Программалау тілдерін оқыту әдістемесі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Оқытушы програмалардың жіктемелері, түрлері, оларды құру жолдары 5
1. 1 Оқытушы программалар типтеріне сараптама жүргізу 5
1. 2 Компьютерлік жүйелер және оларды өңдеу жолдары 16
1. 3 Оқытушы программаларына қойылатын талаптар және құру
кезеңдері 21
2 программалау тілдерін оқыту әдістемесі 24
2. 1. 1 Программалау тілінің даму тарихы 24
2. 1. 2 Программалаудағы параметрлердің берілу симантикасы 25
2. 1. 3 Грамматика. Грамматика классификациясы 30
2. 2 Программалау тілдеріне қысқаша сипаттама 36
2. 2. 1 HTML тілі 36
2. 2. 2 Паскаль тілі 40
2. 2. 3 С++ тілі 43
2. 2. 4 Бейсик тілі 47
2. 3 Есептердің алгоритмін құрып, оларды C, Pascal, Basic тілдерінде құрылған программасын салыстыра отырып талдау 49
2. 3. 1 Жұмыстың сипаттамасы 51
ҚОРЫТЫНДЫ 55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 56
ҚОСЫМША 57
Кіріспе
Елімізде білімді ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процессін оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға арналған программалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың атқаратын қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары, компьютерлік оқыту жүйелері, электрондық оқулықтар және мультимедиялық программалар.
Білім беру технологиялар болып табылатын электрондық оқулық, құрал, тренажерлар түріндегі компьютерлік пакеттерді құру шарттарында ғана орындалуы мүмкін.
Жоғарғы оқу орындарында студенттерге білім беруде компьютерді қолдану оларды аудиториялық, яғни дәрістік және зертханалық сабақтарда, өз бетімен білім алу сабақтарында, алыстан оқыту жағдайында пайдалану мүмкіндігін туғызады.
Компьютерлік оқыту жүйелерінің бір формасы оқытушы программаларболып табылады. Оқытушы программалар деп оқушының өзбетінше жұмысына арнап тағайындалған ерекше оқу құралын айтады. Олар оқушылардың жұмысын жекелендіре отырып және өздерінің танымдық іс-әрекетін өздері басқаруына мүмкіндік бере отырып ең жоғарғы белсенділік танытуға мүмкіндік жасауы керек. Оқытушы бағдарлама өз бетімен білім алу режимінде және оқытушы білім алушы үшін қарапайым нұсқаушыдан кеңесшіге ауысатын режимде де үйренушіні тиімді біліммен қамтамасыз етуі керек. Бұл айтылғандардан оқытушы бағдарлама үздіксіз, әр қадам бойынша білім беру режимін қамтамасыз етуі керектігі шығады. Білім беру белгілі бір тарау, бөлім немесе тақырып бойынша ұйымдастырылуы мүмкін. Курстың әрбір мәтіндік үзіндісі практикалық жаттығулар және бақылау-тестілеу сабақтарымен жалғасуы керек.
Бүгінгі таңда мектеп түлегінің білім сапасын, компьютерлік сауаттылығын жоғарлату үшін тек қана информатика сабағында ғана емес, барлық пән сабақтарында ақпараттық технологияларды тиімді қолдану міндет болып отыр. Осыған орай, көкейтесті мәселе техника мен телекоммуникация байланыстарының жаңа дидактикалық мүмкіндіктерінің даму есебінде білім берудің жаңа компьютерлік әдістерін өңдеу болып отыр. Әдетте компьютерлік программаларды кәсіпті программистер жазады, сәйкесінше олар оның дидактикалық жағына үлкен мән бермейді. Ендеше мектеп курсына арналғаноқытушы программаларды құрудың дидактикалық, әдістемелік және технологиялық жақтарын анықтау біздің зерттеу проблемамызды анықтайды.
Зерттеу объектісі - оқу процесінде компьютерлік технологияларды пайдаланып оқыту.
Зерттеу пәні - компьютерлік технологияның бір бағыты болып табылатын программалау тілдерін оқыту жолдары, оларға қойылатын талаптар, оларды өңдеуге арналған программалық құралдар.
Дипломдық жұмысымныңмақсаты:
- Жоғарғы деңгейдегі программалау тілдерін меңгере отырып, Delphi ортасында қазақ тілінде программалау тілдерін оқыту әдістемесінің электрондық қабықшасын құру.
- Программалау тілдерінің ерекшеліктерін практикалық қолданыс табу көзқарасында талдай отырып, оларды өңдеудің концепциясын анықтау және компьютерлік өнім құру мысалында жүзеге асыру. Осы мақсатқа жету барысында келесіміндеттертуады:
- Object Pascal тілін терең оқып үйрену;
- Delphi ортасын және электронды қабықша құруға қажетті компоненттерді, олардың қасиеттерін оқып үйрену;
- Оқытушы программалардың жіктемелері, түрлері, оларды құру жолдарын зерттеу;
- Практикалық тапсырмаларды орындау әдістемесін жасау, бақылау сұрақтар ұйымдастыру;
- Жинақталған деректер негізінде оқытушы бағдарлама құру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Білім мекемелеріне орта мектептің оқу процесінде оқытушы программаларды пайдаланудың дидактикалық шарттары айқындалды, орта мектептің информатика курсына арналған оқытушы-бақылаушы бағдарлама мысалы өңделді.
Жұмыстың іс-тәжірибелік маңыздылығы: зерттеу жұмысының барысында оқытушы бағдарламаны жоғары, орта арнаулы оқу орындарында «Алгоритмдеу және мәліметтер құрылымы», «Алгоритмдеу және программалау тілдері» және т. б. пәндерді оқытуда қолдануға болатындығында.
Берілген дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Бірінші бөлімде оқытушы программалардың типтеріне, олардың түрлеріне сараптама жасалады, оларды құруға арналған программалық өнімдер сипатталады.
Екінші бөлімде программалау тілдерін оқыту жолдары туралы толық ақпарат беріледі. «Программалау тілдерін оқыту әдістемесі» электрондық қабықшасын құру жолдары, жұмыстың интерфейсі және жұмыс жасау принципі сипатталады.
Қорытындыда жұмыстың нәтижелері баяндалған. Қосымшада бағдарламаны өңдеу процедуралары берілген.
1 Оқытушы программалардың жіктемелері, түрлері, оларды құру жолдары
1. 1 Оқытушы программалар типтеріне сараптама жүргізу
Оқытушы бағдарлама - оқушының өзбетінше жұмысына арнап тағайындалған ерекше оқу құралы. Ол оқушылардың жұмысын жекелендіре отырып және өздерінің танымдық іс-әрекетін өздері басқаруына мүмкіндік бере отырып ең жоғарғы белсенділік танытуға мүмкіндік жасауы керек. Оқытушы программалар барлық оқу жүйесінің тек бір бөлігі болып табылады, сәйкесінше, өзіне тән ерекше функциясын орындай отырып және одан шығатын талаптарға жауап бере отырып барлық оқу материалымен ұштастуы керек. Программалар оқытушы деп аталады, себебі олады құру үйретуші сипатқа ие, яғни түсініктемесі, ережелері, тапсырманы орындау үлгілері және т. с. с. бар болуы керек. Олардың бағдарлама деп аталуыбағдарламалық оқытудың барлық бес принципін есепке ала отырып құрылуына байланысты:
- оқу жұмысының мақсатының бар болуы және осы мақсатқа жету алгоритмі;
- ақпараттың сәйкес мөлшерімен байланысқан оқу жұмыстарын қадамдарға бөлу, және бұл ақпарат өлшемдері қадамның орындалуын қамтамасыз етуі керек;
- әрбір қадамды өзін-өзі тексеру және мүмкін болатын жөндеу әрекеті арқылы аяқтау ;
- автоматты құрылғыны пайдалану;
- оқытуды жекелендіру (қажетті және мүмкін болатын шекке дейін) .
Бұл бөлімде біз орта мектептің жалпы білімдік пәндері бойынша оқытушы программаларды сипаттаймыз. Олардың саны өте көп, және де бұл программалардың әртүрлілігінің нақты жіктемесі әлі жоқ. Оқу әдебиеттеріне, интернет сайттарына талдау жасаған кезде келесі түрдегі жіктемелердің бар екендігін байқадық. Біріншісі оқытушы программалардың мақсаты мен міндеттеріне немесе автоматтандырылған оқыту жүйелерін пайдалану режимдеріне негізделеді: а) иллюстративті; ә) кеңесші; б) операциялық жүйе; в) тренажерлар; г) оқытушы бақылау. Екіншісі, әртүрлі жіктемелерге талдау жасау негізінде:а) жаттықтырушы; ә) жетекшілік;
б) проблемалық оқыту; в) имитациялық және моделдеуші; г) ойын. Ал оқытушы программалар формаларына электрондық оқулықтарды, автоматтандырылған оқыту жүйелерін және тестілеу программаларын жатқызады.
Осыжұмыста оқытуға тағайындалған бағдарламалық құралдарды функционалдық және әдістемелік қызметтері бойынша жіктемесін келтіреді (1-ші суретте көрсетілген) .
Бағдарламалық құралдар сызбанұсқасы
Сурет 1.
Мұндақолданбалы тағайындалудағы АБҚ қарастырылады және олар шартты түрде:
- оқу материалын түсіндіруде “қағаздық” жұмысты шектеп‚ оны “экранмен” алмастыратын автоматтандырылған құралдарды немесе бақылаушы‚ көмек (кеңес) беруші жаттықтырушы міндетіндегі жүйелерді өңдеуге арналған аспапты жүйелер;
- оқытуға тағайындалған БҚ (жүйе) құрастыруға арналған авторлық бағдарламалық жүйелер;
- компьютерлік модельдеу жүйелері (еліктеуіш‚ демонстрация) ;
- оны оқып үйрену үшін пәндік ортаны‚ сонымен қатар педагогикалық технология элементтерін қосатын оқыту технологиясы элементтері енгізілген бағдарламалау орталары;
- мәліметтерді өңдеу жүйелерін пайдалану негізінде оқу ақпаратын жүйелеу бойынша амалдарды жүзеге асыратын аспапты БҚ;
Оқып үйренетін (зерттейтін) объектілерді модельдеуді немесе олардың қандай да бір пәндік ортада қатынасын жүзеге асуына мүмкіндік жасайтын - пәндік-бағыттаушы БҚ.
Мәтін‚ электрондық кесте‚ графиктік және музыкалық редакторларды дайындау жүйелерін пайдалану негізінде оқу қызметінің мәдениетін‚ ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға тағайындалған БҚ.
Оқу эксперименті нәтижесін өңдеу процесін автоматтандыруға тағайындалған БҚ‚ соның ішінде нақтылы ағып өтетін процестер туралы ақпаратты қабылдау‚ жазу және визуализация жасайтын датчиктер үшін өлшеуіш және бақылаушы программалар.
Басқарушы БҚ - нақтылы объектілер әрекеттерін басқарады (мысалы‚ әртүрлі өндірістік құрылғылар немесе жұмыс механизмдерінің жұмыс жасауын еліктейтін роботтар әрекеті) .
Бағдарламалау дағдыларын бастапқы оқып үйрену және алгоритмдік‚ бағдарламалаушы ойлау мәнерінің негізгі бөліктерін қалыптастыруға тағайындалған бағдарламалаушы оқу орталары.
Оқытушының кейбір қызметін атқаруды қамтамасыз ететін БҚ. Бұл БҚ әдетте компьютерде жұмыс жасауға қатысты командалар‚ жұмысты аяқтау‚ тексеруді орындау‚ қосымша мәліметтер алу‚ жұмыс барысын талдау туралы нұсқау береді.
Ақпаратты-әдістемелік қамтамасыз ету процесін автоматтандыруға және оқу орындарында‚ оқу орындары жүйесінде іс жүргізу жұмысын ендіруге тағайындалған БҚ.
Пайдаланушы жұмысының жабдықталғандығын қамтамасыз ететін сервистік БҚ.
Ойындық және жаттықтырушы-ойындық қызметтің әр алуан түрлерін қамтамасыз ететін құрал болып табылатын ойын БҚ.
Енді БҚ-ның әдістемелік қызметі бойынша типологиясына тоқталайық. Бағдарламалық құралдардың әр типінің әдістемелік қызметі‚ оны оқу процесінде пайдаланудың әдістемелік мақсатын (немесе мақсаттарын) бейнелейді.
БҚ-ның осындай типологиясын мақсатқа сәйкес жүргізу‚ негізгі болып табылатын бірнеше жағдайлардан туындап отыр:
- оқытушы‚ әдіскердің бар немесе ұсынылған БҚ-дан керектісін таңдауы;
- бір типтегі БҚ-ны салыстыра отырып‚ ең жақсысын таңдап алу;
- күрделілігі бойынша БҚ иеархиясын құру;
- әр алуан әдістемелік қызметтегі бар БҚ көпмүшелігінен пайдаланушы хабардар болу.
БҚ-дың әдістемелік қызметі бойынша топологиясын келтірейік.
Үйретуші (обучающие) БҚ-ның‚ әдістемелік қызметі - білім қосындысын хабарлау‚ оқу және (немесе) практикалық істің шеберлігі мен (немесе) дағдыларын қалыптастыру және кері байланыспен белгіленген‚ программалар құралдарымен жүзеге асатын меңгерудің қажетті деңгейін қамтамасыз ету.
БҚ (жүйелер) - тренажерлар‚ оқу қызметінің ептілігін‚ дағдыларын өңдеуге‚ өзін-өзі дайындауды жүзеге асыруға тағайындалады. Олар‚ әдетте қайталау немесе ертеректе өтілген материалды бекіту кезінде пайдаланылады.
Оқу материалын қандай деңгейде меңгергенін бақылауға (өзін-өзі бақылау) арналған - бақылаушы БҚ.
Ақпаратты-іздеуіш бағдарламалық жүйелер‚ ақпаратты-анықтамалаушы БҚ пайдаланушыға қажетті ақпаратты таңдауға және шығаруға мүмкіндік береді. Олардың әдістемелік қызметі- ақпаратты жүйелеу бойынша ептілік пен дағдыларын қалыптастыру.
Параметрлердің шектелген кейбір санының көмегімен оның негізгі құрылымы немесе функциональдық сипаттамасын оқып білу (зерттеу) үшін нақтылықтың анықталған аспектісін білдіретін еліктеуіш БҚ (жүйелер) .
Модельдеуші БҚ объектілер‚ құбылыс‚ процестерді немесе ерекше жағдайларды зерттеу‚ оқып-білу мақсатында модельдер құруға тағайындалады.
Демонстрациялық БҚ - оқу материалын көрнекі етіп көрсетудіоқып- үйренетін құбылыс‚ процестер және объектілер арасындағы өзара байланысты көзбен көруді қамтамасыз етеді.
Жаттықтырушы-ойын БҚ - оқу жағдайларын “ойнатуға” арналған (мысалы‚ ептілікті қалыптастыру мақсатында қолайлы шешім қабылдау немесе әрекеттің қолайлы жағын өңдіру) .
Бос уақыттық БҚ кластан және мектептен тыс уақыт кезінде оқушының назарын аудару‚ әсерлестігін‚ ақыл-ойындамыту мақсатында оқып үйрену қызметін ұйымдастыру үшін пайдалануға арналған.
Кейбір БҚ-ны адамдар өз ойларын жүзеге асыру үшін тиімді көмекші құрал ретінде пайдаланады. Басқаша айтқанда‚ адам алдын ала модель қандай түрде болатынын біледі‚ оған белгілер түрін беру үшін компьютерді пайдаланады. Мысалы‚ геометриялық модельдер құру үшін графиктік орталар қолданылады.
Басқа БҚ негізгі ақпаратты өңдеу‚ қабылдау және нәтижені талдау құралы ретінде қолданылады. Мұнда компьютер интеллектуалды көмекші ретінде қызмет арқарады.
Сонымен бірге құрамында алгоритмнің блок-схемасын‚ электрондық кестелер, диаграмма және т. б. қосу мүмкіндігі бар әртүрлі программалар бар.
Оқытушы программалардың келесі түрлеріберіледі:
- Тренажер - программалар;
- Бақылаушы -программалар;
- ;
- ;
- Ақпараттық-анықтамалық программалар
Тренажер - программалар оқушының білімін, білік-дағдысынбекітуге, пысықтауға арналған.
Бақылаушы -программалар бақылауға қажетті тұрақтылықты, көпнұсқалықты, бағаның мұғалімнің субъективтік көзқарасынан және тағы да басқа факторлардан тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, білім беру үрдісінің сапасын жоғарлатып, оқытушының еңбек өнімділігін, нәтижелілігін жоғарлатады.
- оқушылардың жауабын өндейтін программалар.
Көрнекілік -программалары арқылы компьютерді көрнекілік құралы ретіндеқолдана отырып оқушыларды жаңа тақырыпқа керекті материалдармен таныстыруға болады.
Ақпараттық-анықтамалық программалар керекті ақпаратты алуға арналған. Оқушы компьютер арқылы кез келген ақпарат қорынан ақпарат жинай алады[1] .
Әдетте жіктемелеу үшін негіз болатын нәрсе программалармен жұмыс жасаудағы оқушының оқу іскерлігі ерекше қызмет атқарады.
Талдаулар көрсеткендей көптеген авторлар оқытушы программалардың төрт типін анықтайды (2-ші суретте көрсетілген) :
Сурет 2.
1-ші типтегі программалар іскерлік пен дағдыларды бекіту, баянды етуге тағайындалған. Бұл жағдайда теориялық материал оқытылып, баяндалғаны жорамалданады. Бұл программалар кездейсоқ тізбекте оқушыларға сұрақтар мен есептер ұсынып, шығарылған есептердің дұрыс не дұрыс еместігінің саныны есептейді. Дұрыс жауап жағдайында оқушыға мадақтау ұсынуға, ал дұрыс емес жағдайда оқушы сыбыр түріндегі көмек алуына болады.
2-ші типтегі программалар оқушыларға оқу арналған теориялық материалұсынады. Бұл программаларда есептер мен сұрақтар адам-машиналық сұхбатты ұйымдастыру үшін, оқыту барысын басқару үшін қызмет етеді. Егер оқушы берген жауаптар дұрыс емес болса, бағдарлама теориялық материалды қайталау үшін «кері қайтуына» болады.
Тәлімгерлік типтегі программалар 60-шы жылдардағы бағдарламалаулық оқытудың тікелей мұрагері болып табылады. Олай деп айтатынымыз жаңа компьютерлік немесе автоматтандырылыған оқытудың негізгі теориялық көзі бағдарламалаулық оқыту деп есептеуге болады. Шет елдік мамандардың басылымдарында және де бүгінде «бағдарламалық оқыту» термині астарында жаңа компьютерлік технологиялар түсіндіріледі. Бағдарламалық оқыту концепциясының бірден бір негізін салушы американдық психолог Б. Ф. Скиннер болып табылады.
Бағдарламалық оқытудың негізгі элементі ұсыныстардың (есептердің) реттелген тізбегі түріндегі бағдарлама түсіндіріледі. Олар дидактикалық машинаның көмегімен немесе бағдарламалық оқулық арқылы беріледі. Бағдарламалық оқытыдың бірнеше түрі белгілі (3-ші суретте көрсетілген) .
Сурет 3.
- Сызықтық бағдарламалық оқыту. Негізін салушы АҚШ, Гарвард университетінің психология профессоры Б. Ф. Скиннер. Алғаш рет 1954 жылы өз концепциясымен сөйлеген. Скиннер оны құру кезінде бихевиористкалық психологияға жүгінді. Сәйкесінше оқыту S - R принципіне негізделеді, яғни қандай да бір факторлардың(S-stimulus) пайда болуына және оларға реакция (R-reaction) . Бұл концепция бойынша кез келген реакцияға қайталау мен баянды етуге бейімділік жақын. Оқушы үшін мадақтау әрбір сәтті қадамды бағдарламаның қоштауы болып табылады.
Скиннердің түсінігі бойынша сызықтық бағдарлама келесі ерекшеліктермен сипатталады:
- дидактикалық материал қадамдар деп аталатын үлкен емес бөліктерге бөлінеді, мұны оқушылар салыстырмалы түрде қадам бойынша жеңіл орындайды;
- оқушылар жұмысқа деген қызығушылықтарын жоғалтып алмас үшінбағдарламаның жеке бөлігінде қамтылатын сұрақтар өте күрделі болмау керек;
- оқушылар қажетті ақпаратты назарға ала отырып сұрақтарға өздері жауап береді;
- оқыту барысында оқушылар жауаптары дұрыс немесе дұрыс еместігі туралы бірден ақпарат алады;
- барлық оқушылар кезек бойынша бағдарламаның барлық бөліктерін өтеді, бірақ әрбіреуі оны өзіне ыңғайлы қарқында жасайды;
- ақпаратты механикалық есте сақтау болмау үшін бір ой бірнеше нұсқада қайталанады және бағдарлманың бірнеше бөлігінде болады.
2. Тармақталған бағдарлама. Тармақталған бағдарламалау концепциясыныңавторы НорманА. Кроудер. Тармақталған бағдарлама бірнеше қайталанатын таңдаулар мәтініне бағытталған және бірнеше берілгендерден бір дұрыс жауапты таңдауға негізделген. Автордың көзқарасы бойынша дұрыс жауаптарды таңдау оқушыдан қандай да бір ақпаратты есте сақтауды емес, үлкен ақылдылықты талап етеді. Ол тікелей жауаптың дұрыстығын мақұлдауды кері байланыстың бір түрі деп санайды[4] .
Кроудердің түсінігі бойынша сұрақтар төмендегі мақсаттар үшін қажет
- оқушы оқу материалын білетінін не білмейтінін тексеру;
- дұрыс емес жауап жағдайында оқушыны сәйкесіншенегіздейтін ақпарат лектеріне жіберу;
- деңгейлік есептер көмегімен негізгі ақпаратты бекіту мүмкіндігі;
- оқушының тырысуын арттыружәне де ақпаратты бірнеше рет қайталау арқылыуақытша механикалық оқытуды жою;
- оқушының талап етілетін мотивациясын қалыптасыту.
Егер де сызықтық бағдарламаның негізі қатені болдырмауға талпыныс болса, тармақталған бағдарламада Кроудер қателерді оқушылардың білімдеріндегі жетіспеушілікті, сонымен қатар қандай мәселелерді жеткілікті түрде меңгере алмағанын айқындау мүмкіндігі ретінде түсіндіреді; осының арқасында оның бағдарламасы туралы ол «ойлау үрдісін басқаруға» алып келетінін, ал сызықтық бағдарлама «жауаптарды басқаруға» негізделетінін айтуға болады.
Сызықтық және тармақталған бағдарламалық оқытудың классикалық типтері біртіндеп аралас формаға орын берді.
Өзінің әдістемелік құрылымы бойынша бағдарламалық тәсілді іске асыратын педагогикалық бағдарламалық құралдар (ПБҚ) келесі бөліктердің бар болуымен сипатталады:
- автоматтандырылған курстың кейбір бөлімдерінің теориялық негізін мәтіндік-бейнелік мазмұндауды қамтитын іс-әрекеттің бағытталған негізі бөлігі;
- іс-әрекеттің бағытталған негізін меңгеруді бақылайтын және оқытуды басқаратын бақылау-диагностикалық бөлік;
- оқушы білімінің қорытынды бағасын шығаратын білімді автоматтандырылған бақылау бөлігі.
Сонымен бірге бағдарламалық оқытудың алгоритмі деп аталатын тәлімгерліктиптегі программаларды ұйымдастырудың бірнеше түрі белгілі.
- Тізбекті-дайындық алгоритмі. Бұл алгоритм бойынша тапсырманың бастапқы элементі салыстырамалы түрде қарапайым болады, ол екінші, яғниоған қарағанда күрделі тапсырманың орындалуына даярлайды, ал ол болса өз кезегінде үшінші тапсырманың орындалуын және т. с. с. қаматамасыз етеді. Қорытынды элементтер жеткілікті жоғары деңгейлі қиындыққа ие.
- Параллельді-дайындық алгоритмі. Бір-біріне тәуелді емес тапсырманың бастапқы элементтері одан кейінгі жоғары деңгейдегі кешендік элементтерді орындауға даярлайды.
- Тізбекті-түзетуші алгоритм. Тапсырманың бастапқы элементтері жоғары деңгейдегі күрделіліке ие, ал әрбір келесі элемент алғашқы тапсырманың орындалуын түзетіп отырады, мысалы, қарама-қайшылыққа алып келетін дұрыс емес жауаптар.
- Параллельді-түзетуші алгоритм. Оқушыға жоғары деңгейдегі кешендік элемент ұсынылады, ал келесі элементтер бір-бірінен тәуелсіз, сонымен қатар әртүрлі позициялы жетекші (көмекші) рөлді ойнайтын болады.
- Тасымалдау алгоритмі. A(N) және B(N) екі массив элементтері беріледі. Олар ұғымдар, қатынастар, амалдар, сипаттамалар және т. с. с. болуы мүмкін. Олардың арасында логикалық сәйкестікті орнату керек.
- Аналитикалық алгоритм. A(N) элементтері ұсынылады. Олардың әрқайсысының B(К) класының біреуіне тиісті екенін орнату қажетті.
- Синтездеуші алгоритм. A(N) массивінің элементтері топтарға бөлінген. Оқушының есебі - жіктеме орындалған критерийді орнату керек.
- Реттілік алгоритмі. A(N) массивінің элементтерін қандай да бір көрсетілген B(К) критерийі бойынша реттеу қажетті. Бұл алгоритм орындалуы үшін кешендік ойлау іскерлігін талап етеді.
Көптеген аспапты жүйелер оқытушыға әртүрлі типтегі жауаптармен оқытушы және бақылаушы тапсырмалар құру мүмкіндігін ұсынады.
- Іріктемелі (выборочный) жауапты. Оқушыға тапсырма (сұрақ) және дайын жауаптар жиынтығы (меню) ұсынылады. Ол жауаптардың ішінен өзінің пікірі бойынша дұрыс деген жауапты таңдайды.
Тапсырманың мұндай нұсқасы машиналық орындалу үшін ыңғайлы, себебі компьютер жауаптың дұрыстығын тек нөмірі арқылы талдап жеңіл анықтайды. Бір қарағанда іріктемелі жауапты тапсырмаларда бірнеше кемшіліктер бар, атап айтсақ: дұрыс жауапты міндетті түрде көрсету, оны оймен шешу мүмкіндігі, оқушының оулау іс-әрекетін шектеу. Бұл кемшіліктер мұндай тапсырмалар құрудың әртүрлі принциптерін дұрыс, шығармашылықты және тапқыр қолдану жолдары арқылы біраз төмендейді.
Дұрыс жауапты табу ықтималдылығы кем дегенде келесіқарапайым тәсілдерге келтіріліеді:
- мағынасы бойынша бірегей сұрақты әртүрлі формада бірнеше қайталау;
- таңдауға арналған элементтер санын арттыру (мысалы, бес жауаптың ішінен таңдау жағдайында табу ықтималдылығы 0, 2-ге тең) ;
- дұрыс жауаптар санын екі немесе бірнеше парға дейін арттыру. Тапсырмаларда жауаптарды шындыққа жақын және ұқсас болатындай етіпқұрастыру қажет.
2. Жартылай-құрастырмалы жауапты. Мұндай типтегі тапсырма іріктемелі және еркін-құрастырушыжауапты тапсырмалардың ортасындағы аралықты және байланыстыратын түйін болып табылады. Жартылай-құрастырушы жауап оқытушы ұсынатын бөліктерден құрастырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz