Экологиялық монитринг станциясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Экологиялық монитринг станциясы.

Мұнайды өндіру және пайдалану кезінде туындайтын қиындықтардың себебінен атмосфераның, топырақтың, судың ластануы болады. Экологиялық зардаптардың әсерін комплексті түрде зерттеуде стационарлы және жылжымалы түрдегі экологиялық мониторинг станциялары арқылы зерттеулер жүргізіледі. Ресейде ГАЗ-66, Газель, УАЗ, Камаз, Урал автомобильдеріне орнатылған «САФ», «ГИДРОТЕСТ», Атмосфера-11, «InterANALIT», АНАКОС-АМ, СОЭМ, АО«НПО Химавтоматика» шығаратын жылжымалы химия-радиометриялы зертханасы.

Осыған ұқсас шетелдерден «ZEISS»-Германия, «NEOLAB»-Италия сияқты экологиялық мониторинг станциялары шығады. Бұл экологиялық мониторинг станциялары өндірістік немесе тұрғын аймақтағы белгілі бір экологиялық параметрлерді бағалауға арналған. Мысалы, Атмосфераның, топырақтың, судың жағдайын бақылау.

Мұнай кәсіпшілігінде жұмыс істеу үшінстанцмяларды таңдауда эконамикалық көрсеткіштермен қатар, ол келесі талаптарға сай болуы керек:

  • Автономдылық.
  • Қызмте көрсетуші персоналдың пайдалану аймағындағы (эксплуатационная зона) жылдың кез келген мезгілінде тіршілік етуін қамтамасыз ету.
  • Жолсыз жағдайларда жоғары өту қабілеті.
  • Кәсіпшілік және тұрғын аймақтағы үлкен көлемде метеологиялық және экологиялық параметрлерді атмосфераның, су бассейнінің, топырақтың жағдайын бақылау және бағалау.
  • Қондырғылар мен жабдықтардың мәліметтерді өңдеуінің тым қымбат болмауы.
  • Жабдықтардың жоғарғы жөндеу қабілеті.

Сурет-1. СЭМ-1 станциясының жалпы көрінісі

Аталған талаптардың көпшілігіне «инкомнефть» инжинерлік компаниясы жасап шығарған «СЭМ-1» экологиялық мониторинг станциясы сай келеді.

Станция Камаз кузовына орнатылған көпфункцияналды унивирсалды зертханамен қамтамасыз етілген. Онда су, ауа, топырақ, метеорологиялық параметрлерден үлгі алып, оны зертеуге арналған приборлар бар.

СЭМ-1 типті мониторинг станциясы 3 түрлі функционалдық бөліктен тұрады, олар:

Ауадан, судан, топырақтан үлгі алатын және талдайтын приборлармен қондырғылар комплексі. Метеостанция ( Температураны өлшейді, ауаның ылғалдылығын атмосфералық қысымды, жел жылдамдығы және бағытын) өлшейтін бөліктен тұрады. Радияциялық бақылау блогы.

Сурет-2. СЭМ-1-дегі приборлар жүйесі.

СЭМ-1-дегі приборлар приборлар жүйесімен ауадағы күкірттің қос тотығын, күкірт тотығын, азоттың қос м, аммиакты және күкіртсутекті өлшеуге және бақылауға болады, сонымен қатар:

Су үлгілеріндегі фенолдың мөлшерін. Судағы және топарқтағы мұнай өнімдерін. Судағы фосфат, хлорид, сульфид мөлшерін. Судың иондық құрамын және рН мөлшерін. Сумен топырақтағы ауыр металдар мөлшерін. сәулеленудің қарқындылығын өлшеуге болады.

Экологиялық параметрлерді өлшеу диапазоны өте кең. Ауадағы көмірсутекті газдар құрамы 0-500 мг/м3, аралығында өлшенеді, күкіртсутек 0, 001-0, 2 мг/м3; күкірт қос тотығы 0, 01-2 мг/м3; Меркаптандар ММ 10-6 v 80 мг/м3 аралығында өлшйді.

Судың құрамын тексеретін блок, судың құрамында болатын түрлі қоспалардың құрамын келесі аралықта өлшейді: сульфатты 50-300 мг/л, хлоридті 11-3500 мг/л, нитритті 0, 45-4600 мг/л, нитратты 0, 31-6200 мг/л, оттекті 0-19 мг/л, корбаннатты және биокорбанатты 5-5000 мг/л, темірді 0, 1-1, 5 мг/л.

Топырақтың үлгілерінде мұнай өнімдерінің болуын 2-500 мг/кг, сіңірілген көмірсутекті газдар 0, -1 мг/кг, күкіртсутекті 0, 1-1 мг/кг аралықта өлшейді.

Қоршаған ортаны экологиялық мониторинг сатылары:

1) Үлгілер алынып, оларды анализге дайындау жүреді. Ол үшін зертханада үлгіалғыштар, үлгілерді сақтау сиымдылықтары, үлгілерді анализге дайындау қондырғылары (ауаны кептіру және тазалау қондырғысы, су филтрі және магниттік араластырғыштар, топырақ үлгілері үшін ұнтақтағыш, химиялық ыдыс және реактивтер ) орнатылған.

2) Содан кейін судың, ауаның, топырақтың прибролық анализі жасалады. Приборлардан алынған мәліметтер дербес компьютерге қосылған және ондағы мәліметтер арнайы экологиялық мониторингке арналған программа бойынша өңделеді. Нәтижесінде таңдалған экологиялық ауданның немесе аумақтың жалпы экологиялық сипаттамасы жасалады.

Сурет-3. Оператордың жұмыс орны.

Станцияның мобилдігі және автономдылығ оның алыс-алыс аудандардың экологиялық жағдайларын бақылауға мүмкіндік беріп, нәтижесінде үлкен аумақтағы экологиялық жағдайды білуге мүкіндік береді. Бақыланатаын аумақтарға: қалалар, ауылдық райондар, өндірістік аймақтар мұнай-газ өндіруші кәсіпорындар, ТЭЦ, мұнай-газ кәсіпорындарының жанындағы аймақтар, мұнайды жинау және сақтау пунктері және т. б.

СЭМ-1станциясында автонмды электрлік генератор және тіршілік етуді қамтамасыз ететін әртүрлі жылытқыштар, желдеткіштер, жарқ беретін приборлар, жиһаздар, тоңазытқыштар және т. б. жабдықталған. Станцияның кузовы Металды қабатпен қапталған және онда кіретін есік және екі қатарлы терезе бар.

Жинақтылығ мен өлшенетін параметрлері бойынша -1 типті экологиялық мониторинг станциясы теңдессіз болып келеді. Қазіргі уақытта СЭМ-1 «Қарашығанақ Петролейум Оперейтинг Б. В. » компаниясымен Қарашығанақ газконденсатты кен орнында қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерекше қорғауға алынған территориялар
Ақпараттық жүйе және ақпараттық технологияның электр қауіпсіздігін басқарудағы алатын орны және мәні
Микрокредиттік ұйымдардың несие нарығындағы рөлі
Муниципалды құрылымдар әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде
Автономды типтегі айнымалы токты электр станциясының сұлбасы
Жылу электр станциясы
Ядролық энергетикалық қондырғыларды жобалаудағы негізгі сұрақтар
Электр станциясы туралы түсінік, қызметі түрлері
Байқоңыр космодромының биосфераға әсері
Күн энергиясын жылу машиналардың көмегі арқылы электр энергиясына айналдыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz