ҚАЗАҚСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе

1. ҚАЗАҚСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. Экологиялық туризмнің принциптері, белгілері, құрылысы және түрлері.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Туризм соншалықты кең ауқымды индустрия бола отырып, жаңа қорлар
көзіне қызуғышылық туғызады, “жерде жұмақ” жасауға және түрлі жағдайларды
бастан кешіруге, осыған дейін ешкім көрмеген жерлерді көруге аса
құштарлықпен итермелейді. Кімнің кінәсінен, индустрияның немесе
тұтынушының ба, ол мәнді емес, бұл жерде бастысы себеп пен салдардың
қатысы. Екінші Дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін батыстын көптеген
жанұяларында кіріс (табыс) ұлғая бастады да, артық ақша пайда бола бастады.
Ал қазіргі күнде орта дәулеткерлердің өзі дүниенің төртбұрышында
саяхаттайға, бұрын қолы жетпеген жерлерді аралауға мүмкіндік алып отыр.
Соңғы 15 жылда байқалғандай, бұқаларық туризм индустриясы экологиялық және
мәдени тұрғыда өзін өзі ақтай алмайды. Теніз жағалауларының құлазуы, маржан
тастар мен орман және басқа да табиғат сыйларының латануы, шамадан тыс
қоныстау мен көрсеқызарлық кесірінен бүліншілікке ұшырауы нақты дәлел.
Экотуризм концепсия ретінде бұдан 15 жыл бұрын кейбір бағыттармен
тенденцияларды жұмсарты мақсатында құрылған болатын. Бұл туристердің өзгеше
бір жағдайды бастан кешу тілегіне орай және табиғатқа тиген залалды
сезінуге жауап ретінде біртіндеп пайда бола бастады. Бұқаралық туризм
тұрақты еместігі әрі тұтынушы ерекше бір экзотиканы қалайды да, қолы жеткен
жағдайда ол экзотика болудан қалатындығы белгілі болып отыр.

2. ҚАЗАҚСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

2. Экологиялық туризмнің принциптері, белгілері, құрылысы және түрлері.

Қазіргі кезеңде экологиялық туризмнің негізгі бағыттарын зерттеу қажет.
Теориялық аспектіде оның принциптерін, белгілерін, құрылысын және түрлерін
зерттеп тану қажет. Алдымен негізгі принциптерін қарастырайық, олар келесі
тәртіпте келтірілген:
– экотуризм айтарлықтай ұзақ, жергілікті халықтың өмірін және табиғат
ландшафтарын салмақты зерттеулерді жүргізуді қарастырады. Бағдарлама
үш апта және одан да көп уақытқа дейін созылуы мүмкін.
– экотур бағдарламасы еркін, туристер қалауы бойынша өзгертулер рұқсат
етіледі: белгілі-бір уақытқа жұмысты дайындауды жоспарлап, оны бақылау
мүмкін емес. Турист қалауынша аттарда серуендейді немесе жергілікті
халықтың күнделікті істеріне қатысады, мысалы, ұлттық кілем
дайындауға. Турдың ұзақтығы жиі туристің өзімен анықталады.
– аймақтың экологиялық проблемаларын зерттеу мен жергілікті халықпен
бірге проблемалардың шешімдерін іздеу. Сонымен қатар туристер
негізінен өз мемлекеттерінен келетіндіктен, мұндай проблемалар шешу
сатысында олардың шет жақтан көзқарасы және ұсынған шешімдері бізге
өте маңызды.
– экологиялық турдың мақсаты стандартты назар аударарлық жерлерге барып
көру ғана емес, сонымен қатар білім алу мен терең әсер алу болып
табылады. Көптеген туристер мемлекеттін, адамның шаруашылық іс-
әрекетінің нәтижесінде ең аз зиян келтірілген жерлерді көру
мақсатымен, сонымен қатар оларға жат ландшафттарды, мәдениетті және
салт-дәстүрлерді зерттеуге келеді.
– қоқымды қайта өңдеу. Қоқым қоқыстарды тастайтын жерге шығарылмай,
ерекше тәсілмен қайта өңделеді. Қазақстан Республикасында бұндай өңдеу
енді пайда болуына байланысты, экотур ұйымдастырушылары өнімнің көп
реттік орауларын қалайды.
– аңшылық турлар антиэкологиялы. Экосистеманы бұзу жағдайында, жабайы
жанурлардың санын реттеу қажет болғандықтан, бұл принцип бізге
актуалды, бірақ сонымен қатар даулы мәселе. [27, 252 б]
Қазақстанда экотуризмді дамытудың негізгі принциптері келесі аймақтарда
енгізілген:
Қазақстанда туризм тұрақты дамуда деуге болады, әсіресе, оңтүстікте,
оның ішінде, Тянь-Шань таулары аймағы мен Ұлы Жібек Жолы бағытында.
Солтүстік және Орталық Қазақстан өңірінде туризм анағұрлым төмен дамыған.
Алайда, бұл жерлерде туристердің көзқунышына айналатындай әсем көріністер
баршылық. Ол – Оңтүстіктен өзгешелігі бар ландшафт және алуан түрлі флора
мен фауна, яғни өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.
Әдетте, туристер баратын ең негізгі орындардың бірі – солтүстік
Қазақстандағы Бурабай көлі аймағы. Бұл көркем табиғат аясы, 6 көлден орман-
тоғай көмкерген әсем таулардан тұратын осы өңір жаз айлары туристерге
толып, бірқатар экологиялық проблемаларды туғызады. Негізгі санаторий мен
демалыс үйлерінің жағдайы әр деңгейде, бұлардың кейбірі қоқыс қалдықтарды
бірден өзенге тастайды. Олар өз төңірегі үшін ғана жауапты да, одан тыс
жерлерде не болып жатқандығына мән бере қоймайды. Кейбір жергілікті
тұрғындар өз үйлерінің бір бөлмесін туристерге жалға береді, тіпті атпен
саяхаттауға да мүмкіндік туғызады. Ең жақсы, ең әсем жерлер жеке меншік
пайдалануға берілді, оған кез келген адамның қолы жете бермейді деген
шағымдар да түсуде.
Бурабайға келетін туристердің негізгі легі – Алматы және Ақмола,
солтүстік облыстар мен көрші Ресей жерінен. Жергілікті әкімшілік төңіректі
тазалау жұмыстарын ұйымдастырады, кейбір экологиялық үкіметтік емес ұйымдар
бұл процесске көмек ретінде волентерлік (ерлікті) акция ұйымдастырады.
Қыс мезгілінде туристер назары өзен-көлдерге ауады, шаңғы, коньки тебу –
негізгі демалыс түріне жатады. Жазда су спорты түріне, жүзу мен күнге
қыздырыну, жаяу серуендеу мен ат үстінде жүру сияқты әрекеттерге таңдау
жасап, ден қояды. Шатырларда тұру – жалпыға бірдей жағдай, бірақ олардың
жайлы, әрі қолайлы болу мүмкіндігі төмен.
Шығыста Алтай өңірінде туристік агенттіктер жұмыс жасайды. Альпинизммен
жаяу саяхаттан бастап, спорттың түріне дейінгі түрлі қызмет түрін
көрсететін агенттіктер бар.
Экотуризм – Қазақстан үшін жаңа ұғым, түсінік, бірақ бір белсенді
экологиялық үкіметтік емес ұйым Экосистем деген туристік компанияны
басқарады. Ол өз кезегінде, британдық экотуристік Green Tours
компаниясымен бірлесе отырып, әсерлі экотуристік демалыс түрін
ұйымдастырады. Бұл демалыс – жаяу саяхаттау, жануарлар дүниесін бақылау,
сондай-ақ қазақ тұрмыс салтымен танысу (киіз үйінде болып, ұлттық
тағамдарынан дәм тату) сияқты қызықты жағдайларды қамтиды. Бұл төңірек әлі
толыққанды дамып, демалыс болатындай жетілдірілген жоқ, сондықтан бүгінгі
таңда туризм қанатын кең жая алмай отыр, оны бақылауда ұстау қажет.
Жергілікті тұрғындар мен ұйымдар оны дамытуға аса ынталы.
Туризмнің бір түрі ретінде балық аулау мен аң аулау – Қазақстанның
орталық, солтүстік және шығыс өңірінде аса кең дамыған. Ол жанның көп
түрлілігі, әрине, қызықтырады, дегенмен балық аулау – жақсы ұйымдастырылуы
керек еді.
Әйтсе де, аңшылықтың қай түрі болсын саналы жүргізілуі тиіс, өйткені
биологиялық тіршілік үйлесімділігіне шамадан тыс өктемдік жүргізуге
болмайды, қауіп-қатер төндіру де, әсте, парасатсыз болар еді.
Тиым салынғанына қармастан, кейбір сирек кездесетін жануарлар (сайғақ,
қарлы барыс) әлі де қауіп-қатерге ұшырауда.
Қасқыр мен құстар – аңшы-туристердің тұрақты олжасына айналып келеді.
Аңшылықтың тағы бір түрі – құсбегілік – яғни аңдар мен құстарға бүркіт
салу туристер үшін көңіл көтерер аса белгілі кәсіп болып келеді.
Санаторий мен демалыс үйлері тек Бурабайда ғана емес, солтүстік өңірде,
Тянь-Шань мен басқа да жерлерде баршылық. Мысалы, Баянауылда кең дамымаса
да әжептуір танымал орындары бар. Бірақ жергілікті орындар өз жерінде
осындай туристік саяхаттардан мардымды пайда таба алмай отыр, тек гид болып
жұмыс істеушілер мен кафе қызметкерлерін есептемегенде, ұлттық парк
ешқандай да пайда (кіріс) таппайды.
Астана – бизнес орталығы ретінде дамып келе жатқан Қазақстанның жаңа
елордасы. Көптеген шетел бизнесмендері келіп, өз ақшаларын осында жұмсайды.
Олардың бірқатары отельде (қонақ үйлерде) тоқтап, ақшаларын соның ішінде
жұмсайды да, жергілікті орындарға түспейді. Бизнесмен – туристерде қалаға
шығатындай, жергілікті дүкен, кафе, мейрамханаларда болатындай стимул
(ынта) қалыптастыру керек. Сонымен қатар, қала сыртына шығып, табиғаттың
әсем келбетін тамашалайтын да ықылас болуы керек. Бірақ, қазіргі уақытта,
көптеген бизнесмендер бұндай жерлер (Қорғалжын, Бурабай) барынан хабарсыз,
сондықтан да уақытын отель ішіндегі барда өткізумен шектеледі. Бұл тек
шетелдіктер емес, жергілікті бизнесмендерге да қатысты жағдай. Олардың
Астана төңірегі мен қаланың өз мүмкіндігінен де хабары шамалы.
Қорғалжын қорығы Астанадан үш сағаттық жерде орналасқан. Ол – жануарлар
әлемі өкілдерінің мекендейтін орны және соңғы уақытта бір неміс ұйымы ол
жерде экотуризм ісін қолға алмақшы. Бұл идея бірқатар себептер салдарынан
кең түрде жария етілмесе де, аз жетістіктің өзі елдің солтүстігінде
экотуризм дамытудың зор мүмкіндігі бар екендігін көрсетті. Шетелдік
туристер осы өңірлерден көргендерінен ерекше әсер алғанын айтады.
Батыста, Каспий теңізі ауданында да, бұларды туризм жолға қойылған деуге
болады. Көптеген шетелдіктер мұнай компанияларымен келген болатын, сонымен
бірге өлке табиғатына да тәнті болды. Мәселен, Ақтау қаласы шөл жермен
Каспий теңізі аралығында орналасқан, қала халқы пайдаланатын су арнайы
тұшайтатын құбырлардан алынады. Кеңестік архитекторлары кең көшесі, шағын
аудандары бар үлгісін жобалаған 1963 жылға дейін қала болмаған еді. Осы
өңірде уран қабаты табылғаннан кеін қала пайда болды. Құм жағажайы бар
курорт кеңестік таңдаулы элита үшін қызмет етті. Туристік және уран
индустриясы қазір құлдырау жағдайында, сондықтан Ақтау басынан бағы тайған
аймақ болып қалды.
Балалардың көптеген жаздық лагері арқылы жастар назары табиғатқа ауа
бастады. Әдетте оларды экологиялық үкіметтік емес ұйымдар басқарады және әр
лагердегі балалардың немен шұғылданатынына байланысты олардың өзгешеліктері
бар. Белгілі бір төңіректі тазарту науқанын ұйымдастырады, табиғат туралы
әңгімелер өткізіледі. Дегенмен, экологиялық білім берудің бұл түрі
әрқашаннан сапалы өткізіле бермейді әрі экотуризм деп негізсіз аталады.
Экологиялық туризмге әр мемлететтерде шамамен бірдей түсініктеме береді,
бірақ олардың арсында елеулі өзгешеліктері бар, сондықтан экологиялық
туризмнің негізгі принциптерін тұжырымдау, оның типтік белгілерін сипаттау
және экотурлардың құрылысын жүйелендіру аса маңызды болып табылады.
А.В. Дроздов бойынша, экологиялық турлар келесіде болуы тиіс:
– табиғатқа назар аударылған және табиғат ресурстарын айрықша
қолдануында негізделген;
– біздің табиғи ортамыздың мекеніне зиян келтірмейтін немесе
экологиялық отранын тұрақтылығын бұзбайтын минималды зиян келтіруге
рұқсат беру;
– экологиялық білім беруге және ағартуға мақсатталған, табиғатпен
тең құқықты серіктестік қарым-қатынасты орнату;
– жергілікті әлеуметтік-мәдени ортаны сақтау туралы уайымдау;
– экономикалық тиімді және осы жүзеге асырылып жатқан аймақтарда
тұрақты дамуды қамтамасыз ететін.
Экотуризмді дәстүрлі түрде табиғатты қорғаумен байланыстырған, бірінші
экотурлар ұлттық парктерде ұымдастыралған болатын, бірақ кейінірек табиғи
және мәдени мұралардың бірегей объектілеріне негізделген немесе адамның
қолы жетпеген жабайы жерлерге, бірақ міндетті түрде қоғалатын жерлерге емес
алып баратын маршруттар пайда бола бастады. Бұл тұрғыда экотуризм
түрлерінің әр алуандығын оның екі негізгі типіне бөлуге болады (1 сурет).

Экологиялық туризмнің типтері

Экологиялық туризмнің негізгі мақсаты

1 сурет жалғасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Zhan Travel турфирмасы негізінде тұрақты туризмді дамыту жолдарын талдау
Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет ету ерекшеліктері (Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде
Экологиялық туризм ерекшеліктері
Туризм инфрақұрылымының тұрақты дамуы экологиялық аспектілері
Экотуризм бойынша халықаралық бағдарламалар
Экологиялық туризм географиясы
Халықаралық туризмнің даму тарихы және оның кезеңдері
Баламалы туризмнің бір түріне туристік маршрут құрастыру
Экологиялық туризмнің түрлеріне тоқталдық
Мәдени туризмді дамытудың әлеуметтік ұйымдастырылу әлеуметі
Пәндер