ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Астананың абаттануы, сәулетінің өсуі таза ауа, қоңыржай климатты аяда жасампаздық жолына жалғасса зайыр! Бұл - еліміздің бас қаласының тұрғындары мен оның табалдырығын күнде дерлік аттап, төріне озатын жер жаһаннан жиналатын мыңдаған меймандарының да денсаулығы мен мәнді демалысының кепілі, тіпті, мемлекет, ұрпақтар мерейлерінің кемел келешегі. Елбасы елорданың өз іші мен оның маңын жасыл желекке орау ісіне осыдан да қатты көңіл бөлумен келеді.
Жаз айының басында Президент “Жасыл аймақ” РМК-ның жұмыстарымен жылдағы қалыптасқан дәстүрмен танысқанда, осы бағыттағы атқарылып жатқан игі істердің нақты жемісі мен ықтиятына баса көңіл бөлді. Келешекте тұрғындары миллионға жуықтайтын жаңа Астана төңірегінің бұрынғы селеуі тербеліп, жусаны ғана жұпар шашқан медиен даласы бұл күндері Елбасының тұрлаулы бастамашылығымен, нақты қолдауымен саясы мол, ауасы таза, желегі молынан жайқала бастаған жасыл белдеуіне айналып келеді.
“Жасыл аймақ” республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қойып отырған міндеті аса салмақты. Аталмыш мамандандырылған ғылыми-өндірістік бағытқа бейімделе бастаған ұжым Астана маңының 75 мың гектар алқабын 2015 жылға дейінгі мерзімде жұпар иісті орманы сыңсыған, аң-құстары жыртылып айырылатын мекенге айналдыруы керек. Қазірдің өзінде елорда төңірегінің 30 мың гектарында жасыл желек сыбдыр қағып, оның саясын ұшқан құстары мен жүгірген аңдары еркін паналауда. “Жасыл аймақтықтар” осы қарқынмен енді қалған 9 жылдың ішінде тағы да 45 мың гектар алқапқа Арқа климатына бейімделген жиырмадан астам ағаш түрлерін жапырақ жайғызбақ.
Болашақта бас қаланың төңірегін осылайша жасылдандыру 155 мың гектарға жетуі де осы күннен межеге алынуда. Әрине, мақсат қою да оның іске асуына таған қалау бар. Ұлан-ғайыр бұл міндеттің жасыл өскіндері қазірден-ақ, Астана қапталындағы Қосшы ауылында жапырақ жайған “Ақ қайың” ботаникалық шағын тұқымбағында берекеге ойыса көрініс беруде. 110 гектар жерді алып жатқан тұқымбақ орманшыларды жылына 10 миллиондай көшетпен қамтамасыз етеді.
Елордадан 600-700 шақырым қашықтықтарға дейінгі төңіректердегі табиғи жағдайда жайқалып тұрған ормандардан және аймақтың оңтүстік өлкелерінен әкелінетін осы өңірге бейімділігінің генетикалық қоры бар жүздеген ағаш тамырлары алдымен тұқымбақта Арқаның ауа райы мен топырақ құнарларына жерсіндіріледі. Бүгіннің өзінде емендердің бірнеше түрі мен қылқан жапырақты ағаштардың 26 түрі Астана маңындағы 30 мың гектар орман алқабында желек жайып тұр. Әр көктемде кем дегенде елорда төңірегіне жаңадан 5 мың гектарға ағаш көшеттерін отырғызатын орманшылар Астананы жасыл желекке бөлеуді ғылыми негізделген, өндірістік қуаттармен жарақтандырылған маңызды 6 бағытта, яғни Шортанды, Атбасар, Малиновка, Рождественка, Аршалы және Ерейментау бағыттарында тиянақты атқарып келе жатыр. “Ақ қайың” тұқымбағында ғалым-селекционерлер осы күні нақты тәжірибемен ұштастыра зерделі зерттеулер жүргізіп, қылқан жапырақты ағаштардың 113 түрін Астана маңына жерсіндірумен айналысу үстінде. Биылғы көктемде ғана осы тұқымбақтан алынған жүздеген көшеттер елорда маңына егілген 5 мың гектардағы жасыл желектердің сапына қосылып, тамыр жайып бекінді.
- Елбасының әр жылы істеген жұмысымызды уақыт тауып, көріп қайтуы - бізді қанағаттандыруда. Өйткені, еңбегіміздің ел мен мемлекетіміз үшін қаншалықты маңызы барлығын зерделей түсеміз. Әр жұмыскеріміз де мұны анық пайымдайды. Істің сапалы, мерзімінде атқарылуына осы ахуал айрықша ықпал етуде, - дейді бізге “Жасыл аймақ” республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Жұматай Сүйіндіков.
“Жасыл аймақ” РМК-ның Астана маңының 30 мың гектарын жасыл желегімен жауып үлгерген алқаптарындағы емендер мен қылқан жапырақты өзге де ағаштардың 26 түрі жерсінген осынау істің келешегі кемел боларына кепілдік беруде. Сондықтан республикалық бюджеттен бөлінер қаржы да өсуде. Мәселен, алғашқы жылда бұл іске аталмыш бюджеттен небәрі 40 миллион теңге ғана берілген болса, келе-келе ол сан - 70, жыл өткізіп - 80 миллионға, ал биыл 1 миллиард теңгеге жетіп отыр. Осының өзінен-ақ, Астана маңының жасыл белдеуін, жапырағы жайқалып, аң-құстары жыртылып айырылар орман-тоғайларын өсіруге деген мемлекет тарапынан жасалып келе жатқан ұлан-ғайыр қамқорлықтардың деңгейлерін байқауға болар. Халық үшін, ел үшін Елбасы тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтың осы маңдағы бір ғана парасы мен “Жасыл аймақ” секілді шағын ұжымның жасампаздыққа ұласып жатқан ұлағатты жұмысы бұл.
- Астананың орманы мен бар маңы елорданың тұлғасы ерен тұрпатына сайма-сай қарағай тамырлы, бәйтерек бітімді болуы үшін осы тиянақ пен жұмыс тәртібінен, ырғақты еңбектен жаңылмаймыз, - деп уәде берісті Елбасына Астананың жаңадан құрылған бес орман шаруашылықтарының білек түріп, бел шешпей тер төгіп жатқан жұмыскер жәмиғаттары . . .
Кезінде майысқан қара тал мен тербелген терегінен өзге ағаш жерсіне алмаған Астана қаласы мен оның маңының алаптары тап қазір жұпар шашқан қарағай мен сымбаты келіскен ақ қайыңдарға сыңсып тұр. Осындай орман белдеулері болашақта да еліміздің бас қаласын ғана емес, бүкіл республикамызды жасыл құшағына “Жасыл ел” бағдарламасы арқылы алатыны сөзсіз. Игіліктің бастауы Астанадан қуат алып, қазақтың байтақ даласына жасыл орман болып жол тартып бара жатыр!
Жемісті жұмыс жеңісті жолдар кепілі
Астана іргесінде өзге өңірлерге өнеге боларлық осындай тұшымды тірліктер көп. Соның бірі - осы Қосшы ауылында орналасқан, 2001 жылы ғана шаңырақ көтерген мал шаруашылығы жөніндегі “Асыл түлік” республикалық асыл тұқымды мал өсіру орталығының игі қадамдары. Бұрынғы Целиноград облыстық мемлекеттік асыл тұқымды мал өсіру стансасының негізінде құрылған бұл орталық еліміздегі “Ауыл шаруашылығының өсімдіктері, жан-жануарлары мен микроорганизмдерінің генофондын сақтау, дамыту және пайдаланудың” республикалық бағдарламасын жүзеге асырудың аясында жемісті жұмыс істеуде. Ұлттық академиямыздың академигі, белгілі ғалым Көпмахамбет Елемісов басқарма төрағасы болып тізгінін қолға алған ұжым осы күндері асыл түлік өсірудің ортасын әлемдік талаптарға сай көтеру қарқынынан малдың генетикалық жақсаруы деңгейінің жоғары тұруын мақсатқа ала, еңбектенуде. Бұл - сөз жоқ, ерекше, әрі ғылыми негізі әлеуетті талпыныс!
Мұнда ірі қара малдың сүт өнімділігі бағытындағы - голштиндік қара-ала, айрширлік, қара-ала тұқымдық, далалық қызыл және әулиеаталық тұқымдары, өнімділіктің қосарланған бағытындағы - алатаулық, симментальдық, швицкая-костромская тұқымдық ірі қаралары, еттік өнімділік бағытындағы - қазақтың ақ бас, әулиекөл, қалмақ, сантагертруда, галловейская және абердин-ангусскаялық аудандастырылған ірі қара генофондын пайдалану, тарату жолға қойылуда. “Асыл түлік” орталығы асыл тұқымды қара малдың - 15, қойдың 10 түрін бағуда. Қойлардың арасында шетелден біреуін 5 мың долларға сатып алған тұқым да, өзіміздің қаракөл мен дегерес тұқымдары, Австрия қошқарлары да бар.
- Мал тұқымын асылдандыру - кезек күттірмейтін міндеттердің бірі. Еліміз Бүкіләлемдік сауда ұйымына өтетін болса, жержүзілік рынокта бәсекеге төтеп беретін ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде Бүкіләлемдік азық-түлік ұйымының талаптарына сәйкес болатын тамақ өнімдерін қайта өңдеп, аса сапалы, дәмді, экологиялық жағынан таза азық-түлік жасауды қолға ала бастауымыз керек. Асыл тұқымды төрт түліктердің өнімдері де асыл болмақ, - дейді “Асыл түлік” республикалық асыл тұқымды мал өсіру орталығы басқармасы бастығының орынбасары Жора Амантай.
Осы күнде орталықта асыл тұқымды бұқалардың 130 басы бағылуда. Олардың арасында сүттік өнімділік бағытында өсім беретін отандық және шетелдік түліктермен будандастырылған 40 асыл тұқымды бұқалар да бар. Кәсіпорын республикамыздың барлық өңірлеріндегі меншік түрлері әр басқа ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің түліктерін осы асыл тұқымдардың ұрықтарымен жасанды ұрықтандырумен айналысады. Бұл жұмыстар негізінен 11 облыстағы дистрибьюторлық орталықтардың, ауыл шаруашылығы департаменттерінің, аумақтық басқармалардың күштерімен атқарылып келеді. Кәсіпорындағы өндіргіш-бұқалардың 100-інің ұрығынан туған тұқымдары республиканың 11 облысының 85 шаруашылығында жоғары сапалы түліктер ретінде бағаланды. Осы асыл тұқымды бұқалардан тараған сүтті сиырлар 6-8-ден 14 килограмға дейін сүт береді. Және де сүтінің майлылығы 3, 7-4, 3 пайызды құрауда. Қазақтың ақ бас сиырлары мен француздың әйгілі “Шароле”, ағылшынның “абердин ангус” тұқымдарын будандастыру арқылы дүниеге келген “Әулиекөл” бұқасының салмағы - 1 тонна.
- Біздің мал тұқымын асылдандыруға бағыт ұстаған шаруаларымыз қатаң ғылыми негізделген, зерттелген аяда жүреді. Әлемнің және отандық сала ғылымының практикалық сұрыптауынан өткен зерт істерінің нәтижелеріне арқа сүйей отырып, осы бағыттағы өз ізденістерімізді тоқтатпаймыз. Бұл - аса үлкен еңбекті, тиянақтылықты, ең бастысы - ғылыми зердені талап ететін шаруалар. Ұжымымыздың осы міндеттерді абыроймен атқарып келе жатқаны риза етеді, - дейді селекция бөлімінің бастығы Болат Естаев.
Әлбетте, асыл тұқымды түліктердің аталған өнімділік қасиеттері жем-азықтардың сапасына тікелей байланысты. Сондықтан, “Асыл түлік” акционерлік қоғамы өткен жылы 334 тонна табиғи шөп, 75 тонна люцерн, 122 тонна құрама-жем, 66 тонна арпа, 120 тонна сәбіз, 40440 дана жұмыртқа мен 2410 тонна тұз әзірлеген. Бұл - айтуға жеңіл болғанымен, тер тамшылата, қажыр жұмсай атқаратын толағай шаруалар.
Енді бір атап айтар шаруа - биылдыққа ғана асыл тұқымды бұқалар ұрығымен 7000 сиыр ұрықтанып, олардан 2958 бұзау алынғаны. Селекциялық жетістіктерге жетудің оңтайлы жолдарының бірі - мал шаруашылығындағы эмбриондарды трансплантациялау тәсілі екені анық. Осы мақсатпен орталықта 2002 жылдан бастап голланд және американ селекциясы арқылы алынған ұрпақ таратушы жұптардың жоғары сападағы эмбриондарын трансплантациялау жұмыстары жүргізіліп келеді. Мал өсіруші тұрғындар мен ауыл шаруашылығы ұжымдарының тапсырыстары бойынша 2006 жылдың ішінде “Асыл түлік” акционерлік қоғамы тек қана Ақмола облысына ғана асыл тұқым таратушы бұқалар мен қошқарлардың 200 мыңнан астам дозадағы ұрықтарын түліктерді жасанды ұрықтандыру үшін таратпақшы. Бәрі де ғылыми негізде, әлемнің Ресей, Словакия, Франция, Канада, АҚШ секілді мемлекеттеріндегі жұмыстары жолға қойылған ірі зерттеу-практикалық орталықтармен, Бүкіләлемдік азық-түлік ұйымымен іскерлік байланыстар аясында өрбітілуде.
Ауыл шаруашылығы түліктерінің генофондын осылайша сақтап, пайдалану жолындағы бұл жақсы жұмыстары үшін Астана іргесіндегі “Асыл түлік” акционерлік қоғамында үстіміздегі жылдың 25 маусымында болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та ұжымға орынды ризашылығын білдірді.
Бір сөзбен айтсақ, “Асыл түлік” секілді мал өсіру жөніндегі орталықтардың іскерлік, ғылыми және практикалық жемісті қадамдарының арқасында республикамызда сапалы өнім беретін төрт түліктердің саны ұлғая түсуде. Қой мен ешкі қазір - 15 миллионға, ірі қара - 5, 5 миллионға, жылқы 1 миллион 200 мыңға жуықтап қалды.
Өрісіміз төрт түлікке толып, ырысымыз қайта тасыр уақыт та жақындап келеді, ағайын! Осы бір қайырлы қадамдар ұзағынан болғай!
Біздің елімізде маңызды экологиялық проблемаларды шешу мақсатында 2004-2005 жылдарға арналған Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы жасалып, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мақұлданған болатын.
Осы Тұжырымдаманы іске асыру мақсатында Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде “2005-2007 жылдарда Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау” және “2005-2015 жылдары Қазақстан Республикасында шөлейттенумен күресу туралы” екі бағдарлама жасалды. Олар бюджеттік қаржымен қамтамасыз етіліп, Тұжырымдамада айтылған тапсырмаларды орындаудың мерзімдері мен экологиялық қамтамасыз ету тетігін анықтап берді. Тұжырымдаманың әзірленуі мен оны жүзеге асырудың барысын Үкіметтің жіті назарда ұстауы экологиялық саладағы мемлекеттік бақылау жүйесін дамытудың негізгі айғағы болып табылады.
Осындай нақты шаралардың бірі - Табиғатты қорғауды бақылау комитетінің құрылуы. Комитеттің негізгі міндеті - меншік түріне қарамастан, мемлекеттік ұйымдардың, шаруашылық субъектілерінің табиғатты қорғау заңдылықтарын орындауы мен сақтауын бақылау және құқық қолдану қызметінің тиімді әдістемелер жүйесін дамыту. Комитет осы бір жарым жылдың ішінде 32 мыңнан аса тексеріс жүргізіп, табиғатты қорғау заңдылықтарының 47 мыңнан аса бұзылғандығы көріністерін анықтады. Келешекте біздің қызметімізді өрістету Елбасының халыққа Жолдауында айтылған қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәселелерді шешу жөніндегі нақты тапсырмалардан туындайды. Осыған байланысты комитеттің ұйымдастыру жұмысында заңдылықтарды тиімді қолдану әдістемесіне айрықша мән беріледі.
Біздің қызметіміздің негізгі бағыты қоршаған орта жағдайын тұрақты бақылау барысында дамыған, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесін енгізе отырып, заңнаманы сақтамаған ұйымдарға ескерту жасаумен шектеліп қалмай, тәртіп бұзғандарға шара қолдану болып табылады.
Қазақстанда экологиялық менеджмент элементтерін енгізу, экологиялық бақылаудың барлық формасын дамыту арқылы табиғатты пайдаланушылар мен қоғамдық ұйымдар және бақылау ұйымдарының арасындағы қатынастың ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Бірінші кезеңде жаңа экономикалық реформаға байланысты өндірістік ұйымдарда елдегі әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарға сәйкес форманың қалыптасуына назар аударылады. Осыған орай отандық кәсіпорындар мен шетелдік компанияларда жұмыс стилін өзгерту керек болады. Біздің елде инвестициялық саясатты қалыптастыруда өндірістік мүмкіндіктерді арттырудың маңызы зор. Соңғы жылдары дамудың нақты белгілері көмірсутекті өндірісте айрықша байқалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz