты міндеттемемен
байланыста болмайды. ҚР-ның заңдары жәбірленушінің құқық бұзушыға қарсы
талап қою түрін таңдау мүмкіндігін (айталық, шарттық немесе заттық-
құқықтық) бермейді, бұл орайда шетелдердегі “талап қою бәсекесі” деп
аталатын жағдайларды қолдамайды.
Азаматтық құқық институттарының әр түрінен туындайтын не заттық-
құқықтық, не міндеттемелікке жатпайтын ерекше қорғау тобы белгіленген.
Мысалы, хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе өлді деп жарияланған
адамдардың меншікке мүліктік құқықтарын қорғау (АК-тің 29, 32-баптары),
кепіл ұстаушының жауапкершілігі туралы және т.б. болып табылады.
Азаматтық құқықты қорғаудың жаңа құралдары АК-тің 9-10 баптарында
қарастырылған. Бұл баптарда бұрын-соңды заңдарда қаралмаған жолдары
көрсетілген. Мысалы, моральдық зиянды өтеу, яғни тұлғалардың өзіндік
мүліктік емес иеліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемітілуі немесе олардан
айырылуы, соның ішінде жәбірленушінің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың
жасалуы салдарынан басынан кешірген жан азабы немесе тән азабы. Моральдық
шығын ақшалай нысанда төленеді. Екінші бір жағдай, ол мемлекеттік билік
органының заңдарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың
лауазымды адамдарының әрекетімен (яки әрекетсіздігімен) келтірілген залалды
өтеу механизмі енгізілген (9-баптың 5-тармағы).
Азаматтық-құқықтық қорғаудың әдістері дегеніміз: а) зат иесінің ол затты
біреудің заңсыз иеленуінен өзіне зат күйінде қайтарылуын талап етуі
(виндикация); ә) иемдену еркінен айырмай-ақ заңды пайдалануға жасалып
отырған кедергіні жоюды талап ету (негаторлық талап); б) затты жойып
жіберген немесе бүлдірген жағдайда зиянның (шығынның) орнын толтыру
(ақшалай құнын өтеу); в) басқа бір адам негізсіз ие болған немесе сақтап
қалған, виндикация жолымен немесе зиянның орнын толтыру арқылы қайтарып
алуға болмайтын заттың құнын зат иесіне ақшалай төлеу.
Меншік құқығын қорғаудың алғашқы екі әдісі меншік иесіне затты сол
қалпында иемдену, пайдалану және оған билік жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз
етуге бағытталған. Талап ету – затты иесіне қайтару немесе пайдалануға
тигізіп отырған кедергіні жою туралы сотқа қойылған талап заттық-құқықтық
талап деп аталады. Аталған әдістердің соңғы екеуі міндеттемелік құқығына
жатады – мұндай жағдайда меншік иесіне заттың ақшалай ақысы төленеді, ал
тиісті талаптар міндеттемелік талаптар деп аталады.
Қорғау құқығы проблемасы бұл тек материалдық құқықтың ғана проблемасы
емес, ол сонымен бірге азаматтық іс жүргізу құқығының да проблемасы болып
табылады. Сонымен бірге азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында қорғау
құқығы, әдетте, талап қою құқығы туралы мәселеге келіп тіреледі. Бұл орайда
талап қоюға құқық туралы мәселені шешуде айтарлық алшақтық туындайды.
Авторлардың бір тобы талап қоюға берілетін құқық ұғымынан келіп талап
қою “құқықты сотпен қарау құралы ғана болып табылады” деген пікірге
тоғысады.
Мұндай көзқарастар континенталды құқықтың талап қою теориясы үшін де
сипаты жағынан сай келеді. Франция ғалымы Леон Жюлио де ла Морандьер осыған
байланысты былай дейді: “талап арыз тұлғаның нақты құқықтық жағдайын немесе
жаңа заңдық жағдайды құруы үшін сотқа сот әділдігін жүзеге асыруға
жәрдемдесетін, ерікті, заңдық әрекет болып табылады, ... талап қою дегеніміз
оны беру құқығын еншілейтін иеленушінің өзіне тиесілі сотқа жүгіну
құқығынан басқа ештеңе де емес”. Лео Розенберг (ФРГ) болса, “талап қою –
сот шешімі арқылы құқықты қорғау үшін сотқа жүгіну” деп анықтама береді.
Осы анықтамалардың қай-қайсысы да талап қоюды белгілі бір тұлғаның
тиісті мүддесіне қатысты сот шешімімен болатынын айқындап берген Рим
құқығының анықтамасымен сәйкес келеді.
Автордың енді бір тобы талап қоюға құқықты материалдық мағынада және
талап қоюға құқықты іс жүргізу мағынасында бөліп қарау керектігін ұсынады.
Бұл орайда талап қою құқығына қатысты проблемаларды зерттеген авторлардың
талап қоюды материалдық-құқықтық және іс жүргізу (процессуалдық) нысандарын
бірлікте қарауы көңілге қонады. Сондықтан да В.П.Грибанов құқықты қорғау
проблемасы тек талап қою қорғау нысанымен шектелмейтіндігін және талап
қоюдан басқа да қорғау түрлерінің бар екендігін көлденең тартады.
Меншік құқығын қорғаудың тиімді құралын іздестіруде заңдық рәсімдерді
жеңілдетуге деген ынта күшейе түсті. Қазақстанда талап қоюға байланысты
жалпы іс жүргізу тәртібі өте-мөте ауқымды болғанын айта кеткен жөн.
Сондықтан да азаматтық сот құқықтық рәсімдері арқылы іс жүргізу, әсіресе
бұйрық арқылы іс жүргізу (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 13-тарауы),
ықшамдай түсу сотпен қорғау ісінің тиімділігіне жағдай жасайды.
Әдебиеттерге қарағанда, көптеген елдерде бұйрық арқылы іс жүргізу бар
екендігін көреміз, айталық, ол көне рим, ағылшын, басты герман және швед
үлгілері түрінде кездеседі. Мысалы, рим құқығында сот бұйрығының болмысы
преторлық қорғау нысанында болды, претор өтініш берушінің тілегі бойынша
қандай да бір әрекеттерді тоқтататын болған, бұл орайда ол өтініш берушінің
бұзылған мүддесін ескерген. Мұндай үкім интердикті деп аталады.[36] Ал
герман құқығында да шарт қойылған және сөзсіз сот бұйрығы бар. Мысалы, оның
соңғысы соттың бұйрығынан немесе тыйым салуынан көрінеді, онда жауапкердің
қойылған мәселе бойынша ақталуына жол берілмейді. Ондай бұйрықтарды беру
жауапкерді шақырмай-ақ және оның түсіндірмесін тыңдамай-ақ талап қоюшының
бір жақты өтінішімен жүзеге асырылады.
Бұйрық бойынша іс жүргізу Қазан революциясына дейінгі ресейлік сот ісі
жүргізуінде болған. Кейін, РСФСР-дың 1923 жылғы азаматтық іс жүргізу
Кодексінде (210-219 баптары) сот бұйрығының рәсімі енгізілген еді. бірақ
1964 жылы қабылданған Қазақ КСР азаматтық іс жүргізу Кодексінде ондай
институт түбегейлі алынып тасталды.
Венгрияда сот бұйрығы 1972 жылы енгізілді, ал Чехияда ол төлем бұйрығы
деп аталады (АІЖК-нің 172-174-баптары), чек және вексельдік бұйрықтар
түрінде белгілі болды.
Сот бұйрығы институтына жасалған талдау қорғаудың сот құрамы тұрғысынан
азаматтық құқықтар мен заңмен қорғалатын мүдделерді қорғауда сот қаулысының
мұндай ерекше түрі қорғаудың тиімді құралы екендігін көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасының АІЖК-нің 139-бабына сәйкес сот бұйрығы былайша
айқындалады: “өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе
жылжымайтын мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны
олардыңтүсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ,
даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша
шығарылған судьяның актісі болып табылады”.[37]
Заң бойынша қорғау объектісі тек қана субъективтік азаматтық құқықтар
ғана емес, сонымен бірге ол заңдармен қорғалатын мүдделерді де қамтиды.
Қорғалатын мүдделер субъективтік құқыққа байланысы жоқ дербес түрде бола
алады. Мысалы, оған адамның ар-намысы мен абыройы жатады. Қорғауға жататын
мүдде құқық бұзушылық нәтижесінде субъективтік құқықтың өзі тоқтатылған
жағдай да болуы мүмкін. Мысалы, зат жойылып кеткен кезде оған меншік
құқығын қорғау мүмкін болмай қалады. Мұндай жағдайда бұрынғы меншік иесінің
заңмен қорғалатын мүддесін қорғау және мүліктік жағдайын қалпына келтіру
мәселесі қойылуы мүмкін. Демек, заңмен қорғалатын мүдде қорғаудың дербес
объектісі ретінде жиі кездесетінін байқаймыз.
Залалды өтеу сот қорғауының әмбебап нысаны болып табылады. Азаматтық
құқықта қолданылатын “залалдар” (АК-тің 9-бабының 4-тармағы) экономика
ғылымындағы тап сондайұғымнан айтарлықтай ерекшеленеді. В.И.Кофман
пікірінше залалдар экономикалық категория ретінде құқық бұзушылық
нәтижесінде көрінуі міндетті емес.
“Залалдар” ұғымын “зиян” және “нұқсан” категориясынан айыра білу керек.
Заң әдебиетінде залалды келген нұқсанның ақшалай бағалануы деген
анықтама да кездеседі, әңгіме бұл арада заңсыз әрекет пен бір тұлғаның
екіншісінің мүлкіне келтірілген нұқсаны жөнінде болып отыр.
Зиян ұғымы әркез ақшалай нысанда бола бермеуі мүмкін, сондықтан да бұл
ұғым залалға қарағанда әлдеқайда кең ұғым. Бұл орайда О.С.Иоффе дұрыс
айтады, яғни оның пікірінше зиян ұғымына қатысты залал дербес ұғым, зиян
заттық және әлеуметтік мағынада қолданылады дейді.[38]
Азаматтық кодекс “залал” және “нұқсан” ұғымдарының ара жігін ашып
береді, нақты нұқсан залалдың құрамдас бір бөлігі болып табылады (АК-тің 9-
бабының 4-тармағы). Егер “зиян” ұғымына келетін болсақ, ол ақшалай
міндеттемеге қатысты.
Азаматтық заң залалды толық өтеу принципін тәртіптейді. АК-тің 9-бабының
4-тармағына сәйкес құқығы бұзылған тұлға, егер заң құжаттарында немесе
шартта өзгеше көзделмесе, келтірілген залалды толық өтеуді талап ете алады.
Залал дегеніміз құқығы бұзылған тұлғаның жасаған немесе жасауға тиісті
шығыстары, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-
ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның
алуына болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда) болып
табылады.
Залалды толық өтеу принципін қолдану жәбірленуші жақтың, сонымен қатар
меншік иесі мен титулды иеленушінің құқығын қалпына келтірумен өлшенеді.
Кеңес Одағы кезінде бұл қағида сөз жүзінде айтылып тұрса да, толық
көлемде қолданылған жоқ, өйткені, бұл жоспарлы көрсеткіштермен, нормативті
пайдамен байланысты болды.
Жаңа заң бойынша залалды өтеудің мәні меншік иесінің немесе иеленушінің
мүлкін қалпына келтірумен бағаланады, мұның өзі оның бұзылған құқығын
қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Залалды қалпына келтіру кезінде меншік
иесінің тиісті мүлкінен артық ештеңе алуына жол берілмейді. Мұндай проблема
залалдар мөлшерін айқындауының нақты реттеу мен әдістерін қолдана отырып
шешіледі. ´кінішке орай қазіргі қолданылып жүрген азаматтық заңдарда
залалды бүге-шүгесіне дейін есептеу жасалмаған. Ондай кемшіліктер сот
тәжірибесі арқылы түзетілуі қажет.
АК-тің меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғауды қамтыған 15-
тарауында (бұрынғы ҚазКСР АК-іне енбеген) меншік иесінің құқығын қорғауға
бағытталған екі ереже енгізілген, олар: 1) заңда қаралған негіздер бойынша
оның құқығын тоқтату кезінде (АК-тің 266-бабы); 2) меншік иесінің және
басқа тұлғалардың құқығын бұзатын билік органының, басқарудың және
лауазымды адамдардың нормативтік немесе жеке құжаттарын шығару кезінде (АК-
тің 267-бабы).
Бірақ та аталған нормалар мен қаралған құқықтық құралдар заттық-құқықтық
категорияға толық түрде қатысты бола алмайды. Сонымен қатар, егер Қазақстан
Республикасының заң актілерін қабылдау нәтижесінде әлдекімнің меншік құқығы
тоқтатылса, меншік иесінің мүддесін қорғау залалды өтеу жолымен, яғни
міндеттемелік құқықтық талап қою көмегімен жүзеге асырылады.
Сондай-ақ міндеттемелік-құқықтық талап қою арқылы билік органының,
басқарудың және лауазымды тұлғалардың шығарған құжаттыр нәтижесінде
келтірілген залалдар өтелетін болады (АК-тің 267-бабының 2-тармағы).
Жалпы алғанда қазақстандық азаматтық құқықтың залал ұғымына көзқарасы
(нақты нұқсан, айырылып қалған пайда), тәртібі мен оны өтеу мөлшері жағынан
роман-герман жүйесіне тән келеді. Сонымен бірге “жалпы құқыққа” қатысты
елеулі ерекшеліктері бар. Мәселен, залалдың маңызды ерекшелігі оның өтеу
сипатын еншілеуі дер едік, өткені оған айыппұл залалдарын өндіріп алу
жатпайды (мысалы, АҚШ-тың Бірыңғай сауда кодексінің 1-106 бабы былай дейді:
“құқықтық қорғаудың құралын еркін қолдану”).
Меншік құқығының бұзылғаны үшін ақшалай өтем қолданылатын ағылшын-
американдық құқықтан Еуропа континенталдық елдерінің құқығының айырмашылығы
– меншік құқығын қорғаудың негізгі әдісі қорғаудың ерекшеленетін (заттық)
әдісі болып табылады. Мұндай тұжырымды дәлелдей түсу үшін Швейцарияның
Міндеттемелік заңының 97-бабын келтіруге болады, залалды өтеу туралы талап
ету орындау затты бәз қалпында қайтару мүмкін болмаған жағдайда ғана орын
алады.
Залалдарды өтеудің осы айтылғандарына сәйкес меншік құқығы мен басқа да
заттық құқықтарды қорғауда маңызды аспект бой көтереді. Меншік құқығы мен
басқа заттық құқықтарды қорғаудың проблемаларын салыстырмалы түрде зерттеу
жүргізгенде автор мынандай қорытындыға келді, яғни меншік құқығын бұзуды
жоюдың мүмкіндік көлемі, құқық бұзылғанша болған жағдайды қалпына келтіру,
залалдарды өтеу қолданылатын қорғау құралдарына байланысты болады. Демек,
Қазақстаннның цивилистік ғылымының аса маңызды міндеттерінің бірі заттық
құқықтарды қорғаудың мейілінше оңтайлы шамасын таңдауды айқындау болып
табылады. Бұл орайда өркениетті елдердің тәжірибесіне сүйенген жөн,сонда
кейін ҚР-да меншікті бекіте түсуге нақты ықпал жасалмақ.
Дамыған елдерде экологиялық сақтандыру – экологиялық зиянды өтеудің ең
тиімді тәсілі болып табылады. Оның басты мақсаты – төлем қабілеті жоқ
борышкерге талап қойып отырған адамдарды қорғауды қамтамасыз ету.
Экологиялық қауіпсіздікті басқару жүйесінде қоршаған ортаны ластағаны
және азаматтардың денсаулығы үшін жауапкершілікті сақтандыру әлеуметтік-
экономикалық, өтем және привинтивтік міндеттерін жүзеге асыруға
бағытталған.
Экологиялық сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық міндеті оның қоршаған
ортаны қорғаудың экономикалық механизімінің ажырамас элементі, азаматтардың
қоршаған қолайлы ортаға және денсаулығына келтірілген зиянды өтеудің кепілі
болып табылатынында.
Экологиялық сақтандырудың привинтивтік міндеті мынадай факторлармен
анықталады:
Біріншіден, сақтандырушы қауіпті объектінің қауіпсіздігі жағдайын
тексеруге құқылы.
Екіншіден, сақтандырушы сақтандыру жағдайының туындауы сәл ықтимал
болған жағдайда сақтандыру төлемдерінің ставкаларын төмендетіп немесе
көтеріңкі қауіп пайда болған кезде көтеріп (заңда белгіленген мөлшерден
асырмай), сақтандыру ставкаларымен әрекет жасай алады.
Үшіншіден, сақтандырушы, егер сол сақтандырушыда сақтандыру жағдайының
туындауы мүмкіндігі өте жоғары болса, шарт бекітуден бас тартуға құқылы
(бұл экологиялық жауапкершілікті заңға сәйкес сақтандыруға міндетті
кәсіпорын үшін, экологиялық қауіп деңгейін азайту шараларын жүргізу үшін
қосымша ынталандырады).
Төртіншіден, сақтандырушы сақтандыру шартында қауіпті ықтимал объектінің
апатсыз жұмыс істеуі үшін экономикалық ынталандыру шараларын: төлеген
сақтандыру қаржыларының бөлігін қайтаруды немесе олардың ставкасын сол
сақтанушы үшін төмендетуді көздеуге құқылы.[39]
Сонымен, экологиялық сақтандыру сақтандырушы мен сақтанушыны экологиялық
апаттардың қаупін азайтуға мүдделі қылады.
Экологиялық сақтандырудың превентивтік міндеті әсіресе Германияда жақсы
байқалады: ол жердің іскер әріптестері экологиялық қауіпті сақтандырмаған
кәсіпорындармен ынтымақтастық жасамайды.
Экологиялық сақтандырудың өтемдік міндеті экологиялық зиянды толық өтеу
принципін қамтамасыз етуді және жүзеге асыруды көздейді. Сонымен бірге,
экологиялық зиянды сақтандыру төлемдері арқылы өтеу экологиялық зиянды
өтеудің өзге де механизмдерімен (экологиялық жәрдемақыларды әкімшілік
тәртіпте төлеу, зиянды өтеу туралы талап арыздар беру, әлеуметтік қорғау
және т.б.) тығыз байланыста.
Экологиялық сақтандарудың нормативтік базасы жалпы азаматтық заңдардан,
сондай-ақ экологиялық жауапкершілік және сақтандыру туралы арнайы заңдардан
тұрады.
Заң әдебиетінде сақтандырудың ерекше түрі ретінде экологиялық
сақтандыруды құқықтық реттеу жеке заңдармен немесе басында заңы бар
нормативтік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz