Дала кемеңгері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Дала кемеңгері

Жаратылыс жарықтықтың кейде бір адамның өзіне соншалықты мейірімі
түсіп, Атымтай-жомарттық танытатыны бар. Әйтпесе, 1783-97-жылдардағы Кіші
жүз қазақтарының орыс отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің
жетекшісі Сырым Датұлы әрі би, әрі батыр, әрі шешен, әрі көсем ретінде
тарихта қалар ма еді. Сонымен қатар ол патшалық Ресейдің далалық өлкеде
хандық билікті күшейту арқылы отарлау саясатына ашық қарсы шығып, дәстүрлі
ел билеу жүйесіне өзгеріс енгізіп, далалық демократиялық басқару органы –
Халық кеңесінің құрылуына ұйытқы болған реформатор.
1723 жылы Батыс Қазақстан облысының қазіргі Сырым ауданында
кіндік қаны тамған Даттың Сырымы – 12 ата Байұлынан тарайтын Байбақты
руының Әйтімбет тармағының Шолан атасының үрім-бұтағы.
Сырым қаршадайынан ойға кенендігімен, сөзге шешендігімен һәм
қара қылды қақ жарар әділдігімен көзге түсіп, 20 жасында Байбақтының бала
биі атанады. Ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткен мәліметке қарағанда, Сырым
Тана руының ақылманы Малайсарыдан, Беріш Алдардан, Есентемір Бөкен, Тама
Есет сынды өз дәуіріндегі аузы дуалы, сөзі киелі шешен-билерден, ел-жұртқа
ықпалды тұлғалардан бата алған көрінеді. Көре-көре көсем, сөйлей-сөйлей
шешен боласың дегендей, ақыл-ойы мен өмірлік тәжірибесі кемеліне келген
кезде Сырым төре биге айналып, ықпал-беделі күллі Кіші жүздің көкжиегін
қамтып, дәреже-деңгейі хан-сұлтандармен теңеледі.
Араны ашылған патша өкіметінің отарлау саясатына қол жинап, қарулы қарсылық
көрсеткен Сырым бастаған ұлт-азаттық көтеріліс – қазақтың арғы-бергі
тарихындағы ең ірі әрі ұзаққа созылған, бай-кедей деп бөлінбей, жаппай
бұқаралық сипат алған бас көтерулердің бірі. Осы факторлардан-ақ Сырым
батырдың Аламанға дем беріп, алқа топты меңгеретін көсемдігі айқын
аңғарылады. Сырым жетекшілік еткен халық наразылығы Орал тауынан Арал
теңізіне дейінгі аралықты шарпып, Маңғыстау түбегін қамтып, күллі Кіші жүз
руларының қолдауына ие болды. Жылдарға созылған осындай нағыз бұқаралық
қажырлы күрестің нәтижесінде патша өкіметі қазақтардың Еділ-Жайық алабы мен
Жем-Сағыз атырабын, Каспий теңізінің жағалауын және Ертіс, Жайық
өзендерінің оң жағалауын қайтадан иемденуіне көніп, бұдан да басқа көптеген
шегініске баруға мәжбүр болды.
Биыл әрі шешен, әрі көсем, әрі би, әрі батыр Сырым Датұлының туғанына 265
жыл. Соңында:

Азамат жетім болмайды,
Халықтан болса панасы.
Бала жетім болмайды,
Қасында болса анасы.
Халық жетім болмайды,
Басшысы болса данасы..,
немесе
Ай мен күннің өлгені,
Еңкейіп барып батқаны.
Қара жердің өлгені,
Қар астында жатқаны.
Асқар таудың өлгені,
Басын бұлттың басқаны.
Өлмейтін екі-ақ нәрсе бар,
Ол жақсының аты,
Ғалымның хаты өлмейді, – дегендей орамды ой, айшықты сөзі қалған дала
кемеңгерінің мерейтойына орай, қыркүйектің жетісінен бастап Батыс Қазақстан
облысында мерекелік шаралар басталады. Мәселен, Оралда өтетін аламан
айтысқа Дәулеткерей Кәпұлы, Жібек Болтанова, Салауат Исақаев, Бауыржан
Халиолла сынды өлең-жырдың өрен жүйріктері қатыспақ. Айтысқа қоса, шешендер
сайысы, сонымен қатар Сырым ауданында өтетін ат жарыс, палуан күрес, қыз
қуу сықылды ұлттық ойындар ешкімді де бей-жай қалдырмасы кәміл. Бұған қоса,
мерейтой аясында Сырым ауданының орталығы Жымпиты кентінде Сырым Датұлының
мұражайы мен Батыр шыққан тарихи төбеде ол бастаған ұлт-азаттық көтеріліске
ескерткіш-белгі ашылады. Әрі мерейтой қарсаңында күрделі жөндеуден өткен
аудандық мешіт те жамиғатымен қайта қауышпақ.
Дала кемеңгерінің рухына арналып өткізілетін мерейтойлық
шараларға Қадыр Мырза Әлі, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Ақұштап
Бақтыгереева, Ақселеу Сейдімбеков сынды әдебиетіміздің әлеуетті өкілдері
қатысады деп күтілуде. Суретте: Сырым Датұлының Орал қаласындағы ескерткіші

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Билiгiмен ауыздығы сөз, аяқтыға жол  бермеген Сырым
     Жерiнен жетi жұрт көштi дейтiн Едiл-Жайық екi су арасын жайлаған,
қарға бойлы Қазтуғанша айтсақ,  бақасы көлге жылқы жаптырмас, шалғыны
шөккен түйе таптырмас қызырлы мекеннiң қыр асып кеткен керуендей кешегi
тарихы  сарытап боп сарғайған тарих беттерiнде ғана жатқан жоқ.
     Егемендiктiң ерке самалы есiп,  тарихи жадымыз жаңғырды, рухани
байлығымыз  кемелдендi. Өлгенiмiз тiрiлдi, өшкенiмiз жанды. Президентiмiз
Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың тiкелей  басшылығымен атқарылған аса зор
 игiлiктi iс – “Мәдени мұра”  бағдарламасы болатын.  Осы бағдарлама аясында
ел тарихы, ұлттық бояу-нақышымыз, салт-дәстүр, иман-парасатымыз бүтiнделдi.
 Жоғалған табылды, үзiлген жалғанды. Шүкiр дейiк, ағайын!
Соның арқасында қоңыраулы найзасын  қолға алып өткен Абылай мен
Әбiлқайыр, Қарасай мен ақжолтай Ағыбай, шапырашты Наурызбай, Қабанбай мен
Бөгенбай, Жалаңтөс баһадүр, Жанқожа, Исатай мен Махамбет, Есеттердiң аруағы
жаңғырды.
Бұл  - ұлы тұлғаларға деген тағзым!
     Бұл – халқым деп өткен қайраткерлерге  деген мәнажат!
     Сондай, ел болып есiмiн ардақтар алыбымыздың бiрi – хандармен қанаттас
қонған, жақсылармен табақтас болған, астына арқыратып арғымақ  мiнген,
үстiне жарқыратып сауыт киген Сырым бабамыз едi.
Бүгiн киелi Орал өңiрiнде ел есiнен еншi алған таңдайы жарылған шешен,
маңдайы жарқыраған көсем Сырым Датұлының 265 жылдық тойы басталды.
Көп бала көлдеуде ойнаса,  жалғыз бала жар басында ойнайды деген бар.
 Сырым бабамыздың ғұмыр кешкен кезеңiне осы сөз айғаққа жүрердей. Кешегi
өткен тарихты айтсақ бүгiнгi ұрпақ қызарып, қабағына татау түспес деп
ойлаймыз. Әр ғасырдың өз мiнезi, өз  саясаты, өзiндiк көзқарасы бар.  Оны
бiлу, тамыршыдай ажырату, шежiредей жiлiктеу бiле-бiлсек кейiнгi ұрпақ,
болашақ жеткiншек үшiн керек. Жақсысы жұғысты болсын деген ықылас-ниет
үстем түскенi абзал.  Сонда ғана бiз шынайы тарихымызды қалыптастырамыз,
сонда ғана  бiз барыңда баптаған, жоғыңда таптаған заманның кескiн-
келбетiн, iс-әрекетiн анық аңғарамыз.

Сырым – қайталанбас тарихи тұлға
Иә, Сырым бабамыз түйежапырақтың көлеңкесiндей қысқа күнге қырық
құбылған заманда өмiр кештi. Данагөй Абай атамыз да:
1. Сүйсе жалған, сүймесе аянбаған,
- Бұл не деген заманға iсiм түстi, - деп ойға - тiрек,  жанға – таяныш
таба алмай Шыңғыстауда  күңiренген жоқ па едi?!
     Замана желi ұйытқып соғып о кезде бiр уыс қазаққа көз аштырды ма?
Ресей империясы төрт бiрдей - Астрахан, Царицын, Саратов, Орал
казачествосын орнықтырып,  Орынборды басы бүтiн бауырына басқан тұс едi.
     Жоңғариядан ауа көшiп Аюке хан бастаған, пiрi қара Боқан лама
 қостаған қалмақтар да Едiл-Жайық бойынан еншi алып отырған.  Кейiн Сырым
тұсында бiр бүтiн ел жыртылып екiге айырылып бiрiне Шонай, үлкен бөлiгiне
Үбiшi хан иелiк еткен. Қазақта содан сөз қалды, “Көкте – Құдай, жерде –
Шонай” деген.  Осылардың қай-қайсысымен де Сырым би арпалысып баққан.
Әдiлет үшiн айта кетейiк, iргелес отырған  арқадағы башқұрт, оңтүстiктегi
түркiмен, өзбек ағайындар да қазақпен бiр күн тату, он күн қату кезеңi едi.
Тiптi қазағым деп отырған өз ұлтымыз да, анықтап айтсақ Кiшi жүздiң  iшiнде
он екi ата Байұлының  өзi екi топ болып жауласып, бiр-бiрiне қысылғанда ат
сауырынан орын бермей қойған жоқ па?
     Сырым Нұралыға  “Аз бен көптi, ақ пен қараны, мықты мен нашарды
 меңгере алмадың, бiреудi бiреу шауып жатыр, оны басқара алмадың” - деп
наразы болатыны осы кез емес пе?
     Нұралы: - Батыр, тасып жүрсiң бе? – дегенде, Сырым: - Хан, тасып
жүргенiм жоқ, қара қазақ баласының басын қоса алмай сасып жүрмiн, - дегенi
ше?
     Жалпы бiз Сырым жайлы сөз қозғасақ оның өмiрi мен iс-әрекетiн
батырлығы, билiгi, шешендiгi, көсемдiгi деп төрт тарауға бөлiп қараған
абзал.
     Жалғыз ағаш орман емес, жалғыз батыр қорған емес. Рас! Сары масадай
самсатып қол ерткен сыртқы жауға Сырым үзеңгiлес серiктерiмен, батыр-
бағландарымен, қарашасымен қатар қанаттас көтерiлдi.  Ортақ жауға,  ойран
тiрлiкке бiрiгiп аттанған сол ерлердiң есiмiн осы той үстiнде атап өтсем
деймiн.
Қаратау, Қаракөбек, Атағозы, Шотан, Өтек, Қолжабай, Сарыжал, Дөнен,
Жанбай, Тiлек, Тотай, Тiленшi, Қаражан, Омар... Ұятын, ар-намысын бұ
дүниеде, иманын о дүниеде серiк еткен батыр бабаларымыздың рухына тағы бiр
тағзым!
Таяғының ұшына ырыс iлiнген,  балаларына жiлiктiң майлы басын сорғызып
өсiрген, атағы алашқа әйгiлi Сырым ұзақ ғұмырын үзеңгiмен  жолдас боп ат
үстiнде өткiзетiндей басына не күн туды, деген сұрақ туындайды. Иә, бәсе,
не үшiн? Өзi ханмен сүйек жаңартқан туған құда, екi басты самұрық мөрмен
императрицаның өзi куәландырған Кiшi жүздiң бас старшыны қарауындағы халқын
қойдай өргiзiп, жылқыдай жусатып отырмас па? Жо-жоқ, аты жүйрiк қайырып,
тiлi жүйрiк айырып жатқан заманда қарашасының қамын ойламаса, халқым деп
кеуде көтерiмесе, елiм деп еңсе тiктемесе Сырымның несi Сырым?! Ертеңгi жер
құйрықтан бүгiнгi өкпенi тәттi көрiп хан мен императрицаның тiсiн жасырып,
тiлiн көрсетiп алдағанына ықыласын берiп қойса бидiң несi би?!
Мiне, қай заман болсын, қай дәуiр болсын қазаққа керек тұлға, қазаққа
керек кесек мiнез деген осы!
Азды малданып, шен-шекпенге алданып,  баталы құлдай бәйпең қағып
кетсе, Сырымның аты ұрпақтан ұрпаққа ұран боп, ар-намыстай боп, иман-
байлығымыздай боп көшер ме едi?
Билiгiмен ауыздағы сөз, аяқтыға жол  бермеген Сырым қызыл қарын, жас
баланың қамы үшiн құдасы Нұралыны шауып билiктен бездiрген жоқ па?
Хандардың ең ақыры Нұралы едi,
Төренiң “Арқар” деген ұраны едi.
Хан ұлын батыр Сырым шабарында,
     Ақылды Алдар биден сұрап едi, - деген жыр жолдары тайға салған
таңбадай боп тұрған жоқ па?!
Ресей отарлаушыларымен  шайқас сап ақыры өзi тұтқын боп осы Текенiң
түрмесiне кiрiптар боп қамалған жоқ па?
     Қарашасы үшiн Ресей тағайындаған бас старшындықты  тәрк еткен жоқ па?
     Осындай, айтса әуезе етер қасиеттердiң бәрi бiр кiсiнiң басына қонуы
шын мәнiнде ғажап. Таңқаларлық ғажап!

Ел есінен енші алған шешен
     Сырымның шешендiгi ел-жұртқа ертеден жайылған. Бала Сырым батасын
алайын деп есентемiр Бөкен биге барғанда қазыналы қария:
Арқаң көп мiнгеннен жауыр болсын,
Мiнезiң қара жерден ауыр болсын.
Өкпең жоқ – бауыр болсын.
Құлағыңнан сыбыр кетпесiн,
Үй сыртынан дүбiр кетпесiн, - деген.
     Айтқаны аумай-төкпей келдi.  Би – елдiң құты.  Әрине, туғанды би емес,
ала қойды бөле қырқар алымқор би емес, иманды би.  Ауыл үйдiң келiн  өкпе,
кемпiр назына араласып,  гөй-гөймен күн өткiзген болымсыз би, шешен емес,
 “сөз анасы – құлақ, су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, дау мұраты – бiту,
жол мұраты – жету” деп дүниелiк құбылыстарды,  адамаралық қарым-
қатынастарды ақылмен – безбендер, оймен - өлшер, санамен – сараптар сахи
билiк пен шешендiк керек.  Таяғын ұстап, тасқа мiнiп қалған халқының мұң-
мұқтажына арқасы жауыр болатын,  өкпе жоқ – бауыр болатын, құлағы –
сыбырдан,  үй iргесi дүбiрден кетпес сарабдал билiк керек.  Бiреу таласайық
десе, бiреу жарасайық қызыл тiлi көмейiн күйдiрiп қара қылды  қақ жаратын
шешендiк керек.
     Ашынып кiрiссе ақсұңқар құстай түлейтiн,  көйлегi тозса да көңiлi
тозбайтын көсем шешендiк керек.
     Мiне, бiз, Сырым бабамыздың шешендiгiн танысақ тап осындай саралығын,
нарлығын таниық!
     Сондай ұлылығымен де Сырым туған халқының жадында, рухани зердесiнде
мәңгiлiкке  өшпестей боп тұрып қалды.  Туған елi де қарыздар қалып жатқан
жоқ. Облыста  ұйымдасып,  ғалымдар мен өнер қайраткерлерi  биыл өзге өңiрде
 топырақ бұйырған баба басына барып тәу етiп, тағзым  жасап келдi.  Атырау
облысы, Қызылқоға ауданында “Сырым бөгетi”, ежелгi Жымпиты жерiндегi “Сырым
шыққан төбе”, батыр атындағы көше, еңселi ескерткiш, бәрi-бәрi кейiнгi
ұрпағының  ұлы тұлға алдындағы өтеп жатқан борышы.  Жақсының басып кеткен
iзi де ыстық деген,  сол бөгет, сол төбе тұсынан өткенде “Менi есiне ала ма
екен?” - деп елеңдеп тұрғандай.  Ғұмыр бақи есiмiздесiң, батыр баба! Мына
салтанат, мына дүбiрлi  жиын ардақты атыңды, екi жарылмас асыл затыңды
құрметтеген, қастерлеген той.
     Ендiгi сөз Сырымның көсемдiгi жайлы.  Ғазиз басқа батырлықпен қоса
билiк, шешендiк бiтсе, ол адам неге көсем болмасын? Сырымның көсемдiгi де
iлкi  үш қасиетiмен жуан өрiм, бiр жұп. Батыстан жеткен ормандай
отарлаушыны жуасытып, патша Сарайын ойландырып, генерал губернатор Осип
Игельстроммен иықтасып сөйлессе, Халық кеңесiнiң  төрағалығына сайланып ел
бастаса,  Нарын құмын ендей жайлаған 100 мың шаңырақты  құба қалмақты
қуысса, башқұрт шапқыншылыған қорғанып, қарсы соққы берсе, Хорезм мен
Үргенiштiң  хандығынан әскери көмек алу жөнiнде келiссөздер жүргiзсе, Сырым
көсем емес пе? Саяси оқиғалардың ыңғайына iлесер жай көсем емес, патша
губернаторына: “Кiшi жүздiң Ресейге қосылғанына мiне,  жарты ғасырдан асты.
Орыс ұлысы әуелi сауда-саттық орнатамыз деп  Орынборды салды. Халқымыз
төбесiнен зеңбiрiк жаудырады деп емес, керек-жарағымызды жақын жерден
аламыз деп алданды.  Қазiр Жайық, Елек бойына 40-тан астам бекiнiстер мен
оларды жалғастырып тiзбектеген әскери шеп жасадыңыз... Жайықтың екi бетiн
түгел атты казактар меншiктенiп алды... Бiз дала халқы, алдауға, арбауға,
зорлық-зомбылыққа көнбеймiз” - деп тепсiнген,  тегiне тартып тегi озған
 көсемдiк керек.
Сырым Датұлы – дала демократиясының негізін қалаушысы

Ақжайық атырабында үш күнге созылған Сырым тойы өзінің бай да,
терең мазмұнымен ерекшеленді. Ең бастысы, ол елге берері азырақ, ас ішіп,
аяқ босатар жағы көбірек әншейіндегі көп жиынның бірі болып қалған жоқ.
Сырым Датұлының 265 жылдығы аясында өткізілген мерекелік шаралар ә дегеннен
құлашты кеңге сілтеп, ол осы бір ірі тарихи тұлғаның жан-жақты бітім-
болмысы мен осы кезге дейін беймәлім болып келген кейбір қырларын ашуға
бағытталды.
Бұл шаралар бір-бірімен қоса қабат жүріп жатты. Оның қай-
қайсысы да тартымды. Қай-қайсысы да қажет. Дегенмен, осындай бір сәтте алда
бір ғана таңдау тұрды. Оның біріншісі – Сырымның 265 жылдығына арналған
республикалық ақындар айтысы мен шешендер сайысы да, екіншісі осы датаға
орай өткізілетін халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Бір уақытқа
белгіленген осы екі шараның қайсысына барған жөн. Таңдау конференцияға
түсті.
Мұнда Ресейдің, Өзбекстанның және Қазақстанның белгілі
ғалымдары мен тарихшылары, осы мемлекеттердегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МӘШҺҮР-ЖҮСІП МҰРАСЫ
Абай лирикасы
Махамбетті жырлау – халықтың рухын жырлау
Қазақ қоғамындағы батырлар мен билердің рөлі
Тоныкөк
ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ САЯСИ--ӘЛЕУМЕТТІК, КӨЗҚАРАСЫ ТУРАЛЫ
Абай махаббат туралы
Қорқыт ата кітабы шығармасының зерттелуі
Шардара ауданының туристік әлеуетін анықтау және туризмнің жағдайы мен даму мүмкіншіліктерін талдау
Абай Құнанбаевтың Қазақстан тарихында алатын орны
Пәндер